Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

4) Сақтандырғыш-ажыратқыш  алмалы-салмалы контактілеріндегі  контактілі басуын өлшеу. Контактілі басуының өлшенген шамасы зауыт мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс.

5) Сақтандырғыш-ажыратқыштың  патронының доға сөндіргіш бөлігінің  жағдайын тексеру. Сақтандырғыш-ажыратқыштың  патронының доға сөндіргіш бөлігінің  ішкі диаметрі өлшенеді.

Патронның ішкі доға сөндіргіш бөлігінің диаметрінің өлшенген шамасы зауыт мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс.

6) Сақтандырғыш-ажыратқыштың  жұмысын тексеру. Сақтандырғыш-ажыратқышты  қосу және ажырату операциясының 5 циклі орындалады.

Әрбір операция бірінші талпыныстан сәтті орындалуы тиіс.

 

 

23. Кірмелер және  өтпелі оқшаулағыштар

 

 

299.      Кірмелер және өтпелі оқшаулағыштар осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1) Оқшауламаның кедергісін  өлшеу. Қағаз-майлы оқшауламасы бар  кірмелерде 1-2,5 кВ кернеуге мегаомметрмен  жүргізіледі. Қосылыс төлкесіне  қатысты кірменің соңғы және  өлшейтін қоршауының оқшауламасының  кедергісі өлшенеді. Оқшаулама кедергісі 1000 МОм кем болмауы тиіс.

2) Диэлектрлік шығындардың  бұрышының тангенсін өлшеу. Ішкі  негізгі майды бөгегіш, қағазды-майлы  және бакелиттік оқшауламасы  бар, өтпелі оқшаулағыштар мен  кірмелерде жүргізіледі. Кірменің  диэлектрлік шығындары  және өтпелі оқшаулағыштардың бұрыштарының тангенсі осы Қағидалардың       5-қосымшасының 89-кестесінде көрсетілген шамадан аспауы тиіс.

Арнайы шықпасы бар потенциометрлік құрылғыға (ПМН) кірмелер мен өтпелі оқшауламаларда, негізгі оқшауламаның және өлшеуіш конденсатордың оқшауламасының диэлектрлік шығындарының бұрышының тангенсі өлшенеді. Бір мезгілде сыйымдылықты өлшеу жүргізіледі.

Өлшеуіш конденсаторлардың оқшауламасына арналған диэлектрлік шығындардың бұрышының тангенсі бойынша ақаулы нормалар негізгі оқшауламаның ақауларымен бірдей.

Оқшауламаның соңғы қабатының (диэлектрлік шығындардың бұрышын өлшеу) орманынан өлшейтін шықпасы бар кірмелерде осы оқшауламаның диэлектрлік шығындардың тангенсі өлшенеді.

Диэлектрлік шығындардың бұрышының тангенсін өлшеу 3кВ кернеумен жүргізіледі.

Кірменің қағаз-майлы оқшауламасының соңғы орамының жағдайын анықтау үшін, диэлектрлік шығындардың бұрышының тангенсінің орта тәжірибелік шамаларына негізделуі қажет: 110-115 кВ үшін – 3 % және 220 кВ кірмелер үшін – 2 % және 330-500 кВ кірмелері үшін – негізгі оқшауламаға қабылданған, диэлектр шығындар бұрышының тангенсінің шекті шамалары жатады.

3) Өнеркәсіптік жиіліктегі  жоғары кернеумен сынау. Сынау 35 кВ дейінгі кернеудегі кірмелер  мен өтпелі оқшаулағыштарға міндетті  жүргізіледі.

Кірмелер мен өтпелі оқшаулағыштарға қажетті сынау кернеуі жеке сыналған немесе тарату құрылғысына орнатқаннан кейін май ажыратқышына және т.б. осы Қағидалардың 5-қосымшасының 90-кестесіне сәйкес қабылданады.

Күштік трансформаторларына орнатылған кірмелерді сынау күштік трансформаторларына арналған нормалар бойынша соңғы орамды сынаумен бірге жүргізіледі.

Негізгі керамикалық, сұйық немесе қағаз-майлы оқшауламасы бар кірмелер мен өтпелі оқшаулағышқа арналған нормаланған сынау кернеуін қосымша ұзақтығы 1 мин, ал бакелит немесе басқа да қатты органикалық материалдардан негізгі оқшауламаларға 5 мин. Трансформаторлардың орамдарымен бірге сыналған кірмелерге қажетті нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы 1 мин.

Егер майда  (маймен толтырылған кірме) ойық, жабын, сырғанақ разряд және жарым-жарты разрядтар, газдың бөлінуі, сондай-ақ егер сынаудан кейін оқшауламаның жергілікті қызып кетуі табылмаған жағдайда, кірме сынаудан өтті деп саналады.

4) Кірмелердің тығыздығының  сапасын тексеру. 98 кПа (1кгс/см2) артық қысымды жасау арқылы қағаз-майлы оқшауламасы бар 110-500 кВ кернеудегі тұмшаланбаған маймен толтырылған кірмелер үшін жүргізіледі. Сынау ұзақтығы 30 мин. Сынау кезінде майдың ағу белгілері болмауы тиіс.

5) Маймен толтырылған  кірмелердің трансформаторлық майды  сынау. Май жаңа құйылған кірмені  сынау осы Қағидалардың 300-тармағына  сәйкес сыналуы тиіс.

Монтаждаудан кейін құйылған майды сынау осы Қағидаларға                   5-қосымшадағы 93-кестенің 1-5-тармақшаларының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, ал диэлектрлік шығындардың бұрышының жоғары тангенсі бар кірмелер және 220 кВ және одан жоғары кернеудегі кірмелерде, майдың диэлектрлік шығынының бұрышының тангенсі өлшенеді. Көрсеткіштердің шамалары осы Қағидалардың 5-қосымшасының 93-кестесінде көрсетілген шамадан кем болмауы тиіс, ал диэлектрлік шығындардың бұрышының тангенсінің шамасы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 91-кестесінде көрсетілген шамадан астам болмауы тиіс.

 

 

24. Фарфорлық аспалы  және тіреу оқшаулағыштары

 

 

300.      Фарфорлық аспалы және тіреу оқшаулағыштары осы  параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

Тіреу-стержендік оқшаулағыштарды өндірістік жиіліктегі жоғары кернеумен сынау қажет емес.

Шыны аспалы оқшаулағыштарға электрмен сынау жүргізілмейді. Олардың күйін сыртқы тексеру арқылы бақыланады.

1) Аспалы және көп элементті  оқшаулағыштардың оқшауламасының  кедергісін өлшеу. Ауаның қолайлы  температурасында ғана, 2,5 кВ кернеуде  мегаомметрмен жүргізіледі. Оқшаулағыштарды  тексеру олардың электр тарату  желістері мен тарату құрылғыларына  тікелей орнатудың алдында тексеріледі. Әрбір аспалы оқшаулағыштың немесе  істікше оқшаулағыштың әрбір  элементінің оқшаулама кедергісі 300 МОм кем болмауы тиіс.

2) Өнеркәсіптік жиіліктегі  жоғарылатылған кернеумен сынау:

бір элементті тірек оқшаулағыштар. Ішкі және сыртқы қондырғылардың осы оқшауламалары үшін сынақ кернеуінің шамасы осы Қағидаларға                 5-қосымшаның 92-кестесінде көрсетілген.

Нормаланған сынау кернеуін қосымша ұзақтығы 1 мин;

көп элементті тіреу және аспалы оқшаулағыштар. Жаңа орнатылған істікшелі және ауыспалы оқшаулағыштар оқшаулағыштың әрбір элементіне қамтылған 50 кВ кернеумен сыналады.

Негізгі оқшауламасы органикалық материалдар болып табылатын оқшаулағыштар үшін нормаланған сынау кернеуін қосымша ұзақтығы 5 мин, керамикалық оқшаулағыштар үшін 1 мин.

 

 

25. Трансформатор  майы

 

 

301.      Жабдықты монтаждау орнындағы трансформатор майын сынау осы  параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1) Жабдыққа құюдан бұрын  майды талдау. Зауыттан жаңа келіп  түскен трансформатор майының  әрбір партиясы жабдыққа құюдан  бұрын осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінде көрсетілген осы  тармақтың 13) тармақшасынан басқа  көрсеткіштер бойынша бір реттен  сынаудан өтуі тиіс.

Сынау кезінде алынған көрсеткіштердің шамасы, осы Қағидаларға           5-қосымшаның 93-кестесінде көрсетілген шамадан кем болмауы тиіс.

Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінде көрсетілмеген техникалық шарттар бойынша дайындалған майлар, сол көрсеткіштер бойынша сыналуы тиіс, бірақ сынау нормалары осы майларға арналған техникалық шарттарға сәйкес қабылданады.

2) Жабдықты іске қосудың  алдында майды талдау. Жабдықты  монтаждаудан күйін кернеуге қосудың алдында алынған май осы Қағидаларға   5-қосымшаның 93-кестесінің 1-5 және 11 тармақтарында көрсетілген көлемде, ал 110 кВ және одан жоғары жабдықтарға осы Қағидаларға 5-қосымшаның      93-кестесінің 10 тармақшасымен, ал азотты қорғанышы бар жабдықтарға осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 13) тармақшасымен қарастырылады.

3) Аппараттардан алынатын  майлардың оны араластыру кезіндегі  тұрақтылығын сынау. Аппараттарға  әртүрлі маркадағы кондициялық  майларды құю кезінде қоспаның  араласу пропорциясындағы тұрақтылығы  тексеріледі және қоспаның тұрақтылығы, тұрақтылығы төмен араласқан майлардың бірінің тұрақтылығынан кем болмауы тиіс. Май қоспасының тұрақтылығын тексеру  тек қана ингибирленген және ингибирленбеген майлардың араласуы жағдайында жүргізіледі.

 

 

26. Кернеуі 1 кВ  дейінгі электр аппараттар, екінші

ретті тізбектер және электр өткізгіштер

 

 

302.      Электр аппараттары және қорғаныс схемаларының екінші ретті тізбектері, басқару, дабыл және өлшеулер осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады. Кернеуі 1 кВ дейінгі электр өткізгіштер тарату  нүктелерінен электр қабылдағыштарға дейін осы Қағидалардың                        301-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сыналады.

1) Оқшаулама кедергісін  өлшеу. Оқшаулама кедергісі осы  Қағидаларға    5-қосымшаның 94-кестесінде көрсетілген шамадан кем болмауы тиіс.

2)  Өнеркәсіптік жиіліктегі жоғарылатылған кернеумен сынау. Барлық қосылған аппараттармен (автоматты ажыратқыштар, магниттік қосқыштар, контакторлар, реле, құралдар және т.б.) қорғаныс, басқару, дабыл және өлшеу екінші ретті тізбек схемасы үшін сынау кернеуі 1 кВ. Нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы 1 мин.

3) Автоматты ажыратқыштардың  ток ағытқыштарының әсерін тексеру. Ток ағытқыштардың әсерін тексеру (ең жоғарғы, тәуелді, нөлдік, дифференциалды  және т.б.) барлық типтегі автоматты  ағытқыштарда бірінші ретті токпен  жүргізіледі. Ағытқыштардың әрекет  шегі зауыт көрсеткіштеріне сәйкес  болуы тиіс.

4) Оперативтік токтың  төмен және номиналды кернеуіндегі  автоматты ажыратқыштармен контакторлардың  жұмысын тексеру. Көп ретті қосу  және ажыратылатын автоматты  ажыратқыштар мен контакторларды  сынау кезіндегі операциялардың  саны мен кернеудің шамалары  осы Қағидаларға                        5-қосымшаның 95-кестесінде келтірілген.

5) Релелік аппаратураны  тексеру. Қорғаныс, басқару, автоматика  және дабыл релелерін және  басқа құрылғыларды тексеру қолданыстағы  нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Жұмыс жарғыларындағы реленің  іске қосылу шегі есептік көрсеткіштерге  сәйкес болуы тиіс.

6) жедел токтың әртүрлі  шамасындағы толық жиналған схемалардың  дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Схемалардың барлық элементтері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 96-кестесінде келтірілген оперативтік токтың шамасындағы жобамен қарастырылған кезектілікте сенімді жұмыс істеуі тиіс.

 

 

27. Аккумулятор  батареялары

 

 

303.      Монтаждаумен аяқталған аккумулятор батареясы осы  параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1) Оқшаулама кедергісін  өлшеу. Өлшеу вольтметрмен жүргізіледі (вольтметрдің ішкі кедергісі  нақты белгілі болуы тиіс, тобы 1-ден төмен емес).

Толық алынып тасталған жүктемеде қыспақтардағы және әрбір қыспақ пен жердің арасындағы батареяның кернеуі өлшенуі тиіс.

Rх оқшаулама  кедергісі келесі формуламен есептеледі:

 

 

 

 

мұндағы, Rd – вольтметрдің ішкі кедергісі;

U – батареяның қыспағындағы  кернеу;

U1 және U2 – оң қысқыш және жердің арасындағы кернеу және теріс қысқыш пен жердің арасындағы кернеу.

Батареяның оқшауламасының кедергісі төменде көрсетілген шамадан кем болмауы тиіс:

 

 

Номиналды кернеу, В    24   48   60   110   220


Кедергі, кОм                   15   25   30    50    100

2) Форматталған аккумулятордың  сыйымдылығын тексеру. Толық зарядталған  аккумуляторларды 3 немесе 10 сағаттық  режимдегі токпен ажыратылады.

+25 С температураға келтірілген, аккумулятор батареясының сыйымдылығы  дайындаушы зауыттың мәліметтеріне  сәйкес болуы тиіс.

3) Электролит температурасы  мен тығыздығын тексеру. Әрбір  элементтің электролитінің температурасы  мен тығыздығы батареяның заряды  мен разрядының аяғында дайындаушы  зауыттың мәліметтеріне сәйкес  болуы тиіс. Зарядтау кезіндегі  электролиттің температурасы +40 0С жоғары болмауы тиіс.

4) Электролитті химиялық  талдау. Қышқылды аккумуляторлық  батареяларға құюға арналған  электролит А сортты күкіртті  аккумулятор қышқылы мен дистилденген  судан жасалады.

Араластырылған электролиттегі қоспаның құрамы мен ұшып кетпейтін қалдық құрамы төменде келтірілген шамалардан аспауы тиіс.

 

 

Мөлдірлігі                                                                         Мөлдір

Калориметриялық анықтамаға сәйкес түсі, мл                   0,6

Тығыздығы т/м3, 20°С                                                       1,18

Құрамы, %:

Моногидрат                                                                        24,8

Темір                                                                                  0,006

Күшәла                                                                            0,00005

Марганец                                                                         0,00005

Хлор                                                                                 0,0005

Азот қышқылдары                                                          0,00005

Ұшпайтын қалдықтар                                                        0,3

Күкіртті сутекпен тұндырылған металға реакциясы шыдамды сыналуы


Марганецті қышқыл калийді қалпына келтіретін заттар сынауды шыдайды

5) Элементтердегі кернеуді  өлшеу. Разрядтың аяғында қалып  қоятын элементтердің кернеуінің  айырмашылығы, қалған элементтердің  орташа кернеуінен 1-1,5 % аспауы тиіс, ал қалып қоятын элементтердің  саны батареядағы олардың жалпы  көлемінен 5 % кем болмауы тиіс.

 

 

28. Жерге тұйықтағыш  құрылғылар

 

 

304.      Жерге тұйықтағыш құрылғылар осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1) Жерге тұйықтау құрылғылардың  элементтерін тексеру. Тексеруге  мүмкін деңгейде жерге тұйықтау  құралдарының элементтерін тексеру  арқылы жүргізіледі. Жерге тұйықтау  құрылғылардың өткізгіштігі мен  қимасы осы Қағидалардың талаптарына  және жобаның мәліметтеріне сәйкес  болуы тиіс.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары