Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа
Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.
КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША
Ортақ риныктың туристік ассоциациясы, латын Америкасы туристік ұйымдарының конфедерациясы. Бұл ұйымдардың өздерінің жарғысы нақты мақсаттары мен міндеттері құрылым формалары бар. Олардың қызметі туристік компаниялардың мүдделерің қорғауға, әр түрлі конфликтік ситуациаларды шешуге бағытталған.
10. Мотель – автотуристерге арналған қонақ үйлер. Ірі автомобиль жолдарының бойында орналасады немесе туристік орталықтар құрамына кіреді. Тұрақтары, автожағармайлары, техникалық қызмет орындары бар. Орташа сыйымдылығы 100-300 орындық.
11. Туристік обьект – территориялық кеңістікте өзіндік –бір орны бар, ерекше туристік қасиеттерге ие ( тарихи – мемориалдық, мәдени – эстетикалық, танымдық т.б), туристердің әр түрлі мақсатпен уақытша болатын жерлер. Тарихи, табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік объектілер болып бөлінеді. Тарихи туристік объектілерге археологиялық орындар (көне қалалар қалдықтары), көне қалалар, көне мазарлар мен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синогогтар, монастырлар т.б. тарих ескерткіштер жатады. Табиғи туристік обьектілерге табиғаттың көрікті жерлері, табиғи ескерткіштері, ірі географиялық обьектілер, ал әлеуметтік- экономикалық туристік объектілерге қазіргі заманғы сәулетті үйлер мен құрылыстар, музейлер, мемориальдық орындар, шаруашылықтың негізгі салаларына жататын, көрнекті кәсіпорындар қатысты.
12.Туристік ағын – белгілі - бір мерзім ішінде белгіл і- бір туристер санының белгілі- бір туристік аймақтар мен орталықтарға бару бағыты.
13.Рекреация - адамдардың демалу, емделу, туризммен айналысу барысында рухани, дене күштерін қалпына келтіріп, дамыту. Рекреацияның дамуы халықтың тұрмыс деңгейіне, урбандалуға рекреациялық ресурстардың болуына олардың көліктік тиімділігіне байланысты. Рекреациялық ресурстарға климат, жер бедері, жер беті сулары, минералды, термальды су көздері, өсімдік жамылғысы жатады. Рекреацияны емдік- сауықтыру, спорттық және танымдық деп бөледі. Бұлардың ішінде рекреация үшін алғашқы екеуінің, ең бірінші
алғашқысының маңызы зор.
14.Туризмдегі маусымдылық - жергілікті жердің табиғи - климаттық жағдайларымен, жыл мерзімімен т.б. факторлармен анықталатын туристік іс- шаралар мерзімі. Туристік маусымдардың ішінде ең маңыздысы жазғы маусым, бұл кезде ең жоғарғы туристік активтілік байқалады.
15.Трэвел- чек –
халықаралық туризмдегі ірі
16.Тур- (саяхат, сапар) алдын- ала жоспарланатын, белгілі- бір мерзім, маршрут, қызмет түрлері бар, бірыңғай баға бойынша туроператор (туристікфирма) арқылы ұйымдастырылатын туристік саяхат.
17.Тур агент- комиссиялық табыс табу мақсатымен қонақ үйлердің, көліктік компаниялардың т.б. қызмет көрсету орындарының жеке қызмет түрлерін, турларды( саяхаттарды) жеке баға бойынша клиенттерге сатуды жүзеге асатын аралық фирмалар.
18.Туриада- әр түрлі іс – шараламен (экскурсиялармен, слеттармен, жарыстармен т.б.) қатар жүргізілетін, бірнеше туристік топтар қатысатын, туризмнің бір немесе бірнеше түрлері бойынша өткізілетін көп күндік жорықтар жиынтығы. Туриадаларды туристік клубтар т.б. ұйымдар өткізеді.
19.Туристік баланс – белгілі бір елдің шет ел туристерін күтуге кеткен шығыны мен өз азаматтарының шет елдерге туристік сапарлаға кеткен шығыны арасындағы айырмашылық. Бұған адамдар (туристер) сандарының арақатынасыда кіреді (баратын және келіп жатқан немесе активті және пассивті ).
20.Туристік оператор - жеке саяхаттарды арендалық және тұтастай қонақ үй қызметтерін т.б. қызмет орындарын сатып алу негізінде ұйымдастыратын (жасақ - тайтын) туристік кәсіпорын. «Кешенділік туристік өнімді» туроператор өзінің іс- әрекеті және туристік агенттіктер арқылы жүргізеді.
21.Флотель – жүзіп жүретін маусымдық қонақжай: дебаркадер, баржа, теплоход. Туристерді жайластырып, тамақтандырумен т.б. қамтамасыз етеді.
Флотельдер ландшафтардың бағалылығы не болмаса жағалау сипаты тұрақты қонақжай кәсіпорын салуға мүмкіндік бермейтін жағдайда пайдалады. Туризмнің классификциясы. Туризм негізінен 3 түрлі критерий бойынша бөлінеді.
Туризм қоғамда бір атқаратын белгілі – бір рөліне байланысты төмендегі топ тарға бөлінеді:
1) Халықаралық туризм – мемлекетаралық, корпоративті және регионлы ( аймақтық ) келісімдер негізінде елдер арасында туристер алмасумен, туристерді басқа елдерге жіберумен және басқа елдерден туристер қабылдаумен айналысатын жұмыстардың жиынтығын білдіреді.
2) Ішкі туризм – бір мемлекет көлеміндегі жеке аймақтар, аудандар арасындағы туристік ағын, инфрақұрылым, қызмет ету жиынтығы болып саналады.
3) Мектеп туризмі – оқушыларға тәрбие беру, білімдерін жетілдіру, оларды болашақ туристік кәсіпке баулу мақсатында мектеп көлемінде ұйымдастырылатын туризм сферасындағы жұмыстар жиынтығы болып саналады.
Туристердің алдарына қойған мақсат, мүдделері бойынша туризм мынандай түрлерге бөлінеді. 1) Экскурсиялық немесе танымдық туризм- туристердің белгілі – бір жердің табиғи ерекшеліктерімен, тарихи- мәдени орындарымен, ұлттық - этнографиялық ерекшеліктерімен танысуын қамтамсыз ететін жұмыстар.
2) Курорттық туризм – туристердің демалысын, емделуін белгілі - бір жерде қамтамсыз ету жұмыстар жиынтығы.
3) Спорттық туризм - туристердің спорттық мақсатта жорықтарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастыратын жұмыстар тобы.
Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне және туристік жорықтар кезіндегі қолданылатын транспорттық құралдардың жеке түрлеріне байланысты туризм мынадай түрлерден тұрады.
Көп жағдайларда
үңгір аймағында базалық
Туризмнің жұмыс істеу формалары
Туризмнің жұмыс істеу формаларының негізгілерінің бірі – саяхаттар. Алыс жерлерге түрлі көлік арқылы бару, түрлі мақсаттармен түпкі немесе соңғы пункте белгілі бір мерзім ішінде болу және бастапқы пункте қайту көлік түріне байланысыты. Көлік (транспорт) түрлері бойынша темір жол, әуе, круиздық (теңіз, көл, өзен саяхаттары), автомобиль саяхаттары болып бөлінеді. Туризмнің екінші негізгі жұмыс істеу формасы – туристік жорықтар. Алдын–ала құрылатын белгілі-бір маршрут бойынша, (танымдық, сауығу, спорттық жаттығу т.б.) әр түрлі мақсатпен белгілі - бір мерзімді, қозғалыстың активті түріне негізделген туристік іс шара. Туристік жорықтар бір-екі күндік ( көбінесе демалыс күнгі жорықтар деп аталатын), көп күндік, спорттық немесе категориялық деп және туризмнің жеке түрлері бойынша (тау, жаяу, су т.б.) бөлінеді. Туристік жорықтарға тән негізгі нәрселер: алғашқы денсаулық дайндығы, азық – түлікті, құрал-жабдықтарды дайындау, кедергілерді жеңу, жорықтар кезінде, дала жағдайында тамақтануды ұйымдастыру, демалыс орындарын дала жағдайында дайындау, қауіпсіздікті сақтау т.б. жорық ұйымдастырылған кезде арнайы тіркеулерден өту керек. Жорық біткен соң ол туралы есеп беру.
Туризмнің жұмыс істеу формасының келесі түрі - экскурсиялар. Экскурсиялар жеке түрдеде және туристік саяхаттар құрамында да (әсіресе куриздік саяхаттарда) қызмет ете береді. Экскурсанттарды қай жерден келгенін, кәсіптік құрамын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың талап тілектері бойынша, белгілі бір экскурсиялық, тарихи-мәдени, туристік орындарда экскурсия жүргізушінің әңгіме өткізуі, көрсету экскурсиялардың түрлері қай жерде өткізілетініне байланысты табиғи тақырыпқа байланысты өткізілетін, кәсіпорындарда өткізілетін, (геологиялық, музыкалық құралдар музейлері, әдебиет тану, көркем – сурет т.б.) тақырыптық, мұражайлық және қалалық болып көрінеді. Туристік іс-шаралар түрінде жүргізілетін туризмнің белгілі-бір дәрежеде қолданылатын формасы – туризм сферасы бойынша өткізілетін спорттық жарыстар. Туризм бойынша 4 түрде өткізіледі. Олар:
Туризмнің басқа ғылымдар мен байланысы
Туризм ең алдымен география ғылымымен байланысты. Өйткені география аумақтық жеке ерекшеліктерді, оның ішінде туристік ресурстар мен объектілердің белгілі-бір аумақта таралу ерекшеліктерін зерттейді. Одан басқа география ғылымы жалпы географиялық заңдылықтарды (зоналық, температураның жер беті бойынша тарлуы, күн радияциясының жер беті бойынша таралу мөлшерлері т.б.) зерттеумен айналысады. Ал мұның туризм үшін, әсіресе рекреациялық немесе курорттық туризм үшін маңызы зор. Екінші, туризм тарих ғылымымен байланысты. Өйткені туристер, туристік топтар, саяхаттар, экскурсиялар кезінде тарихи ескрткіштер мен нысандар мен танысады, халықтық тарихи кезеңдермен таныс болады. Экскурсиялар, саяхаттар кезінде өнер туындыларымен, құрылыс өнерімен туристерді таныстыруға тура келеді. Сондықтан туризм ішінара, белгілі-бір дәрежеде өнер тану мен байланысты. Келесі кезекте туризм өлкетану мен байланысты. Бұған себеп туризм мен өлкетанудың кейбір мақсаттары (мысалы танымдық мақсат ) ортақ. Екеуінеде бірдей жұмыс істеу формалары бар (экскурсия, туристік жорық, саяхаттар) және туримз мен өлке тануға бағытталған жұмыстар көбінесе бірігіп атқарылады (туристік- өлкетану жұмыстары).
Туризм сонымен қатар белгілі-бір дәрежеде этнографиямен қатысты. Өйткені туристер өздері болатын елдерде, жерлерде сол жерлердегі түпкілікті, тұрақты тұрғындардың, халықтардың ұлттық, этнографиялық (тілі, діні, салт-санасы, тарихы, мәдениеті, музикасы, әдебиеті т.б.) ерекшеліктері мен танысады. Этнографиялық мұражайларды аралап, адамдардың өмір салты мен танысады.