Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Енді Шевченко
көшесімен оңға бұрған берісте, Ғылым
академиясы кешенінің алдына барамыз.
Қазақ ССР Ғылым Академиясы 1948-1957 ж.ж
құрылған, архитектуралық ескерткiш болып
саналады. «Қазақ ССР-да маңызды мәдениет
пен ескерткiштердiң тарихы мемлекеттiк
тiзiмдерге енгiзiлген». /Қаз ССР-нiң
Министiрлер қаулысы 1982ж., 26 қаңтар/
мемлекет қорғауында. ҚР ҰҒА ғимаратының
кешенi Алматы қаласы, Шевченко
көшесi 28-де орналасқан және Шевченко-Құрманғазы-Қонаев-
Ғылым академиясының көлемi жалғыз архитектуралық және үйлесiмдi шешiмі Ш. Уәлиханов ескерткiшімен толықтырылады. Қазақтың ағартушы демократы, этнограф, фольклорисі, саяхатшы, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа (1836-1865) ескерткіш 1969 жылы ҚР ҰҒА (Шевченко көшесі) алаңында орнатылды. Ш. Уәлихановтың қола мүсіні мүсінші Х.Е. Наурызбаевтың үлгісі бойынша жасалған және тегістелген қара габбродан жасалған тұғырға (сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов) қондырылған. Тұғырдың бет жағында: «Шоқан Уәлиханов» деген жазу бар. Ескерткіштің биіктігі 8м. Авторлары 1970 жылы Қаз ҚСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Ғылым Академиясының
шығыс жағында Пушкин көшесiндегi
бақта 1979 жылы салынған қызықты “Шығыс
күнтiзбесi” фонтаны
1981 жылы ғылым
Академиясы ғимаратының оң
орналасқан.
Ғылым академиясының көлемi жалғыз архитектуралық және үйлесiмдi шешiмі Ш. Уәлиханов ескерткiшімен толықтырылады. Қазақтың ағартушы демократы, этнограф, фольклорисі, саяхатшы, Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа (1836-1865) ескерткіш 1969 жылы ҚР ҰҒА (Шевченко көшесі) алаңында орнатылды. Ш. Уәлихановтың қола мүсіні мүсінші Х.Е. Наурызбаевтың үлгісі бойынша жасалған және тегістелген қара габбродан жасалған тұғырға (сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов) қондырылған. Тұғырдың бет жағында: «Шоқан Уәлиханов» деген жазу бар. Ескерткіштің биіктігі 8м. Авторлары 1970 жылы Қаз ҚСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясының саябағының аумағындағы 1999 жылы тағы бір орнатылған ескерткіш орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкинге (1799-1837 жж.) арналған. А.С.Пушкиннің мүсіні қоладан құйылған. Мүсінші әлемдік классиканың алтын қорына кірген, аса құнды көрнекті шығармалар жазып, артына өлмес мұра қалдырған, ұлы туындыгердің сыпайылығы мен жанының нәзіктігін, көркемдігін ескерткіш арқылы оқырмандарына жеткізе білген. Іле Алатауының баурайында орналасқан әсем де әдемі сұлу Алматы қаласының қазіргі заманға сай абаттандырылған, кең аллеяға барып тірелетін орталық көшелерінің біріне А.С.Пушкиннің есімі берілген. Сонымен ұлы ақынның ескерткіші бүгіндері Ұлттық академия жанында ойға шомып, қаланың сәніне сән қосып тұр. Ең бастысы, ақын ескерткішінің маңынан жұрт арылмайды. Қала тұрғындары балаларын ертіп, кешқұрым осы маңдағы гүлзарларды аралап демалады. Мектеп оқушылары топ-тобымен келіп, поэзия пайғамбары ескерткішінің түбінде бір-біріне өздерінің тырнақалды өлеңдерін оқиды. Жаңадан отау көтерген жас жұбайлардың ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етуі де жаңа бір үрдіске айналып барады. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың Пушкинге деген сүйіспеншілігі ересен.
Алдарыңызда Құрманғазы көшесі. Құрманғазы көшесі - бұрынғы Артилерийская көшесі, Алмалы мен Медеу аудандарында, Абай даңғылы мен Шевченко көшелерінің аралығында орналасқан. Кіші Алматы өзенінен басталып, шығыстан батысқа қарай Розыбакиев көшесіне дейін созылып жатыр. 1880-90 ж.ж. қалыптасты. Алғашында екінші разрядты көше қатарына жатып,төменгі шенділер, қолөнершілер, мал, бау-бақша өсірушілер тұрған. Бау-бақшалы бір қабат үйлер салынды. Қазір Құманғазы көшесі-қаладағы басты көшелердің бірі. Ол Достық, Сейфуллин, Гагарин даңғылдарын,Желтоқсан, Наурызбай батыр, Әуезов, Байтұрсынұлы көшелерін қиып өтеді. Жаңартылып қайта салынды, көп қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық –әкімшілік ғимараттар бой көтерді. Көше атауы қазақтың халық композиторы, аспаптық музыканың алыбы Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне қойылған.
Сонымен қазір алдарыңызда қаладағы ең әсем жерлердің бірі Абай алаңы. Абай мен Достық даңғылының арасын қосатын архитектуралық ансамбль. 1960 жылы Абай ескерткіші орнатылды. Абай алаңында фонтандар, гранитпен қапталған алаңша жасалған. Алаңның градоқұрылыстық құрылымына Республика сарайы, Қазақстан қонақ үйі, Арман кинотеатры, Көк-Төбемен байланыстырушы аспалы жол станциясы кіреді.
Ал ары жоғары көтерілсек Достық даңғылының көптеген әсем ғимараттар бірі - Алматы Оқушылар Сарайы келеміз. 1979-1984 жылдары салынған. Жобаның авторлары: сәулетшілер В.Н.Ким, А.П.Зуев, Т.С.Әбілдаев; инженерлер Ю.М.Локтев, Е.В.Средникова, Н.В.Верной, Б.К.Мүсірғалиев, А.Г.Алексеев, С.В.Касканов. 1991 жылдан – Оқушылардың республикалық сарайы. Оқушылар сарайында 14 үйірмеде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 776 балалар қатысады. Оқушылар сарайында ұстаздардың өзара әрекеттестігі мен ата-аналардың қатысуымен ынтымақта және бірлескен әртүрлі шығармашылық шеңберінде балаларға мәдени іс-шаралар өтеді. Бірлескен іс-шаралар әртүрлі бағытта ұйымдастырылады: бос уақытты ұтымды пайдалану, білім және шығармашылық шеберлік студиялары, үйірмелер, клубтар, секциялар және т.б. шығармашылық бірлестіктері Оқушылар сарайында қалалық көпшілік іс-шаралар белсенді түрде өтеді. Қалалық көпшілік іс-шараларға балалар мен жасөспірімдерінің 70 пайызы қатысады. Оқушылар сарайында қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Жезқазған филиалы «Қазақмыс» корпорациясының демеуімен «Мұрагер» жастар ұйымы құрылды. Оқушылар сарайы бірегей құрылыстардың бірі болып саналады.
Алдарыңызда
Алматы қаласының орталығында
Қонақ үйде екі мейрамхана бар. Біреуі
қонақ үйдің бірінші қабатында, ал екіншісі
жиырма бесінші қабатта. Сонымен қатар
қонақтар жақсы демалу үшін жаттығу залы,
бассейн, сауна, сән салоны бар. Бизнес
орталығы, конференция залы да бар. Бизнес
орталығында ресми іс-шаралар өткізеді.
Терезеден ғажайып табиғат, қала көріністері
көрінеді. Бұл көріністер сіздің демалуыңызға
жағдай жасайды. Қазақстан мейманханасы
1977ж. салынған, (Жобаның авторлары: Ю.Г.Ратушный,
Л.Л. Ухоботов, А.Е. Анчугов, В.Б. Каштанов,
инженерлер А.К. Деев, Н.Л. Матвиец, Т. Жүнісов,
Ә. Тәтіғұлов; суретшілері М.С. Кенбаев,
Н.В. Цивчинский) архитекторлық ансамбльдер
шоғырланған Абай және Достық даңғылының
түйіскен жерінен бой көтерді. «Қазақстан»
мейманханасы – бұрынғы КСРО-да жер сілкінісі
байқалып тұратын өңірде салынған ең биік
ғимарат. Оның инженерлік құрылымы сәтті
ойластырылып, онда құрылыс ісі мен техникасының
ең ірі жетістіктері қолданылған. Эллипске
ұқсаған тұтас темір-бетонды мұнара ғимарат
өзегін құрайды. Оған бөлме ұяларының
монолитті диафрагмалары орнатылған.
Терең көмілген іргетас (жер бетінен 10
м) ғимараттың жер сілкінісіне төзімді
болуын қамтамасыз еткен. Әсем эркерлер,
негізгі көлемнің вертикаль бөліктерге
бунақталуы, анодталған алюминиймен қапталған
аспалы жеңіл панельдер – жалпы ғимарат
тұлғасын сымбаттандыра түседі. Ғимаратты
сәулеттеу ісінде ұлутас, мәрмәр, гранит,
коврал сияқты құрылыс материалдары қолданылды.
«Қазақстан» қонақ үйінің сәулеті үшін
1980 ж. сәулетшілердің, инженер-конструкторлардың,
құрылысшылардың бір тобы Ш. Уәлиханов
атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Хрустал, алтындалған сымдармен қоршалған.
Көлемі: 15,5х17,5х11 см.
Ал енді сәл жоғары көтерілейік!!! Абай атамызға құрметпен салынған ескерткішті көріп қайтамыз! Онда Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай (Ибрагим) Құнанбаевқа (1845-1904) ескерткіш 1961 жылы Ленин даңғылында (Достық даңғылы) орнатылды. Абайдың қола мүсіні мүсінші Х.Е.Наурызбаевтың үлгісі бойынша құйылған. Қордайдың қызыл гранитінен көп қырлы етіп орнатылған тұғыр сәулетші И.И.Белоцерковскийдің жобасы бойынша жасалған. Тұғырдың бет жағында металл пластинада «Абай (Ибрагим) Құнанбаев. 1845-1904» деген жазу жазылған. Ескерткіштің биіктігі 14 м.
Енді арттағы
фонда көріп тұрғанымыздай
Ал, енді оң жақтарыңызда “Арман” кинотеатры. “Арман” кинотеатры 1968 жылы салынған. Бұл 2 залды кинотеатр болған, көк (450 орынды), қызыл (550 орынды), ал енді қазір онда қосымша жасыл және сары залдары бар. 1981 жылы кинотеатрға 1,7 млн көрермен келген. Кинотеатрдың сыртқы композициясы жиектелген металмен бедерленген. Тiк төртбұрышты болып ерекшеленеді. Бүйiр фасадтары барельеф мүсiндiк композициясымен орындалған. Iшінде клубы да бар. Сырты 2000 жылы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кино-дыбыс қондырғылар, жұмсақ орындар қосылып, презентация, дискотека өткізуге болатындай кеңейтілді. Сейсембi бойынша арнайы бағалары: ересек адамға - 300 теңге, ал балаларға - 150 теңге. Зейнеткерлерге және студенттерге күндiзгi сеанстарға жұмыс күндерi 250 теңге.
Сонымен келесі
кезек Көк-Төбеге көтерілудің аспалы
жолына тоқталайық. Көріп тұрғандарыңыздай
тура Сарайдың сол жағында «Арман»
кинотеатрының артындағы
Ал, қонақтар, автобуска қайта отыруларыңызды сұраймыз! Келесі кезек Абай даңғылында! Бұл даңғылдың ұзындығы 9400 метр, ал Абай есімі 1955 жылы берілген. Даңғыл Абай алаңынан басталып ҚР Ұлттық кітапханасы, Орталық стадионнан Жетісу ықшам аудандарына дейін созылады. Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу, Алмалы аудандарын қамтиды. Даңғылдың бұрынғы атауы –Арычная, кейіннен Мичурин көшесі. Атақты да ардақты Абай даңғылы бойында ҚМЭБИ, Туризм және спорт академиясы, Құрылыс техникумы, Медициналық институт деген секілді жоғары оқу орындары, сонымен қатар А.С.Пушкин атындағы Ұлттық кітапхана, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қазақ республикалық гидрометеорологиялық және табиғи ортаны бақылау басқармасы,гидрометеорология обсерваториясы, Асфендияров атындағы медицина академиясы және т.б. оқу орындары бар. Даңғыл бойында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Орталық стадион, Орталық бассейн, Променад сауда орталығы, Қазақ циркі, Неке сарайы орналасқан. Абай даңғылы әсем көгалдандырылған, зәулім ғимараттар мен үйлер, кішігірім дүкендер, жайқалған гүлзарлар, бәрі де екерше сән береді.
Ал енді алдарыңызда ТМД елдері үшін бірегей жоғары оқу орындарының бірі - ҚМЭБИ. Ол өзінің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен, озық заманауи материалдық-техникалық базасымен және жарқын оқу жағдайымен; Қазақстандағы солтүстік американдық үлгідегі басты және аса ірі жоғары оқу орыны болып табылатындығымен; институт бағдарламаларының студент ретіндегі сіздерге, демек өзіңіздің оқудағы және мансаптық мақсаттағы талаптарыңызға анағұрлым дәлме-дәл сәйкес келетін оқу бағдарламасын қадағалау еркіндігін ұсынатындығымен бірегей деуге әбден болады. 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Сол жылдың тамызында сабақ басталды. 1994 жылы маусымда Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды. ҚМЭБИ – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі.