Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.Бүгінгі экскурсиямызды Алматы шаһарының туылған күніне орай ерекше қылып жүргізгелі отырмыз. Біздің турфирма қаламыздағы жоғарғы сұранысқа ие турфирмалардың бірі. Келешекте болашағы кемел болатынына сенеміз. Ал, біз өз кезегімізде, сіздерге Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы, оның ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндіріс орталығы ретінде қызықты аса маңызды өзекті ақпараттар беруге уәде етеміз! Алматы қаласы – арман қала екенін дәлелдейміз!!!
Экскурсияның мақсаты:
Жолаушылардың мiндеттерi:
Бүгінгі экскурсиямыздың аты «Алматым – Ардақтым» . Бұл саяхаттың негізгі бағыттары:
Сіздер
бұл саяхатты өте келе нәтижесінде
Алматы қаласы, қазiргi оңтүстiк астана
тарихы туралы, қаланың әлеуметтiк-
Сонымен мыңжылдықтардан тамыр тартатын Алматы шаһарының тарихы жайлы қысқаша тоқталып кетсем!
Алматы қаласының тарихы ежелден бастау алады.
Археологтардың айтуынша, бұл аумақтағы алғашқы мекендеушілер б.д.д. 6-3 ғасырларға жатады. Сол кезде-ақ ежелгі сақ қорғандары пайда болған. Олардың кейбіреуі Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларында орналасқан.
Қаланың аты кездейсоқ пайда болмаған. Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастап бұл жерде жабайы және құнарландырылған алма ағашының үлкен бақшасы орналасқан. Рашид-ад-Диннің жазбаларынан бұдан да ертеректегі деректерді кездестіруге болады. Ол 10-12 ғасырлардағы оқиғалар туралы жазады. «Оғызхан өзінің жорықтарының бірінде Алатау мен Алмалыққа дейін жеткен...» Бірақ барынша анық деректер нумизматтық олжалардан алынды. 1970 жылдардың соңында Алматы қаласының аумағында екі күміс монета табылған. Осы жаңалықтың негізінде шығыстанушы В. Настич осы ақшалардың «жетісулық» іздері туралы болжам айтқан. 13 ғасырда Алматы аумағында өз теңге сарайы болған. Бұл инфрақұрылымы дамыған қала жөнінде мәлімет береді. 1990 жылы сол таңбалары бар, бірақ безендірілуі жағынан керемет екі теңгеден «бұл дирхем Ал.м.т. облысында бес ... жылы соғылған» деген жазуды оқуға мүмкіндік туды... 8-10 ғасырларды Жетісу ауданының отырықшы мәдениетінің қарқынды дамыған дәуіріне жатқызады. Бұл кезде көптеген елдімекендер мен қалалар пайда болған. 11 ғасырда елдімекендер үлкейіп, көшелер мен моншалар салынып, керамикалық су құбырлары орнатылады. Бұл күндері сол кезде салынған құрылыстардың іргетасының, ұста шеберханасының, орта ғасырлардағы ыдыс қоймасының, сол дәуірлердің әртүрлі құрал-саймандарының қалдықтары табылған. Толық құлдырау он үшінші ғасырда моңғол басқыншылығынан кейін басталады. Жетісу ауданының қалалары мен қоныс-мекендері тұрғындары кеткеннен кейін қаңырап, жоғала бастайды. Танымал мемлекеттік қайраткер Бабырдың айтуынша, Жетісудің дамуы тоқтайды. күйреу кезеңі басталады. 16 ғасырдың соңында Алматыдан ауыл түріндегі кішкене бөлігі ғана сақталып қалған, бірақ қоныс-мекендер өздерінің бұрынғы атауын сақтап қалған. Содан кейін қаланың шежіресі жоғалады. Алматының қазіргі тарихы 1854 жылдан басталады. Бұл жылы Ілені нығайту құрылысы басталады, оған майор Перемышельский жетекшілік етеді. Келесі жылдың ортасында қоныстанушылардың бірінші легі келе бастайды. Бір жылдан кейін Қазан бағы пайда болады. 1958 жылы сыра зауыты жұмысын бастайды. 1867 жылы көктемде Верныйға қала мәртебесі берілгеннен кейін Жетісу облысының елтаңбасы бекітіледі.
Ең маңызды оқиғалардың бірі кештеу болады. 1874 жылы Егор Редько Орталық Ресейден көшеттер әкеледі. Оның жергілікті алма ағаштарымен будандастыру керемет нәтиже береді. Алматы апорты Алматыны әлемге танытады. Қала қарқынды дамып, құрылыстар бой көтере бастайды. 1870 жылдардың басында санақ бойынша қалада 17 ұлт тұрады деп көрсетілген. 1887 жылғы мамыр айында Верныйда қатты жер сілкінісі болады. Қаланың қалпына келуіне және оның бейнесінің өзгеруіне әскери инженер, сәулетші, Жетісудағы алғашқылардың бірі болып сейсмикалық құрылыстың принциптерін жасап, іске асырған Андрей Зенков болды. Алматыдағы сәулет құрылыс – Кафедралды соборды Андрей Зенков бір де бір шеге қақпай тұрғызған, сондай екі онжылдық өткеннен кейін болған жер сілкінісіне шыдаған. 1918 жылғы 2 наурызда қалаға Кеңес билігі орнады. П.М. Виноградов бастаған облыстық атқарушы комитеті сайланды. 1921 жылғы 5 ақпанда тағы бір айтулы оқиға болады. Жетісу облыстық комитетінің № 3 бұйрығымен Верный қаласының атауы Алма-ата болып ауыстырылды. «Бұдан былай Верный қаласы ол қалыптасқан жергілікті атау бойынша Алма-Ата қаласының еңбеккерлерінің тілінде аталатын болады» - деп көрсетілген құжатта. Сегіз жылдан кейін Қазақ республикасының астанасы Қызылордадан Алма-Ата қаласына ауысады. Екі жылдың ішінде 50 мыңнан тұратын елдімекен 115 000 адамға көбейеді. Қала саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени орталыққа айналады. 1927 жылғы 2 наурызда республиканың астанасын Қызылордадан Алматыға көшіру туралы қаулы қабылданды. 1930 жылы Алматының әуежайы ашылып, Қазақстанның астанасы Мәскеумен әуе байланысына қол жеткізді. Алматы Қазақстанның әуе қақпасына айналды. Кішкене ғана қалашықтың республиканың астанасына айналуы үкіметтік және әкімшілік ғимараттардың, сондай-ақ үлкен тұрғын-үй құрылысының салынуын талап етті.
Ұлы Отан
соғысы жылдарында (1941-1945 ж.ж.) қала аумағы
бірқатар өзгерістерге ұшырады. Алматыға
30 өндірістік нысан, 8 эвакогоспиталь,
15 ЖОО мен техникум, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу
институты, 20-дан астам мәдени-ағарту
мекемелері салынды. Алматыда Ленинградтың,
Киевтің, Москваның жетекші
Демалыс аймақтары құрылып, экология мәселелеріне де көп көңіл бөлініп, қалалық көлік қатынасы шешімін таба бастайды. 1981 жылдан бастап метрополитенді жобалау бойынша жұмыстар жүргізіле бастайды.
1998 жылы әзірленген
Алматының жаңа бас жоспары
2020 жылға дейінгі болашақты
Міне, құрметті қонақтар, экскурсиямыздың алғашқы аялдамасы Райымбек даңғылына да келіп қалдық.
Райымбек даңғылы - Алматының негiзгi көлiк тамырларының. Қала арқылы батыстан шығыс бағытында өтедi. XVIII ғасырдың ұлы қазақ Қангелдінің баласы Райымбек батырдың есімімен аталған. Ол өзін осылай таныстырған: Руым менің албан, жерім менің Қарқара, жайлауым менің Асы, ал тұратыным Алматы маңайы. Ол тіпті, 17 жасында бірінші ерлігі үшін батыр атағын алған. Райымбек жоңғарларға қарсы Алматыдан 167 км-де орналасқан Ойрантас жерінде күреске шығып, талқанын шығарды. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Райымбек пен оның серіктері Наурызбай мен Өтегенмен Сары-Мыңжа еліне қарсы көтерілісі өтеді. 1756 жылы Итембес өзенінде жоңғарлардың Шона Доба жасағына қарсы әскерді Райымбек басқарды. Оның ерліктеріне және оның салдарынан тапқан қиындықтар тізіміне 33 жыл бойы соғысқа қатысуы, 77 соғыс жарақаттары және қалмақтардан Ноян батырмен шыққан жекпе-жектегі жеңісі өз орын табады.
Райымбек батыр кесенесі - Құран оқылатын орын. Ұлы батырдың кесенесі Райымбектің жоңғар шапқыншылығымен күресіндегі ұлы ерліктерінің естелігі ретінде ұрпақтарымен тұрғызылды. Ерлігі үшін, ержүректігі үшін Райымбек батырды әулие адам ретінде санаған. Қазіргі таңда, бұл ескерткіш қала түрғындары мен қонақтарының сиынатын орны болып табылады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында.
Ел ауызындағы аңыз әңгіме бойынша Райымбек батыр дүниеден озар алдында ұрпақтарына «денемді ақ түйеге артып басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе сол жерге жерлеңдер» деген өсиет айтса керек. Сол ақ түйе шөккен жердегі батыр есімімен аталатын зираттың басына зәулім кесене тұрғызылып, ақ түйенің мүсіні орнатылған. Қасиетті орын саналатын осы кесене тұрғызылған жерге адамдар келіп тәу етіп тұрады.
Райымбек
батырдың басына 1976 жылы белгi қойылды.
1981 жылы белгi жаңартылып, мұсылман жамағаты
зиратының басына құран оқуға
келе бастады. 1995 жылы ондаған иманды
азаматтар қол ұшын берiп зәулiм
кесене тұрғызылды. Ол кесене айналасы
күн сайын Аллаға сыйынып медет
тiлеушiлерге, аруаққа бағыштап құран
оқушыларға толы.
Осыдан бiр жыл бұрын Райымбек батырдың
300 жылдығы мемлекеттiк деңгейде аталып
өткен. Соның қарсаңында кесене кеңейтiлдi,
күмбез мәңгiлiк мәрмәрмен қапталды.
Даңғыл қаланың 4 (7-ден) Әуезов, Алмалы, Жетiсу және Медеу аудандар бойымен, Саина көшесiнен Кіші Алматы өзенімен, батыстан шығысқа қарай өтедi. Қазанның 50 жасқа толу тойының даңғылы. Көшенiң 1992 жылға дейiн алдыңғы атауы – Октябрь 50 жыл, ал 1967 жылға дейiн Ташкент (бұл бағыт бойынша көлiктiң негiзгi ағыны батысқа, Ташкентке бағытталғанына байланысты) болды. Анағұрлым ертеде Ташкент саябағы деген атауы тұңғыш рет 1858 жылы Верныйдың бас жоспарларында пайда болған. Даңғылда көлік тығындар саны артуына байланысты дәл қазiр осы жол проблемасын шешудегі құрылыс бойынша белсендi жұмыстар атқарылуда. Сонымен бiрге жолдардың кеңейтілуi жүруде.
Махима, жихаз шығаратын Зета компаниясы, Мерей орталық сауда кешені, Тұлпар автобөлшектер сауда үйі, Бавария автоорталығы, Розабакиева Райымбек көшелерінің қиылысында продуктовый оптовый рынок, Поршень автоболшектер заводы, Райымбек Матазалка көшелер шектесуінің аздап жоғарыда ақша, медальдар, значоктар, сертификаттар, дипломыдар шығаратын Монетный двор деген кешені, Жетісу РУВД-ысы, Райымбек Полешаева көшелерінің қиылысында кішкене төменіректе Станция Алматы 2 конторасы, оның бір екрекшелігі адамдар тасымалына емес бұл жүктер мен контейнер вагондары бекеті болып табылады, Пожарная, сонымен қатар, Абылайхан қиылысында сәл төменде Алматы 2 вокзалы және болшақта болатын бірнеше метро станциясы орналасқан. Егер де Саина көшесінен батысқа қарай жүгінсек онда Райымбек бойында көптеген дүкендер, машина жуу орындары, Баянауыл сауда орны, Арзан сауда кешені, Қалқаман ауруханасы, Алтын Орда сауда базары орналасқан. Ал егер де Пушкин көшесіне ары шығысқа қарай жүре берсек ең басты нышанны ретінде Медеу ауданының военкоматы орналасқан.
Райымбекпен біз қазір шығысқа қарай жүріп баратырмыз. Пушкин көшесіне жеткен соң оңға Пушкин бойына бұрылдық. Сонымен, Райымбек даңғылы қиылысатын көшелердің бірі - Пушкин көшесі.
Пушкин көшесі (Узынағаш бульвары) – бұл ескі көне Алматының батыс шекарасы тұғырында құрылған. Кейіннен ол Верныйдың орталық көшелерінің біріне айналды. Мұнда кезінде қалалық Думасы, жалпыхалықтық жиналыстар, “XX ғасыр” кинотеатры, қонақ үйлер орналасқан. Мұнда сонымен қатар жергілікті базары да болған. Оған барлық бағытталған түйеге жүктелген тауарлар әкелініп тұрды. Осы жерде тіпті М.Овчаровтың механика жөндеу шеберханасы болған. 1899 жылы А.Пушкин туылғанына 100 жыл толғанына байланысты бұл көше оның есімімен аталды. Осы атау әлі күнге дейін көріп отырғанымыздай сақталып келуде. Пушкин көшесі мен Пастер көшенің (қазіргі Мақатаев) төменгі бөлігінде теннис алаңдары бөлшектенген. Қазіргі таңда бұл көшеде №22 А.Қашубаев атындағы музыкалық мектеп, “Асем” тұрмыс үйі, М.Чумбалов атындағы дәріхана жайғасқан. Бұл көше Верный уақытынан бері атауын өзгертпеген 4 көшелерінің бірі болып табылады. Көше 2-ге бөлінген: үстіңгі бөлігі – Абай даңғылынан Комсомол көшесіне дейін. Мұнда баяғы сол қалпында ағаштар өсіп тұр, тек жаңа ғимараттарымен жаңартылмағаны болмаса... Батыста Ғылым Академиясының алдында сквер құрылған. Солтүстік бөлігі Гоголь көшесінен Ташкент аллеясына дейін созылып жатыр. Ең әйгілі ғимараттарға “Асем” тұрмыс үйі мен әрине қалалық орталық мешіт жатады. Енді Гоголь көшесіне жетпей, яғни алдында айтып кеткендей Пушкин көшесінің солтүстік бқлігінде Пушкин бойында Алматы қуыршақ театры орналасқан.