Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

Электр қондырғыларын орнату қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Қағидалар «Электр  энергетикасы туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына  сәйкес әзірленді және қолданыстағы  электр қондырғыларын жобалау, қайта  жаңғырту және пайдалану кезінде  қолданылады.

2.   Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

1) электр қондырғысы –  электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға  және оны энергияның басқа  түріне түрлендіруге арналған  машиналардың, аппараттардың, желілер  мен қосалқы құралдардың (олар  орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен  бірге) жиынтығы.

Электр қауіпсіздігінің шарттары бойынша электр қондырғылары Қағидаларда 1 кВ дейінгі электр қондырғылары және 1 кВ жоғары (кернеудің қолданыстағы мәні бойынша) электр қондырғылары болып бөлінеді;

2) ашық немесе сыртқы  электр қондырғылары - ғимаратты  атмосфералық әсер етуден қорғамайтын  электр қондырғылары.

Тек қана қалқамен, торлы қоршаулармен және т.с.с. қорғалған электр қондырғылары сыртқы электр қондырғылары ретінде қаралады;

3) жабық немесе ішкі  электр қондырғылары – атмосфералық  ықпалдан қорғайтын ғимараттың  ішінде орналастырылған электр  қондырғылары;

4) электр үй-жайы –  білікті қызмет көрсетуші персонал  үшін ғана қолжетімді электр  қондырғылары орнатылған үй-жай  немесе үй-жайдың оқшауланған  бөлігі;

5) құрғақ үй-жайлар –  ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан аспайтын үй-жай. Осындай  үй-жайларда 1-тармақтың 9) - 11) тармақшаларында  келтірілген жағдайлар болмаған  кезде олар қалыпты деп аталады;

6) ылғалды үй-жайлар –  бу немесе конденсатты ылғал  аз мөлшерде тек қысқа уақытта  ғана бөлінетін, ауаның салыстырмалы  ылғалдылығы 60%-дан астам, бірақ 75% аспайтын  үй-жайлар;

7) сызды үй-жайлар –  ұзақ уақыт бойы ауаның салыстырмалы  ылғалдылығы 75%-дан асатын үй-жай;

8) өте сызды үй-жайлар  – ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ға жақын (төбе, қабырға, еден және  үй-жайдағы сызданған құралдар) үй-жай;

9) ыстық үй-жайлар –  түрлі жылу шығару әсерінен  температура үнемі немесе анда-санда (1 тәуліктен аса) + 35 0С-тен асатын үй-жай (құрғатқыштары, құрғататын және күйдіретін пештері бар бөлмелер, қазандықтар және т.б.);

10) тозаңды үй-жайлар –  өндіріс жағдайында технологиялық  тозаңның соншалықты көп бөлінуінен, олардың сымдарға, машиналардың, аппараттардың  және т.б. ішіне тұрып қалуы  мүмкін үй-жайлар.

Тозаңды үй-жайлар ток өткізетін тозаңды үй-жай және ток өткізбейтін тозаңды үй-жайға бөлінеді;

11) химиялық белсенді немесе  органикалық орталы үй-жайлар  – тұрақты немесе ұзақ уақыт  бойы агрессивті булар, газдар, сұйықтықтар  түзілетін, электр қондырғыларындағы  ток жүргізу бөліктерді және  оқшаулатқыштарды қирататын шөгінділер  немесе өңездер түзілетін үй-жайлар;

12) май толтырылған аппараттар  – жекелеген элементтерінің және  барлық қалыпты ұшқынды бөліктерінің  немесе арасында доға түзілетін  бөліктерінің майға соншалықты  толтырылғандығынан осы бөліктер  мен қоршаған ауаның арасындағы  жанасу мүмкіндігі жоққа шығарылған  аппараттар;

13) параметрдің атаулы  мәні (атаулы параметр) – қондырғыны  пайдалану және сынақтан өткізу  кезінде осы мәннен ауытқушылықты  есептеу үшін бастапқы болып  табылатын электр техникалық  қондырғы шығарушысының көрсеткен  параметр мәні;

14) білікті қызмет көрсетуші  персонал – аталған жұмыс (лауазым) үшін міндетті көлемдегі білімін  тексеруден өткен және электр  қондырғыларын пайдалану кезінде  Қауіпсіздік техникасы қағидаларында  көзделген қауіпсіздік техникасы  бойынша біліктілік тобына өткен, арнайы дайындалған тұлғалар;

15) энергетикалық жүйе (энергожүйе) – ортақ басқарудың аталған  тәртібінде электр және жылу  энергиясын өндіру, түрлендіру және  таратудың үздіксіз үрдісінде  режимдердің ортақтығымен байланысты  және бір-бірімен жалғанған электр  станцияларының, электр және жылу  желілерінің жиынтығы;

16) энергожүйенің электрлік  бөлігі – энергожүйенің электр  станциялары мен электр желілерінің  электр қондырғылары жиынтығы;

17) электр энергетикалық  жүйе – электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үдерісінің  ортақтығымен біріктірілген, электр  энергиясының қабылдағыштары, одан  қоректенетін энергожүйенің электрлік  бөлігі;

18) электрмен жабдықтау  – тұтынушыларды электр энергиясымен  қамтамасыз ету;

19) электрмен жабдықтау  жүйесі – электр энергиясымен  тұтынушыларды қамтамасыз етуге  арналған электр қондырғыларының  жиынтығы;

20) орталықтандырылған электрмен  жабдықтау – тұтынушыларды энергожүйеден  электрмен жабдықтау;

21) электр желілері –  белгілі бір аумақта жұмыс  істейтін қосалқы станциялардан, тарату қондырғыларынан, ток сымдардан, электр берілісінің әуе және  кәбіл желілерінен құралатын  электр энергиясын беруге және  таратуға арналған электр қондырғыларының  жиынтығы;

22) электр энергиясының  қабылдағышы (электрқабылдағыш) - электр  энергиясын энергияның басқа  түріне түрлендіру үшін арналған  аппарат, агрегат, механизм;

23) электр энергиясын тұтынушы  – технологиялық үрдіспен біріктірілген  және белгілі бір аумақта орналасқан  электр қабылдағыштар немесе  электр қабылдағыштар тобы, сондай-ақ  меншігінде осы электр қабылдағыштар  бар заңды және жеке тұлғалар;

24) электр қабылдағыштар  немесе электр қабылдағыштар  тобын қоректендірудің тәуелсіз  көзі – осы электр қабылдағыштардың  басқасында немесе басқа қорек  көздерінде  кернеу болмаған кезде, авариядан кейінгі режим үшін осы Қағидалармен регламенттелетін шектегі кернеу сақталынатын қорек көзі.

Тәуелсіз қорек көзінің қатарына бір немесе екі электр станциясының және қосалқы станцияның екі секциясы немесе шиналар жүйесінің төмендегі екі шартты:

секцияның әрқайсысының немесе шиналар жүйесінің өз кезегінде тәуелсіз қорек көзінен қоректендірілуі;

шиналар секциясы (жүйесі) өзара бір-біріне байланысты емес немесе  шиналар секциясының (жүйесінің) біреуі қалыпты жұмысын бұзған кезде автоматты ағытылатын байланысының бар болуын бірмезгілде сақтаған кезде жатқызылады;

25) электр энергиясын коммерциялық  есепке алу – нарық субъектілерінің  арасында коммерциялық есеп айырысулар  жүргізу мақсатымен электр энергиясының  мәнін  анықтау;

26) қуатты бақылау –  электр қуатының өндірімі мен тұтыну кестесін орындауды ағымдағы (нақты уақыт тәртібінде) бақылау;

27) коммерциялық есепке  алу санауышы – электр энергиясын  коммерциялық есептеуге арналған, заңнамада белгіленген тәртіппен  қолдануға рұқсат етілген техникалық  қондырғы;

28) электр энергиясын есепке  алудың  коммерциялық өлшемдік кешені (бұдан әрі – ЭЕӨК) – есепке алу нүктесінде электр энергиясының  шамасын және басқа да электрлік шамаларды өлшеу үшін өлшемдік дабылдың үздіксіз жүру жолын түзетін, техникалық және нормативтік құжаттамаға сәйкес байланыс желісімен өзара байланысқан (екінші тізбекпен) өлшемдік техниканың (ауқымды өлшемдік түрлендіргіштердің - автоматтандырылған  өлшем құралдарының – электр энергиясының санауышының ток трансформаторлары (бұдан әрі – ТТ) және кернеу трансформаторлары (бұдан әрі – КТ)) құралдары жиынтығы;

29) электр энергиясын коммерциялық  есепке алудың автоматтандырылған  жүйесі (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) –  есеп нүктесі арқылы жүретін  электр энергиясының шамасын  автоматты анықтауы үшін энергия  нысандарда орнатылған ЭЕӨК өлшемдер  нәтижесін жинау, беру және сұрыптаудың  тиісті құрал-жабдықтарымен біріктірілген  техникалық құралдар кешені.

Коммерциялық санауыштар ақпаратты жинақтау, сақтау, кодтау қызметін атқаруы және берілген уақыт аралығымен қуатты өлшеудің әрбір берілген сәтінде белгіленген, есепке алынған электр энергиясы туралы ақпаратты және коммерциялық есепке алудың мәліметтерін жинау және сақтау қондырғыларына автоматты түрде беріп отыруы тиіс;

30) электр энергиясының  техникалық (бақылаулық) есебі –  электр станциясы, қосалқы станциялар, кәсіпорын және т.с.с. ішінде электр  энергиясының жұмсалуын бақылаудың  есебі;

31) тиімді бейтарапты жерге  тұйықталған электрлік желі – 1 кВ жоғары кернеудегі үш фазалы  электр желісі, ондағы жер үстінде  тұйықталған коэфициенті 1,4-тен аспайды.

Үш фазалы электр желісінде жер жер үстінде тұйықталған коэфициенті басқа және екі басқа фазасының осы нүктеде тұйықтауға дейін фазалар мен жердің арасындағы әлеуеттердің түрлілігіне басқа және екі басқа фазаның жерге тұйықтау нүктесінде бүлінбеген фаза мен жердің арасындағы әлеуеттің түрлілік қарым-қатынасымен анықталады;

32) тікелей жерге тұйықталған  бейтарап – тікелей немесе  аз кедергі арқылы жерге тұйықталған  қондырғыға жалғанған трансформатор  немесе генератор бейтарабы;

33) оқшауланған бейтарап  – жерге тұйықталған қондырғыға  жалғанбаған немесе оған дабыл, өлшем, қорғау құралдары және  көп кедергісі бар осыған ұқсас  қондырғы арқылы жалғанған трансформатор  немесе генератор бейтарабы;

34) жерге тұйықтау –  жерге тұйықтау қондырғысы бар  электр қондырғысы немесе құрал-жабдықтар, қандай да бір желі нүктесінің  мақсатты электрлік жалғанымы;

35) қорғаныстық жерге тұйықтау  – электр қауіпсіздігін қамтамасыз  ету мақсатында орындалатын жерге  тұйықтау;

36) жұмыстық жерге тұйықтау  – электр қондырғылардың жұмысын  қамтамасыз ету үшін қажетті  электр қондырғылардың ток жүргізу  бөлігінің қандай да бір нүктесін  жерге тұйықтау;

37) 1 кВ дейінгі кернеудегі  электр қондырғыларды нөлдеу  – электр қауіпсіздігі мақсатында  атқарылатын тұрақты токтың желісіндегі  көздің жерге тұйықталған нүктесімен  бірфазалы ток көзінің тікелей  жерге тұйықталған шықпасымен, үш  фазалы ток желісіндегі тікелей  жерге тұйықталған генератор  немесе трансформатор бейтарабымен  кернеу астында қалыпты емес  электр қондырғылар бөліктерінің  мақсатты жалғанымы;

38) жерге түйісу – электр  қондырғыларының кернеудегі ток  жүру бөліктерінің жермен кездейсоқ  жалғануы. Корпусқа тұйықтау деп  кернеу астында қалыпты емес  конструкциялық бөліктермен электр  қондырғының кернеу астындағы  бөліктерінің кездейсоқ жалғануы  аталады;

39) жерге тұйықтау құрылғысы  – жерге тұйықтағыштың және  жерге тұйықтағышты өткізгіштердің  жиынтығы;

40) жерге тұйықтағышты  – өткізгіш немесе жермен жанасып  жатқан сымдардың өзара металды  жалғануының жиынтығы;

41) жасанды жерге тұйықтағыш  – арнайы жерге тұйықтау мақсатында  орындалатын жерге тұйықтағыш;

42) табиғи жерге тұйықтағыш  – жерге тұйықтау мақсатында  пайдаланылатын өндірістік және  басқа мақсаттағы ғимараттар  мен құрылыстардың, коммуникацияның  электр өткізгіш бөліктерінің  жермен жанасуы;

43) басты жерге тұйықтаушы  шина – 1 кВ дейінгі кернеудегі  электр қондырғылардың жерге  тұйықтау құрылымы болып табылатын  және әлеуетті теңдестіру мен  жерге тұйықтау мақсатында бірнеше  сымдарды жалғауға арналған шина;

44) ашық өткізгіштік бөлігі - кернеу астында қалыпты емес, бірақ оқшаулануы бүлінген кезде  кернеу астында қалуы мүмкін, адамның жанасуына бөгетсіз электр  қондырғының электр өткізгіш  бөлігі;

45) сыртқы өткізгіштік  бөлігі – электр қондырғысының  бөлігі болып табылмайтын электр  өткізгіштік бөлігі;

46) ток жүргізу бөлігі  – жұмыс кернеуі астындағы  жұмыс үрдісінде жатқан электр  қондырғыларының электр өткізгіштік  бөлігі;

47) жерге тұйықтаушы өткізгіш  – жерге тұйықталатын бөлікті  жерге тұйықтағышпен жалғайтын  сым;

48) қорғаушы өткізгіш –  электр қауіпсіздігі мақсатына  арналған өткізгіш;

49) қорғаушы жерге тұйықтаушы  өткізгіш – қорғау үшін жерге  тұйықтауға арналған қорғаушы  өткізгіш;

50) әлеуетті теңестірудің  қорғаныстық өткізгіші – әлеуетті  қорғаныстық теңестіру үшін арналған  қорғаныстық өткізгіш;

51) нөлдік қорғаушы өткізгіш  – қорек көзінің тұйықтап жерге  қосылған бейтарабына ашық өткізгіштік  бөліктерді қосуға арналған 1 кВ  дейінгі кернеулі электр қондырғылардағы  қорғаушы өткізгіш;

52) нөлдік жұмыстық өткізгіш  – бір фазалы ток көзінің  жерге мығым тұйықталған, тұрақты  ток желісінде жерге мығым  тұйықталған ток көзімен, үш фазалы  ток желісінде генератор немесе  трансформатордың жерге мығым  қосылған бейтарабымен қосылған 1 кВ дейінгі кернеудегі электр  қабылдағыштардың қорегі үшін  пайдаланылатын өткізгіш;

53) нөлдік жұмыспен үйлестірілген  және нөлдік қорғаушы өткізгіш  – нөлдік қорғаушы үйлестіру  функциясы және нөлдік жұмыс  өткізгіш;

54) жайылу аймағы –  жерге тұйықтау және нөлдік  әлеует аймағы арасындағы жердің  аумағы;

55) нөлдік әлеует аймағы  – электрлік әлеуеті нөлге  тең деп қабылданатын қандай  да бір жерге тұйықтауыштың  ықпал аймағынан тыс жатқан  жердің аумағы;

56) жерге тұйықтау қондырғыдағы  кернеу – жерге тұйықтаушы  қондырғыға ток кірісінің нүктесі  және нөлдік әлеует аймағы  арасындағы жерге тұйықтағыштан  ток өткенде пайда болатын  кернеу;

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары