Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций
Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.
1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.
4– бағана; 5 – серпімді төсеу; 7 – кранасты тақтай; 8 – болттар;
9 – іргетас; 10 – монолиттеу бетоны; 11 – ерітінді; 12 – байланыстыру бөлшегі
3 сурет д, е. жапсар:
д – арқалықпен бос арқалық аражабын плитасы, е – екіконсольді бағанамен ригель;
1 – монолиттеу бетоны; 2 – бос аражабын плитасы; 3 – шегенді бойлық стержень; 4 – арқалық; 5 – шегенді шығындылар; 6 – бойлық ойықтардағы стерженьдер; 7 – ригель; 8 – бағана
4 сурет. Іріпанельді ғимараттардағы вертикальді (а) және горизонтальді (б) жапсарлар:
1 –сыртқы қабырға панельдері, 2 – ішкі қабырға панельдері,
3 – аражабын панельдері , 4 – термосалым, 5 – мастика,
6 – буоқшаулау, 7 – серпімді салу, 8– бетон
Құрылыс конструкцияларын монтаждау кезіндегі жұмыс кешені
Құрылыс конструкцияларының монтажы – бұл зауыттық өндірілген конструктивті түйіндерден және элементтерден ғимараттар мен имараттардың ағынды құрастыруының кешенді механизацияланған процессі. Ол дайындық негізгі жұмыстардан тұрады.
Дайындық жұмыстарына тасымалдау, қоймалық және ірілендіру құрастыру жатады.
Негізгі процесстер – бұл көтеруге дайындық және конструкцияны көтеру, выверка және уақытша бекіту, бөлшектерді өзара жобалық байланыстыру (дәнекерлеу немесе арқалықтау, жапсар мен тігістерді монлиттеу), жапсар мен конструкциялардың антикоррозиялық қорғауы.
Дәріс 9.
Тақырып: «Тас қалау технологиясы»
Сұрақтар
1.Тас қалаудың міндеті және түрлері
2. Тас қалаудың жіктестіру ережелері
3.Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы
Тасты құрылымдарды табиғи және жасанды тастардан, оларды құрылыс ерітіндісіне нақты тәртіпті сақтай отырып төсеп, дайындайды. Табиғи тастар сынған, кесекті тас, жонылған кесек тас, тақтатас, әктастан алынған шақпақталған тас, пемза, туф, ракушка түрінде қолданылады. Жасандыларға – сазды кірпіш: (керамикалық): толықденелі, босденелі, кеуекті, кеуекті-босденелі, өндеулі; силикатты кірпіш; керамикалық блоктар, жеңілбетонды блоктар жатады.
Қандай болмасын дұрыс формалы тас алты жазықты болады, оның ішіндегі плашмя атты тасты қалау кезінде оны төсеніш деп, ұзын бүйірлі грандарын– қасықтар деп, ал қысқасын – қазықтар деп атайды.
Қалау ерітінділері бір-бірінен байланыстырғыштарды, толтырғыштарды қолдануына қарай, оның беріктілігіне қарай ерекшелінеді.
Байланыстырғыштарды қалауға қолдануына қарай ерітінділер жай (цементті немесе әкті), қиын (цементті-әкті, цементті-сазды), ал толтырғыштарға байланысты– жылы (жеңіл толтырғыштарда) немесе суық (ауыр толтырғыштарда) болып бөлінеді. Ерітіндінің беріктілігі бойынша мынадай маркаларға ажыратылады: 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150 және 200.
Тасты қалау ерітінділері тек берікті ғана емес, сонымен қатар жеткілікті технологиялы болу керек, олар жұқа біркелкілі қабатты етіп қалауды қаматамсыз етуі тиіс. Ол үшін жеткілікті ыңғайлытөселімдлікті болу қажет, яғни ерітіндіге плстификаторларды қосу барысында оның сол қасиеті жоғарылайды. Пластификатор ретінде жіңішкедисперсті минералдық қоспалар (әк, саз, активті минералды қоспалар) немесе органикалық беттік-активті заттар, оның қатарында суперпластификаторлар да бар.
Пластификаторлардан
басқа қалау ерітінділеріне
Қалау ерітіндінің сапасының үлкен мәнділігі толтырғыштардың гранулометриялық құрамымен байланысты. Құм түйірінің ірілігі 5 мм артық болмау тиіс.
Тасты құрылымдарды салуда сонымен бірге болатты шеген мен аражабындарды бекіту детальдары қолданылады.
Қалау ерітіндісінің тағайындалуы: тастарды біріктіру, күштерді бөлу, қалаудың тығыздығын қамтамасыз ету.
Тас қалауының элементтері
Тасты қалау қатар арқылы орындалады. Ұзын жақты қабырғаның тас қалауында қасықты қатар , ал қысқа қалауда– қазықты қатар пайда болады. Барлық сыртқы екі жақты қалау қатарлары верста деп аталады. Версталар, олар сыртқы қатарлы болса сыртқы, ал егер қалау қатары ғимараттың ішінде болса, ішкі деп бөлінеді. Версталар сәйкесінше қасықты және қазықты болады. Версталар арасында орналасқан ішкі қалау қатарларын толтырылған қатар немесе жай ғана толтыру деп атайды.
Қалаудағы бөлек тастар арасындағы саңылауларда тігіс пайда болады. Олар қалауда орналасуына байланысты көлденең және тік болып бөлінеді. Тігістер бөлек кірпіштер арасында ерітіндімен толтырылуы керек. Тігіс ерітінді қалыңдығы – 10 мм.
Егер тігістегі ерітінді беттік бетіне 10-15 мм жетпей қалса, онда қалауды “бостігісті ” деп атайды. Оны қабырғаны сылап қалауда қолданады.
Сур. 1. Кірпішті қалаудың элементтері:
а –кірпіш; б – қалау; тігістерді өндеу; в – бостігісті ; г – қиғандағы; д – сыртқа дөңесті; е – ойысты; ж – бұрышпен; з, – үшбұрышты
Тігістегі ерітінді қабырғаның беттік бетіне жететін болса, онда қалауды қималы деп атайды. Мұндай тігістер арнайы құралдармен бөлінеді. Мұндай қалау “тігу асты” деп аталады.
Тасты қалауды қиюдың тәртібі
Тас қалауды өндіру кезінде тастардың орналасу тәртібіне аса мән беріледі, яғни сол арқылы имараттың беріктілігі мен тұрақтылығы байланысты. Тастар мен ерітінділер құймалы массив түрінде жұмыс істеу қажет, оған түскен күштерге кедергілік көрсете білу керек.
Тастардың орналасу тәртібін қалаудың қиылуы деп атайды. Қалауды қию тәртібі құймалы қалау мен имараттың күшті қабылдау қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет.
Қиюдың негізгі үш тәртібі бар.
Бірінші тәртіпте қалаудағы түсіруші күшке тас қатарларын бір–біріне параллельді және перпендикулярлы етіп орналастыру керек. Тас төсеніштері төмендегіжатқан қатарға бар жазықтығы бойынша тірелінуі қажет. Қатарлар арасындағы көлденең тігіс толықтай ерітіндімен толтырылуы керек, себебі бөлек нүктелерден болатын қысым концентрациясынан аулақ болу үшін.
Қалаудағы жазық қатарларына бұрыштан күш берілгенде қозғалыстағы күштің болуы жоғарылайды да оның қирауын тудырады.
Егер қозғалыстағы күштің бағыты N (сур. 2) жазық төсенішке перпендикулярлы a бұрышын тудырса, онда қалыпты күшті құрайтынан басқа қалауды қысқанда N1 = N сosa, тасты көлденең бағытқа қозғалтуға ұмтылушы күштерде болады N2 = N sina. Жоғарғы тастың қозғалуын болдырмас үшін қозғалтушы күш N2 үйкеліс күшінен төмен болуы қажет P = fN Cosa, (мұндағы f – үйкеліс коэффициенті). Бұл N sina £ fN cosa білдіреді. Онда, теңдіктің екі жағында N cosa бөлеміз, бұдан tga = f. Сондықтан f = tgj, мұндағы j - үйкеліс бұрышы, tga = tgj және сәйкесінше a = j. Кірпіштің үйкеліс бұрышы ерітінді бойынша 30-35 град тең. Қажетті беріктілік қоры (тәртіп бойынша 2 тең), үйкеліс бұрыштың жартысынан бұрышы 15-17 град көп болмау қажет.
Сур. 2. Тасты қалауына иілу күштің әсер етуі
Екінші тәртіпте келесідей көрсетілгендерді болжайды: тастардың қалауда орналасуы олардың қалауға түсетін күшінің әсерінен қозғалмауын қарастырады. Ол үшін тастың бүйір қабырғалары келесі жалғасылған тастың бүйір қабырғаларымен перпендикулярлы төселімді болуы қажет. Сонымен бірге тігіс ені қалаудың сыртқы бетіне перпендикулярлы, ал бойлық тігісі – оған параллель болуы керек. Егер де олар дұрыс орналаспаса, онда тасқа түсетін күштердің әсерінен көршілес қаланған тас жылжып кетуі мүмкін.
Үшінші тәртіпте көршілес қалау қатарларының көлденең және тік бойлық тігістерінің өзара орналасуын анықтайды. Монолитті тас қалауды құру үшін жоғарыда орналасқан қатардағы тастарды төменгі қатарға тасаралық бойлық және ендік тігістерін тік бағытта жауып тұратындай орналастыру қажет. Мұндай тігістердің байланысы бөлек орналасқан бағаналардың болмауын қарастырады (сур. 3). Мұндай қалау жүйесінде әсер етілетін күштер N барлық қалауға түсіріледі де оның қабаттанып бөліну қауіптілігін жояды.
Бөлудің барлық тәртіптерін орындап жасалынған қалау беріктілігі тас пен ерітіндінің беріктілігіне, байланысу жүйесіне, сонымен бірге тігістің қалыңдығы мен тығыздығына да байланысты.
Сур. 3. Бөлек тас қалауына түсірілген күшті анықтау:
а – тігістерді байланыстыру барысында, б – оның жоқ кезінде
Тігістерді байлау
Үшінші тәртіпті орындау үшін, яғни тас қалауды бөлу үшін тігістерді байлау қолданылады. Қалау барысында тік байланысқан тігістерді көлденең және бойлық деп ажыратады. Тігістің бойлық байланысын : қалау қабырғаны бойлай қатпарланып кетпеуін және жүктен түсетін қалаудағы қысым қабырға енімен бірдей болуын қамтамасыз етеді. Көлденең тігістердің байланысы бөлек кірпіштер арасындағы бойлық байланысы үшін қажет. Бұл байланыс қабырғаның бірдей емес отыруларындағы, температуралық деформацияларда және т.б. монолиттігін қамтамасыз етеді. Көлденең тігіс байланысын қасықты және қазықты қатарлар арқылы орындайды, ал бойлықтыны – тек қазықтымен.
Біздің елімізде кеңінен қолданылатын қабырғаны қалаудың кірпішті байланыс жүйесінің негізі бірқатарлы және көпқатарлы түрлері. Кірпіштен бағананы қалауда байланыстың үшқатарлы жүйесі қолданылады. Шынжырлы қалауда қазықты және қасықты қатарлар бірінен соң бірі орындалады. Шынжырлы қалауда шой таспен толтыруда қазықтар қолданылады, сыртқы верстаның бірінші қатары – әрқашанда қабырға қалыңдығына байланысты емес қазықтар.
Бірқатарлы қалау басқаларға қарағанда мықтырырақ, ол әр қатардағы тігісті жабу есебінен болады, бірақ үлкен көлемде толықөлшемді емес кірпіштерді қолдануды қажет етеді, бұл оның кемшілігі болып табылады.
Көпқатарлы қалау (алтықатарлы) тік бойлық тігістердің бес байланысқан қасықты қатарға алты қазықты қатармен жабылғанымен сипатталады. Сонымен бірге қасықта қатардағы көлденең тік тігістер шынжырлы байланыс жүйесіндегідей кірпіштің 1/4 жабылмайды, яғни оның 1/2.
Көпқатарлы байланыс жүйесінде весталы қатарларға орналасатын кірпіштер саны азаяды да, шой таспен толтыру көлемі өседі, сәйкесінше ол тас қалаушылардың еңбек өнімділігін жоғарлатады.
Үшқатарлы байланыс Л. И. Онищиканың жүйесі бойынша былай қорытындылады, онда қазықты қатарды бес реттен кейін емес, ал әрбір үш қасықты қатардан соң қалайды. Мұндай жүйені ені 1 м аспайтын бағана қатарларын қалауда қолданылады.
Байланыс жүйесіне қарамастан құрылымға қаланатын жоғарғы және төменгі қатарларға толық кірпіштен болатын қазықты қатарларды қолданады. Сонымен қатар, толық қазықты кірпіштерді арқалықтар астына, айлауға, мауэрлатқа және тақталарға орналастырылады.
Көлденең және тік кірпіштік қабырғаны қалау тігістері түгелдей ерітіндімен толтырылады. Бағаналарда да барлық тігістер түгелдей ерітіндімен толтырылады.
Қалаудың арнайы түрлері
Қабырғаны кірпіштік өндеуді көбіне қалаумен бір уақытта орындалатын қаптамамен орындайды. Өндеулік материалдар ретінде беттік кірпіш (силикатты, кәдімгі сазды сапасын жоғарлату үшін немесе декоративті жабындықпен), беттік тастар (керамикалық немесе табиғи), бетондық немесе керамикалық тақталар қолданылады. Тастан болатын тақтаны қабырғадан қашықтығы 3-5 см болатын тотталмайтын материалдан анкер көмегімен орнатады. Бұл кеңістікті ерітіндімен толтырып тастайды немесе толтырылмаған күйінде қалдырып кетеді.
Аражабындарды кірпіштен,шлактыбетонды тастардан, гипстен және керамзиттібетонды тақталардан қалау. Гипсолитті тақтадан болатын аражабынды қалау ғимарат ішіндегі ауа ылғалдылығы қалыпты жағдайда ғана орындалады, ал кірпіштен және жеңілбетон тастарынан болатын қалауды қалыпты және ылғалдылығы жоғары болғанда да орындала береді. Аражабын элементтерін ерітіндіге тігіс байланысымен бірге орналастырады. Гипсолитті тақтадан болатын аражабынды қалауда ереже бойынша аражабынның екі жағынанда бетінің тегістігін қамтамасыз ету қиынға соғады, сондықтан тек бір жағын ғана тегістеуге ұмтылады. Қалған кедір-бұдырлары басқа жағында қалады, оларды тегістеу арқылы жояды. Үлкен өлшемді аражабынды қалауда өнеркәсіптік ғимараттарда аражабынға металлдық бағаналар орнатылады, олар аражабынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Барлық аражабын түрлері қабырға мен жабындықтарға бекітіледі. Қабырғаға ысқы мен шегелер көмегімен, ал гипсолитті тақтадан болатын аражабынға цинктелген металдық детальдарды орналастыру көмегімен істейді. Аражабын мен жабындықтарды бекітуге арналған деталдарды жұмыс сызбаларында беріледі.
Арқалықтар, аркалар, күмбездер, түтінді және вентиляциялы каналдар, карниздер және т.б. Қазіргі таңда арқалық ретінде көбіне құрастырмалы темірбетон арқалықшаларын 12-15 см тіреуішімен қолданады, бірақ қатарлы, аркалы және т.б. түрлі бөлек тастардан болатын арқалықтарды да қолдануға болады (сур. 4), құрылғысы үшін арнайы қалып – шеңберліні қолданады.
Сур. 4 а, б. Кірпіштен болатын арқалықтар:
а – қатарлас ; б – сына сияқтылар
Сур. 6.4 в, г. Кірпіштен болатын арқалықтар:
в– жақ тәрізділер ; г – аркалы
Қатарлы арқалықтарды таңдалынған кірпіш М75тен ізбесті-цементті ерітінді негізінде М25 орындайды. Арқалықтың беріктігі үшін оған арматураны орнатады, ол жолақты немесе шеңберлі болаттан, диаметрі (қалыңдығы) 4-6 мм болады, әрбір стержень 0,2 см2 қимасына 1/2 кірпіш қабырға қалыңдығы бойынша орындалады. Стержндер ерітінді қабатына 2 см қалыңдықта жағылады, қалыпта алдын ала орнатылады да, екі жағынанда 25 см ойық арқылы енгізеді, ал олардың соңын ілмек түрінде бүгеді.
Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер