Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)

      3.4-баптарда Туристік қызмет субъектілері мен объектілері, Туристік индустрия түсініктері берілген.

         Туристік қызмет субъектілеріне: туристік операторлар, туристік агенттер, гидтер, экскурсант-туристер жатады. Туристік нысаналарға-табиғи және тарихи, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени көрсету нысаналары т.б. бөгде нысаналарды жатқызамыз.

      Туристік индустрия турист-экскурсантарға көрсетілетін қызмет, іс әрекеттер жиынтығы деп көрсетілген.

Туристік индустриядағы қызмет көрсету түрлері сан алуан. Оларға турларды, экскурсиялық қызметтен басқа, орналастыру, тамақтану,

жарнамалық - ақпараттық қызмет көрсету, көлік, ойын-сауық өзге де туристік қызмет көрсетулерді жатқызамыз.

Туристік ресурстар анықтамасы 5-бапта көрсетілген туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерінде. Туризмнің ұйымдық нысандарынан: Халықаралық және ішкі туризм деп қарастырады. Басқа түрлерінен тек қана әлеуметтік, экологиялық, шытыман оқиғалы, спорттық, іскерлік, емдеу-сауықтыру, мәдени — танымдық, діни түрлеріне тоқталады.

    "Туристік қызмет" заңының 2-тарауы. Туристік қызметті мемлекеттік реттеуге арналған. Бұл тарау 7 баптан тұрады. Туристік қызметтің мемлекеттік реттеу принциптері 8-бапта айтылған туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, басым бағыттарын айқындау және қолдану мемлекет тұрғысынан қолға алынуға тиістілігі жазылған. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудегі мақсаттары мен тәсілдері, бағыттары 9-бапта көрсетілген.

     Негізгі мақсаттарының бірі: қоршаған ортаны қорғауға, туристік индустрияны дамыту, тәрбие мен білім беруге, емдік сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы үкіметінің құзыреті (10-бап) Мемлекеттік бағдарлама, оның орындалуы, туристік қызмет саласьшдағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілеулері, лицензилау, т.б. Саяхаттық іс әрекеттері ретке келтіру құзыреттеріне тоқталған.

11-баптағы Уәкілетті органның  қүзыреті мемлекеттік басқару  функциясы туралы мәліметтер  берілген. Қазақстанда уәкілеттік  орган Туризм және спорт агенттігі. Бүл агенттіктің іс әрекеті  туралы мәііметтер толығымен  берілген.

       Уәкілеттік органнан басқа жергілікті атқарушы орган құзыреті 12-бапта айқындалған. Қазақстан Республикасы жағдайында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті облыс, қала, аудандық департамент, комитеттер арқылы іс жүзінде асырылады. Олардың құзырында туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, орындалуын қадағалау, туристік қызмет көрсету рыногын талдау, туристік нысаналарды қадағалау, туристік фирмалар жұмысын реттеу, көмек көрсету, уәкілетті орган лицензиялау жөніндегі өкілеттік берген кезде кейбір қызмет түрлеріне лицензия беруді жүргізеді.

      Туризм жөніндегі кеңес (13-бап) туристік ақпарат орталығы (14-бап) туризм жөніндегі кеңес консультациялық-кеңесші орган ретіндегі үкімет жанынан құрылуы, туристік ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы үкіметі белгілейтін тәртіппен құрылған ұйым республикадағы туризм индустриясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

        "Туристік қызмет" туралы заңның 3-тарауы туристік қызметті ұйымдастыру болып саналады. Туристік қызметті лицензиялау (15-бап) туристердің құқықтары мен түрлерін қорғау мақсатында Қазақстан территориясында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау қажет. Лицензия - рүқсат беру қүжаты, лицензия алу, оның қолданылуы заң түрінде қорғалады. Уәкілетті органның лицензияны тоқтата түру туралы шешімін сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Лицензияның басты мақсаты туристік іс әрекеттермен мамандандырылған, туристік қызмет көрсету дайындығынан өткен жеке және заңды тұлғалардың жұмысын үйлестіру, қорғау туристердің мүддесін құқықтық нормаларын ескеру болып саналады.

      "Туристік қызмет" заңының 16-бап мазмұнында туристік қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау қарастырылып отыр. Туристік индустрияда қызмет көрсету міндетті сертификаттауға жататындығы айтылған.

Туристік қызмет көрсету шарты (17 бап) шарт негізінде жазбаша жасалады. Оның алдына қояр талаптары төмендегідей: 1 .Туристік қызмет туралы ақпарат, түрған жері, банктегі деректемелері; 2.Туристік   өнімді   өткізу   үшін   қажетті   көлемде   турист   туралы    мәліметтер;

З.Туристік өнім бағасы және оны төлеу тәртібі; 4.Талаптардың құқықтық міндеттері және жауапкершілігі; З.Шартты өзгерту, бұзу жағдайлары т.б.

Көптеген мәселелер қамтылуы тиісті, бүл бапта талаптардан басқа екі жақтың (турист және туристік өнім үсынушы) міндеттері мен құқығы қарастырылады.

   Егерде шарт орындалмаған, жартылай орындалған жағдайда, залалдар мен моральдық шығынды өтеу, туристік қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары 18-бапта қарастырылған.

Туристік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік айтылған туристік қызмет туралы заңдарды бүзуға кінәлі түлғалар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

2. 2 Туристік-рекреациялық ресурстар

 

   Туристік ресурстар дегеніміз белгілі - бір территориядағы (аумақтағы) туризмді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік беретін табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметті - экономикалық нысандардың жиынтығы. Туристік ресурстарды табиғи, тарихи - мәдени және әлеуметтік - экономикалық деп екі топқа бөліп қарайды. Бұл топтарды туристік ресурстар жағдайын анықтайтын (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) факторлар ретінде де қарастыруға болады. Бірінші топқа көрікті табиғи орындар (ландшафтар), рекреациялық орындар, тарихи - мәдени және табиғи (табиғат ескерткіштері) экскурсиялық нысаналар, климаттық көрсеткіштер (температура, радиацил), теңіз, көл және мұхит жағаларының болуы мен олардың адамдардың демалысы үшін жарамдылығы жатады. Бүл жерде рекреация деген ұғымның мағынасын айта кету керек. Рекреация — адамдардын демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы олардьщ рухани және дене күшін қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар. Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климат жағдайы, жер бедері, минералды және термальды бұлақтар және өсімдік жамылғысы жатады.

Туристік ресурстардың екінші, әлеуметтік-экономикалық тобына белгілі-бір аумақтардағы туризмді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған курорттар, туристік базалар, пансионатар, демалыс үйлері, санаториялар, көлік, қонақ үйлер, тамақтану орындары, қосымша туристік инфрақұрылым — арнайы дүкендер, байланыс бөлімшелері, емдеу мекемелері, ойын-сауық және сауықтыру (стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер т.б.) спорт орындары тиісті. Бүл топқа сондай-ақ қаражаттың және еңбек ресурстары да катысты. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері (тұрғын үй жағдайы, ұлттық тағамдары мен киімі, кәсібі, қолөнері, музыка мен фольклор, ұлттық ойындар) мен салт-сана, әдет-ғүрыптары мен халықтық, ұлттық мейрамдарын осы екініші топқа енгізуге болады. Жалпы туристік ресурстарға баға берген кезде территориялардың (аумақгың) табиғи-эстетикалық жағына, олардың тартымдылығы мен қайталанбастығына көңіл бөлу керек, өйткені олар аумақтың туризм бойынша функционалдық сапасын анықтайды. Бұл жерде қолайлы климаттық жағдайлардың рөлі жоғары және аумақ табиғатының аз өзгеру жағдайы ерекше орын алады.

Туристік ресустарға қатысты келесі ұғым — туристік мүмкіндіктер. Туристік мүмкіндіктер дегеніміз белгілі-бір территориялардағы туризмді қальштастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептер мен қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан орындар мен факторлардың жиынтығы. Туристік ресурстардың таралуына байланысты оларды аудандастыру жүргізіледі. Туристік аудандастыру — аумақтағы туризмге байланысты географиялық ақпараттарды жүйелендіруге және ол аумақтағы туризмнің даму зандылықтарын анықтауға байланысты жеке аудандарды анықтап, бөлу. Туристік аудандастыру аумақтың барлық бөліктеріндегі туризмнің жағдайы, факторлары және болашағы жайлы толық түсінік алуға, оларға байланысты жеке аумақтық ерекшеліктерді бір-бірімен салыстыруға және бұл мәліметтерді туризмді жоспарлау мен басқаруда пайдалануға мүмкіндік береді. Туристік ресурстардың, туристік нысандардың-аралуы дегеніміз олардың баска объектермен және бір-бірімен  салыстыргандағы белгілі-бір аумақтардағы орналасу реті мен жиілігі болу жағдайы. Туристік аудандастыру кезінде әр түрлі таксономикалық рангадағы аумақтық бірліктер бөлініп шығарылады. Олар маңыздылығы жағынан жалпы мемлекеттік (республикалық), дүние жүзілік және жергілікті болуы мүмкін. Ондай аумақтық бірліктерге — туристік-рекреациялық зоналар, туристік аудандар немесе орталықгар жатады.

Туристік рекреациялық зона — көбіне ұзына бойы орналасқан, көрікті, көгалды жерлердегі, тау іші және тау етегі аумақтардағы, көл, бөгендер, теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір және автомобиль жолдарының бойындағы, рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс орындары т.б.) қосымша туристік қызмет орындары және экскурсиялық орындар бар адамдардың танымдық, демалыстық, емделу-сауықгыру қажеттіліктерін камтамасыз ететін аумақгар. Туристік-рекреациялық зоналарға мысал ретінде Іле Ала-тауы бойын, Шортанды-Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге дейін) жөне Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауы, Қырым жағалауларын т.б. айтуға болады.

          Қазақстанның  бүгінгі әлеуметтік – экономикалық  жағдайынан туындап отырған табиғатты  тиімді пайдалану, табиғатты қорғаудың  күрделі проблемаларын шешеу  жолында географияның басқа да қосымша шараларын тауып, іске қосу мүмкіндіктерін іздестіруде.

     Мәселен: әкімшілік аудандардың  табиғи ресурстарын үнемдеу мен  сақтандыру бағытындағы эксперттік қорытындылау; табиғи ресурстарының тауарлық құнын анықтау; олардың ландшафтық-маркетингтік, табиғи қорғауды бағалау – маркетингтік карталарын жасау, жеке аймақтардың табиғи ресурстар көзін, әлеуметтік нарықтық құнын есептеп шығару; болашақта табиғи ресурстарын экономикалық игеруде оның адамдардың денсаулығына әсерін экологиялық тұрғыда болжау; өндірістік саладағы мәдени ландшафтардың жоғарғы биологиялық өнімділігін арттыру, сақтау, экологиялық тұрақтылығы мен эститекалық тартымдылығы ескерілетін жобалар жасау; табиғатты қорғау бағытындағы «экологиялық соқпақ» маршрутын ұйымдастыру; әдістемелік көмек беру және т.б. Сонымен бірге жүйе қызметінің негізгі міндетінің бірі – халық арсында табиғатты қорғау білімін насихаттау мен экологиялық тәрбие беру мәселесі.

    Туристік аудан немесе туристік орталық — өзінде және төңірегіндегі орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет кешені қалыптасқан аумақ, табиғи нысан, қала. Туристік ресурстар мен нысандар туристік аудандардьң немесе орталықтардың төңірегіне шоғырланып орналасады. Олар: туристік базалар, қонақ үйлер, пансионаттар, туристік және экскурсиялық нысандар тамақтану және сауда, спорт орындары т.б. Туристік орталықтарға Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Ялта, Бұхара, Сергиев ІІосад, Алматы, Псков, Самарқанд, Суздаль, Бакуриани, Юрмала қалалары, Эльбурс маңы жатады. Туристік аудандар туристік-рекреациялық зоналар бойында да орналасады. Оған мысал Ресейдің Кара теңіз бойындағы (Краснодар өлкесі) Сочи ауданы және Қырым туристік-рекреациялық зонасындағы Ялта туристік ауданы.

Туристік ресурстар бойынша ерекше орынды туристік нысандар алады. Туристік нысан — аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи-мемориалдық, мәдени-эстетикалық және танымдық мәңге, қасиетке ие, осыған байланысты туристердің көңілін аудартып, олардың өзіңде болуына жағдай жасайтын жерлер. Туристік нысандарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады.

1)    Табиғи туристік нысандар.  Олар:  табиғаттың көрікгі жерлері, рекреациялық орындар, физикалық-географиялық объектілер; шағын көлдер- (Көлсай көлдері, Қайыңды, Үлкен Алматы көлі т.б.); өзендер — (Ертіс, Бзыбь, Кивач, Чусовая, Белая, Чулышман, Катунь т.б.); табиғат ескерткіштері. Табиғат ескерткіштеріне сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер (Шетен орманы, Таутүрген шыршалары т.б.), әр түрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты мүсіндер (Оқжетпес, Шайтан тас т.б.), өзен    каньондары (Шарын, Калорадо каньондары т.б.), сарқырамалар (суқұламалар), үңгірлер, вулкан кратерлері.

2)   Тарихи туристік объектілер. Олар: қалалардың көне кварталдары, археологиялық    орындар,    көне    мешіттер,    мазарлар,    шіркеулер, монастырлар, үңгір монастырлері (Киево-Печерска лаврасы), храмдар, синогогтар, пагодалар, мемориалдық-тарихи ескерткіштер, костелдер, тастағы таңбалар мен жазулар, қалашықтар, камалдар, сарайлар т.б.

3)    Әлеуметтіх-экономикалық туристік нысандар. Оларға адам қолымен жасалған көрікті орындардың барлығы, олардың ішінде қазіргі заманғы сәулетті үйлер, ірі-ірі комплекстер (кешендер), ботаникалық бақтар,

дендрарийлер, мұражайлар, делфинарийлер, океанарийлер, диснейлендтер т.б. жатады. Бұлардың қүрамына сондай-ақ шаруашылықтың негізгі салаларына жататын кейбір кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қазақстанның мысалында туристер мен экскурсанттар үшін тамақ өнеркәсібі және түсті металургия салаларына катысты кәсіпорындарды пайдалануға болады. Алайда нарықтық экономика жағдайында бұл іске аса мән бермейді. Өйткені кәсіпорындар сұраныс пен оның рыноктағы өзгерісіне байланысты жүмыс істейді.

Туристік аудандастырудың таксаномикалық рангасышың бірі — туристік-рекреациялық зонаға мысал ретінде Ресейдің Краснодар өлкесінің және Грузияның Кара теңіз жағалауының туристік рекреациялық зонабы, Ыстықкөл курорты, аймағы Алакөл-Балкаш, Көкшетау туристік рекреациялық аймақтарын айтуға болады.

Табиғи-мәдени    туристік    ресурстарға    жататын    рекреациялық ресурстарды төмендегідей жағдайда бөлуге болады:

1)  Емдік ресурстар: минералды сулар, емдік батпақтар, климаттық жағдайлар мен көрсеткіштер.

2) Демалыс-сауықтыру ресурстары: қолайлы ландшафтық-климаттық жағдайлар, өзен-көл торы, теңіз жағалаулары, су қоймалары.

3) Спорттық   туризм   ресурстары:    категориялық   маршруттар. Рекреациялық ресурстар бірнеше қасиеттер бойынша ерекшеленеді. Комфорттылық — ресурстың туризм мен демалыстың нақты түріне деген    сұранысқа    сәйкес    келу    деңгейін    анықтайтнн    қасиет. Сыйымдылық — ресурстардың үзақ уақыт ішінде адамдардың көптеген топтарының демалысқа деген кажеттіліктерін қанағатгандыру үшін жарамдылық жағдайы және түрлі туристік ағьшдарды өткізу кабілеті. Сыйымдылықты      сондай-ақ      табиғи-рекреациялық      ресурстарға түсірілетін күш көлемі де анықгайды. Сондықтан ресурстарды пайдалануды ұтымды түрде реттеп отыру туристік қызмет үшін қажетті операция болып табылады. Ол ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, табиғи ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтайды. Аттрактивтілік - ресурстардың қайталанбастығы, пейзаждық көп түрлілігі (көп келбеттілік), олардан маусымға және т.б. байланысты ерекше табиғи қасиеттердің болуы, жер бедерінің тарамдалу сипаты, көркемдігі (орман-тоғайлардың, сулы жерлердің көп болуы т.б.)- Тиімділік — ресурстарды туризм сферасы (саласы) бойынша игеріп, пайдаланудың мүмкін болатын нақты әлеуметтік-экономикалық ұтым. Комплекстілік (кешендік) — ресурстардың туризм мен демалыстың әр түрлері үшін пайдалануға жарамдылығы. Әлеументтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық туристік ресурстар ірі капиталдарды, инвестицияларды, еңбек, каражат, өңдіріс көздерін қажет етеді. Оларсыз туризм индустриясының негізгі элементтерінің; тасымалдаушы, орналастырудың (жататын орны), тамақтандыру мен сауықгырудың қалыпты жүмыс істеуі және сондай-ақ туристік инфрақұрылымның дамуы мүмкін емес. Тиісті туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда көлік пен байланысты қатынас қүралдарын жетілдіріп дамыту маңызды нәрсе. Ол үшін жолаушылар тасымалданып, сауда байланыстарын қамтамасыз. ететін темір жолдардың негізгі бағыттарын қазіргі заманғы талаптарға келтіру және халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететін бағыттардағы автомобиль жолдарын оларды қазіргі заманғы халықаралық талаптар деңгейіндегі сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз ете және тез жылдамдықга жүру бөліктерін жасай отырып дамыту керек. Сонымен қатар аэропорттарды күрделі жөндеуден өткізу, оларда халықаралық стандарттарға сай сервис пен қызмет көрсетуді қалыптастыру, порттарды рекоинструкциядан өткізу, өзен кемелерінің (жүк және жолаушылар таситын) жұмысын жолға қою, информациялық технологияны дамыту, олардың сапалық жүйелерін жасау туристік инфрақұрылымды жасап, дамытуда маңызды нәрселер.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы