Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)

 ХIХ және ХХ ғасырларда  полюстар маңы игеріліп мұхиттар  зерттелді, Азия құрлығының аз  зерттелген ішкі аудандары назарға  алынды. Орыс саяхатшылары ХIХ ғасырдың басында алғашқы дүниежүзілік саяхаттар жасалды. Олар Н.Ф Кузенштерн және Ю.Ф Лисянскилер (1803-1804) болды, олардың нәтижесінде Тынық мұхиты жаңа аралдар ашылды. Теңізшілер М.П Лазарев, Ф.Ф Биллинсгаузен Аувстралияға, Полинзияға барды және Антрактиданы ашта (1821 ж). Саяхатшы Н.Н Миклухо-Маклай жаңа Гвинеяны толық зерттеді, ал орыс зерттеушілері П.П Семенов-Тянь-Шанский және Н.М Пржевальский т.б. Тянь-Шань, Памир және Монғолия арқылы орталық Азияға ене отырып бұл аймақты игеруіне зор үлестерін қосты.

ХХ ғасырға қарай орыс саяхатшылары мен теңізшілері Азияны көптеген шекараға жақын жатқан географиялық аудандары мен үлкен кеңістіктегі жерлерді, Еуропа мне Азияның барлық жағалауларын, Солтүстік Американың бірталай жағалауларын зерттеп шықты, басқа да жаңалықтар ашты.

Алғашқы туристік орындар                

Көне заманнан бері туристер үшін ерекше орында басты назарда болып келген. Олардың ішінде бәрімізге белгілі әлемнің жеті кереметі де бар. Олар:

  1. Сфинксті қосып алғандағы (қазірге дейін сақталған) көне Египет пирамидалары;
  2. Вавилондағы (қазіргі Ирак) Семирамида аспалы бақтары;
  3. Галикарнастағы (Түркия) мазар;
  4. Олимпиядағы (грекия) Зевс мүсіні;
  5. Колос Родский деп аталатын Гемос мүсіні (Грекияға жақын жатқан Родос аралы);
  6. Александриядағы (Египет) Жұлдызшам (маяк);
  7. Эфестегі (Түркия) Артемидтер храмы немесе Диана храмы.

    Дүниежүзіндегі ерекше  орындарға сондай-ақ Тадж-Махал (Үндістан), Ұлы Қытай қорғаны, Петр Қалашығы (Иордания), Алып пиктограммалар (Перу), Машу-Пиешу қалдықтары (Перу), Боробудур будда храмдар кешені ( Ява аралы) жатады.

Көне заманда осы орындарды көшіру үшін саяхаттар жасалынған. Осы жағдай қазіргі туристердің Ұлы Канъонды, Ниагара сарқырамасы ұлттық парктерді, мұхиттарды, көлдерді және адам қолымен жасалған үлкен қалаларды, мұражайларды, ескерткіштерді аралап көрсететіндігі сияқты нәрсе.

Кеңес одағы кезіндегі туризмнің дамуы         

     Революциядан кейін  бұған дейін өмір сүрген туристік  қозғалыстың ұйымдастыру формалары: Тау клуптары, экскурсиялық комиссиялар мен бюролар, жеке туристік кеңселер т.б. өздерінің өмір сүруін тоқтатты. Алайда 1919 жылдың ақпанында Халық ағарту  комиссириаты  жанындағы  бірыңғай  еңбек мектебі бөлімінде мектептегі бөлімінде мектептегі экскурсия  жұмыстарын жандандыру мақсатында экскурсиялық  секция құрылды. Ересектер арасында туризмді  насихаттаумен бас саяси ағарту кеңесінің экскурсиялық бюросы айналысты. Ол экскурсиялық әдіс- тәсілдемелер жасады, клубтар, кәсіподақтар т.б. ұйымдар жанынан ашылған экскурсиялық мекемелердің қызметтерін үйлестірді. Бұл бюро бірнеше экскурсиялық станциялар ашты. Олардың ішінде әсіресе Петроградта ( 1920 ж.) ашылған «Экскурсанттар үйі» станциясы өз қызметімен ерекше көзге  түседі. Алайда экономикалық  қиын жағдайларға байланысты бұл станциялар көп ұзамай жабылып қалды. Басты себебі  экономикалық  әлеуметтік  жағдай деп  есептейміз.

    1920  жылдың  басында  бұрынғы, революцияға  дейін  болған  Ресейлік туристік қоғамдар ( РТҚ ) қайта жаңғыртып, өз жұмыстарын жалғастыра бастады. 1927 жылдың  басында  жаппай – көпшілік туризмді  дамыту  үшін алғаш Мәскеу  комсомол  комитетінде, кейінірек  Бүкілодақтық комсомол  комитеті  жанынан  туризм  бюролары  ашылды, оған 1928 ж. коммунистер  мен  комсомол мүшелері жаппай  кіре  бастады. Қоғам  жарғысы  бойынша

1928 ж. кезексіз конференция  өткізілді. жаңа  басқарма  сайланды, оның  төрағасы  болып  партия  және  мемлекет  қайраткері Н.В. Крыленко  бекітілді. 1928  жылдан   бастап  РТҚ елдегі  туристік  қозғалыстың  ұйтқысы болды, оның бөлімшелері көптеген басқа қалаларда,  кәсіпорындарда, ұйымдар жанынан  т.б. жерлерде  ашылды. 1929 жылдың  қаңтар  айында  бұл  қоғам  пролетарлық  туризм  қоғамы  болып  қайта  құрылды, жаңа жарғы  қабылданды, Қоғам өзінің  алдына  туризмді  еңбекшілер арасында   кеңінен  таратуды, туризмді  әскерилендіру  арқылы  Кеңестер  Одағының  қорғаныс қабілетін  нығайтуға  көмек  етуді, туризмге өлкетану элементтерін  енгізуді мақсат етіп  қойды. Пролетарлық туризм  қоғамының  бөлімшелері  барлық жерде  ашыла  бастап , мүшелерінің  саны 50 мыңға  жетті  және бір  жылдың  ішінде  жасалған  жорықтарға 300 мың  адам қатысты.  Қоғам  туристік  кадрлар дайындай  бастады  және  өзінің арнайы  басылымдарының  ішінде  «Құрлықта  

және теңізде» журналы шыға бастауы дәлел.

     1920 жылдардың  соңына  қарай  елде  туризмді  ұйымдастырумен   сондай –ақ  Халық  ағарту  комитетінің  шешімімен  1928  ж. Құрылған  « Советский  турист » («Совтур») акционерлік  қоғамы да айналысты.  Оның  мақсаты  Кеңестер  Одағының  барлық ауммағы  бойынша  турбазалар  ашу  және  маршруттар  құру  болды. 1930 ж. Елдегі  туризмді  дамыту   жұмыстарын  жақсарту    мақсатында  Халық  комиссарлар   кеңесі  « Совтур» мен Пролетарлық  туризм қоғамын қосып Пролетарлық  туризм  және  экскурсия  қоғамын  құру  жайлы  шешім  қабылдады. 1934 ж. Халық  ағарту  комитетінің  Орталық  балалар  туристік – экскурсиялық станциясы  құрылды.  Халықаралық  туризм  бойынша  ұйымдастыру  жұмыстарымен  бұл  кезде  1929 ж. 11  сәуірде  Еңбек  және   қорғаныс  кеңесінің  шешімімен  құрылған    Бүкілодақтық  акционерлік  қоғам –« Интурист» айналысты. 1936 ж. Орталық  Атқару  комитеті   туризм  жұмыстарын өз  еркіндігі   негіздегі   қоғам  шеңберінде  қалдыруды  сапасыз  деп    тауып 17  сәуір  күні  туризм  мен  альпинизм  бойынша  барлық  жұмысты  Орталық  Атқару  комитетінің   жанындағы  бүкілодақтық  кәсіподақ  қоғамына  алпинизм, жаппай  туризм, алыс, жақын  маршруттар  бойынша   жорықтар  ұйымдастыруға   басшылық  жасау  тапсырылған  болатын. Бүкілодақтық  кәсіподақ  бұл  мақсат  үшін  Туристік – экскурсиялық   басқарма (ТЭБ) құрды. 1930 жылдары  туристік  кеуде  белгілері, туристік  клубтар  пайда  болды. ТЭБ  көптеген  ұйымдар  мен  оқу   орындарында   туристік   бөлімшелер  құрды  және  жоспарлы  туристік  маршруттар  санын  арттырды, бірқатар  жерлерде  туристік  демалыс  үйлерін  салды және  турбазаларды  жөндеуден  өткізді. Соғыс  кезінде  көптеген  турбазалар  әскери  емхана   ретінде   пайдаланылды.

     1945  жылдан  кейін  ТЭБ-лар  көптеген   басқа  жерлерде   жұмыс  істей   бастады. Жаңадан  турбазалар  ашылды. 1945  ж.  67  туристік   базаларда  40  мың  адам  демалса, ал 1955  ж. Туристік  балалардың  саны  100-ге  жетті. Өз  бетінше  ұйымдастырылатын туристік  жұмыстар  қайта  өрлей   бастады 1949ж. туризм біріңғай   бүкілодақтық  спорт  классификациясына  ендірілді 1950 жылдары  туризм  дене  тәрбиесі   факультеттерінде  жеке  сабақ  болып  ендірілді. 1958  жылдың  маусым  айында  Бүкілодақтық комсомол  комитеті  шетелдік  жастар  ұйымдары   мен  туристер  алмасу   ұйымдастыру және Халықаралық жастар  туризмі   бюросын – «Спутникті»  құру  жайлы  шешім  қабылданды. Туризм сферасы   бойынша  кәсіптік   шеберлікті  жетілдіру  үшін  1970 ж. Сходня  қаласында (Мәскеу  облысы)  туризм -  экскурсия  қызметтерінің  мамандығын  көтеру   үшін  Орталық курстар   ашылып, ол кейіннен, 1982 ж. Туристік- экскурсиялық  ұйымдар  қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру институты болып қайта құрылды.   Көптеген   университеттердің   география  факултетінде  1960-70  жылдары   «Өлкетену  және туризм- өлкетану  жұмыстарын  ұйымдастырудың   әдістері»  мамандығы  ашылды. 1988 ж. турбазалар  мен  қонақ  үйлерде  42  мыңдай  адам  демалды және  экскурсанттардың  саны  207 млн.  адамға  жетті.

        Қазақстандағы  туризмнің  дамып  қалыптасуы

     Қазақстандағы  туризмнің  қалыптасып,  дамуы   1920 жылдардан  кейін  басталды.  Республикада  құрылған  алғашқы  оқу  орны –Абай  атындағы  қазақ  педагогикалық  институтының  дене  дайындығы   кафедрасынан  республика  аумағы  бойынша   жорықтар  ұйымдастырыла  бастады.

Бұл жорықтар шаңғы, тау және жаяу  туризм  бойынша   ұйымдастырылды. Шаңғы  туризмі  бойынша  Іле  Алатауы  және  оның  етегімен  Қырғыз  Алатауы    етегімен  Бурное  селосына  дейін Жамбыл   облысының   Жуалы  ауданының    орталығында  жорықтар  ұйымдастырылды.  Бұл  жорықтарды  ұйымдастырушылар  тау  туризмінің  және альпинизмнің  мамандары  болды (Белоглазов, Зимин т.б.). Жаяу  туризм  бойынша   жорықтар  Іле  Алатауы  арқылы  Қырғызстан  аумағына  ұйымдастырылды. ( Сонгкөл, Нарын, Буан  шатқалы, Көкшелтау т.б .) Бұндай  жорықтарға  институт  студенттері  де  қатысты. Жорықтар 1941 жылға дейін  жалғасып  тұрды.

    Кейінірек 60- жылдары Алматы  дене шынықтыру институтынан  туризм (спорт ретінде) кафедрасы  ашылды  және 1950 жылдардан бастап  республика бойынша республикалық, облыстық, қалалық туристік кеңестер, комитеттер, оқушылар станциялары жұмыс істей бастады. 1968 жылдары алғашқы шетелдік туристер қабылданды. Олармен жасалған жорық ( Чехославакия туристері) қырғыздың Тюп, Қаракөл қалаларына жасалынды. Оларды бастап барушылар көп жылдар бойы жасөспірімдер туристік станциясында жұмыс істеген Абдамбаев С.С. Жездібаев Т.К. болды. 1990 жылдан кейін, Қазақстан мемлекет дәрежесіне өткен соң туризм, жастар ісі және спорт министірлігі құрылды. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университеттегі (бұрынғы қазақ педагогикалық институты) география-экология факультетінде республика, тіпті ТМД көлемінде алғашқылардың бірі болып туризм мамандығы және кафедрасы ашылды. Бұл мамандық бойынша екі түрдегі бағытпен («халықаралық туризм» және «география туризм») мамандар дайындала бастады. Мақсат туристік жұмыстарды ұйымдастырушы кадрларды және халық шаруашылығының перспективалы бағыты ретінде туризмнің кәсіпорындарында жүргізілетін шаруашылық, қаржылық жұмыстар үшін мамандар дайындау қолға алынды. Қазіргі кезде республика жоғары оқу орындарында 050902- Туризм және 050116- География мамандықтары бойынша туризм менеджерлері мен география пәні мұғалімі және туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырушы мамандар даярлануда. Бір кездері қауырт жабылған балалар мен жасөспірімдер станциялары, орталықтары қайтадан ашылуда.

   Республикада балалар мен  жасөспірімдер және жастар туризмі  оқу-тәрбие құралына айналатын  кезең туды. Жоғары оқу орындарында  әсіресе педагогикалық - туризм өлкетану пәндері арнайы курс, негізгі пән ретінде оқытылды. Бұл жағдай Қазақстан туризмнің даму болашағын көрсетеді.  

Қазіргі қалыптасқан халықаралық ұғым бойынша «туризм» дегеніміз  адамдардың  әртүрлі  мақсатпен  басқа  елдерде, аймақтарда, аймақтарда уақытша  болуын  қамтамасыз  ететін қоғамдық  қатынастар мен жұмыстардың   және  материалдық  орындардың  жиынтығы.  Дүние  жүзілік   туристік   ұйымның  бергені  бойынша  « турист» дегеніміз әртүрлі  мақсатпен  (көңіл көтеру, емделу, кәсіптік қызмет, конференцияға т.б ) басқа  елдерде  24 сағаттан  артық мерзімде  уақытша  болатын  адамдар.  Сонымен  қатар  туристер  қатарында  мына  категориядағы  адамдар  жатпайды:

1.Белгілі бір елге  барып, онда тұрақтап  жатқан адамдар

2.Контракт бойынша келісіп, жұмыс жасап жатқан адамдар

3.Ұзақ мерзімдегі оқу  және  мамандығын көтеріп  жатқан адамдар

4.Босқындар

5.Әскери континент  құрамындағылар

6. Иммигрант

7.Консулдық және  елшілік (дипломаттар) қызметкерлері 

   Туризмге  қатысты  негізгі терминдер:

1.Ботель – су  саяхаттары  бойынша  су  объектілерінің  жағасында                        орналасқан   қонақжайлық  кәсіпорын. Жүзу  құралдарын  жөндеу  мен  сақтау  үшін  техникалық  жағынан  жарақтандырады.

2.Ваучер – халықаралық туризм  бойынша  туристік фирманың  туристерге  беретін  оның  көрсетілетін  қызмет  түрлері  үшін  ақы төлегенін  дәлелдейтін  ордері  немесе   квитанциясы. Финанстық  құжат.

3.Туризмнің  географиясы – туристік  объектілердің, ресустардың  комплекстердің  белгілі бір  аймақ бойнша  таралуын  және  орналасу ретін  анықтаумен  айналысатын  географияның  бір бөлімі.

4.Туристік  индустрия – туристік  қызмет  көрсетумен  тауарларды   өндірумен,  бөлуге, материалдық – техникалық туризм базасын  жасаумен, туристік  - рекреациялық  ресустарды  игерумен  айналысатын

кәсіпорындардың, мекемелермен ұйымдардың  жиынтығы. Салыстырмалы  түрде  бұл  кәсіпорындар  мен  мекемелер 4 топқа бөлінеді:

А) Машруттарда  және  демалыс  орындарында  кешенді  туристік  экскурсиялық  қызмет  көрсету  мен   айналысатын  кәсіпорындар.

Б) Жанама түрде. Қосымша тұрмыстық, мәдени тұрмыстық, сауда көліктік,  қонақ үй  емдеу  т.б  қызмет көрсету орындары;

В) Туризмнің  материалдық – техникалық  базасын  жасауға  қойылатын, ол  үшін  қажетті  шикізат, құрал – жабдықтар  шығарумен  айналысатын кәсіпорындар;

Г) Туризм  сферасы  үшін  кәсіптік мамандар  дайындап  шығаратын   және  олардың  мамандықтарын  көтеретін  оқу  орындары.

Туристік  кәсіпорындардың  жиынтығы  туристік  инфрақұрылым   деп аталады.

Туристік  индустрия  ел  экономикасы  мен шаруашылық  комплекстерінің   қалыптасып  дамуына  үлкен  ықпал  етеді. Ол  мыналардан көрінеді: жергілікті  жердің   түсетін  пайдасын  ұлғайтады, жаңа  жұмыс  орындарын жасайды, туристік  қызмет  етумен   байланысты  барлық  салаларды  дамытады, туристік  орталықтарда  әлеументтік  өндіріс  инфрақұрылымын  жақсартады, мәдениеттің   дамуы  мен  халық  кәсіпкершілігінің  қызметін  жеделдетеді,  валюталық  табыстарды  ұлғайтады  және  халықтың  тұрмыс  деңгейін  көтеріп,

жұмыспен  қамтамасыз  етеді .

    5.Инклюзивтур – туристердің  тұратын  жерінен  бастапқы  пунктердік  және  кері  қарай   барлық  көрсетілетін туристік  қызмет түрлерінің  тұтастай  жиынтығы. Өзінің  мерзімі  сапалық және  сандық  ерекшіліктері  бағасы  болады

    6.Караванинг – саяхаттарды  түнеу  үшін  қажетті  автофургоны  бар  автомобильдер .

    7. Кемпинг – автотуристерге  арналған  маусымдық  кәсіпорын.

Туристер жазғы жайларда орналасады. Электрмен, сумен, автомашиналарды жуумен  және жөндеумен  қамтамасыз  етіледі. Автомашиналар  қоятын орындары бар. Бұл  жерде  қосымша қызмет  көрсететін  тамақтану, сауда, кір  жуу, байланыс, спорт, прокат орындары болуы  мүмкін. Кейбір кемпингтер қонақ үйлердің, тупбазалардың, мотельдердің  құрамына  кіреді. Кемпингтер туристік  маршруттар  бойында, курорттық  аудандар  мен  туристік  орталықтарда  салынады.

    8.Комбинациялық   маршрут- туризмнің әр  түріне жататын  қозғалыс  түрлерін  (теміржол, автобус, су  жолы, жаяу  жүріс, тау  шаңғысы  т.б.)  өзбойын да біріктіретін туристік жорықтардың, экскурсиялардың, саяхаттардың маршруты.

     9. Халықаралық  туристік ұйымдар – туристік, дүниежүзілік және аймақтық тәуелсіз және үкіметтер  аралық құрылымдар. Мақсаттары: туризм саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, туризм ісіндегі  саясатты ыңғайластыру. Дүние жүзіндегі бірінші туристік ұйым – 1898 ж.  Люксембургте  құрылған туристік ассоциациялардың халықаралық лигасы.

Дүние  жүзі  бойынша 10 - ге  тарта  халықаралық  туристік  ұйымдар  жұмыс  істейді. Олардың  ішіндегі  ең  ірілері:   Дүние  жүзілік   туристік  ұйым. Туристік агенттер  ассоциациялардың дүние  жүзілік   федерациясы, туристік  агенттердің  дүние  жүзілік  ассоциациясы, экскурсиялар мен  турлардың халықаралық ассоциациясы, туро пера торлардың   халықаралық  федерациясы.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы