Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

2) Жерге тұйықтағыш пен  жерге тұйықтау элементтерінің  арасындағы тізбекті тексеру. Жерге  тұйықтау және нөлдеу сымдарының  қимасы, олардың қосылыстары мен  жалғанымдарының бүтіндігі және  беріктігі тексеріледі. Аппаратты  жерге тұйықтау контурымен қосатын  жерге тұйықтау сымдарда үзілу  және көзге көрінетін ақаулар  болмауы тиіс. Дәнекерлеу жұмысының  сенімділігі балғамен соғып тексеріледі.

3) 1 кВ дейінгі электр  қондырғыларындағы теспелі сақтандырғыштардың  жағдайын тексеру. Теспелі сақтандырғыштар  ақаусыз және электр қондырғысының  нақты кернеуіне сәйкес болуы  тиіс.

4) Нейтралы тұтас жерге  тұйықталған 1 кВ дейінгі электр  қондырғыларындағы нөл-фазаның тізбегін  тексеру. Тексеру мына тәсілдердің  бірімен жүргізіледі: корпусқа немесе  сымға бір фазалы тұйықталудың  тогын арнайы құралдар көмегімен  тікелей өлшеу арқылы; бір фазалы  тұйықталу тогын кезекті есептей  отырып, нөл-фазасының ілмегінің  толық кедергісін өлшеу арқылы.

Корпусқа немесе нөлдік сымға бір фазалы тұйықталу тогы осы Қағидалардың тиісті тарауларындағы берілген коэффициенттерді есепке ала отырып, қорғаныстың сенімді іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

5) Жерге тұйықтау құрылғыларының  кедергісін өлшеу. Кедергі шамалары  осы Қағидалардың тиісті тарауларында  берілген шамаларды қанағаттандыруы  тиіс.

6) Жанасу (жанасу кернеуіне  норма бойынша орындалған электр  қондырғыларында) кернеуін өлшеу. Жерге  тұйықтау құрылғылардың монтажынан, қайта құрастырудан және күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі. Өлшеу жалғанған табиғи жерге тұйықтағыштар мен ӘЖ арқанда жүргізіледі.

Жанасу кернеуі жобалау кезіндегі есептеумен шамалар анықталған, бақылау нүктелерінде өлшенеді. Әсер етудің ұзақтығы деп, релелік қорғаудың әсер ету уақыты және ажыратқышты ажыратудың жеке уақытының жиынтық уақытын атайды. 110-500 кВ АТҚ қосалқы станцияның  жанасу кернеуінің шекті шамалары төменде келтірілген:

 

 

Кернеудің әсер ету ұзақтығы,  0,1  0,2  0,5  0,7  0,9  1,0 және одан жоғары


Жанасу кернеуі, В                     500 400 200 130 100  65

 

 

7) Электр станциялары  мен қосалқы станциялардың ТҚ  тұйықталу тогының жерге ағуы  кезінде жерге тұйықтау құрылғысында  кернеуді тексеру. Монтаждаудан, қайта  құрастырудан кейін жүргізіледі  және нейтралы тиімді жерге  тұйықталған желістегі 1 кВ жоғары  кернеудегі электр жабдықтары  үшін  12 жылда 1 рет жүргізіледі.

Жерге тұйықтау құрылғысындағы кернеу:

ғимараттан тыс және  электр қондырғының  сыртқы қоршауынан әлеуеті  алып тасталған электр қондырғылары үшін шектелмейді;

10 кВ астам емес, егер  шығатын байланыс және телемеханика  кәбілдерінің оқшауламасын қорғау  және потенциалдарды  шығаруды алдын алу шаралары қарастырылған жағдайда;

қалған басқа да жағдайда 5 кВ астам болмауы тиіс.

 

 

29. Қуат кәбіл  желілері

 

 

305.      1 кВ дейінгі кернеудегі қуат кәбіл желілері 1), 2), 7), 13) тармақтары бойынша, 1 кВ жоғары және 35 кВ дейінгі кернеудегі 1)-3), 6), 7), 11) 13) тармақтары бойынша, 110 кВ және жоғары кернеудегі осы Қағидалардың 29-тармағында қарастырылған толық көлемде сыналады.

1) Кәбіл талсымдарының  бүтіндігі мен фазалауды тексеру. Кәбілдің жалғанған талсымдары  фазаларының белгілерінің тұтастығы  мен сәйкестігі тексеріледі.

2) Оқшаулама кедергісін  тексеру. 2,5 кВ кернеуге мегаомметрмен  жүргізіледі. 1кВ дейінгі күштік  кәбілдері үшін оқшаулама кедергісі                   0,5 МОм кем болмауы тиіс. 1 кВ жоғары күштік кәбілдері үшін оқшаулама кедергісі нормаланбайды. Өлшеу кәбілді жоғарылатылған кернеумен сынағанға дейін және одан соң жүргізіледі.

3) Тураланған токты жоғарылатылған  кернеумен сынау. 1кВ жоғары күштік  кәбілдері тураланған токтың  жоғарылатылған кернеуімен сыналады.

Сынау кернеуінің шамалары мен нормаланған сынау кернеуін қосымша ұзақтығы осы Қағидаларға 5-қосымшаның 97-кестесінде келтірілген.

1 кВ дейінгі кернеуге  резеңке оқшауламасы бар кәбілдер  жоғарылатылған кернеумен сыналмайды.

Тураланған токты жоғарылатылған кернеумен сынау үдерісінде шығу тогының өзгеру сипаттамасына назар аударылады.

Өлшеу кезіндегі ағылудың шекті тогы сынақ кернеуіне қарай және ассиметрия пайызының шекті шамасы осы Қағидаларға 5-қосымшаның           98-кестесінде көрсетілген.

Егер жылыстаған разрядтар, тесік және шығатын токтың соққылары болмаса немесе оның белгілі шамаға жеткеннен кейін қайта арту жағдайы болмаған кезде кәбіл сынаудан өтті деп саналады.

4) Өнеркәсіптік жиіліктегі  жоғарылатылған кернеумен сынау. Тураланған токтың орнына 110-220 кВ  желістерге жүргізуге болады; сынау  кернеуінің шамасы: 110-220кВ желістеріне (жерге қатысты 130 кВ); 220-500 кВ желістеріне (жерге қатысты 288 кВ). Нормаланған  сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы 5 мин.

5) Талсымдардың активті  кедергісін анықтау. 20 кВ және  одан жоғары желістерге жүргізіледі. 1 мм² қимаға, 1 м ұзындыққа және 20°С келтірілген  тұрақты токқа кәбіл желістерінің талсымдарының активті кедергісі, мыс  талсымдарға 0,01793 Ом астам емес және алюминий талсымдары үшін       0,0294 Ом астам емес болуы тиіс.

Өлшенген кедергі көрсетілген шамалардан 5 % астам емес айырмашылығы болуы мүмкін.

6) Талсымдардың электрлі  жұмыс сыйымдылығын анықтау. 20 кВ  және одан жоғары желістерге  жүргізіледі. Меншікті шамаларға  келтірілген, өлшенген сыйымдылық  зауыттық сынау нәтижелерінен 5 % астам емес болуы қажет.

7) Бір талсымды кәбілдер  бойынша токтың таралуын өлшеу. Кәбілдерде токтың таралуының  әркелкілігі 10 % аcтам болмауы қажет.

8) Кезбе токтардан қорғанысты  тексеру. Орнатылған катодтық қорғаудың  әрекеті тексеріледі.

9) Ерімеген ауаның бар  болуына сынау (сіңдірілген сынау). 110-220 кВ маймен толтырылған кәбіл  желістері үшін жүргізіледі. Майдағы  ерімеген ауаның құрамы 0,1% астам  болмауы қажет.

10) Қоректендіру  агрегаттарын және  шеткі муфтаның автоматты қызуын сынау. 110-220кВ маймен толтырылған кәбіл желістері үшін жүргізіледі.

11) Тоттануға қарсы жабынның  жағдайын тексеру. 110-220 кВ маймен  толтырылған кәбіл желістерінің  болат құбыр жолдары үшін жүргізіледі.

12) Майдың және оқшаулау  сұйықтың сипаттамасын анықтау 110-500 кВ маймен толтырылған кәбіл  желістерінің барлық элементтеріне  және 110 кВ кернеудегі пластмассалы  оқшауламасы бар кәбілдердің  шеткі муфтасы (трансформаторға  және ЖТҚЭ енгізу) үшін жүргізіледі.

С-220, 5-РА, МН-3 және МН-4 маркасындағы майлардың үлгісі және ПМС маркасындағы оқшаулау сұйықтың үлгісі осы Қағидаларға                              5-қосымшасының 99 және 100-кестелерінің норма талаптарын қанағаттандыруы қажет.  

Егер МН-4 майының дегазациясының деңгейі мен электр беріктігінің шамалары нормаға сәйкес болса, tgδ шамасы 100-кестеде көрсетілген нормадан асатын болса, онда майдың үлгісін үздіксіз tgδ өлшей отырып, 2 сағ. ішінде    100 °С температурада қосымша ұстап отырады. Tgδ шамасын азаю кезінде майдың үлгісі негізгі шама ретінде қабылданған шаманы алғанға дейін 100 °С температурада ұстайды.

Төмен қысымдағы МНКЛ май үлгісін коллектордан, ал қанағаттанарлықсыз нәтиже болған жағдайда қысым бактарынан алуға болады.

13) Жерге тұйықтау кедергісін  өлшеу. Шеткі бітеулердің барлық  кернеуінің желістерінде, 110-220 кВ  желістерінде, сондай-ақ кәбілдік  құдықтардың металл конструкциялары  мен қоректендіру орындарында  жүргізіледі.

 

 

30. 1 кВ жоғары  кернеудегі электр таратудың  әуе желілері

 

 

306.      Электр таратудың әуе желілері осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналады.

1) Оқшаулағыштарды тексеру. Осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес  жасалады.

2) Сымдардың жалғануын  тексеру. Сырттан тексеру және  кернеудің немесе кедергінің  төмендеуін өлшеу арқылы жүргізіледі.

Престелген өткізгіш мына жағдайларда жарамсыз деп танылады:

престелген жалғағыштың темір өзекшесі симметриялы емес орнатылса;

геометриялық өлшемдері (ұзындығы және престелген бөліктің диаметрі) осы типтегі жалғағыш қыспақтардың монтажы бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаса;

жалғағыштың немесе қыспақтың бетінде сызат, тоттың және механикалық бүлінудің ізі болса,

жалғанған аймақтағы кернеудің немесе кедергінің төмендеуі, сол ұзындықтағы өткізгіштің (сынау таңдаулы 5-10 % жүргізіледі) аймағындағы кернеу немесе кедергінің төмендеуінен 1,2 есеге артатын болса;

престелген жалғағыштың қисықтығы оның ұзындығынан 3 % асатын болса.

Дәнекерленген жалғаулар, егер:

сыртқы өткізгіштердің күюі немесе жалғанған өткізгіштерді иген кездегі пісірудің бұзылғаны анықталған жағдайда;

пісірген жердегі шұңқыр өткізгіштің 1/3 диаметрінен асатын тереңдікте, ал 150-600 мм² қимасы бар болат-алюминий өткізгіштер үшін – 6 мм астам емес;

кернеу немесе кедергінің төмендеуі, сол қашықтықтағы өткізгіш аймағындағы кернеу немесе кедергінің төмендеуінен 1,2 есе асатын болса жарамсыз деп саналады.

3) Тірек, олардың тіктеуіш  кермелері және арқанның жерге  тұйықтау кедергісін өлшеу. Осы  Қағидалардың 303-тармағына сәйкес  жүргізіледі.

 

 

9. Айнымалы токтың  электр қондырғыларының оқшауламасы

 

 

1. Жалпы талаптар

 

 

307.      Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштарды таңдау, электр қондырғыларының орнатылған жеріндегі ЛД және оның нақты кернеуіне қарай ағу жолының үлесті тиімді ұзындығы бойынша жүргізіледі. Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштарды таңдау, сондай-ақ  ластанған және ылғал күйіндегі разрядтық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Электр қондырғыларының орнатылған жеріндегі ЛД және оның нақты кернеуіне қарай полимер оқшаулағыштар немесе конструкцияларды таңдау ластанған және ылғал күйіндегі разрядтық көрсеткіштері бойынша жасалады.

308.      ЛД анықтау ластау көздерінің көрсеткіштері мен олардан қондырғыға дейінгі арақашықтыққа байланысты жүзеге асырылады (осы Қағидаларға 5-қосымшаның 102-117-кестелері). Осы Қағидаларға                       5-қосымшаның 102-117-кестелерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда ЛД анықтау ЛДК бойынша жүргізіледі.

Өнеркәсіптік кешендерге жақын, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластайтын аймақтары, ЖЭС және электр өткізгіштігі жоғары ылғалдандыру көздері бар аймақтарда ЛД, ЛДК бойынша анықталады.

309.      Фарфор немесе әйнектен жасалған оқшаулайтын конструкциялар немесе оқшаулағыштардың L ағылу жолының ұзындығы мына формула бойынша анықталады:

L=λэ.U.k,

 

 

Мұндағы λэ – 101-кесте бойынша ағылу жолының меншікті тиімді ұзындығы, см/кВ;

U –  фаза аралық ең жоғарғы жұмыс кернеуі,кВ;

K – ағылу жолының ұзындығын  пайдалану пайызы. (осы тараудың          6-параграфы).

 

 

2. ӘЖ оқшаулау

 

 

310.      Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ істікшелі оқшауламасы мен оқшаулағыштардың гирляндыларын сақтап тұратын сейілу жолының үлесті тиімді ұзындығы ЛД және нақты кернеуге қарай (теңіз деңгейінен 1000 м дейінгі биіктікте) осы Қағидаларға 5-қосымшаның 101-кестесі бойынша алынуы тиіс.

Теңіз деңгейінен 1000 м жоғары биіктіктегі ӘЖ істікшелі оқшауламасы мен оқшаулағыштардың тіркесін сүйемелдейтін сейілу жолының меншікті тиімді ұзындығы осы Қағидаларға 5-қосымшасындағы 101-кестесіндегі нормаланған көрсеткішпен салыстырғанда арттырылуы тиіс:

1000-2000 м дейін – 5 %;

2000-3000 м дейін – 10 %;

3000-4000 м дейін – 15 %.

311.      Ток өткізгіштің әуедегі тіректің жерге қосылған бөлігіне дейінгі оқшаулайтын арақашықтығы 17-тараудың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

312.      Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ қажетті сүйемелдеуші  тіркесіндегі және арнайы конструкциядағы (V-тәрізді, Λ-тәрізді,   - тәрізді,   - тәрізді және т.б., бір типтегі оқшаулағыштардан құрылған) оқшаулағыштың тіркесінің кезекті тізбегіндегі кермелі тәрелке тәріздес оқшауламаның саны келесі формула бойынша анықталады:

 

 

m=L/Lи,

 

 

мұндағы Lи - стандарт бойынша немесе нақты типтегі оқшауламаның техникалық шарттары бойынша бір оқшаулағыштың ағылу жолының ұзындығы, см. Егер есептеу тұтас сан бермесе, онда келесі тұтас сан таңдалады.

313.      Металл және темірбетон тіректеріндегі 6-20 кВ кернеудегі ӘЖ кермелі және сүйемелдеуші тіркестерде кермелі тәрелке тәріздес оқшаулағыштың саны осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша анықталуы тиіс және тірек материалына қарамастан  екеуден кем болмауы тиіс.

Тіркестері жерге қосылып бекіткіштері бар металл, темірбетон және ағаш тіректі 35-110 кВ кернеудегі ӘЖ барлық типтегі кермелі тіркестердегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны 1-2-ші аймақтарында ЛД осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша алынған көлеммен салыстырғанда, әрбір тіркесте бір оқшауламаға арттырылады.

Металл және темірбетон тіректеріндегі 150-750 кВ кернеудегі ӘЖ кермелі тіркестердегі тәрелке тәріздес оқшаулағыштардың саны осы Қағидалардың 9-тарауының 2-тармағы бойынша анықталуы тиіс.

314.      Металл және темірбетон тіректеріндегі ӘЖ арналғанға қарағанда, ағаш тіректермен 35-220 кВ кернеуіндегі ӘЖ ЛД 1-2 аймақтарында әйнек және фарфордан жасалған тәрелкелі ілмелі оқшауламалардың саны 1-ден кем емес алынуы қажет.

Ағаш тіректермен немесе металл және темірбетон тіректеріндегі ағаш траверса 6-20 кВ кернеудегі ЛД 1-2 аймақтарында ӘЖ оқшаулағыштардың ағу жолында тиімді меншікті жолының ұзындығы 1,5 см/кВ кем емес болуы қажет.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары