Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Келесі
көне жоғары оқу орындарының бірі
80 жыл бойы білім бере келе жатқан
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті.
1929 жылы Алматы зооветеринарлық институт
болып,зооинженерлер мен
5 шілде 2001
жылы Қазақстан
Соныен қатар көріп тұрғаныңыз UIB “Халықаралық Бизнес Университеті”. 1992жылы ашылып қазіргі уақытқа дейін тамаша жұмыс істеп келе жатқан оқу орны.
Ал енді қонақтар көріл тұрғанымыз - А.С.Пушкин атындағы Ұлттық кітапхана. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Республикамыздың ең ірі мәдени ақпарат ошағы мен Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосушы орталық болып табылады. Бұл кітапхана Верныйдағы Толстой атындағы қалалық кітапханадан басталады.1920 жылы А.С.Пушкин есімі беріледі. Кітапхана өз оқырмандарына жан - жақты мәдени - танымдылық, ғылыми - ағартушылық, әдістемелік, ақпаратты және баспасөз қызметтері арқылы мемлекеттік саясат біліктілігін таратады. Бұл Республикамыздағы оқырман қауымға арналған 1500 орынды жалғыз кітапхана. Мұнда күнделікті 15 оқырман залына 2,5 мыңдай адам келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мәдени мұралар мен маңызды ақпарат жинақталған қорлар мүмкіндігі және бағасы жоқ қазына орталығы. Онда 6 миллион кітаптар данасы бар. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы толыққанды, өзін-өзі жетілдірген мемлекеттік, мәдениеттік және ақпараттық саясатты таратушы мәдени стратегиялық институты.
Ендігі кезек М. Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік Орыс Академиялық Драма Театры. Алматы қаласындағы Орыс драма театры 1933 жылы құрылды. Жаңа театрдың алғашқы режиссері Ю.Л. Рутковский болды. Адам мен қоғам – соңғы онжылдықтардағы қойылымдардың негізгі тақырыбы осы. Қазақ мәдениетіне, классикалық драматургиясына орыс театрының қызығушылығы үлкен еді. Театр сахнасында М. Әуезовтың «Қобыланды», «Түнгі сарын», Ғ. Мүсіреповтың «Махаббат дастаны» спектакльдері өте сәтті өтті. 1964 жылы – Михаил Юрьевич Лермонтовтың туғанына 150 жыл толған жылы – театрға ақынның аты берілді. 1974 жылы Мәскеуде өткен сәтті гастрольдерден кейін театрға академиялық деген атақ тіркелді. 1983 жылы театрдың 50-жылдығында ұжым Халықтар Достығы орденімен марапатталды. Бұл театрдың республиканың мәдени өміріне кірісіп, Қазақстандағы театр өнерін лайықты көрсетіп жатқанын дәлелдейтін салмақты марапат. 1983 жылдан бастап қазіргі күнге лейін театрдың көркем жетекшісі – Қазақстан Республикасының халық артисі Рубен Андриасян. 90-жылдары, ескі идеология құлап, жаңасы әлі пайда болмай тұрған кезеңде, театр басқа да қоғамдар сияқты қиын шақтарды басынан өткерді. Бірақ, соған қарамастан, театр классикаға сүйене отырып және минуттық меркантилдік аздырушыларға берілмей, қойылымдарға жақсы әдебиетті пайдалануға тырысты. Сол қиын уақытта театр сахнасында М. Булгаковтың “Собачье сердце” және “Полоумный Журден”, Шолом-Алейхемнің шығармаларына қойылған Г. Гориннің “Поминальная молитва”, А. Чеховтың “Три сестры” және “Дядя Ваня”, А. Островскийдің “Таланты и поклонники”, В. Шекспирдің “Мера за меру” және “Гамлет”, В. Гюгоның “Собор парижской Богоматери”, А. Камюдің “Калигула” спектакльдері жүрді.
Міне тарихын айта келе Қазақ спорт және туризм академиясына да жетіп қалдық. Бұл оқу орны спорт және туризм саласына арнайы арнайы мамандарды даярлайды. Академия жалпы олимпиялық спорт, мамандандырылған спорт, туризм сырттай, қосымша білім алу деген негізгі төрт факультеттен тұрады. Закирьянов Қайрат Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры, дене шынықтыру және спорт Университеттері халықаралық ассоциациясының президенті болып табылады.
Ал енді VІІ Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатты маңызы зор рәсімді өткізу үшін ең лайықты таңдаулы орын ретінде Балуан Шолақ атындағы спорт кешені болып табылады. Бұл 1967 жылы іргетасы қаланған Балуан Шолақ атындағы спорт кешені Азия ойындарының жабылу салтанаты мен шайбалы хоккейден қыздар арасындағы сайысты қабылдады. Азия ойындарына орай күрделі жөндеуден өтіп, 5000 адамды еркін сыйдыра алатын дәрежеге жетті. Кешенге ең соңғы үлгідегі электрондық табло орнатылған және спорт ғимараты алып жатқан жердің көлемі 10 000 шаршы метрге ұлғайды. Спорт нысанында жаттығу залы, сауна, хореографиялық зал, төрешілер бөлмесі, мүгедектерге арналған орын бар. Сондай-ақ, кешенде волейбол, баскетбол, күрес, бокс, хоккей, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік бар. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенін қайта жөндеуге 14 миллиард теңге бөлінді.
Келесі кезек Орталық Стадионымызда. Орталық стадион 1955 - 1966 жылдар аралығында салынған. Бұл орталық стадион ғана емес, сонымен қатар сол кездегі ең ірі сәулет құрылысы болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Орталық стадионда көптеген халықтар спортпен айналысып жүр, бұлар тек қана атақты спортшылар емес, балалар спорт мектебі, колледж, жоғарғы оқу орнының студенттері.Бір сөзбен айтқанда, осы уақыт арасында іске қосылғалы оның алаңдарында көптеген Республикалық және халықаралық маңызындағы жарыстар өткізілді. Әр түрлі спорт түрлерінен рекордтар қойылып көптеген спортшылар бокстан, күрестен, футболдан, жеңіл атлетикадан спорт шебері атанып жатты. Мұнда тек аудан, қала көлеміндегі жарыстар мен қоса халықаралық, Орта Азия қарамағындағы ірі сайыстар мен жарыстар өтуде, футболдан әлем чемпионаттары да осы алаңда өтеді.
Енді Абай атын иеленген көшеде орын тепкен Орталық жүзу бассейніне тоқталайық. Орталық бассейн - жүзу, суға секіру, су астында жүзу, су добы, денсаулық нығайту бағытына арналған. Ашылу рәсімі 1963 жылы өткен болатын. Архитектор А.Қ.Қапанов жобасы бойынша бассейнде халықтық, бүкіл ТМД, республика және бассейн жүлдесі үшін жарыстар жүргізіледі. Әлемдік стандарт талаптарының барлығына жауап беретін Алматыдағы жалғыз бассейн осы ғана. Мұнда демалыс деген атымен жоқ. Келушілердің саны да шексіз. Бапкерлердің барлығы жоғары білімді жандар. Су әрбір екі сағат сайын тазартылады, қауіпсіздік ережелерінің бәрі сақталған.
Құрметті қонақтар енді жолдың арғы бетіне қарауларыңызды сұраймын! Алдарыңызда Алматының Неке сарайы. Көріп тұрғандарыңыздай Неке сарайы Весновка өзенінің (қазіргі Есентай өз.) шығыс жағалауында тамаша жерде орналасқан. Дөңгелек пландағы ғимарат (диаметрі 34 м) екі қабатты, үш цилиндрлі көлемнен тұрады. Ғимараттың қабырғалары кірпіштен қаланған, ал фасадты безендіру үшін ақ мәрмәр мен күн қорғайтың құрылғы пайдаланылған, ол тұтас айналы әйнектің фонындағы өрнек түріндегі дюралюминий торларынан жасалған. Салтанатты әрі өзіндік ғимарат 1969–1971 жылдары тұрғызылған. Жобаның авторлары: М. М. Мендикулов, А. А. Леппик, инженер Н. О. Оразымбетов.
Неке сарайына жақын жерде алматылықтарға бала күннен белгілі құрылыс – қазақ цирк ғимараты орналасқан. Бұл керемет ғимарат. Ғимараттың негізгі қабыршақ тәрізді жабыны бар шатырлы домалақ көлемі Іле Алатауының фонында әдемі болып тұр. Технологиясы жағынан алып қарағанда Алматы циркі ТМД елдеріндегі ең үздік ғимараттардың бірі саналады. Конструкциясы – біртұтас темір бетонды каркас, залдың жабыны – металл форма. Конус тәрізді шатырлы жабын құрылысқа ерекше түр беріп тұр. Жоғары жаққа қарай тарыла түсетін иілген пирамида түріндегі шатырдың формасы қазақтың дәстүрлі діни және мемориалды сәулет өнерін еске салады. Алматының оңтүстік астанасынындағы Цирктің залы бір уақытта 2160 адамды сыйдыра алады.
Қайтадан арғы жолға қарасаңыздар, онда Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры орналасқан. Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры - Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылыда орналасқан. Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері — И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады. Театр алдындағы Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіш 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді. Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды. Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты. 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады. 2009ж. – Кореяда өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысты.
Театр жайлы тарихты айта тұрып, міне Әуезов көшесіне жетіп те қалдық. Құрметті қонақтар, экскурсиямызды әрі қарай жалғастырайық! Алдарыңызда Әуезов көшесі. Әуезов көшесі - 1961 жылға дейін 5-линия деп аталған .Көше бойында трамвай-троллейбус басқармасы, И.А.Крылов атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Казгипрозем” институты, т.б. архитектуралық ансамбль кешендері бар. Көше аса көрнекті кеңес жазушысы, ғалым, Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты М.Әуезовтың құрметіне аталған. Мұхтар Омарханұлы Әуез (1897—1961) — қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.
Енді
басты назарымызды бірінші
Ендігі кезек Алматының №1 троллейбус паркі. №1 троллейбус паркі-1964 жылы салынған, Парктің жалпы ауданы 41.8 мың шаршы км-ді құрайды. Сыйымдылығы 150 бірлік,жұмысшылар саны-239 адам, оның 121 адамы жүргізуші. Парк мүлкі 111 бірлікті құрайды, оның ішінде 98 бірлігі-“Қазақстан” таңбалы троллейбустар, 13 бірлігі “ ЗИУ-9” таңбалы троллейбустар.Олар 5 бағытта қызмет көрсетеді: (№1,6,7,9,12) Жалпы қашықтығы 144.3 км. Паркті пайдалану коэфиценті - 0.65, техникалық дайындық коэфиценті - 0.74. Алматыдағы №1 троллейбус паркіндегі 120 троллейбустың - 90 пайызын отандық өндірушілер жасалған. "Мүйізді көліктерді" 2000 жылдан шығара бастаған "Электротранссервис" өнімдерін қазір Астана, Қарағанды сияқты еліміздің өзге де қалалары пайдалануда." Ең бастысы, көліктегі барлық дүниелер пластик материалынан жасалған. Ал троллейбус токпен жүретіндіктен, бұл - жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етпек.
Әрмен қарай!
Сонымен алдарыңызда Алмытының
№2 орталық дәріханасы. Ол Әуезов және
Ғабдуллин көшелерінің
Кеслесі нысанымыз
А.Крылов атындағы орталық қалалық
балалар кітапханасы. И.А.Крылов атындағы
Орталық қалалық балалар
Құрметті
онақтар ал назарларыңызды басты
Атакент көрме орталығына ауыстыруыныңды
сұраймыз! Бүгінгі күні Қазақстан
халықаралық көрме
Автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника және халық тұтынушы басқа да тауарлар мен ауылшаруашылық өнім сатушы сауда орталықтары әрдайым жұмыс жасауда. Жыл сайын дәстүрге айналған жәрмеңкелер, мәселен күзгі әмбебап «Каркара», мұнай, медицина, машина жасау, туристік сияқты салалы жәрмеңкелер өткізіледі. Сонымен қатар, «Атакент» қайың тоғайшығының, шырша, қарағай саяжолдарының, гүл бақтары мен фонтандар арасында орналасқан ашық алаңды мейрамханалар, кафелердің болуы арқасында қала халқының және қала қонақтарының демалыс орны болып табылады. Ниет білдіргендер үшін қысқы бағы бар жабық бассейні мен үлкен ашық бассейнінен құралған «Дельфин» аквапаркіне бара отырып, ІЫО кеш батқанша болуына болады. Су аттракциондары, сауна, тренажер залы бар.
Әуезов көшесі осымен аяқталады. Ендігі кезек Тимирязев көшесі. Көше қаланың Бостандық ауданында орналасқан. Ұзындығы - 4550 метр. Бұл көше педагог, өз елінің шынайы азаматы мен отаншылы Климент Аркадьевич Тимирязевтің(1843-1920) құрметіне аталған. Оның есімі Мәскеу Мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясына берілген. К.А.Тимирязев Петербургте дворян отбасында дүниеге келген. 1866 жылы Санкт-Петербург университетінің табиғат факультетін үздік бітіріп, бауыр мүктерінің құрылысы жқніндегі жұмысы үшін алтын медаль алды. 1871 жылы оған «Хлорофильдің спекрлік анализі» диссертациясын қорғағаннан кейін магистр дәрежесі берілді. Ал, 1875 жылы «өсімдіктердің жарықты сіңіруі» атты докторлық диссертацияны қорғады. Тимирязевтің Дарвин ілімін баяндаған «Чарльз Дарвин және оның ілімі» атты алғашқы танымал кітабы осы уақытқа дейін өз маңызын жойған жоқ. Ал, «өсімдіктер өмірі» атты кітабы 20 реттен аса қайта басылып шықты. 1884 жылы Тимирязев жаратылыстану,антропология мен этнография әуесқойларының Ботаникалық қоғамының Төрағасы болып сайланды. 1896 жылы Ресейдегі өсімдік зерттеу бойынша бірінші тәжірибе станциясын құрды.