Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 20:41, курс лекций

Описание работы

Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темірбетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б.

Содержание работы

1.Құрылыс өнімі, оның ерекше өзгешелектері.
2.Құрылыс процестері мен жұмыстары, олардың мазмұны және құрамы.
3.Құрылыс процестерінің кенестік және уақытша параметрлері.

Файлы: 1 файл

6. Дәріс-Курылыс ондирисинин технологиясы.docx

— 1.54 Мб (Скачать файл)

          Мердігерлік тәсілде жұмыс тұрақты  тапсырыс берушінің келісімімен  құрылыс және монтажды кәсіпорынмен  орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 3.

Тақырып:    «Құрылыс алаңын инженерлік дайындау»

Сұрақтар

1.Құрылыс алаңын  инженерлік қамтасыздандыру.

2.Геодезиялық  бөлу негіздерін жасау

3.Аланды тазалау  кезендегі жер бетіндегі және  топырақ суларын ағызу кезеңде  табиғатты қорғау шаралары

Негізгі жер жұмыстары тек аймақтың инженерлік дайындығы аяқталған соң ғана басталады. Оның ішіне мына жұмыстар кіреді: учаскені ағаш және тал-ішіліктен тазалау, жерді құрғату, жер асты суларының деңгейін төмендету, су бұрғыш канал жасау, уақытша ішкі алаңдық жолдар салу, су және энергия жабдықтары, телефон-радио байланыс жүйелерін жүргізу, инвентарлық уақытша үймереттерді тұрғызу, геодезиялық – бөлу жұмыстары, ауылшаруашылық және т.б.

Территорияны жаңа құрылысқа дайындау жұмыстарына мыналар жатады: құрылыс қалдықтарын бұзу және тазалау, күл-қоқысты шығару, ағаштарды шауып алу немесе басқа жерге отырғызу, ірі тастарды жинау, коммуникацияларды қайта төсеу немесе орын ауыстыру, беткі және жерасты суларын басқа жаққа бұру, қажет болған жағдайда топырақты нығыздау.

Құрылымды бұзу, сырып тастау әдістері олардың түріне, тозу деңгейіне, құрылыс мекемесінің мүмкіндіктеріне қарай таңдалады.

Егер бұзылатын құрылымның кірпіш қабырғалары жақсы сақталған болса, онда шатырды, аражабындарды, бөлгіш қабырғаларды жоғардан төменге қарай бөлшектейді.

Көтеруші және қоршау қабырғаларды бұзған кезде тракторлармен, бульдозерлермен немесе жоғарыға бекітілген арқандар көмегімен бөлшектейді. Маңдайша арқалығын және кейбір бөліктерді шабу арқылы  дайындайды.

Қабырғаларды бульдозерлермен құлатқан кезде құлатылатын қабырғаға арқан байлайды, оның ұзындығы қабырғаның ең биік бөлігінен жерге дейінгі қашықтықтан екі есе ұзын болуы тиіс. Арқан қалыңдығын есептеу арқылы анықтайды (3.1 сурет).

3.1 сурет. Бұзылатын ғимараттың қабырғасын құлату:

а – қабырғаға арқан бекіту; б – ойық арасындағы қабырғаға арқан бекіту

 

Ғимараттың негізгі құрылымдары тозған кезде оны сына және шар тәрізді балғалармен жабдықталған экскаваторлармен және бульдозерлермен бұзады.

Ағаш құрылымдарды да осы тәрізді құлатады. Егер ағаш шіріген болса, оны өртеп жібереді.

Толықтай құрастырмалы ғиамараттарды бұзу жинақтау тәртібіне кері жүргізіледі. Құйылмалы құрылымдарды бұзбастан бұрын жеке құрылымдық элементтерге бөлшектейді. Биік ғимараттарды бөлшектеу үшін қазіргі уақытта шынжыр табанды гидроэкскаватордан тұратын жабдықтар пайдаланылады. Бұл жабдыққа шегенделген бетондарды бөлшектеуге арналған пышақтар, гидробалға кіреді.

Құрылымдарды бұзған кездегі кірпіш қалдықтарын уақытша жолдарды жасауға, қыш ұнын дайындауға пайдалануға немесе төмен маркалы бетондарға толтырғыш ретінде қосуға болады.  Ағаштарды битумды және мастикаларды қыздыруға және қатқан топырақты жылытуға қолданады. Қайта монтаждалған темірбетон құрылымдары қиыршық тас алу үшін шикізат ретінде қолданылады.

Құрылыс құрылымдарын бөлшектеу. Бөлгіш қабырғаларды, терезелер мен есіктерді бөлшектеу. 1960 жылдарға дейін ғимараттарда ағаштан жасалған бөлгіш қабырғалар қойылды. Оларды бөлшектеу мынадай технология бойынша жүргізілді: бөлгіш қабырғалардың төменгі байланысқан бөлігіне саңылау қағып, оған кран арқанын бекітеді. Қабырғадан босатылған бөлгіштер крандар мен арқандардың көмегімен тасымал құралына тиеліп, қажетті жерге дейін тасымалданады.

Терезелер мен есіктерді ажырату үшін алдымен оларды қажетті бөлшектерден босатады. Терезе астындағы тақталар мен оларға тіреуіш қораптар алдын-ала бекіткіштерден босатылып, қолмен түсіріледі. Терезелер мен есіктерді бөлшектеу жұмыстарын екі адамнан тұратын звено орындайды. Олар жұмыстарына электрлі бұрандаларды және пневматикалық қол құралдарын қолданады. 

Территорияны ағаштардан, тастардан және бұтақтардан тазалау үшін техникалар қолданылады: арнайы аспалы жабдықтары бар тракторлар, бульдезер қайырмалары, бұтақ кескіш құралдар. Ағаштарды электрлі аралармен кесіп құлатады.

Жер астындағы және бетіндегі су бұрмалары. Құрылыс алаңындағы су қоймалары жер астында және жер бетінде (жауын-шашын сулары, еріген қар) болуы мүмкін. Жер бетіндегі су бұрмаларын ор қазу арқылы қажетті бағыттарғы бұруға болады. Егер жер рельефі су бұрмаларын құрылыс алаңынан шығауруға мүмкіндік беретіндей болса, арнайы ойықтар қазып, сораптар пайдаланылады. Сорап қуаты қазаншұңқыр ішіндегі барлық суды сорап алатындай болуы тиіс.

Жер астындағы сулар құрылыс алаңынан уақытша немесе тұрақты түрде алынып отырады. Уақытша су бұрмаларында жер асты су деңгейлері іргетас белгісінен төмендейді. 5-10 м тереңдікке дейін су деңгейін төмендету үшін тебенді сүзгі қолданады (3.2 сурет). Тебенді сүзгі дегеніміз ұшы цилиндр немесе конус тәрізді болып келетін, диаметрі 38-50 мм болатын қабырғаларында саңылаулары бар құбыр. Құрғатылатын топыраққа батырылған сүзгілерді жалпы сору коллекторымен біріктіреді және сорапқа жалғайды. Суды сораппен сору арқылы арынды құбырлармен су қоймаларына айдайды.

3.2 сурет. Тебенді сүзгілердің жұмыс схемасы:

1 – тебенді сүзгі, 2 – коллектор, 3 – сорап, 4 – су құбыры, 5 – судың алдыңғы деңгейі, 6 – судың жаңа деңгейі

Топырақ суларының деңгейін 5 м дейін төмендету үшін бір сатылы қондырғылар қолданылады. Ал одан да тереңірек төмендету қажет болса, тебенді сүзгілердің екі сатылы қондырғылары пайдаланылады. Өте үлкен тереңдікте (30 м дейін) ортадан тепкіш сораптар арқылы қазаншұңқыр қазылады.

Жер асты сулары құрылыс алаңынан дренаждардың көмегімен тұрақты алынып отырылады. Дренаждар ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін. Ол үшін алдымен ор қазылып, оған дренаждар салынады. Дренаж ретінде көбінесе: терең емес орларда – беттік науалар, жабық терең орларда қиыршық тастармен, ірі түйіршікті құмдармен, тастармен және басқа да сүзгіш материалдармен толтырады (3.3 сурет). 2,5 м тереңдікте дренаж орларының ені 0,8 м, 2,5–6 м аралығында 1 м  болады.

 

3.3 сурет. Дренаж құрылғысы:

1 – топырақпен көму, 2 – дренаждау материалының қабаты,

3 – дренаждау құбыры

 

Су өткізгіш топырақта қазылған ордың түбіне саз төселеді және науа орнатылады; оған құбыр төселіп, құммен, қиыршық таспен немесе басқа да дренаж материалымен беті жабылады. Орды экскаватормен қазып, бульдозерлермен бітін жабады.

Топырақты бекіту және нығыздау. Жаңа құрылыс салынған кезде немесе топырақтың ғимараттан түсетін жүктемені көтеру беріктігі жеткіліксіз болған жағдайда, немесе салынған ғимараттың үстіне қондырма тұрғызылған жағдайда топырақты бекіту қажеттілігі туындайды. Топырақты бекіту үшін оның су өткізбеу қабілетін, тығыздығын және беріктігін қамтамасыз ететін материалдар мен технологиялық әдістер қолданылады. Бекіту әдістері де бекітілетін материалдар мен тәсілдеріне қарай аталады. Олар мыналар; силикаттау, битумдау, цементтеу, саздандыру, шайырлау, күйдіру және қатыру.

Бұл әдістердің барлығының жалпы өндіріс технологиясының негіздері бірдей. Ол мынадай үрдістерден тұрады: ұңғыманы бұрғылау, инъекторды батыру (тебенді сүзгіге ұқсас қондырғы), бекіткіш компоненттерді дайындау және ендіру, инъекторды алу, жабдықтарды жуу және ұңғыманы бекіту, топырақты үш-төрт жерден тесіп ашу арқылы негіздің бекітілу сапасын тексеру.

Топырақты бекіту радиусы бекітуші компонентке, топырақтың сүзу қасиетіне, инъектор диаметріне, айдау қондырғысының қуатына байланысты болады. Ол есепті жолмен немесе тәжірибе арқылы анықталады. Шахмат тәрізді орналасатын немесе бір қатардағы инъекторлардың арасындағы қашықтық топырақты бектіту радиусының 1,5-2 мәніне тең болады.

 Силикаттау әдісі ұсақ  түйіршікті суға қаныққан немесе  құрғақ құмды топырақтарды, ми  батпақтарды, шөгінді сары топырақтарды  және сары топырақ тәрізді  саздақтарды бекітуге арналған. Силикаттау үшін қолданылатын  материалдар сұйық әйнек және хлорлы кальций. Силикаттаудың екі түрі қолданылады: бір және екі ерітінділі. Құмды топырақтарды оларға екі ерітіндіні алма-кезек айдау арқылы бекітеді (екі ерітінділі әдіс). Сары топырақ тәрізді саздақтарда бір ерітінділі әдіс қолданылады, яғни сұйық әнек сары топырақ құрамындағы қальций тұздарымен реакцияға түседі.

Битумдау әдісінде бұрғыланған ұңғыма арқылы жыныстардың қуыстары мен ақауларына ерітілген битум жіберіледі. Битумның ағындылық қасиеті тек ыстық күйінде сақталатын болғандықтан, инъекторлар ұңғыма оқпанында битумды қыздырып тұруы қажет. Бұл әдіс тек қана құрғақ, құмды және тас топырақтарда қолданылады.

Дәріс 4.

Тақырып:    «Құрылыс жүктері және оларды тасымалдау»

Сұрақтар

1.Құрылыс жүктерінің  міндеті және олардың жіктелуі.

2.Құрылыста пайдаланылатын  көлік құралдарының түрлері

3.Көтеру-түсіру  жұмыстарын пайдаланылатын көліктер

Сипатына және тасымалдану шарттарына қарай құрылыстағы жүктер үш түрге (шартты түрде)  бөлінеді:

– сусымалы немесе қаптамасыз тасымалданатын, қорапсыз көтеріп-түсірілетін жүктер;

– әртүрлі қораптарда (ыдыстарда), арнайы құралдармен көтеріп-түсірілетін ұсақ дана жүктер;

– арнайы құралдармен тасымалдауды қажет ететін ірі өлшемді және ұзын құрылыс бөлшектері, құрылымдары және жартылай фабрикаттар.

Аталып өткен жүк түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны – ыдыстарда тасымалданатын ұнтақ тәрізді және сұйық материалдар. Бұлар жүктердің екінші тобына жатуы мүмкін немесе арнайы транспорт түрлерімен тасымалданатын үшінші топқа да жатуы мүмкін.

Құрылыстағы тасымал түрлері тік және көлденең, сондай-ақ сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Көлденең тасымалмен жүктерді тасыса, тік тасымал түрлерімен жүктерді тиеп-түсіреді, сондай-ақ тік бағытта орын ауыстырады (мысалы, жинақтау үрдісінде). Сыртқы тасымал түрімен жүктерді құрылыс алаңына жеткізеді, ал ішкі тасымалдау объект маңындағы қоймадан материалдар мен жүктерді қолдану орнына тасиды. Сыртқы тасымал ретінде транспорт түрлерінің барлығы да пайдаланылады – теміржол, су арқылы, автомобиль, трактор  және әуе тасымалы. Ішкі тасымалда жүктерді тасымалдауға арналған көптеген жүк көтергіш машиналары (крандар, транспортерлер, көтергіш және тиеу механизмдері) қолданылады. Бұл машиналар жүктерді көлденең және тік бағытта, сондай-ақ бір уақытта екі бағытқа да тасымалдай алады. 

Тасымалдау құралдарының негізгі сипаттамалары мыналар:

  • Жұмыс бөлшегіне (шанақ, вагон) қарамай тасымалдау құралының жүк көтергіштік мүмкіндігін үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдауда толықтай пайдалану;
  • Массасы шағын жүктерді тасымалдаған кездегі жұмыс жабдығының көлемі, яғни мұндай жүктерді тасымалдағанда олардың массасы жүк көтергіштігі аз тасымал құралының шанағын толықтай алып тұруы қажет. Мәжбүрлі түрде толық жүктемеу жүк сыйымдылық коэффициентімен сипатталады және толықтай  толтырылған шанақтағы (вагондағы) жүк массасының тасымал құралының максималды жүк көтергіштігіне қатынасымен анықталады. Бұл коэффициенттің бірге жуықтаған мәні тасымал құралын тиімді пайдалануды көрсетеді. Жеңіл жүктерді  тасымалдаған кезде шанақтарды ұзарту арқылы қол жеткізуге болады. Сондай-ақ жүк сыйымдылығы коэффициенті бірден артып кетсе, ол тасымал құралын техникалық пайдалану ережесін бұзған болып саналады, сонымен бірге, техникалық қызмет ету, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу арасындағы мерзімдерді қысқарту шығындарына әкеліп соқтырады.

Құрылыс жүктерін тасымалдауға арналған транспорт түрлерінің ішінде ең көп тарағандары автомобильді транспорт және белгілі-бір жағдайда трактормен тасымалдау, ал қала құрылысында жүктердің 90 % автотранспортпен тасымалданады. Сондықтан да біз осы тасымал түрлеріне тоқталамыз. Теміржол, әуе, су тасымал түрлері құрылыста пайдаланылмайды, сол себепті біз оларды қарастырмаймыз.

Автомобиль – бұл барлығымызға да таныс көлік түрі. Дегенмен де оның құрылғылары, типі, қолдану аймағы жөнінде айтып өткен артық болмайды.

Қозғалтқыш түріне қарай автомобильдер карбюраторлы, дизельді, газ генераторлы, газ баллонды және электрлі болып бөлінеді. Жүк көтергіштігі 5 т және одан жоғары болатын қазіргі заманғы жүк машиналары тек қана дизельді қозғалтқыштармен шығарылады. 

Жұмыс жабдығының түріне және пайдаланылуына қарай автомобильдер жақтаулы, автосамосвалдар, арнайы және тартқыштар болып бөлінеді. 

Әрбір автомобиль, сондай-ақ кез-келген құрылыс машинасы қозғалтқыштан (1), трансмиссиядан (2), жүріс бөлігінен (3), басқару тетіктері бар кабинадан (4), жұмыс жабдығы – шанақтан (5) және аталған түйіндердің барлығы жинақталатын рамадан тұрады.  

Аударылатын шанақтармен жабдықталған автосамосвалдар сусымалы және қорапталмаған үлкен көлемдегі жүктерді – топырақ, қиыршық тас, керамзит, құрылыс қоқысы, қар, ерітінді және бетон қоспаларын тасымалдауға арналған. Самосвалдардың негізгі сипаттамасы олардың жүк көтергішітігі, шанақ көлемі және түсіру әдісі болып табылады. Самосвалдардың жүк көтергіштігі  2,5 - 40 т және одан жоғары (карьерде пайдаланылатын самосвалдар) болады. Шанақ көлемі – 1,65-15 м3 және одан жоғары. Самосвал шанағы әдетте гидроцилиндр көмегімен, көп жағдайда кері, кейбір жағдайда бір немесе екі бүйірге, егер жүргізуші кабинасы шанақтың артында орналасса алға қарай аударылады.  Самосвалдың астынан түсірілетін тіркеме арбалары да болады, олардың астындағы қақпалары ашылып, жүктер содан түсіріледі.

 

2.1 - сурет. Автомобиль түйіндерінің орналасу сұлбасы

1 –қозғалтқыш, 2–трансмиссия, 3 – жүріс  бөлігі,

4 – басқару тетіктері бар кабина, 5 – шанақ

 

Жақтаулы автомобильдер дана жүктерді және контейнердегі жүктерді (кірпіш, ұсақ қабырға блоктары, әрлеу материалдары, санитарлық-техникалық бұйымдар және т.б.) тасымалдауға арналған. Әртүрлі маркалы жақтаулы автомобильдердің жүк көтергіштігі 1,5 - 12 т; шанақ ұзындығы 2,5-5,8 м; ені – 2-2,5 м; жақтау биіктігі  – 0,35-0,9 м аралықтарында болады. Мұндай машиналарға тіркемелерді тіркеу арқылы жүк көтергіштігін арттыруға болады. Бұл әрине машинаның маневрлігін төмендетеді, алайда жақсы жолдарда жүрге болады. Ол үшін автомобиль қозғалтқыштарының қуаты жақсы болуы керек.

Информация о работе Негізгі түсініктер мен реттеуші ережелер