Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций

Описание работы

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Содержание работы

1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс-Курылыс ондирисинин технологиясы.docx

— 1.54 Мб (Скачать файл)

Қолданылатын элементтер горизонталь қысатын монтажды күштерді қабылдай алмаған жағдайда, конструкцияның ілу ұзындығын ұзарту арқасында стропа тарамдарының еңіс бұрыштарын кішірейту қажеттілігі туындауды.  Монтаж краны ілгегінің көтеру биіктігінің шектелуінен бұл әрдайым мүмкін және ыңғайлы емес.Бұл жағдайларда арқалықты, торлы және кеңістікті траверстер қолданылады.

Иілгіш және қатты строповкалы бейімделулер стропа шеті құрастырылып жатқан бөлшекке немесе конструкцияға бекітуге көмектесетін ұстау құрылғыларымен  жабдықталады. Әсіресе, бұйымға болат монтажды түйінмен бекітілетін түйінді ұстаулар кеңінен тараған. Оларға өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыптармен жабдықталған ілгектер мен карабиндер жатады.

 

5 сурет. Строповкалы бейімделулер:

а – тепе-теңдікті стропалар; траверстер б – арқалықты; в – торлы; г – әмбебп; 1 – арқалық, 2 – ферма, 3 – блок, 4 – стропалар

6 сурет. Ұстау құрылғылары: а – өзіндік шешіліп кетуден қорғайтын, құлыппен жабдықталған ілгек;

б – сақтандырғыш құбырмен карабин. 1 – сақтандырғыш планка, 2 – сымды тұтқа, 3 –ілгек, 4 – петля монтируемой конструкции; 5 - карабин; 6 – предохранительная трубка; 7 – құрастырылатын конструкцияның түйіні

Түйінсіз ұстаулар конструкцияларға монтажды түйіндерсіз бекітіледі, бұл металлды көптеп үнемдеуге мүмкіндік береді. Түйінсіз ұстаулар  таяныш бөлшектер көмегімен байланысатын таяныштыларға; элементті немесе конструкцияны үйкеліс күші арқылы ұстайтын фрикциондыларға; элементті немесе конструкцияны вакуумды камералар көмегімен ұстайтын вакуумдыларға ажыратады. Болат конструкцияларды монтаждау кезінде электромагнитті ұстауларды қолданады.

 

7 сурет. Түйінсіз ұстаулар:

а – консольді, б – клещті, в – фрикционды

 

Ұстау кезінде жергілікті немесе дистанционды расстроповка  болуы мүмкін; соңғысы құрастырушыны өндірістік емес ауысулардан және  расстоповка үшін көтерілуден босатады. Ұстаулар қолмен немесе механикалық  жалғастырушымен жабдықтала алады.

Уақытша ұстау және бөлшектерді выверкасы үшін сыналарды, расчалкаларды, кондукторлар мен струпциналарды қолданады. Сыналар және расчалкалар көмегімен кішкентай бағаналарды (массасы 2т дейін және биіктігі 4 м дейін) құрастырады. Клиньяларды қатты ағаш жыныстарынан, бетоннан және болаттан өндіріледі. Оларды темірбетон конструкцияларының монтажынжа қолданылады. Металл конструкцияларының монтажын металл сынамалар көмегімен жүргізеді. Темірбетон конструкцияларында ағаш сыналарды қолдану жапсарларды жапқаннан кейін оларды қайтып шығаруда қиыншылық тудырады. Жапсарларда тек бетон немесе металл сыналарды қалдыруға болады, бірақ бұл тиімсіз. Мұндай жағдайдарда шығаруға жеңіл инвентарлы сыналы салымдарды қолданған жөн, оған қоса егер жапсарлар өлшемдері түрлі болса, бағаналар орнатуда қолдануға болады. Ені 400 мм дейінгі бағананың әр шегі бойынша бір салым орнатылады, бағана ені үлкен болған жағдайда – екі  салым. Бетонның жапсарға 70% жобалық беріктігіне жеткен соң салымдарды алып тастайды. Сыналар орнына салымдарды қолдану кранның жұмыс уақытын шамамен 15% қысқатруға мүмкіндік береді.

Бағаналарды стақанға выверка мен уақытша бекіту үшін түрлі конструкциялы кондукторлар қолданылады. Бағаналарды іргетас стақанына және төмен жатқан бағанаға монтажы үшін кондукторлар бар. Жалғыз кондукторлар (8.15 сурет)   бір уақытта бір бағананы монтаждауға, ал топық – бір уақытта бірнеше бағаналарды монтаждауға арналған. Кез-келген жағдайда кондуктор  кондукторды іргетаста, төмен жатқан бағанға немесе аражабындарға бекітілетін қондырғылардан, құрастырылатын конструкцияның уақытша бекіту үшін қондырғысынан, бағаналарды ғимарат осі бойымен орын ауыстыруы үшін қондырғыларынан және егер кондукторлар көп қабатты болса қажет уақытта сатылармен байланысқан    құрастырушыларды және дәнекерлеушілерді орналастыратын төсемдерден тұрады.

 

 

 8 сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:

1 – қоршаумен жұмыс алағы, 2 – құрастырылатын бағана,

3 – құрастырылатын бағананы уақытша бекітуге арналған қондырғы,

4 – алдын-ала құрастырылған бағанада кондукторды бекітуге арналған қондырғы,

5 – аражабын, 6 – рама, 7 – горизонталь оське қатысты бағананы тасымалдауға  арналған қондырғы

 

Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондукторлар бағана консольдеріне болттармен бекітілген металл струбцина түрінде болады. Арқалықтарды немесе фермаларды консольдерге орналастырғаннан кейін қажет болғанда оны  кондуктор болттарын айналдыру көмегімен ысыруға болады.

Ірі панельді ғимараттар қабырға панельдерінің монтажы үшін струбциналарды металл құбырларда оның бір немесе екі шетіне бекітеді.  Егер струбцина штанганың бір шетіне бекітілсе, онда мұндай бейімделуді  тіреуішпен струбцина деп атайды. Струбцинаны онатылған панельге бекітеді, ал тіреуіштің екінші шетін аражабынға бекітеді. Тіреуіш муфтамен жабдықталған, оны айналдыру арқылы штанга-ұстағыштың ұзындығын өзгертуге болады және осының арқасында  панельдің жоғарғы бөлігін вертикаль етіп ысыруға болады. Екі шетінен струбциналары бар штанга-ұстағышпен бір-біріне параллель орналастырылатын қабырға және бөлмеаралық панельдерін бекітеді. Орналасудың вертикальдығын тіктеуіш-рейкамен тексереді.

 

 

 9 сурет. Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондуктор:

1 – бағана, 2 – ферма, 3 – струбцина, 4 – құрастырылатын ферманың орнын ауыстыруға арналған болттар

10 сурет. Қабырға панельдерінің монтажы

 

Конструкцияны жобалық қалыпқа орнату процессінде қауіпсіз жұмыс жүргізуін қамтамасыз етуге және құрастырушыларды строповкалы ұстауларға жетуін және выверкалы қондырғыларды, сонымен қатар жапсарларды жеңілдетуге арналған түрлі бейімделулер қолданылады:

    • Тас төсемдер – еденді және ілмелі.
    • Монтажды үстелдер – сырғанайтын және ауыстырылып қойылатын.
    • Баспалдақтар – жеңіл сатылар, қосымша және ілмелі.
    • Бесіктер – ілмелі және құрылыс вышкаларында.
    • Инвентарлы қоршаулар.

Монтажды циклдің келесі операциясы – жобалық жапсарды орнату және оның бөлшектерін коррозиядан қорғау. Бұл кезде түрлі бейімделулер қолданылады. Егер жапсарлар бетондалатын болса және бетон көлемі көп болса, бетон мен ерітіндіні беру үшін бетон жұмыстары технологиясынан белгілі ерітінді және бетон сорғыштарды, пневмоқысыммен айдағыштарды, аударушы бадьяларды, ерітінді қораптарын қолданады. Салу бөлшектерін және темірбетон конструкцияларының шегенді шығындыларын дәнекерлеуде дәнекерлеу тоқ күші 500-1000 а орын ауыстыратын дәнекерлеу трансформаторлармен. Диаметрі 20 мм асатын шегенді шығындыларды дәнекерлеуде флюс қабаты астында тұрақты тоқта жартылай автоматтық ванналы дәнекерлеуді қолданады.

 

11 сурет. Флюс қабаты астынан жартылай автоматикалық дәнекерлеу:

1 – дәнекерленетін стержень; 2 – флюс;

3 – струбцинамен  графитті форма; 4 – сазды майлау

 Жапсарлы байланыстардың  сенімділігін қамтамасыз ету  үшін орайластық металл бөліктерін  коррозиядан қорғау қажет. Бетон  жапсарында жарықшақ болған кезде  металл коррозиясы ашық ауаға  қарағанда интенсивті жүреді. Одан  басқа, металл коррозиясы өнімдері  металлға қарағанда үлкен көлемді  болады, бұл бетонды бұзатын қосымша  кернеу тудырады. Жапсар металын  коррозиядан негізінен оқшаулағыш  жабынар жағумен қорғайды –  сырлар, лактар, металлизация. Соңғы  әдіс ең тиімді болып саналады. Металлдау үшін ең жақсы материал  цинк. Құрылыс алаңы талаптарында  цинктен жабынды жағу үшін  газ баллонынан, компрессордан, цинкті  ұнтағы және тозаңдатқыш горелкасы  бар ыдыстан тұратын  газжалынды  қондырғыларды қолданады. Ұнтақ  балқып   және балқыған түрінде  қорғаныс бетіне шашылады.

Іріпанельді ғимараттардың сыртқы панельдері арасындғы және өндірістік ғимараттардың ілмелі панелдері арасындағы жапсарларды жабу кезінде бөлмеге ауаның және ылғалдың түсуін болдырмайтын герметизацияны жүргізеді. Осылай температуралық әсерлер нәтижесінде жапсарлар белгіалмасулық деформацияларға кездеседі, герметизация серпімді эластикалық материалдардан орындалуы керек. Бұл мақсаттар үшін гидрооқшаулағыш пороизол,  СМ вилатерм  және түрлі  мастиктерді: изол, полиизобутиленді УМ-40 и УМС -50, тиоколды У-30М қолданады.

Бұл операцияларды орындауға қажетті бейімделулер – жапсарға жетуді жеңілдететін алдында айтылған қондырғылар,  пороизол және вилатерма бұрауларын жапсарға пресстеуге арналған арнайы ролик, жапсар саңылауларына пороизолды немесе кеңейтілген жапсардың сыртқы бетіне жабыстыру кезінде мастикті жағуға арналған компрессормен пневматикалық шприц, қысқы жағдайда мастикамен гизльзалардың жылытылуы мен жағымды температураны ұстауға арналған термостаттар.

 

 

 


Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер