Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Пушкин көшесіндегі
ірі нысандардың бірі Алматы қаласыны
Пушкин көшесіндегі ірі нысандардың
бірі Алматы қаласының Орталық мешіті.
Ол Қазақстандағы ең ірі мешітердің
бірі болып табылады.Орасан зор ғимарат
жеті мың келушіге есептелінген. Мешіт
1999 жылдан бастап жұмыс істеуде.
Құрылыстың аяқтауын тездетуде және
оны пайдалануға берілуіне
Алдарыңызда Көк Базар. Ол-кооперативтік ұйымдар мен жеке адамдардың ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын орын. 1918 жылы Орталық колхоз базары деген атпен ашылды. Жалпы ауданы 35 000 км. Жабық және ашық павильондарында 1720 сауда орны бар. Мұнда жылына 22 мың тоннадан астам ет-сүт, жеміс, көкеніс өнімдері мен киім-кешек т.б. сатылады. Орталық базарда әмбебап сауда бөлімдері, асханалар, азық-түлік дүкендері, шайхана, тоңазытқыш қондырғылары, жүк сақтау орны, т.б. бар.
Келесі кезек
Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ
театрына жетті. Мемлекеттік қуыршақ
театры 1935 жылы құрылған. Театр Қазақ
театрлары арасындағы ең көне қуыршақ
театрларының бірі болып табылады.
74 жыл ішінде театр сахнасында барлық
жүйедегі қуыршақтар - қарапайым жіппен
жүргізілетін қуыршақтан бастап, күрделі
марионеткаларға дейін
Сонымен келесі кезек 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябаққа да келіп жеттік. 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ қаланың дәл орталығында орналасқан. Саябақ Даңқ мемориалымен, Мәңгі алауымен және Жадтар саябағымен танымал. Жад саябағында 1941 жылы қыста, Мәскеу қаласы үшін неміс танкттерімен күрескен 316 атқыш девизиясы 1075 полкінің 28 жауынгерлердің аттарымен кескінделген ескерткіштер орнатылған. Жалпы алағанда, бұл саябақ советтік насихаттың, орыстың ескілеу тарихының және қазіргі заманғы бизнес-ахуалдың табын сақтап қалған. Тек осы жерде, әлі күнге дейін совет үлгісіндегі парадтар мен шерулер ұйымдастырылады. Соған байланысты 28 панфиловшы-батырлар атындағы саябақта ғана уақыт тоқтап қалғандай.
Саябақтағы тағы бір көркем негізгі назар аударатын тамаша нысандарының бірі – Даңқ мемориалы. Даңқ мемориалы үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі - « Ант горельефі» – Қазақстанда Кеңес өкiметiнің орнатуына ат салысқан күрескерлерге арналған. Екінші бөлігі, яғни орталық бөлігі – «Ерлік» - 1941 жылы қараша айда Мәскеу халқының батырлар ерлігінің көпұлтты мінезін сипаттайтын орыс, қазақ, украин панфиловшылар бейнесін көрсетеді. Үшінші бөлігі – « Даңқтың дауылпаздар» бөлігі, ол салтанатты өмірдің суретін бейнелейді. 1975 жылы қойылған. «Даңқ» мемориалдың мүсіншілері В.В.Андрющенко, А.Е.Артимович, сәулетшілер Т.Қ.Бәсенов, Р.А.Сейдалин, В.Н.Ким. Гранит қабырғалармен әдіптелген жақтаулары ‘Даңқтың дауылпаздары’’ үшінші мүсіндік композициямен аяқталады. Кешеннің кіре берісіндегі тас бағандарда шайқас болған жердің топырағы салынған капсула салынған. Ұштағанның мүсіндік тобы мысты өрнектеу арқылы жасалған. Орталық композицияның тұғырында «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» саяси жетекші В. Клочков» деп орысша жазылған.
Арыда көріп тұрғанымыздай саябақтағы ең басты көрнекті сәулет туындысының бірі -Әулие-Вознесенский кафедралдық шіркеуі. Шiркеу ағаш құрылыстарынан жасалған әлемдегі тоғыз бiрегей ескерткiштерiнiң бiр болып табылады. Шіркеуде күн сайын Құдайға құлшылық жүргізіліп тұрады Оның қабырға қол қоюлары мен декорациялары келушiлерiнiң өз әдемiлiгiмен әсемдiгімен таң қалдырады. Ол Тянь-Шань шыршаларының діңгектерінен, 20 ғасырдың 1904-1907 жж. аралығында құрастырылған. Ол биіктігі 56 метр бола тұра, 1911 жылда зілзала апатынан қаланың құрылымы түгелдей дерлiк қираған кезінде төтеп берген. Шіркеу (1927 жылдан 1995 жылға дейiн ) көп жылдар бойы өз мақсатында қызмет етпесе де, өз айбынын сақтап қалды. Сонымен қатар, ол орыс православ шіркеуіне қайта оралып, жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен кейін шіркеуге оның ең алғаш келбеті мен тамашалығы оралуда. 1906 жылы сәулетші Андрей Зенков салған Вознесен ғибатадханасы қоңыраусыз 60 жыл тұрған болатын. Бұрынғы қоңырау 1929 жылы қиратылған еді. 2001 жылы Алматыда Вознесен кафедралдық ғибадатханасының қоңырауы дұға оқылып қолданысқа берілді. Ол Қазақстанда ең үлкен қоңырауға айналды. Қоладан құйылған 100 пұттық қоңырауға 1918 жылы атылып кеткен Вознесен храмының прадары Пименнің аты берілді. Қоңырау халықтан 1,5 жыл бойы жиналған садақалық қаржыға жасалды.
Ендігі кезек Халықтық музыкалық аспаптар иұражайына жетті. Алматыда Ықылас атындағы республикалық этнографиялық халық саз аспаптары мұражайы 1980 жылдан бері жұмыс істейді. Ақан сері, Біржан сал, Махамбет, Абай, Жамбыл, Сүгір сынды сандаған саңлақтардың пайдаланған домбыралары, түрлі музыкалық аспаптар мен аса құнды жәдігерлік дүниелер осы мұражай төрінен орын алған. Өкінішке қарай, Ықылас бабамыздың қара қобызы өзінің атындағы мұражайға қойылмаған. Жобаның авторы – сәулетші А.П.Зенков. Ғимараттың интерьеріндегі басқұры, қабырғадағы қыр оюы, төбедегі табақшалары, бөлмелерге ілінген люстралар, есік-терезе ойықтары Оңтүстік Қазақстанның «ағаш», «шынжара», Маңғыстаудың «үзілмес», «өткізбе» деп аталатын өрнектері ізімен безендірілген. Мұражай қорында қазақ ұлттық музыка аспаптарының 60 үлгілері мен түрлері, 1000 аса бірлігі жинақталған. Мұнда белгілі ақын, композиторлар мен орындаушылар – Біржан, Абай, Жамбыл, Ықылас, Сейтек, Дина, Қызыл жырау, Мұрын жырау, А. Жұбанов, К. Әзірбаев, Ә. Хасенов, М. Ержанов, Д. Мықтыбаев пайдаланған домбыралар мен қобыздар, сол сияқты орыс, украин, ұйғыр, дүнген, корей халық музыка аспаптары бар. Мұражай 1907 жылы дәстүрлі ағаштан салынғын үйде орналасқан. Осы ғимаратқа мұражай 1980 жылы қоныс тепті. Бұл Алматы қаласының мәдени мұрағаттарының бірі болып есептелінеді. Мұражайдағы қазақ халық саз аспаптары Қазақстанның барлық аймақтарынан, ТМД елдері мен әлемнің басқа бұрыштарынан да жиналған болатын. Абай, Жамбыл, Махамбет, Әміре, Дина және басқа да танымал музыка шеберлері, жыраулар мен компози-торлар,ақындар ойнаған аспаптардың керемет жинағы 9 экспозиция залына қойылған. Экскурсия барысында сол залдарға орналасқан музыкалық экспонат-мұралармен танысып, дыбысын ести аласыздар.
Көріп тұрғанымыздай Абай атындағы оқу орны алдында, яғни саябақтың шығыс жақ бетінде қос арыстың — Бауыржан Момышұлы мен Иван Василиевич Панфиловтың ескерткіш бюстері тұр. Мәрмәр тастарға орнатылған қола мүсіндер ақпанның шуақты күнінің көзіне шағылысып тұрды. И.В.Панфиловқа ескерткіш (Қазыбек би к-сі мен Достық д-лы қиылысында), 1968 жылы салынған. Кеңес Одағының батыры, генерал-майор И.В. Панфиловтың құрметіне қойылған. Мүсінші- Б.А. Түлеков, архитектор – Т.К. Басенов.Мүсін ескерткіші биіктігі 2 м., қоладан құйылған. Тұғыры граниттен жасалған.
Саябақтан шыққанда
бергенде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
университеті тұр. 1928 жылы 1 қазанда
Қазақ мемлекеттік университеті
атты алғашқы қазақ жоғары оқу
орны ашылды. Бұл білім ордасында
физика-математика, жаратылсытану және
лингвистика-педагогикалық
Сонымен Ұлы Жібек жолының бір тармағы болған Райымбек даңғылы, ежелден белгілі Пушкин көшесі, тұңғиық тарихы бар Панфилов паркімен танысып, экскурсиямыздың келесі нүктесі – Достық даңғылына жетіп те қалдық. Достық даңғылы 1919 жылға дейін Колпаковский даңғылы, сосын Ленин даңғылы деп аталды. Көше 19 ғасырдың 70-жылдары қалыптасты. Бұрынғы Верныйдың орталық көшелерінің бірі болды. Онда көпестер, чиновниктер, офицерлер тұрды. Совет өкіметі жылдары Достық даңғылы басты магистралы болды. 1868 жылы Достық даңғылын реконструкциялау туралы шешім қабылдады. Төле би көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта жаңа тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар тұрғызу, алаңдар жасау ісі қолға алынды. Даңғылды қайта құру жоспарын жүзеге асыру ісіне Т.Қ. Бәсенов, В. Ш. Гериберг, А. И. Петров және т.б. құрылысшыларымыз қатысты. Көше бойындағы ғимараттарды салу барысында жер еңісін ұтымды пайдалану, фонтандар мен архитектуралық шағын формаларды орнату, көгалдандыру Достық даңғылын көркейте түсті. Жер сілкінісіне төзімді етіп салынған көп қабатты ғимараттар алғаш Достық даңғылының бойынан ірге көтерді. Достық даңғылы көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналған, себебі 8 км бойы зәулім биік «Қазақстан» қонақ үйін, А.Құнанбаев скерткішін, екі залды «Арман кинотеатрын», Көк-төбеге жететін аспалы жол, «Медеу» спорт кешенін және «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт базасын тамашалуға болады. Жалпы, Достық даңғылы Қазыбек би, Төле би, Бөгенбай батыр, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы көшелерімен, Абай даңғылымен қиылысады.
Келесі көретін объектіміз « Үш батыр » деп аталатын 9 қабатты 3 ғимарат. « Үш батыр » деп аталатын ғимарат жақын бауырлардай бір – біріне тіреу болып тұрғандай көрінеді. Қатар тұрған мына үш үй, шынында да, үш батыр десең үш батыр. Қиялы жүйрiк кез келген адам бұл зәулiмдердi көрген бойдан-ақ суретшi Васнецовтың осы аттас әйгiлi картинасын көз алдына елестетерi хақ — Илья Муромец, Добрыня Никитич, Алеша Попович… Осы ғимараттың астында сонымен қатар «Искра» кинотеатры орналасқан.
Қазiр қалада
он бестен астам кинотеатр жұмыс
iстейдi. Соның бірі «Искра» кинотеатры
– 1973 жылы ашылды. Залдары барлық жасты
адамдарға арналған фильмдерді көрсетеді.
Кинотеатр «Қазақфильм» балаларға
деген девизбен Қазақстан
Қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевқа (1846-1945) туғанына 150 жыл толуына байланысты 1996 жылы Достық даңғылы бойында («Искра» кинотеатрының алдында) орнатылды. Авторы мүсінші Б. Әбішев, сәулетшілері С. Қ. Баймағамбетов, Т. Ералиев, С. Фазылов. Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Келесі нысанымыз
- Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық
мұражайы. 2002 жылы желтоқсан айында
белгілі ғалым, академик, археолог,
этнограф, филолог Әлкей Хаканұлы
Марғұлан атындағы археологиялық мұражай
ашылды. Экспозицияда Қазақстан жеріндегі
адамзат қоғамының аса көне заманынан
орта ғасырға дейінгі дамуы
Сонымен, Абай
даңғылына жетпей Достық даңғылынан
көріп отырғандарыныңдай