Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

315.      Жоғары өту жолындағы тірек тіркестерінде 6-35 кВ кернеудегі ӘЖ үшін λэ=1,9 см/кВ және 110-750 кВ кернеудегі ӘЖ үшін λэ=1,4 см/кВ болғандағы бір тізбекті тіркестерге анықталған қалыпты орындалатын оқшаулағыштардың санына қатысты, 50 м жоғары тірек биіктігінен асатын әрбір 10 м фарфор немесе әйнекті бір қосымша тәрелке тәріздес оқшаулағыштан қарастырылады. Бұл ретте гирляндадағы оқшаулағыш саны өту аймақтарының ластану шарттары бойынша талаптардан кем емес болуы қажет.

316.      100 м биіктікке ілінген фарфор немесе әйнекті тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың тіркестерінде осы Қағидалардың 9-тарауының                    6-тармағына сәйкес анықталғаннан екі қосымша оқшаулағыштар қарастырылады.

317.      Оқшауланған өткізгіші бар ӘЖ оқшауламаны таңдау осы тараудың 6-параграфына сәйкес жүргізілуі тиіс.

 

 

3. Электр жабдықтардың  және АТҚ сыртқы әйнек

және фарфор оқшауламасы

 

 

318.      6-750 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштары мен электр жабдықтарының және ЛД және номиналды кернеуге (теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте) қарай ЖТҚ кірме бөлігінің сыртқы бөлігінің сыртқы фарфорлық оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы осы Қағидаларға     5-қосымшаның 101-кестесі бойынша қабылдануы тиіс.

1000 м биіктіктен астам орнатылған 6-220 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштары мен электр жабдықтарының сыртқы оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы: 2000м дейінгі биіктікте – 101-кесте бойынша, 2000-3000 м дейінгі биіктікте - нормамен салыстырғанда ластанудың бір деңгейіне жоғары қабылдануы тиіс.

319.      АТҚ оқшауламасын таңдау кезінде АТҚ ток өткізгіш бөлігінен жермен қосылған конструкцияларға дейінгі арақашықтық осы Қағидалардың 17-тарауының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

320.      АТҚ кермелі және сүйемелдеуші тіркестеріндегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны 110-150 кВ дейінгі кернеудегі тіркестің әрбір тізбегіне – біреу, 220-330 кВ - екі, 500 кВ - үш, 750 кВ - төрт оқшаулағыштарды қоса отырып, осы Қағидалардың 9-тарауының 3-тармағына  сәйкес анықталады.

321.      Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесінің талаптарына сай,    3-4-ші ЛД аймақтарға арналған электр жабдықтары болмаған жағдайда,            5-қосымшадағы 101-кестені қанағаттандыратын оқшаулағышы бар жоғары нақты кернеудегі жабдықты, оқшаулағышты және кірмелерді пайдалануға болады.

322.      4-деңгейді, ЛД асатын ластану жағдайындағы аймақтарда ЖТҚ құрылысы қарастырылады.

323.      500-750 кВ кернеудегі АТҚ және 110-330 кВ кернеудегі АТҚ           3-4 ЛД аймақтарында орнатылмауы тиіс.

324.      110 кВ және одан жоғары кернеудегі ЖТҚ электр жабдықтарын және оқшауламалардың сыртқы оқшауламасының сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы 1-ші ЛД аймақтарында 1,2 см/кВ кем емес, және 2-4-ші ЛД аймақтарында 1,5 см/кВ кем емес болуы тиіс.

325.      1-3 ЛД аймақтарында осы Қағидаларға 5-қосымшадағы                 101-кесте бойынша оқшауланатын ЖТҚС және ЖТҚС қолданылуы тиіс.            4-ші ЛД аймақтарында арнайы орындалатын оқшаулағышы бар ЖТҚС және ЖТҚС қолдануға жол беріледі.

326.      Иілмелі және қатты сыртқы ашық ток сымдарының оқшаулағыштары 101-кестесі бойынша ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы бойынша анықталуы тиіс: 1-3 ЛД аймақтарында 10 кВ ток өткеліне қажетті 20 кВ номиналды кернеудің λэ=1,9 см/кВ; 4-ші ЛД аймақтарында 10 кВ ток өткеліне қажетті 20 кВ нақты кернеуге λэ=3,0 см/кВ; 1-4-ші ЛД аймақтарындағы 13,8-24 кВ ток өткеліне қажетті номиналды кернеуге         λэ=2,0 см/кВ.

 

 

4. Разрядтық көрсеткіштер  бойынша оқшауламаны таңдау

 

 

327.      6-750 кВ кернеудегі ӘЖ тіркестері, 6-750 кВ кернеудегі АТҚ оқшаулағыштар мен электр жабдықтарының сыртқы оқшауламасы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-кестесінде келтірілген шамалардан төмен емес, ластанған және ылғал күйдегі өндірістік жиіліктегі 50 % разрядтық кернеуі болуы тиіс.

Ластану қабатының меншікті беткі өткізгіштігі:

-1-ші ЛД үшін – 5мкСм, 2-ші ЛД үшін – 10мкСм, 3-ші ЛД  үшін –             20 мкСм, 4-ші ЛД үшін – 30мкСм кем емес болып қабылдануы тиіс.

 

 

5. Ластану деңгейін  анықтау

 

 

328.      Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесіндегі нормаланғанға қарағанда өнеркәсіптік ластау көздерінің (ормандар, тундра, орманды тундра, шағындық) әсер ету аймағына кірмейтін аймақтарға 1-ші ЛД арналған, ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы аз оқшаулама қолданылады.

329.      1-ші ЛД аймақтарға өнеркәсіптік және табиғи ластау (ми батпақ, таулы аймақтар, аз тұздалған топырақ аймағы, ауыл шаруашылығы аймақтары) көздерінің әсер ететін аймағына кірмейтін аумақтар жатады.

330.      Өнеркәсіптік аймақтарда негізгі көрсеткіштері болған жағдайда, аймақтарға 4-ші ЛД арналған осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесіндегі нормаланғанға қарағанда, ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы жоғарылатылған оқшауламасы қолданылады.

331.      Өнеркәсіптік кәсіпорындарының маңының ластану деңгейі шығарылатын өнімнің түрі мен есептік көлеміне және ластау көзіне дейінгі арақашықтығына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-111-кестелері бойынша анықталады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның шығаратын өнімінің көлемі өнімнің барлық түрін қосу арқылы анықталады. Қолданыстағы немесе салынатын кәсіпорынның қалдық шығару аймағындағы ЛД кәсіпорынның келешек даму жоспарын (алдағы 10 жылдан астам емес) есепке ала отырып, өнімнің жоғары жылдық көлемі бойынша анықталады.

332.      ЖЭС жақын және өнеркәсіптік қазандықтардың аймағының ластану деңгейі отынның түрі, станцияның қуаты және түтін құбырларының биіктігіне қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 112-кестесі бойынша анықталуы тиіс.

333.      Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-112-кестелері бойынша арақашықтықты есептеу кезінде ластау көзінің шегі болып, тиісті кәсіпорынның (ЖЭС) атмосфераға тастайтын қалдықтардың барлық жерін қамтитын қисық табылады.

334.      Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-112-кестелерінде көрсетілген көлеммен салыстырғанда, ЖЭС қуаты мен шығаратын өнімінің көлемнің асатын жағдайында ЛД бір сатыға арттырылады.

335.      Бір кәсіпорында бірнеше ластау көзі болған жағдайдағы шығарылатын өнімнің көлемі жекелеген цехтар өнімінің көлемін қосу арқылы анықталады. Егер жекелеген өндірістің ластайтын заттарды тастау көзі кәсіпорынның басқа ластау көлдерінен 1000 м қашықтықта тұрса, онда өнімнің жылдық көлемі осы өндірістер және кәсіпорынның қалған бөлігі үшін жеке анықталуы тиіс. Бұл жағдайда есептік ЛД осы Қағидалардың  тармағына сәйкес анықталады.

336.      Егер бір кәсіпорында осы Қағидаларға 5-қосымшаның                  102-111-кестелерінде көрсетілген өнеркәсіптің бірнеше салаларының өнімдері шығарылатын болса, онда ЛД осы Қағидалардың 329-тармағына сәйкес анықталады.

337.      Мұндай ЛД аймақ шегі, желдің ұйытқуы есепке ала отырып, мына формула бойынша түзетіледі:

 

 

S=Sо.W/Wо;

 

 

мұндағы, S – ластау көзінің аймағынан желдің айналмалы ұйытқуын есепке алумен, тиісті ЛД аумағының шегіне дейінгі арақашықтық, м;

Sо – ластау көзінің аймағынан желдің айналмалы ұйытқуы кезіндегі тиісті ЛД аумағының шегіне дейінгі нормаланған арақашықтық, м;

W – қарастырылған желдің  ұйытқуының жылдық қайталанушылығы %;

Wо – желдің айналмалы ұйытқуындағы бір румбадағы желдің қайталанушылығы, %.

S/Sо шамалары 0,5≤ S/Sо≤2 шектерімен шектелуі тиіс.

338.      Тұтанған материалдар, қойма ғимараттары мен құрылыстары, кәріз-тазарту құрылыстарына жуық ластану деңгейі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 113-кестесі бойынша анықталады.

339.      Қысқы уақытта химиялық тайғаққа қарсы құралдарды көп пайдаланатын автокөлік жолдарына жуық ластану деңгейі осы Қағидаларға      5-қосымшаның 114-кестесі бойынша анықталады.

340.      Теңіздің жағалау аймақтары, тұзды көлдер және су қоймаларының  маңының ластану деңгейі, судың тұздылығына және жағалауға дейінгі арақашықтығына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшасының 115-кестесі бойынша анықталады. Судың есептік тұздылығы гидрологиялық карталар бойынша акваторияның 10 км тереңдігіндегі судың беткі қабатының тұздылығының жоғарғы шамасы ретінде анықталады. 0,1 км аймақ үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаның 115-кестесінен қарағанда тұзданған су қоймаларының бетіндегі ластану деңгейі бір сатыға жоғары алынады.

341.      Теңіз жағынан (10 жылда бір рет мерзімді) жылдамдығы 30 м/с болатын желге бейім аймақтардың 115-кестеде келтірілген жағалаудан арақашықтығы 3 есеге арттырады.

1000-10000 м² су қоймаларында ЛД осы Қағидаларға 5-қосымшаның     115-кестесінің көрсеткіштерімен салыстырғанда бір сатыға төмендетуге болады.

Градирняларға және бүркитін бассейндердің маңының ластану деңгейі осы Қағидаларға 5-қосымшаның 116-кестесімен анықталуы қажет.

342.      Циркуляциялық судың үлесті өткізгіштігі 1000-3000 мкСм/см болса, 117-кесте бойынша және үлесті өткізгіштігі 1000 мкСм болса.

343.      Осы Қағидалардың 336-тармағы бойынша желді ескере отырып айқындалған екі тәуелсіз көздерден ластану аймағындағы есептік ЛД өнеркәсіптік немесе табиғи ластану түріне қарамастан осы Қағидаларға             5-қосымшаның 118-кестесі бойынша анықталады.

 

 

6. Оқшаулағыштар  мен оқшаулайтын конструкциялардың  негізгі типтерін (әйнек және  фарфор) пайдалану коэффициенттері

 

 

344.      Бір типтік оқшаулағыштардан жасалған оқшаулағыш конструкцияларды k пайдалану коэффициенттері:

 

 

K = kи .kк,

 

 

мұндағы kи - оқшаулағышты пайдалану пайызы;

kк - қатарлы немесе кезекті-қатарлы тармақтары бар конструкцияны пайдалану пайызы.

345.      Оқшаулау бөлшегінің төменгі беті төмен кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштарды kи пайдалану коэффициенттері, оқшаулағыштың ағылу жолының ұзындығының Lи оның тәрелкесінің диаметріне D қатынасына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 119-кестесі бойынша анықталады.

346.      Беті жақсы жасалған kи арнайы кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштарды пайдалану коэффициенттері осы Қағидаларға                         5-қосымшаның 120-кестесі бойынша анықталады.

347.      Беті нашар жасалған істікшелі оқшаулағыштарды (сызықтық, тіректі) kи пайдалану коэффициенттері - 1,0 беті жақсы жасалған 1,1 тең қабылдануы тиіс.

348.      Жеке оқшаулайтын конструкция түрінде жасалған сыртқы электр жабдықтардың сыртқы оқшауламасының kи пайдалану коэффициенттері, оның ішінде 110 кВ дейінгі номиналды кернеуге сыртқы қондырғының тірек оқшаулағыштары және 110 кВ дейінгі номиналды кернеудің өзекше типтес кермелі оқшаулағыштар оқшаулағыштың сейілу жолының ұзындығының  немесе оқшаулағыш конструкцияның Lи олардың оқшаулағыш бөлігінің ұзындығына Һ қатынасына қарай осы Қағидаларға 5-қосымшаның 121-кестесі бойынша анықталады.

349.      Бір типті оқшаулағыштардан жасалған бір тізбекті тіркестер мен бірлі-жарым тірек бағаналарының kк пайдалану коэффициенттері 1,0 тең қабылданады.

350.      Бір типті элементтерден жасалған (екі тізбекті және көп тізбекті ұстап тұратын және тартпалы гирляндалары, екі және көп тіреулікті бағана) параллельді тармақтары бар (қосқышсыз) конструкцияларды kк пайдалану коэффициенттері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 122-кестесі бойынша анықталады.

351.      Бір тізбекті тармақтары бар Λ –тектес және V –тектес тіркестерді пайдалану коэффициенттері Кк 1,0-ге  тең деп қабылданады.

352.      Бір типті (  немесе   гирлянд түрлері, ұзындық бойынша параллельді тармақтарының тіреу бағаналар саны, сондай-ақ  тартпалары мен қосалқы станцияның аппараттары) оқшаулағыштан жасалған кезекті-параллельді тармақтары бар конструкцияларды Кк пайдалану коэффициенттері 1,1 тең қабылданады.

353.      Әртүрлі типтегі оқшаулағыштардан жасалған kи1 және kи2 пайдалану коэффициенттерімен бір тізбекті тіркестер мен бірлі-жарым тірек колонкаларын пайдалану kи коэффициенттері мына формула бойынша анықталады:

 

 

k=L1+L2/L1+L2/ kи1 kк2;

 

 

мұндағы L1, L2 - тиісті типтегі оқшаулағыштардың конструкциясының аймағының ағылу жолының ұзындығы. Осы жолмен екіден көп оқшаулағыштардың әртүріндегі аталған түрдегі конструкцияға қажетті kи шамасы анықталуы қажет.

354.      Ластанудың әртүрі аймақтарына арналған кермелі оқшаулағыштардың конфигурациясы осы Қағидаларға 5-қосымшасының      123-кестесі бойынша анықталуы тиіс.

 

 

10. 220 кВ дейінгі  кернеудегі кәбіл желістері

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

355.      Кәбіл желістерін жобалау және салу желісті дамытуды, желістің мақсаты мен жауаптылығын, жолдың сипатын, жабынмен жабу тәсілін, кәбілдердің конструкциясын және т.б. есепке ала отырып, техника-экономикалық есептеулердің негізінде жүргізілуі тиіс.

356.      Кәбіл желісінің жолын таңдау кезінде кәбілдің темір қабығына үйлеспейтін топырақты жерлерді алмау керек.

357.      Электр желістерін қорғаудың қолданыстағы Қағидаларына сәйкес, жер асты кәбіл желістері кәбілдің үстіндегі аудан көлемінде қорғау:

1м-ден 1 кВ астам кәбіл  желістері үшін шеткі кәбілдердің  әрбір жағынан;

1 м-ден 1 кВ дейінгі кәбіл  желістері үшін шеткі кәбілдердің  әрбір жағынан, жаяу жүргіншілер  жолының астынан өтетін  кәбіл желістері үшін ғимаратқа қарай0,6 м және көшенің көлік жүретін бөлігі – 1 м аймағы қарастырылуы тиіс.

358.      1 кВ және одан жоғары су асты кәбіл желістеріне аталған Қағидаларға сәйкес, шеткі кәбілдерден 100 м арақашықтықта параллель түзумен белгіленген қорғау аймағы орнатылуы тиіс.

359.      Кәбіл желістерінің қорғау аймақтары электр желістерін қорғау Қағидаларының талаптарын сақтау арқылы пайдаланылады.

360.      Кәбіл желісінің жолы кәбілдің аз шығынын, механикалық әсерлерге оның төзімділігін, тоттанудан сақтауды қамтамасыз ету, діріл, қатты қызу, кәбілдердің бірінде ҚТ пайда болуы жағдайында электр доғасымен қатарлас кәбілдердің бөліну мүмкіндігін есепке ала отырып анықталуы тиіс. Кәбілдерді орнату кезінде оларды өзара қиыстыруға, құбыр жолдарымен қиылыстыруға жол бермеу қажет.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары