Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)
  1. Туризм   қоғамдық   құбылыс және сала   ретінде   экономикамен, экономика ғылымымен  байланысты.   Себебі туризмнің   өзі шаруашылықтың,   экономиканың   бір   саласы болып   есептеледі. Туризммен   ақша,   өндіріс,   сауда   қатынастары   байланысты. Туризм арқылы   мемлекеттік бюджетке   пайда   түседі,   бағаның   қалыптасуы жүреді. Туристік   сфера  бойынша   жарнамалық   қызмет жүзеге асады және   туристік фирмалар, туристік операторлар, туристік   агенттер жұмыс   атқаратын   өзіндік   кәсіпорындар   болады.

        Адам  және  қоғамның  географиялық  ортамен қарым-қатынасы

  Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздарды бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды.

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара  орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді. Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В.В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты.

   Табиғат шыңдарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз  ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады.Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әртүрлігеографиялық кешендер деп аталады. Докучаевтың табиғат зоналары туралы 1898-1900 жылдары жазған көптеген мақалалары ландшафттану ғылымына негіз қалады.

   Бұдан кейінгі кезде “ландшафт” ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шалғын, шыршалы орман, т.б. ) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.)  ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды.

   Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда  ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе-теңдік қалпын сақтайды.Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылғы, температуралық режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен  ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады.

   Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына  бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады.

   Ландшафтының биіктік белдеуі аэротермикалық градиенттік әсеріне және атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің биіктік артқан сайынғы  өзгерісіне  байланысты болып келеді. Тауда әрбір 1000 м. Биіктеген сайын күн радиациясының қарқындылығы 10 пайызға артады, бірақ жердің ұзын толқынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы әрбір 100 м. Биіктеген сайын 0,5 –0,6 градусқа кемиді. Тау беткейлерінде ауаның қозғалыс бағыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадағы су буы тез арада сұйық түрге айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын шашын мөлшерін арттырады. Тау беткейлерінің биіктігі артқан сайын беткейлі гравитациялық процестердің (опырылып құлау, сел, қар көшкіні,т.б.) қарқыны артады. Жазық жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысының зоналық ырғағына күрделі өзгеріс енгізбейді. 

 Табиғи ландшафт - табиғаттың өз заңдылығымен дамитын ландшафт.

           Антропогендік ландшафт-адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт.

           Адам баласы табиғи ортада өмір сүріп, оның ресурстарын пайдаланып болғандықтан, табиғи ортаға тигізер әсері де алуан түрлі. Сондықтан ландшафтарды халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты туындаған өзгерістер де әрқалай.

Мысалы, биологиялық өнімділікті арттыру үшін егін шаруашылығындағы агротехникалық шаралар: қышқыл топырақ қабатын ізбестеу, тереңдете жырту, суарумен батпақты құрғату үшін жүргізілетін мелиоративтік жұмыстар, ауыспалы егістік, әр түрлі тыңайтқыштарды пайдалану, тау беткейлерін террасалау, су өткізгіштігі нашар сазды топыраққа құм себу сияқты шаралардан кейінгі өзгерістер.

          Тақырлар (түрікше-тегіс жазық) - өсімдік жамылғысыз ойысты жердегі тегіс жазықтық. Шөлмен  шөлейт жердегі топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған, жер беті жарылып кеткен алаң.

          Абразия ( латын тілінен аударғанда –жану, қыру) –теңіз, көл, ірі су қоймалары жағаларының соқпа толқын әсерінен бұзылып мүжілуі.

Жер шарындағы халықтар табиғат қорғаудың ғаламдық ортақ мәселелерін шешуде бірігіп отыр. Әсіресе, жердің жылу балансы,  мұхиттар,  атмосфера, табиғат ресурстары, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғауда ортақ уағадаластықтарға  қолдары жетуде. Табиғат қорғау жөнінен халқаралық келісімдер одан 120 жыл бұрын-ақ дұниеге келген. Австро-Венгрия және Италия (1875 ж.) арасындағы,  Ресей-Жапония және АҚШ (1897 ж.) келісімдері осының айғағы.

Қазіргі кезде осындай табиғат қорғау бағытындағы достастықтардың екі формасы бар:

1. Екі жақты және көп жақты  халқаралық келісімдер;

2. Табиғат қорғау барысындағы  халқаралық ұйымдар;

Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырылған ЮНЕСКО (1968 ж.) және ЮНЕП (1973 ж.)  ұйымдар бар. Ал 1948 жылы МСОП ұйымы құрылды. Халқаралық ұйымдардың мақсаты. Алға қойған мәселелері. Халқаралық “Қызыл Кітап” және оның маңызы.

Спорттық туризм өз кезегінде физиология ғылымымен байланысты. Туризмнің активті түрлеріне, туристік жорықтарға, әсіресе категориялы немесе спорттық жорықтарға дайындық кезінде және жорықтардағы энергия шығыны мен тамақтануды ескеру, есептеу кезінде энергия шығыны мен тамақтанудың физиологиялық негізін түсіну, білу, ескеру қажетті дүние. Туристік жорықтар кезінде жай күндерге қарағанда тамақ, азық-түлік көбірек мөлшерде қабылданады және энергия шығыны да артық (4000 к/калл-дан 7000 к/калл-ға дейін) болады. Осы жағдайда және жорықтарға дайындық кезінде организмнің жеке жасқа, жынысқа, дене саулығына т.б. байланысты ерекшелігі мен организмде жүретін физиологиялық процестер: ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, зат алмасу, зәр шығару, шаршау табиғатын есепке алу қажет.       

 

1.2.Туризм түрлерінің мінездемелері мен ерекшеліктері

 

     Туризм  түрлеріне  саяхаттарды  топтастыруда  белгі  есебінде  мотивациялық  себептерді  алуға  болады.  Мұндай  топтастыруда  адамның  сапарға  шығу  себебін    анықтау  қажет. Себептердің  барлығы да    бірдей  анықтала   бермегенімен,  туризмнің  оны  меңгеру   жүйесінде  6 түрін  белгілеуге  болады.

  1.  Демалу  мақсатындағы  туризм.

Туризмнің   бұл  түрі  қысқа   мерзімді  немесе    ұзақ  уақыт   ағзаның  психалогиялық   немесе  физикалық  қалыптасуы   мақсатында жасалатын   демалыстан  тұрады, және  де  бұл   топқа  емделу   және  күшті  қалпына   келтіру  үшін   топырақтың  табиғи  қасиеттерін, теңіз  суын  қолданатын  курорттық   демалыс  жатады.

   2. Мәдениетті  зерттеу  мақсатындағы  туризм.

Бөтен  мәдениетті   тануға  бағытталған   туризм  танымдылық  және  қажылық    болып  екіге  бөлінеді. Танымдылық  туризм  тарихи, мәдени  немесе   географиялық    назар  аударарлық    жерлерге  баруды   қамтиды.  танымдылық  мақсатпен   саяхаттап  жүрген  туристер  көбінесе  сол  елдің   әлеуметтік, экономикалық  қатынастарымен   қызығады. Қажылық  туризм  ерекше  діни  маңызы  бар  жерлерге  бару  болып  табылады.

   3. Қоғамдық  туризм. 

Қоғамдық  туризм – ол туыстарына, достарына, таныстарына  бару  мақсатындағы  саяхаттар ( халықаралық терминологияда  visiting friends  and  relatives –VFR ), және де  клубтық  туризм. Клубтық  туризм  топтарға сапалы түрде бөлінуімен ерекшеленеді. Топтарға бөліну ойын-сауық немесе спорттық бағдарламаларға қызығатын адамдардың санына қарай жасалады.  Табиғатқа жасалып жатқан адам қолынан келтірілетін зиянның көп бөлігі экономикалық есептен туындайтыны анық. Каспий теңізі төңірегіндегі елдердің тіршілік түрлерін есепке алмау және экологиялық қызмет түрін анықтамау экономикалық бағалау әдісінің жоқтығын көрсетеді. Өндіруші салаларға және «аграрлық индустрияға » өте көңіл бөліп, биоресурстармен туризм әрқашанда ескерілмейді.

4. Спорттық туризм.

          Спорттық туризмге спорттық іс-шараларда белсенді қатысу мақсатындағы және де спорттық іс-шараларда пассивтік қатысу саяхаттары жатады.

Спортта белсенді қатысудың мысалы: футбол жанкүйері өзінің футбол клубының бүкіл ірі жарыстарына жүреді.

5. Экономикалық туризм  – коммерциялық жәнне профессионалдық қызығушылықтан туған – биржа, көрме, жәрмеңке және т.б. жерлерге бару.

6. Конгрестік (саяси) туризм – дипломатиялық туризм, конгрестерге қатысу және де саяси оқиғалармен және іс-шаралармен байланысты туризм болып бөліненді.

Дипломатиялық туризмнің мысалы: Россия парламентінің мүшелері М.қаласына парламенттік отырыстарға қатысу үшін барады;

Саяси іс-шаралармен байланысты туризмнің: В. Ханым Москваның белгілі бір партиясының саяси бағытын жақтайды. Ол осы партияның съезінде барады. Кейде туризмді оның түрлері бойынша айқындау саяхаттардың әртүрлі ұзақтығына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді саяхаттар. Бұл жағдайда мұндай топтастырудың негізгі критерийі есебінде саяхатта болу мерзімі алынған. Егер саяхаттар болу мерзімінің ұзақтығы сияқты сыртқы критерийлер бойынша ажыратылса, онда бұл саяхаттар туризмнің әртүрлі формаларына жатады деуге болады. Туризмді сыртқы критерийлері бойынша айқындайтын көптеген мүмкіншіліктер бар; туристердің шығу тегіне, ұйымдастыру формасына, саяхатта болу мерзіміне, жасына, көлігіне, жыл мезгіліне немесе маусымға байланысты.

Бір қарағанда туризмнің түрі мен формасы арасында пәлендей айырмашылық жоқ сияқты. Екі жағдайда саяхаттар белгілі бір көзқарас бойынша топталады. Айырмашылығы туризм түрлері ішкі факторлар бойынша, ал туризм формалары менеджмент үшін өте маңызды сыртқы себептермен әсерлермен ажыратылады.

Туристердің шығу тегіне байланысты туризм формалары. Туристердің шығуына байланысты туризм ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Аталған жағдайда «шығу тегі» деген сөз адамның ұлтына немесе туған жеріне емес, оның тұратын және жұмыс істейтін орнына қатысты.

Туризмнің ұйымдастыруына қатысты формалары. Ұйымдастыру формасына қарай паумалды (бір бағаға жасалатын қызметтер жиынтығы) және дербес (жеке) туризм. Паумальдық тур стандартталған, алдын-ала ұйымдастырылған туристік қызметтер жиынтығы. Дербес турдың ерекшеліктері - турист оларды өз бетінше ұйымдастырады және іске асырады. Осындай турлар кейде жалғыз депте айтылады, бірақ бұл дұрыс емес, өйткені саяхатқа бүкіл отбасымен шығуға да болады, ол жағдайда тур жалғыз деп атала береді.

 «Дербес туризм» деген ұғым  көбінесе көпшілік туризм деген  ұғымға қарама-қарсы қойылады. Көпшілік  туризм алғашқыда көп адамның  қатысуымен ерекшеленген еді, уақыт  өте келе бұл ұғым теріс  маңызға ие болды. Қазіргі уақытта көпшілік туризммен паумалдық туризмнің теріс әсері байланысып, дербес туризм мен көпшілік туризм қатысушылар санына қарай туризмнің формаларын айқындауға жарамай қалды.

Болу мерзіміне байланысты туризм формалары.              

Болу мерзімінің ұзақтығына қарай топтастыру туризм формаларын топтастыруының   негізгісі болып табылады.

Саяхаттың мерзімінің ұзақтығы туристің саяхат жасап жүрген жерінде немесе елінде өткізілген уақытқа қатысты.

Біркүндік саяхаттар былай топталады; үш сағаттан кем, үш-бес сағат, алты-сегіз сағат, тоғыз-он, бір сағат,он екі және одан да көп сағат.

Түнде қонатын саяхаттарды былай топтастыруға болады:1-3 түн, 4-7 түн, 8-28 түн, 29-91 түн, 92-365 түн. Ұзақ сяхаттар, әдетте, қысқа сапарлармен толықтырылады. Қысқа сапарларға транзиттік сапарлар, бір күндік сапарлар және қысқа мерзімді туризм жатады. Транзиттік туризм – бұл туристтердің барар жерінің жолында аялдама жасау (тоқтау). Бір күндік туризм – түнде қонбайтын, күндізгі уақыт аралығындағы турлар.

Ұзақ емес туризмнің маңызды формасы – қысқа мерзімді туризм. Қысқа мерзімді туризм іскерлік туризм мен демалыс күндерінде сапараға шығудан тұрады. Іскерлік немесе жеке мақсатта жасалғанына қарамастан орташа ұзақтығы 2-4 күнді құрайды, кемінде бір, ары кеткенде үш түнеу.

Саяхатшылардың жасына байланысты туризм формалары.

        Туризм формаларын  топтастыруда саяхаттаушылардың  жастары да ескеріледі. Жастық  шкала бойынша туристердің мынадай  топтары анықталды: ата-аналармен  саяхатқа шыққан балалар, жастар (15-24 жас аралығындағы туристер), 25-44 жас аралығындағы белсенді адамдар, 45-64 жас аралығындағы белсенді адамдар (әдетте, бұл кісілер балаларсыз жүреді), зейнеткерлер (65 жастан жоғарылар).

Көлікке байланысты туризм формалары. Саяхат барысында бұл бір жерден келесі жерге бару мақсатында қолданылатын көлікке байланысты мынадай формалары бар; авиатуризім, автобусты, теміржолды, автокөліктік және теңіз туризмі.    

                Жыл мезгіліне байланысты туризм  формалары.

Жыл мезгіліне байланысты қысқы және жазғы туризм болып ажыратылады. Туризмнің маусымдық топтастыру формалары жыл бойындағы туристік қызметке сұраныс толқуын көрсетеді. Сапарға шығушылар саны ең көп болған уақыт туристік маусым деп, ал саяхаттардың азаю мерзімі- маусым аралық деп аталады.

Туристтік маусымдар әр аймақтарда сәйкес келмеуі мүмкін. Ұсынылған алты критерийден басқа саяхаттарды топтастыруға негіз болатын басқа да көзқарастар бар. Туризмнің топтастырылуы толық болуы үшін, Дүниежүзілік туристтік ұйым туризмді мынадай типтермен топтастыруды ұсынып отыр: ішкі туризм – бір аймақтың тұрғындарының осы аймақ ішінде саяхаттауы, кіру туризмі – ол елдің тұрғыны емес адамдардың сол ел ішіндегі саяхаты, шығу туризмі – бір елдің тұрғындарының екінші елге саяхатқа шығуы. Туризмнің осы негізгі типтері туризмнің категорияларын жасай отырып әртүрлі үйлесім табуы мүмкін. Туризмнің бұл ктегориялары бір елге ғана емес, аймаққа да қатысты, «аймақ» термині – бір елдің ішіндегі ауданға немесе елдер тобына қатысты. «Бір ел  ішіндегі туризм» анықтамасы ішкі және кіру туризмі: «ұлттық туризм» - ішкі және шығу туризмі: «Халықаралық туризм»- кіру және шығу туризмін қамтиды.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы