Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Бірінші нысанымыз
Ботаникалық Бақ. Ботаникалық бақ
– ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік
оқыту мақсаттарымен өсімдік
өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық
білімді насихаттайтын мекеме. ҚР
Ғылым академиясының бас
Ал, қазір біз Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарынының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне де келіп жеттік. Бұл «жеке қалашық» деп аталады. Бұл білім ошағы кезінде 1934 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті болып құрылған. Ал қазір ғұлама ғалымның есімімен берілген атауы 1991 жылы қойылған. 1993 жылдың 9 қаңтарынан бастап өзін-өзі басқаратын автономиялы мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды. Университетте бүгінде 18 мың студент білім алады. 10 оқу корпусы,13 жатақхана,104 кафедра, 14 факультет еншілес кәсіпорын тұрғысында 7 ғылыми-зерттеу институты бар. 70-ке жуық мамандық бойынша 30-ға жуық докторлық және кандидаттық диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Әлемнің 165 университетінің көрнекті ғалымдарымен, мамандарымен бірлесіп отырып ғылыми-зерттеу жүргізді. Сонымен қатар, университетте әскери кафедра, студенттер үйі,дүкендер, комбинат, дирекция ғимараты, спорт комплекс, шаштараз, теннис залы, кинотеатр, кір жуу орталығы, полиция орталығы т.б. қызмет көрсету орындары бар. Міне, оң жақтарыңызда қалашықтың өзі. Мына ортасындағы зәулім құрылыс – оқу орнының басты ғимараты болып табылады, жан-жағында қалған корпустары орналасқан. Ал, басты корпусқа қарама-қарсы Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы орналасқан. Ө. Жолдасбеков – 1970-1986 жылдар аралығында осы университетке еңбегін сіңірген азаматтардың бірі. ҚазҰУ – халықаралық университеттер қауымдастығына мүше. Еуразия университеттері қауымдастығы құрылтайшыларының бірі. Қытайдың Ланьчжоу, Ужичжоу, Қытай халық университетімен, Анкара, Тегеран, Каир, Токио және т.б. университеттермен тығыз қарым-қатынаста.
Мына Ө. Жолдасбеков
атындағы студенттер сарайының артынан
Есентай өзені ағып жатыр. Алматының
оңтүстіктен солтүстікке
Мына Байтұрсынов көшесінің қиылысында Алматы қалалық МАИ қызмет орны орналасқан. Ол 1956 жылы құрылған. Бұл ғимаратта 150 МАИ қызметкерлері қызмет етеді.
Ендігі кезек «Apple town». Мұнда көбінесе шетелдік азаматтар қызмет етеді.Ғимарат қазіргі заманғы стандарт бойынша жасалған. Негізі бұл қоғам 1983 жылы құрылған. Бұл Алматының үлкен маркетинг оралығы болып табылады.
Келесі объектіміз
«Holiday Inn Алматы» қонақ үйі. Алматы
да тұңғыш рет халықаралық орта сыныпты
«Holiday Inn Алматы» қонақ үйі. Қазақстан
бойынша алғашқы Holyday Inn Алматы отелі
әйгілі Holyday Inn әлемдегі ең үлкен отельдер
желісінің бөлігі. 230 нөмірлі бұл
қонақүйде бір президент
Енді осы көшедегі обьектілерге назар аударсақ алдарыңызда “Интерконтиненталь Алматы Анкара” 1998 жылы ашылды. Президенттік Сарайға мен мұражайға жақын жерде орналасқан. Қонақ үй аэропорттан 30 мин, ал теміржол бекетінен 15 мин қашықтықта орналасқан. Қонақ үй саябақ және фонтанмен қоршалған. Қонақ үйде 9 қабат, 290 бөлме, сонымен қатар 9 люкс және 2 президент апартмент бар.
Республика
алаңын көркейтіп тұрған қайталанбас
туындылардың бірі Тәуелсіздік Монументі
болып табылады. Ол Шота Уалихановтың
бастауымен салынған. Оңтүстік Астананың
көгімен шектесіп тұрған Ұлы алтын
адам қанатты жолбарысты бағындырып
тұрғандай,айналасындағы
Құрметі қонақтар назарларыңызды алдағы Фурманов көшесіне бұруларыңызды сұраймыз. Фурманов көшесі қаланың Жетісу, Алмалы, Бостандық аудандарында жатыр. Көшенің ұзындығы - 6050 метр. Бұрынғы атауы - Лепсі (Лепсинская). Бұл көше орыс жазушысы, Чапаевтың 25 -атқыштар дивизиясының комиссары Дмитрий Андреевич Фурманов құрметіне аталған. Д.А.Фурманов-Кострома губерниясының Середа селосында (қазіргі Иваново облысындағы Фурманов қаласы) дүниеге келген. «Жазушы болу» арманы Фурмановта ертеден пісіп жетілді.Алайда жазушы болмас бұрын оған үлкен өмір мектебінен өтуге тура келді. Азамат соғысы жылдарындағы Фурманов жазған шығармалар кеңестік әдебиет дамуының бастапқы кезеңіне тән. Бұл мектеп Фурмановты революциялық шындықты тамаша білумен қаруландырды,оқиғаларға терең таптық талдау жасау өнеріне үйретті,революцияны жасаушы және оны қорғаушы адамдарға бақылау жүргізудің таусылмас қорын берді. Верныйдағы бүлікті басуды басқарды. Ол «Бүлік», «Чапаев» романдарының авторы. 1934 жылы «Чапаев» кітабының материалдары негізінде режиссерлер ағайынды Васильевтар КСРО-да аса танымал болған «Чапаев» фильмін түсірді. Фурманов бойында Французкий дом, UIB университеті, Оптика, Қабылдау үйі, Москва дүкені ғимараттары орналасқан.
Енді Қабанбай батыр көшесіне де жетіп те қалдық. Көшенің ұзындығы – 6200 метр. Қаланың Медеу және Алмалы аудандарында созылып жатыр. Бұрынғы атауы - Мещанская, Калинин көшелері. 1996 жылдан бері Қаракерей Қабанбай батырдың есімімен аталған. Қабанбай батыр (1691-1780)- қазақтардың жоңғар жаулап алушыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі,қолбасшы. Наймен тайпасының қаракерей руынан шыққан, «Хан батыры» атағына ие болған. Бітістіруші жұмыспен айналысты, далалықтар қоғамында сот жұмысын жүргізді. Қазақ жасақтарын басқарып Сайрам, Ташкент қалаларын,Шығыс Қазақстан аумағын жоңғарлармдан азат етті.Қабанбай батыр өмірінің көп бөлігін өзінің жауынгер серігі- аттың ері үстінде өткізді. Осы уақыт ішінде жаудан туған жерді азат етудегі 103 шайқасқа қатысып, оның бірде-бірінде жеңілген жоқ. Аса қатал жекпе-жектерде 54 қарсыласын жер жастандырды.
Солға бұрылып Панфилов көшесіне тірелеміз. Көше қаланың Жетісу, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарын алып жатыр. Көшенің ұзындығы- 3800 метр. Бұрынғы атаулары Казарменная, Красноармейская көшелері. Бұл көше генерал-майор, Кеңес Одағының батыры Панфилов Иван Васильевич (1893-1941) құрметіне аталған. Петровск қаласында ұсақ канцеляр қызметшісінің отбасында дүниеге келген (қазіргі Саратов облысы). 1915 жылы әскер қатарына шақырылады. Оңтүстік Батыс майданында соғысады және фельд-фебел атағына дейін әскери міндетін атқарды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін полк комитетіне мүшелікке кіреді. 1918 жылы өз еркімен РККА-ға сұранды. Азамат соғысына қатысып,Чапаев басқарған 25-атқыштар дивизиясында шайқасты. Батаьон, ротаны басқарды. 1923 жылы Киев жаяу әскерлер мектебін бітірген соң , Орта Азияда қызмет етеді. Басшыларымен шайқастағы ерлігі үшін азамат соғысында Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1937 жылы Орта Азия аймағы бойынша штаб бөлімінің бастығы, 1938 жылы Қырғыз КСР әскери комиссары, 1940 жылы генерал-майор шеніне ие болды. Ал,1941 жылдың шілдесінен өзі құрған 316-шы атқыштар дивизиясына қолбасшылық етті. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбінде Волоколам бағытында болған ауыр шайқаста жеке құрама үлкен ерлік танытты, дивизия құрамы Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов майданда көз жұмды. Ленин ордені, екі бірдей Қызыл Ту ордені және «РККА ХХ жыл» төсбелгісін алды.
Көшенің тарихымен таныстық, енді алдарыңызда Панфилов көшесімен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында тұрған Абай атындағы опера және балет театры.Театр - 1934 жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда ролдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде, атап айтқанда, Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, композитор Евгений Брусиловский т. б. өнер майталмандары еді. Е. Г. Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектаклдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К. Бәйсейітованың сомдаған Жібек ролімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошаметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері жөнінде үлкен табыспен мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К. Бәйсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді. Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің т. б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің иқатарын толықтырып, жаңартып отырды. Атап айтқанда, Байғали Досымжанов, Әнуарбек Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаев, Мұкан Төлебаев т. б.1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді.
Келесі обьектіміз «Алматы» қонақүйі. 60 жылдардан негізделген “Алматы” қонақ үйі бүгінгі күнге шейін Оңтүстік астананың көркемі болып табылады. Қонақ үй Сіздерге бар жоғары жайлы және Іле Алатау тауларына көрініс ашатын 252 бөлмелер ұсынады. Көлемді жайлылықпен қамтамасыз ету үшін: Мейрамхана, бар, асхана, Бизнес-орталық, Конференц-зал, шаштараз, Сыйлық сатып алу дүкені, сауна, киім жуу, Әуе кассалары, Ақша айырбастау пункті, ойын автоматтары, газет сатып алу киоскілері. “Алматы” қонақ үйінде тоқталсаңыз “Алматы” мейрамханасы Сіздерге әр түрлі тағам түрлерін ұсынады. Әр таңда сағат 7.00-10.00 дейін қонақтарды швед үстелі, оң шақты түрлі салаттармен безендірілген, кең ауқымды ыстық тамақтар, таңдауыңыз бойынша шырындар дайындаулы түрде күтеді. Бұл жерде Сіз шырынды тропикалық және жергілікті жемістердің дәмін татып көресіздер.
Әрмен түмен түсейік. Алдарыңызда
Т.Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық
өнер Академиясы.
Құрманғазы атындағы өнер Институтында
(қазір Консерватория) Академияның тарихы
1995 жылдан басталады. 1977 жылы оның базасында
Алматы театралды-көркем институты құрылды.
1979 жылы студенттердің бірінші жиынтығын
іске асырған көркем факультеттің ашылуы
Академияның тарихында мәнді белес болып
қалды. Факультеттің бастауында атақты
суретшілер мен бейнелеу өнерінің қайраткерлері
орын алады. Дипломдық спектакльдерді
дайындап, шығару үшін оқу театры ашылды.
1991 жылы институттың базасында екі арнайы
жоғары оқу орны құрылды: Т.Жүргенов атындағы
Қазақ мемлекеттік театр және кино институты
мен Қазақ мемлекеттік көркем академиясы.
Өнер институтының танымалы түлектері:
Ә.Әшімов, Ф.Шәріпова, С.Сейтметов, М.Жақсымбетов,
С.Оразбаев, И.Обаев, М. Байсеркеұлы, В.Пусурманов,
А.Сыгай, Г.Әспетова, Т.Жаманқұлов, Д.Жолжақсынов,
Т.Мейрамов, Р.Рымбаева, Б.Атабаев, К.Сұлтанбаев,
К.Тастанбеков, Т.Теменов, М.Өтекешова,
Г.Қазақбаева және т.б. Академияда 6 факультет
бар: 1) театр өнері және эстрада факультеті;
2) кино және теледидар факультеті; 3) хореография
факультеті; 4) сұңғат және мүсін өнері
факультеті; 5) декоративтік өнер және
дизайн факультеті; 6) өнертану факультеті.
Мамандардың дайындығын академияның 26
кафедрасы жүзеге асырады. Академияның
құрылымында өнер саласында оқып, тәрбиеленетін
дарынды балаларға арналған мектеп пен
колледж бар. Профессор-оқытушылар
құрамында 500 адам еңбек етеді. Олардың
ішінде ҚР ҒҰА академигі, 16 халық әртісі
және ҚР халық суретшілері, 21 ҚР мемлекеттік
сыйлығының лауреаттары, 26 еңбек сіңірген
өнер және мәдениет қайраткерлері, халықаралық
және республикалық байқаулар мен фестивальдардың
28 лауреаты, 40 жуық ғылым докторлары мен
профессорлары бар. Академияда магистратура,
аспирантура және докторантура ашылды.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясы Ресей, Эстония, Италия, Германия,
Ұлыбритания, Қырғызстан, сондай-ақ бірқатар
шетел жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс
орнатылған. ЖММИ, ГИТИС, РГТУ, Третьяковский
галереясы, ММУ, “Эрмитаж” мұражайымен,
Өнертану Институтымен (Ташкент қ.), Роттердам
кинофестивальдық орталығымен (Голландия),
американдық кинотанушылармен (“Кинокультура”
интернет-журналы), Джалалабад ақпараттық
технология университетімен (Қырғызстан),
сондай-ақ А.Кастеев атындағы мұражаймен,
“Қазақфильм” кинокомпаниясымен, Алматы
Кино Үйімен, “Шәкен жұлдыздары” фестиваль
орталығымен, мемлекеттік кино-фотоқұжаттар
мұрағатымен, СОРОС-Қазақстан қорымен,
ҚР барлық театралдық ұйымдарымен байланыс
орнатылып, ынтымақтастық дамуда. Академияның
шығармашылық іс-әрекеті барлық бағыттар
бойынша нәтижелі жүзеге асырылуда. Соңғы
жылдар ішінде 50 көркем, деректі және анимационды
фильмдер шығарды, 200 фильм мемлекеттік
тілге аударылды; 15 театралдық қойылым
жүзеге асырылды; 40 жуық концерттер мен
бенефистер жүргізілді; 16 хореографиялық
композициялар жарық көрді. Академияның
70 жуық оқытушылары мемлекеттік сыйлықтың
лауреаттары, халықаралық, республикалық
фестивальдар мен байқаулардың дипломанттары
болып танылды. Академияның жанында жеке
және топтық көрмелер жүргізу үшін көркем
галереясы ашылды. “Мен” эксперименталдық
жастар театры әрекет етеді, оның репертуарына
ұлттық және әлем драматургиясының пьесалары
кіреді. Академияның эстрадалық-джаз оркестрінің
репертуары қазақтың ұлттық өлеңдеріне,
күйлеріне, дәстүрлі және қазіргі джаз
аранжировкаларына, эстрадалық өлеңдеріне
бай. Академия өздерінің дарынды және
талантты түлектерін мақтан тұтады, олардың
ішінде КСРО Халық әртісі – 2, ҚР еңбек
сіңірген әртісі - 56, ҚР Халық әртісі –
28, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері –
14, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауареаттары
– 8 адам.
Алдарыңызда сол бетте келесі обьектіміз
– Қазақ Британ Техникалық Университеті.
КБТУ 2000 жылы елбасы Н.Ә.Назарбаевпен Ұлыбритания
арасындағы, оның сол кездегі премьер-министрі
Тони Биер арасындағы келісімі арқылы
пайда болды. Қазақстандағы алғашқы
мұнай-газ, ақпарат, қаржы кадрларын
шетелдік стандарт бойынша дайындайтын
университет. 2001 жылы 3 тамызда аккредитациялау
өтіп, британдық стандарт бойынша
оқытады. КБТУ ғимараты, 1951-57 жылдары
Моспроект бойынша архитектор Б.Р.Рубашенко,
А.А.Мамонтов бойынша салынған. Ғимарат
конструкциясы өзара
Енді КБТУ-ға қарсы бетте «Бақытты балалықта» Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова ескерткіші «Бақытты балалықта» орналасқан. Жалпы 1997 жылы 25 қазан күні елбасының қатысуымен ашылды. Мүсіншісі- К.К.Сатыбалдин, М.Е.Еркенов, Посташенкский. Бұл екі батыр қызымыз Алтын Жұлдыз Кеңес Одағының батыры. Сюжет бойынша бірге басып келеді, алайда өмірде бір-бірін танымаған.
Алдарыңызда Абылай хан даңғылы - қаланың тарихи орталығы. Абылай хан даңғылы (бұрынғы коммунистік проспект), Панфилов пен Мир к- лері аралығында орналасқан. Оңт. бөлігі А. С. Пушкин атынд. респ. кітапхана ғимаратымен, ао солт. бөлігі 2 – Алматы т. ж. вокзалы ғимаратымен (К. д – ң бұрынғы аттарының бірі Вокзал болған) тұйықталады.Райымбек даңғылын, Гоголь, Байтұрсынұлы, Қабанбай батыр, Шевченко көшелерін қиып өтеді. Абылай хан даңғылы қаланың ең әсем магистральдарының бірі. 4 км- ге созылған даңғыл бойы газон, гүлзарлармен көмкерілген. Даңғылда 5 жер асты өткелі бар. Бұл даңғыл партиялық әкімш. және мәдени ірі орталық болған. Ол 1935-37ж. Абылай хан даңғылының батыс жағында, Гоголь және Октябрь көшелерінің аралығында орналасқан үш халық комисариатының ғимараттары салынған кезден пайда бола бастады. Бұл ғимараттар әсем архитектуралық ансамбльге айналған.
Ендігі кезек Абылай хан даңғылының бойында Алматының ең ірі ғимараттарының бірі, қаланың 60-70 жылдардығы композициялық ұйымдастыру орталығы қазССР үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутаттары Советінің обл. Және қал. атқару к- ттері, Қазақстан КП обкомының марксизм- ленинизм ун- ті болған. Мұнда саяси- оқу үйі, Қазақстан Жазушылар одағы және конференц залы, С. Я. Жук атынд. іздестіру- жобалау және ғыл. – зерт. ин- ты, Алматы мемл. жобалау, Энергиялық желі жобалау ин- тары, «Жетісу» қонақ үйі, Жас өспірімдер театры, Орт. әмбебап, «Балалар әлемі» бар.
Жас өспірімдер театрының қарсы бетте Амангелді Иманов монументі бар. Гоголь көшесінен сәл жоғарыда екі мәрте Совет Одағының Батыры С. Д. Луганскийге қола бюст орнатылған. Үкімет үйінің солт. жағындағы Әскери- ревкомның үйі болған жерге мемор. ескерткіш белгі қойылған, мұнда 1918 жылдың 3 наурызына қараған түнде Верныйда Совет өкіметі орнағаны жарияланған болатын. 1991жылы ҚР Тәуелсіздік алғаннан кейін көше Абылай хан болып өзгертілді.