Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:45, реферат
Құметті студенттер! Еліміздің жүрегі, әсем қала Алматыны тамащалауға қош келдіңіздер!!! Біз “STAR Travel” туристік фирмаcының экскурсоводтары Төлепова Самал, Нұрұлы Елдар, Жансеитова Адэль және оның автобус жүргізушісі – Фархатұлы Мағжан бүгінгі 3 сағаттық қала бойымен сіздерге экскурсияны өткіземіз. Мен оның жетекшісі Жұмабек Арайлым Берікболқызы. Ең алдымен, сіздерді біздің туристік фирмамыздың ұсынысын таңдағандарыңызға ізгі ниетімізді білдіреміз.
Алдарыңызда Луганский мүсіні. Луганский Бюсті, Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі және Октябрь к. Қиыл. Аралығында қойылған. Бюст СССР Жоғ. Советі Президиумының 1944 жылы 1 шілдедегі Жарлығы бойынша Совет Одағы Батыры атағын 2 рет алған алматылық С. Д. Луганскийге арналып, 1947 жылы ашылды. Мүсіні- Н. И. Павлов, архитектор- И. И. Белоцерковский,. Қоладан құйылған бюст гранит тұғырға орнатылған. Биіктігі – 2 метр.
Келесі көшеміз Жібек жолы даңғылымен. Жібек жолы көшесі (бұрынғы Горький көшесі, ал 1918 жылға дейін – Торговая көшесі) Достық және Алмалы аудандарында, Пастер, Гоголь, Масанчи көшелері мен Кіші Алматы өзені шеңберінде орналасқан; Шығыстан батысқа қарай - Горький атындағы парктен Масанчи көшесіне дейін қала орталығын басып өтеді. Әр түрлі дүкендер, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары, бөлшек сауда киоскілері орналасқан, бұрыннан қалыптасқан дәстүрі бар, қаланың ірі магистральдарының бірі. Күн сайын дерлік неше түрлі жәрмеңке өтіп жататын «Алматы» орталағы осында; оның кафе, асхана, шайхана, сауда павильондары, мемл. саудаға қарасты азық- түлік және өнеркәсіп бұйымдары сатылатын дүкендер, автомашина тұрағы т.б. енеді. Жибек жолы көшесінде Орталық әмбебап дүкен (ЦУМ), Универсам, «Маталар үйі» сияқты аса ірі сауда кәсіпорындары бар. Сондай- ақ мұнда темір- бетон мен әйнектен салынған осы заманғы Аэровокзал (1978 жылы ірге көтерді; қазір сағатына 600 жолаушыға қызмет көрсетеді) орналасқан. Жібек жолы көшесінің көп жерлері мен үйлері тарихи оқиғалармен байланысты: онда Верный еңбекшілерінің рев. демонстрациялары өткен, кескілескен тап күресінің талай шайқастары болған; белгілі ғалымдар, әдебиет пен өнер қайраткерлері тұрған үйлер де бар. Пролетар қ- мен түйісетін жеріндегі үйде 1918-19ж. Жетісу обл. әскерилері қолбасшысының штабы орналасқан, 46 – үйде 1917 жылы обл. «Крестьянская газета» редакциясы болған. Ақ қазақтар диктатурасы жағдайында газет Жетісу еңбекшілерін Совет өкіметін орнату жолындағы күреске шақырды. 50- үйде өмірінің соңғы жылдарында ҚазССР ҒА- ның академигі Н. Сауранбаев тұрды. Қаланың ең әдемі к- лерінің бірі пролетариат жазушысы, соц. Реализм әдебиетінің негізін салушы, совет әдебиетінің атасы Максим Горький құрметіне арналып аталған еді, ҚР Тәуелсіздігін алғаннан кейін Жібек жолы көшесі болып өзгертілді. Мұнда осы заманғы көп қабатты үйлер салыгып, көше мейлінше көркейтілген, ерте көктемнен қара күзге дейін жасыл желек оранып тұрады.
Абылайхан мен
жібек жолы көшелерінің қиылысында
Алмытының үлкен Орталық
Кеслесі объектіміз «Жетісу» қонақ үйі. «Жетісу» қонақ үйі (Абылай хан даңғылы 55) - 1960 жылы ашылды. Ғимарат жобасын жасаған арх. Е. К. Дятлов, Ким До Сен және т. б. 1977 жылға дейін «Қазақстан» деп аталды. 5 қабатты, 317 қонақ бөлмесі (561 кісілік) бар. Қонақ үй құрылысында жер сілкінісі қаупі толық ескерілген. Құрастырмалы темір – бетоннан салынған алғашқы ғимараттың бірі болып табылады. Шаршы үлгіде тұрғызылған. Көшеге қараған беті біркелкі ұябалконмен, ал кіреберісі шығыңқы қалқанша шатырмен әсемделген. Ішкі ауласында фонтаны бар.
Тағы бір келесі маңызды объектіміз Абылай хан даңғылында орналасқан «Энергопром» болып табылады. Энергетика ғылыми- зерттеу және жобалау – конструкторлық институты («Энергопром»), бұрынғы кезде КСРО Энергетика және электрлендіру министрлігінің Бүкіл одақтық мемлекеттік ғылыми- зерттеу және жобалау- конструкторлық «ВНИПИЭнергопром» институтының Орта азиялық бөлімшесі болған (Абылай хан даңғылы, 58 а), «Промэнергопроект» Мемл. Орта азиялық жобалау ин- тының Жобалау – іздестіру бөлімшесі ретінде 1960 жылы құрылған; қазіргі аты мен дәрежесі 1974 жылдан. Құрамында 14 жобалау және 3 лаборатория (төмен потенциалды әнергоресурстар, жылумен бір орталықтан қамтамасыз ету, өнеркәсіп энергетикасы), ғыл. – зерт. бөлімі бар. Негізгі жұмыс бағыты - өнеркәсіп энергетикасының сала ралық проблемалық мәселелерін зертеу, халық ш- н жылумен бір орталықтан қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу, ірі жылу топтарын, жылумен қамтамасыз ету схемаларын жобалау және іздестіру жұмыстары. Бөлімше Қазақстанның ірі қалаларын жылумен қамтамасыз етуді жобалау жөнінде Бас мекеме болып саналады. Бұл институт Алматының 1-, 2- жылу- электр орталықтарын және олардың магистральдық бас құбырларын жобалау жөнінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындады.
Алдарыңызда Клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми - зерттеу институты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің А.Н.Сызганов атындағы клиникалаық және эксперименттік хирургия ғылыми- зерттеу институти (Мир көшесі,62), СССР ҒА- ның Қазақ филиалының хирургия секторы негізінде 1945 жылы құрылды. Институт құрамында 3 бөлім, 10 ғылыми- клиникалық лаборатория және вивариймен эксперименттік база бар. Институт жүрек және қан- тамыр ауруларын, тыныс алу органдарының патологиясын, көкірек- кеуде хирургиясын, тканьдер мен мүшелерді трансплантациялау әдістерімен емдеу мәселелерін зерттейді. Институттың эксперименттік бөлімінде бауырды, ұйқы безін, бүйректі т.б. трансплатациялау- хирургия мәселесі жөнінде ғыл. – зерт. жұмыстары жүргізіледі. Институт - Респ.пульмонология орталығы. Институтқа 1980 жылы институт негізін құрушы және бірінші директоры, ҚазССР ҒА- ның академигі А. Н. Сызгановтың есімі берілді.
Көріп тұрғандарыңыздай алдарыңызда Амангелді алаңы (бұрынғы Коминтерн алаңы) - Абылай хан даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысқан жерінде орналасқан. 1948 жылы күзде, мұнда қазақ халқының ұлттық батыры, 1916 жылғы Ұлт - азаттық көтерілістің басшысы, Азамат соғысының ардагері, Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күрескер Амангелді Иманов ескерткішінің (1947) төңірегінде салынған. Соц. Құрылыс жылдарында қаланың орталық алаңы осында болды, демонстрациялар, жиындар, әртүрлі салтанаттар мен еңбекшілер серуендері өткізілді. Алаң аса сәулетті үлгімен көгалдандырылып, гүлдер егілген. Жасыл ағаштан дуал жасау, ағаштар мен бұталарды аллеялап және топтап егеу әдісі кеңінен қолданылған.
Осы алаңда орналасқан Амангелді Имановтың ескертіші. Ол 1947жылы Мәметова мен Пастер көшелерінің аралығындағы скверге қойылған. Ескерткіштің ашылк салтанатына ҚазақстанСовет өкіметін орнату мен нығайту жолындағы күрес басшыларының бірі, сов. мемл. және партия қайраткері Ә. Т. Жангелдин қатысты. Амангелді ескерткіші- қаладағы алғашқы монументтердің бірі. Авторлары: мүсінші- Х. Б. Асқар- Сарыджа, архитекторы- Т. Қ. Бәсенов. Амангелді Имановтың салт атты портреті қоладан құйылған. Ескерткіш тұғыры сұр түсті гранит тастан қаланған. Үстіңгі өңіне бұдырлы өрнек түсірілген. Биіктігі- 6 метр. Қола мүсіннің үш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл- қозғалыс ырғағын бейнелейді. Халық батырының киім киісі жинақы, жүзі байсалды, отырысы мығым. Композициялық силуэттің келісімділігі, мүсін үлгісінің сымбаттылығы. Амангелді ескерткішінің басты жетістігі саналады.
«Қазақстан»
Әдебиеттер:
http://ru.wikipedia.org/wiki/
http://www.centralasia-travel.
www.vrs.kz/f_data/vrs.ppt
http://www.zakon.kz/68310-
http://www.kazakhstanhotel.kz/
http://www.almatykurylys.kz/
http://www.kondor-tour.kz/
http://static.zakon.kz/67721-
http://all-hotels.ru/h3772/
Толтырған: Толған уақыты: 20.04.2011ж
Келесі тамашалайтын
объектеріңіз еліміздің мәдени-рухани
әрі көркемдік жедел
Ал, құрметті
қонақтар, ендігі соңғы объектіміз
Алматы 2 теміржолы. Алматы 2 теміржол бекеті
1939 жылы салынған. Архитекторы А.
П. Галкин. 1977 жылы реконструкциядан өтті.
Ғимарат стилі классикалық
Қорытынды
Біздің 3 сағат бойы көрсеткен экскурсиямыз тамәмдалды. Сонымен, сіздер арман қала Алматының Ұлы Жібек жолының бір тармағы болған Райымбек даңғылымен, ежелден белгілі Пушкин көшесімен, тұңғиық тарихы бар Панфилов паркімен, зор даңқты Достық даңғылымен, ғаламдық абыройы бар Ғылым академиясымен, атақты да ардақты Абай алаңы мен Абай даңғылымен, әсем де көрікті Әуезов көшесімен, сауда-көрме орталығы Атакентпен, белгілі ғалым Тимирязев атындағы көшесімен, жаңа ғасырдағы Жаңа алаңымен, сән мен бизнестің орталығы Фурманов көшесісімен, естен кетпес,мәңгі ескірмес Ескі алаңмен, ұлы Абылайхан даңғылымен, тоғыз жолдың торабы АЛМАТЫ-2 бекетімен және ондағы барлық табиғи да, тарихи көне ескерткіштерімен таныстыңыздар. Біздің бүгінгі танымдық мақсаттағы экскурсиямыз өз мақсатына жетіп, сіздерге ұнады деген сенімдеміз!
Сіздерді ендігі кезекте «Таңғажайып Алматы жазықтары», «Әсем қала-Алматы» атты экскурсияларымызға шақырамыз. Бұл экскурсиялар сіздің бүгінгі көрген эскурсияны маңызды ақпараттармен толықтырады. Және «Қала келешегіне көзқарас» атты бейне материалымыз бар. Соны да көріп қайтуларыңызға болады. Ол қаланың келешек көріністерін береді. Біздің “STAR Travel” туристік фирмамыздың сіздерге әрқашанда есігі ашық. Сіздерді тағы да асыға күтеміз.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ