Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций

Описание работы

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Содержание работы

1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс-Курылыс ондирисинин технологиясы.docx

— 1.54 Мб (Скачать файл)

Арнайы автомобиль тасымалының түрі – автобетонды араластырғыштар, автоцемент тасымалдағыштар, кірпіш тасымалдағыштар, тақта тасымалдағыштар, бензовоздар, автогудраноторлар және т.б.

Тіркемелер мен жартылай тіркемелерді тартқыштпен тартады. Тіркемелерге салынатын жүктердің түрлері тіркемелерге және тістесу қондырғысына байланысты таңдалады. Тартқыштардың жүк көтергіштігі  - 6-12 т, тіркемелерде 1-15 т аралығында болады. Жалпы мақсатта қолданылатын тіркемелер мен жартылай тіркемелер шанақты автомобильдер тасымалдайтын жүктерге де арналған. Олардың жүк көтергіштігі 1-15 т, ұзындығы – 2,9-12,9 м,   ені – 1,8- 2,6 м болады. Арнайы мақсатта қолданылатын тіркемелер мен жартылай тіркемелер арнайы жүктерді тасымалдауға арналған. Мысалы, бір осьті тіркемелер ұзын  жүктерді, арнайы кондуктормен жабдықталған бір осьті тіркемелер жамылтқы фермаларын, арнайы кассеталармен жабдықталған көп осьті тіркеме-трайлерлер – тақтайларды, цементті цистерналары бар жартылай тіркемелер – цемент тасымалдауға арналған.

Трактормен тасымалдау, көбінесе, жолы жоқ жерлерде, орман арасында сүйреу құралдары ретінде және топырақ тасымалдағыштарды, трайлерлерді, әртүрлі арбаларды тарту үшін пайдаланылады. Тракторлар шынжыр табанды және дөңгелекті болып келеді.  Топырақпен үлкен тістесуінің арқасында автомобильдерге қарағанда трактордың тарту күші жоғары болады. Тракторлардың тасымал жылдамдығы да едәуір үлкен.  Әсіресе дөңгелекті тракторларда сағатына 40 шақырымға дейін жетеді. Мұндай тракторлар қатты жамылтқысы бар жолдарда тиімді болып табылады. Жасалмаған, уақытша жолдарда жыланбауыр табанды тракторлармен тасмымалдаған жөн. Олардың жылдамдығы сағатына 12 шақырымнан аспайды. Жыланбауыр табанды тракторлардың топыраққа түсіретін қысымы  1 кгс/см2, ал дөгелекті тракторларда шамамен 2,5-3,5 кгс/см2. Жыланбауыр табанды тракторлардың тарту күші өзінің салмағымен бірдей болады, ал дөңгелекті тракторларда салмағының жартысына тең.

Тракторлар жалпы мақсатты, мелиоративті, карьерлі, аз өлшемді және арнайы болып бөлінеді.

Трактор негізінен тартқыш ретінде қолданылатын болғандықтан, оның ең негізгі техникалық сипаттамасы номиналды тарту күші болып табылады.

 

2.2 - сурет. Жыланбауыр табанды трактор:

1 – күштік қондырғы, 2 – трансмиссия, 3 – жүріс бөлігі,

4 – машинист кабинасы, 5 – тістесу қондырғысы, 6 – рама.

 

Кез-келген басқа машина секілді, тракторда күштік қондырғы (1) (ауаны тазалау, салқындату, жылыту жүйелері бар дизель), трансмиссия (2) (ұстасу, беріліс коробкасы және т.б.), жүріс бөлігі (3) (қозғалтқыш – жыланбауыр және аспа), басқару рычагы бар машинист кабинасы (4), жұмыс қобөлшегін ұстасуға арналған ұстасу қондырғысы (5), және осы бөлшектердің барлығы жинақталатын рама болады (6).

Тракторлардың трансмиссиясы әртүрлі болады – механикалық, электрмеханикалық және гидромеханикалық, аспа конструкциясы да әртүрлі болады – кареткасы бар балансирлі, жартылай қатты, майысқақ және басқалары. Барлық қарастырылған тасымал машиналарында кабиналар әртүрлі орналасады – артында, алдында немесе ортасында. Басқа да құрылымдық өзгешеліктер болуы мүмкін.

Дәріс 5.

Тақырып:    «Жер жұмыстары өндірісінің технологиясы»

Сұрақтар

1.Жер ғимараттарының  түрлері.

2.Топырақты өндеу  күрделігіне байланысты жіктелуі

3.Жер ғимараттарын  жергілікті бөлу

 

Құрылыс топырағының формасы мен жағдайын өзгертумен байланысты жүргізілетін барлық жұмыстар жер жұмыстарына жатады. Жер құрылымдары – бұл жер жұмыстарының дайын болған нәтижесі. Жер жұмыстары дегеніміз құрылысқа арналған жерді жоспарлау, іргетас пен коммуникацияларға арналған шұңқырлар мен орды қазу, жолдар мен каналдарды жасаған кезде ойықтарды дайындау және үйінділерді төгу, өзендерді бітеп жапқан кезде уақытша жер арқалықтарын жасау, т.б.

Жер құрылымдары уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Тұрақты жер құрылымдарына бөгеттер, бөгесін, жолдарға арналған ойықтар, жасанды су айдындарының түбі, канал арналары, тұрғын үйлерді, өндірістік ғимараттарды және басқа да құрылымдарды салуға жоспарланған алаңдар; уақытша құрылымдарға фундаменттерді тұрғызуға арналған шұңқырлар мен орлар, инженерлік коммуникацияларға арналған орлар, т.б.. яғни құрылыс салу кезінде қажетті барлық жер жұмыстары жатады.

Шұңқырдың ордан айырмашылығы – абсолюттік және өз өлшемдерінің қатынасында. Ор дегеніміз ұзын жіңішке ойықтар, оның ені ұзындығына қарағанда мардымсыз болады (ені 2,5-3,0 м). Шұңқыр дегеніміз ені 3 м артық болатын және ені мен ұзындық өлшемдері сәйкес келетін ойықты айтамыз. 

Егер үйіндіге немесе қайта жабуға қажетті топырақ құрылыс алаңынан тыс джердегі ойықтан алынатын болса, ондай ойықтарды резерв деп атайды. Егер ойықтан алынған топырақ құрылысқа қажетті болмаса, ондай үйінді кавальер деп, ал кавальер төгілетін жер қайырма үйінді деп аталады.  

Сонымен қатар беті жабылған, теле-, тасымал, коммуникациялық немесе су жіберетін құрылымдарды орнатуға арналған ойықтар да болады. Мұндай ойықтар жер асты өндіру ойықтары деп аталады. Егер үйіндіден алынған топырақ жер асты құрылымдарын немесе коммуникацияларын толықтай жабу үшін пайдаланылса, онда оны кері төгінді деп атайды (4.1-сурет).

 

 

4.1- сурет. Жерасты құрылымдары мен коммуникацияларын кері жабу

 

Жер құрылымдары кескінін сипаттайтын негізгі элементтерге мыналар жатады:

ойықтар үшін – түптік және қапталдық беттер (4.2-сурет),

үйінділер үшін – үйінді табаны және оның құлама еңісі (4.3-сурет).

 

Ойықтардың қапталдық беттері тік қабырғалар түрінде немесе құлама еңіс түрінде ьолуы мүмкін. Еңіс жазықтығы мен ойық түбінің тоғысқан сызығы еңіс негізі деп аталады.

4.2 - сурет. Ойық  кескінінің элементтері: 1 – түбі,

2 – қапталдық беті

 

4.3 - сурет. Үйіндінің негізгі элементтері:

1 – үйінді табаны; 2 – еңіс негізі; 3 – еңіс; 4 – еңіс жиегі

 

Еңіс жазықтығы мен жер бетінің тоғысқан сызығы еңіс жиегі деп аталады. Еңістің негізіне түсетін жүктемені азайту үшін еңісте көлденең баспалдақ орнатады, оны берма деп атайды (4.4, 4.5-суреттер). Жер бетіндегі сулар жер құрылғыларынан су бұрмалары немесе орлар арқылы алынады. 

 

 

4.4 - сурет. Тұрақты терең ойықтың көлденең қимасы:

1 – ойық түбі; 2 – еңіс негізі; 3 – еңіс; 4 – еңіс жиегі; 5(6) – кавальер;

7 – топырақ жалы; 8 – ор; 9 - берма

4.5 - сурет. Биік үйіндінің көлденең қимасы:

1 – үйінді табаны; 2 – еңіс негізі; 3 – еңіс;

4 – еңіс жиегі; 5 – берма; 6 –су бұратын ор

 

Ойыққа су құйылмас үшін оны топырақ жалымен де қорғайды – ойық жиегіне үйілетін, онша биік емес топырақ үйіндісі.

Жер жұмыстары негізгі (топырақты игеру, орнын ауыстыру және төсеу), дайындық және көмекші үрдістер кешенінен тұрады. Топырақты игеруге дейін жүргізілетін дайындық жұмыстары (су бұру қондырғылары, топырақ суларының деңгейін азайту, топырақтарды жасанды нығыздату) алдыңғы тарауларда қарастырылып кеткен. Көмекші үрдістер жер құрылымдарын тұрғызғанға дейін немесе сол уақытта жүргізіледі.

Көмекші жұмыстарға орлар мен шұңқырларды уақытша бекіту жұмыстары да жатады. Мұндай бекіту жұмыстары тар жағдайда немесе топырақ сулары болған жағдайда немесе басқа да күрделі гидрогеологиялық жағдайларда жасалады. Бекіту қажеттілігі жоба бойынша анықталады. Орлар мен шұңқырлардың тік қабырғаларын бекіту жұмыстары едәуір күрделі қол еңбегін қажет етеді, сондықтан да бұл жұмыстар экономикалық жағынан тиімді немесе қауіпсіз еңіс жасау қондырғылары болмаған жағдайда жүргізіледі.

Топырақтың түріне, ойықтың ені мен тереңдігіне, қызмет ету мерзіміне қарай бекітудің әртүрлі түрлері пайдаланылады. Құрғақ топырақтағы тереңдігі 2-4 м жіңішке орлар үшін көлденең-рамкалы бекітк пайдаланылады (4.6-сурет).

Тағандарды ор ұзындығы бойынша бір-бірінен 1,5-1,7 м қашықтықта, ал тіреулерді биіктігі бойынша 0,6-0,7 м сайын орнатады.

 

4.6 - сурет. Ойықтың тік қабырғаларының уақытша бекітілуі:

а - анкерлі; б – тіреуішті; в – көлденең-рамкалы;

г – консолды.

1 – таған; 2 – тіреу; 3 – қалқандар (біртұтас);

4 – анкер; 5 – стяжка; 6 – тіреуіш

 

Егер тіреулерді орнату қажеттігі болмаған жағдайда (мысалы, кең шұңқырларды қазғанда немесе орда жұмыс жасағанда тіреулер кедергі келтірсе, мысалы, құбырларды төсеу) анкерлі, тіреуішті және консолды бекітулер, сондай-ақ оларды әртүрлі бірігіп үйлестіріп қолданылады (консолды-анкерлі, консолды-тіреуішті).

Тереңдігі 3 м дейін болатын ордың тік қабырғаларын бекіту инвентарлы түрде (тағандармен біріктірілген құрастырмалы қалқандар, метал тіреулер, соның ішінде телескопиялық, көлемді ауыстырылатын блоктар және т.б.) болуы қажет.

Егер табиғи ылғалдылығы бар топырақтарда топырақ сулары болмаса, құмды және қиыршық тасты орлардың тереңдігі 1 м-ден, құм топырақты орларда – 1,25 м , балшықта – 1,5 м, ерекше тығыз топырақтарда – 2 м-ден аспаса ордың тік қабырғаларын уақытша бекітусіз қазады. Сондай- мұндай орларды роторлы немесе ор экскаваторларымен байланыстырғыш топырақтарда (балшық, құмдақ) 3 м-ге дейін тереңдікте қазуға жол беріледі.

Күрделі гидрогеологиялық жағдайда қазылған ойықтарды (үгілмелі және тұрақсыз топырақтар, топырақ суларының қатты ағысы, т.б.) біртұтас шпунтты қоршаулармен бекітеді. Мұндай қоршауларды ор қазылғаннан бастап ойық периметрі бойынша қағады. Шпунт ретінде ағаш пластиналар (тақтайлар) немесе арнайы кескіндегі болат жаймалары пайдаланылады.

Құрылыс кешенінде жұмысшылардың 30% -нан астамы жер жұмыстарымен, ал 10%  құрылыс-монтаждау жұмыстарында және 20% құрылыс машиналарында жұмыс жасайды.

Топырақты қазу жұмыстары қолмен, механикалық, гидравликалық және жару әдістерімен жүргізіледі. Сондай-ақ кейбір жағдайда негізгі әдістерді бірігіп қолдану, немесе таптап нығыздау және бұрғылау әдістері де қолданылады.

Дәріс 6.

Тақырып:    «Қадаларды батыру және толтырылған қадаларды жасау технологиясы»

Сұрақтар

1.Қадаларды батыру  технологиясы

2.Толтырылған  қадаларды жасау технологиясы

3.Ростверк жасау  технологиясы

Қадалар өнеркәсіптік және азаматтық имараттардың іргетастарын орнату үшін, көпірлер мен эстакадаларды, жағалауларды және т.б. құрылысында тірек ретінде қолданылады. Қысқа қадалар (ұзындығы 2-6 м) толық құрамалы ғимараттарда бақанды іргетастар ретінде пайдаланылады.

Қадалар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі, соның ішінде ең маңыздылары мыналар:

- имараттан түскен жүктемені  топыраққа беру әдісі;

- құрылғы технологиясы;

- белгіленуі;

- құрылымның материалы  және көлденең қимасының формасы.

Жүктемені топыраққа беру әдісі бойынша ілінбелі және тіреу қадалар болып бөлінеді.

Орнатылу технологиясы бойынша қадалар әртүрлі әдістермен батырылатын (ондай қадалар алдын-ала дайындалады) және соққыланатын – сол жерде дайындалады, болып бөлінеді.

Қолданылу мақсатына қарай жалғыз, қада шоғырлары және шпунтты болып бөлінеді.

Қадалардың жоспарда орналасуы имарат түріне, оның массасына, жүктің орналасу орнына байланысты болып келеді. Бір-бірлеп орналастыруда әрбір қада көршілес қадаға тәуелсіз жұмыс істейді. Дайындалынған салмақ басқа ауыр жүктелген тіректерден немесе бағаналардан бөлек қада түптеріне беріледі де, 3-12 дананы құрайды. Қада  алаңының біріктірілген жұмыстары теңдей анықталынған күштердегі қадалар жоғарынан ростверкпен байланысады  - ол не тақта, не лента болуы мүмкін. Ағаш қадалар үшін бұл мақсат аталмыш бекіткішті қолданумен жетеді. 

Қаданы дайындауға қажет материал ретінде ағаш, металл, бетон мен темірбетон, нығыздалынған топырақ, құм, қиыршықтас, топырақты бетон қолданылады.

Көлденең қима формасы квадратты, тіктөртбұрышты, көпбұрышты, дөңгелек болады. Қадалар жазықты қималы немесе қуысты, тұрақты ұзындығы бойынша қималы немесе пирамидалы бола алады.

Ілініп тұрған қадалар салмақты имараттан топыраққа қаданың бүйір беті және топырақ арасы үйкелісі  есебінен беріледі, тұрақты қадалар –  тереңдегі қада соңының топырақтың тығыз қабатына сүйенуімен сипатталады.

Қағып кіргізілетін қадалар топыраққа әртүрлі тәсілдер арқылы батырылады – статикалық, динамикалық және комбинациялық.

Статикалық тәсілдер – бұл  қысу, су шайып кету, бұрап тастау.

Қысуды жазықты және құбырлы қималардағы қысқа қадаларды батыруда қолданылады, ол ылғалды сазға және суглинкалы топыраққа темірбетон қадаларын батыруда тиімді болып келеді. Қысу үшін мынадай қондырғыларды қолданады (5.2 -сурет), екі тракторда монтаждалған салмақты  полиспаст пен құрсау жүйесінен қадаға жіберіледі де, оны жерге енгiзедi. Тәсілдің артықшылығы –  қада енгізілетін жердің жанында орналасқан ғимараттар мен имараттарға динамикалық әсер  етпеуі.

5.1-сурет. Жүкті жерге беру тәсілі бойынша ерекшеленетін қадалар: а – ілініп тұрған қадалар,  б – тұрақты қадалар.

Сумен жуып шаю әдісі арқылы қаданы батыру технологиясы жылдамдатылады. Ол технология былайша жүргізіледі: жердегі қада жанына екі жуу құбырларын түсіреді. Сол құбырлар арқылы қысыммен су жібереді. Су, жерді сулау арқылы қада шетін дымқылдайды, осылайша оның жердің бүйір бетімен үйкелісін айтарлықтай төмендетеді, нәтижесінде өзінің салмағы әсерінен қада жерег батырылады. Әрине, бұл тәсілді ілініп тұрған қадаларға қолдануға болмайды – себебі, үйкелісі төмендейді.

Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер