Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа
Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.
КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША
II ТАРАУ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы
Туризм (франц. Tourisme, tour деген сөзден- саяхат, жорық мағынасында). Туризм өте ертеде пайда болған. Демалудың бұл түрі Ежелгі Римде, Грецияда, Египедте, Таяу шығыста белгілі болған. Қазіргі заманда туризммен айналыспайтын елдер жоқтың қасы деуге болады. Туризмге деген қызығушылық оның жанжақтылығына байланысты. Туризмге танымдылықтық бүкіл функциялары,тәрбиелеумен сауықтыру, сапалы демалу кіреді.
Дене тәрбиесі нұсқаушыларын дайындайтын қысқа мерзімді курстардың ұйымдастырылуы.
1920 жылдың 1 қазанында сол кездегі республикалық астанасы- Орынборда жалпыға бірдей әскери оқу мен спортқа дайындықтың алғашқы ұйымдық-нұсқаулық қазақ курсы ашылды. 1920 жылдан бастап дене тәрбиесі нұсқаушыларын даярлайтын біршама мамандандырылған курстар пайда болды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Республикадағы спорт бірлестіктері жаңа соңы формаларға көшті. Бұл кезеңде дене тәрбиесі саласындағы кәсіподақ ұйымдарының қызметі жандана бастады, бұл – комсомол мен спорт ұйымдарының еңбекшілерді дене шынықтыру мен спорт жаттығуларына көптеп қатыстыру жөніндегі партия мен өкімет нұсқауларын іс жүзіне асыру жолындағы күрес кезеңі болды.
Дене шынықтыру мен спортты, туризмді дамытуға мемлекет басшылықты жүзеге асыру үшін 1923 жылы 23 шілдесінде ҚАЗССР ОАҚ-інің жанынан жоғары дене шынықтыру советі құрылды. Осы жылдың аяғында қалалық, уездік және губерниялық физкультура советтері құрылып, олар денешынықтыру үйірмелері мен спорттық жекелеген түрлері бойынша секциялар ұйымдастыру жөнінде көп жұмыстар атқарды. Көптеген жастар спорттың өздері қалаған түрі бойынша шыңдап шұғылдана бастады. Бұған әр түрлі спорт жарыстары мен спартакиадалардың өткізілуі айрықша ықпал етті. Мысалы Семей, Қостанай және Жетісу губернияларында спартакиадалар жақсы денгейде өтіп, оған 600-ден астам спортшылар қатысты. Қазақ теміржолшылары «Авангард», «Кузнец», «Динамо» т.б спорт командаларының спартакиадалары да ойдағыдай өтті. 1920 жылдардың орта тұсында спорт жарыстарының географиясы кеңейе түсті. Футболдан, баскетболдан, теннистен, волейболдан, жеңіл атлетикадан, ауыр атлетикадан, классикалық күрестен, оқ атудан, допты хоккейден, шаңғыдан, коньки жарысынан, велосипедтен, ат спортынан, қазақша күрестен, городкиден губерниялық біріншіліктер өткізіле бастады. Спортшылардың өз қалаған спорт түрлерімен басқа қалаға бару спорттық туризмнің дамуына үлес қосты.
Спорттық туризмді дамыту үшін - спортты әйелдер арасында кеңінен тарату мақсатында әйелдердің арнайы спорт жарыстарын өткізу дәстүрге айналды. Мысалы Семей дене шынықтыру ұйымы 1925 ж. тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әйелдер біріншілігін ұйымдастырды. Мұндай жарыстар Алматыда, Петропавлда, республиканың т.б. қалаларында өткізілді. Республиканың тұрмысқа да, мәдениетке де ықпалын одан әрі арттыру үшін қалың бұқара арасындағы әр алуан шаралар мен әсерлі әдіс-тәсілдерді жетілдіру міндеті қойылды. Қазақстанда бұл мақсатта спортты және спорт жарыстарын, әсіресе қазақтың әр түрлі ұлттық ойындары аралас дәстүрлі мекемелерді кеңінен пайдаланды. Халықтық спорттық ойындары аралас дәстүрлі мерекелерді кеңінен пайдаланды. Халықтың спорттық ойындары мен жарыстарына көрермендер жиналатындықтан мұның өзі республикада саяси тәрбиелік жұмыстарды өткізудің оңтайлы орындарына айналды.
Республикада дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарының кейбір қортындылары 1928 жылы Петропавлда өткізілген Бүкіл қазақстандық 1 спартакиада да шығарылды. Оған 450 адам қатысты. Спартакиаданың финалдық жарысы жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, городки және қазақша күрес бойынша өткізілді. Бүкіл қазақстандық спартакиаданың ең таңдаулы спортшыларынан іріктелген республиканың құрама командасы кейіннен РАРО (аудандық, автономиялық республика және облыс) спартакиадасына ойдағыдай қатысты. Сол жылдың авгусінде ҚАССР ОАК- інің Президиумы республикадағы Жоғары денешынықтыру советінің қызметі және денешынықтыру қозғалысының жайы туралы мәселе қарады. Президиум республика да денешынықтыру мен спортты дамыту жөнінде арнайы қаулы қабылдап, онда «халықтың әлеуметтік-мәдени тұрғыда қайта өркендеуіне мүмкіндік беретін жалпы тәрбиелеу ісімен жаңа тұрмыс үшін күрестегі» дене тәрбиесінің ықпалы зор екендігі атап көрсетілді. 30 жылдардың басында дене шынықтыру мен спорттың дамуында едәуір жетістіктер байқалды.
Мұның өзі әсіресе елімізде ГТО комплексінің енгізілуіне байланысты жақсы қарқын алды. Социализмнің белсенді күрескерлерін өз елінің жалынды патриотын, туған Отанын қорғауға әр уақытта дайын тұратын, жан-жақты толысқан жаңа адамды тәрбиелеуге ықпал жасау үшін бүкіл дене шынықтыру қозғалысының формасы мен мазмұнын түбірінен қайта қарау міндеті қойылды. ГТО комплексі дене шынықтыру қозғалысының тұтастай ілгерілеуіне едәуір ықпал етті. Сөйтіп, дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны, физкультура ұйымдары көбейді, селоларда физкультуралық-көпшілік жұмыстары жанданды, спорттың кейбір түрлерінің сапалық көрсеткіші артты. ГТО-ның алғашқы значкистерінің бірқатары: М.С.Жайшыбаев, М.М.Гуннер, В.М.Зимин – кейіннен Қазақстандағы физкультура қозғалысының білгір ұйымдастырушылары болды. 1932 ж БК П Қазақ өлкелік камитетінің шешіміне сәйкес Алматыда алғашқы мамандандырылған оқу орны – Қазақстан Республикасының физкультура техникумы ашылды. Сөйтіп, денешынықтыру мен спорт саласында жоспарлы түрде мамандар даярлау қолға алынды. Осы аталған техникуммен қоса, Қазақ педагогикалық институтының дене тәрбиесі бөлімі, Семей мен Оралдағы педагогикалық техникумдарының физкультура бөлімі ойдағыдай жұмыс істеді. Бұл оқу орындары республика үшін аса қажетті жас кадрлар даярлаумен бірге, Қазақстанның физкультура ұйымдарына программалық - методикалық документтер жасауға да ат салысты. Республикалық физкультура қозғалысының жас кадрлары Москва және Ленинград дене шынықтыру интернаттарының көмегімен спорттың жекелеген түрлерін дамытуда және оларды жаттықтырушылар жиындарын, арнайы семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. шаралар өткізу арқылы ғылыми-методикалық тұрғыда негіздеуде көптеген жұмыстар жүргізді. 1932-33 жылдары елімізде физкультура қозғалысы ұйымдық жағынан қайта құрылды. Оның негізгі құрылымы кәсіпорындарда, мекемелерде, жоғары оқу орындары мен мектептерде ұйымдастырылған физкультура колективтері болды. Республикадағы дене тәрбиесі коллективтерінде спорт жаттығулары жергілікті жердің жағдайына, өндріс сипатына, спортпен шұғылданушылардың икемділігіне және құштарлығына қарай жүргізілді.
1970 жылы Республикада 10336 физкультура
коллективі болып, балалармен жасөспірімдердің
спорт мектептері жүйесі
«Спартак», «Пищевик», «Лакоматив», «Буревестник», «Медик», «Динамо» ерікті спорт қоғамдарының құрылуы. Құрылып жатқан спорттық ұйымдар мен өткізілген жарыстар спорттық туризмнің дамуын қарыштата түсті.
Физкультура қозғалысына мемлекеттік басшалақ жүйесін жақсарту мақсатында 1936 жылы 21 июньде СССР Халкомсовының жанынан дене шынықтыру мен спорт ісі жөніндегі бүкілодақтық комитет құрылды. Сондай-ақ, Қазақ Республикасы Ал кейіннен облыстық және аудандық еңбекшілер депутаттары советі аткомдарының жанынан да тиісті комитеттер құрылды. «Лакоматив», «Медик», «Буревестник», «Спартак», «Пищевик» т.б. ерікті қоғам спорт қоғамдары ұйымдастырылды. 1937 жылдан бастап Семей, Орал, Петропавл, Алматы, Қызылорда қалаларында ұлттық футбол командалары құрылып, олардың арасында біріншілік өткізілді. Кейіннен осы командалардың ең таңдаулыларынан республиканың интернационалдық командасы жасақталып отырды. Тәжірибе көрсеткендей, команданы жасақтаудағы мұндай сатылық жүйе жергілікті жастарды спортқа баулуда жемісті нәтижесін берді. Бұл сияқты шаралар жергілікті жастарды спортқа баулуда жемісті нәтижесін берді. Бұл сияқты шаралар жергілікті ұлт өкілдері арасында спорт жұмыстарын жандандыруға кең жол ашты. Мысалы: 1938 жылдың басында Қазақстанның дене тәрбиесі қозғалысының қатарында 100 мыңнан астам дене шынықтырушылар болды, Солардың арасында жергілікті ұлттардың көптеген ұлдары мен қыздары болды. Облыс орталықтарының көпшілігінде селолық физкультура қозғалысының кадрларын даярлайтын арнайы курстар ұйымдастырылды.
Қазақтың дене шынықтыру институтының ашылуы.
1945 жылы 10 ақпанда Қазақ физкультура институты ұйымдастырылып, салтанатты жағдайда ашылды. Қазақстанда дене тәрбиесі қозғалысы үшін мамандар даярлау ісінің жаңа кезеңі басталды. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін дене тәрбиесі ұйымдарының қызметін бейбіт уақыт талабына сай қайта құру ісі басталды. Дене тәрбиесі шаралары едәуір көп өткізілетін болды, олардың аясы кеңейіп, спорттың жаңа түрлері көбейді оқу-спорт жұмыстары жақсара түсті. Қазақстан спортшылары одақтық аренаға шыға бастады. Алғашқы жетістікке боксшылар жетті. 1947-48 жылдары М.Омаров пен А.Үсенов ең таңдаулылар атанды. 1946 жылы «Спартак» ерікті спорт қоғамы Орталық советінің чемпионы Шоқ Бөлтекұлына СССР спорт шебері атағы берілді. Ол қазақ жастары арасынан осындай құрметті атаққа тұңғыш рет ие болды. Ат спорты жөнінен еліміздің алғашқы рекордшылары пайда болды. Олар-спорт жолын өзінің туып-өскен ауылында қазақтың ат бәйгесінен бастаған Ш.Төленғалиев пен У.Тыджитаев еді.
Қазақстан спортының тарихында 1951 жылы елеулі оқиға болды. Сол жылы Алматы түбіндегі Медеу шатқалынан биік мұз айдыны жасалды.
Медеу мұз айдыныдағы алғашқы арнайы жарыс (1951) Қаз ССР Мин. Советінің жүлдесі үшін ең таулы советтік конькишілер жаттығу өткізілетін орынға айналды (1987 жылдың 1 январына дейін мұнда 112 дүниежүзілік рекорд жасалды). Бұл жылдың елеулі болатын тағы да бір себебі сол, осы жылдын бастап республика спортшылары халықар.
Байланыс жасай бастайды Қазақстан спортшылары Қазақстан спортшылары ауыр атлетика, жеңіл атлетика, бокс және коньки беру сияқты спорт түрлерінен СССР құрамына командасына енгізілді.
Қостанай облысы бидай өнімін тапсырушы есебінде танымал. 50-ші жылдардың басынан КСРО бойынша темір кең байлығынан бірінші орынға шыққан. Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Аятск кен орындары Магнитогорскіге, Челябинскіге, Теміртауға, Жетіқараға арзан кең береді. Облыс орталығы - Қостанай қаласы өз тарихын Ресейдің бай-батырақтарының қанауына, жер тапшылығынан қашқан көшпенді шаруалардың 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жағалауына келіп қоныс тепкенінен бастайды. Қостанайда тарихи - өлкетану мен геологиялық мұражайлар және қолөнердің мұражайы бар. Қостанай өңірінің жері де әдемі. Жердің сәнін келтіріп тұрған – оншақты шақырымдарға созылып жатқан ормандар. Бұл жерлер туризмге өте қолайлы. «Турист» мейманханасы (1979 жылы) Қостанай қаласының ортасында орналасқан. Облыста Науырызым қорығы бар. Ол қорық 1931 жылы ашылған. Қорықта флора мен фаунаның алуан түрі кездеседі. Республикамыздың көлемі жағынан ең кіші облыс Солтүстік Қазақстан облысы. Туристтер қаланың негізі болған жерлермен, Мамлютка мен Сергеевка қалаларының маңайындағы қола дәуірі кезінің қорғандары мен ежелгі адамдар қоныстанған Явленкимен қызығады.
Көшетау облысы – көлемі жағынан өте үлкен болғанымен республика қазынасына өте үлкен үлес қосады. Облыс орталығы Көкшетау қаласы 1824 жылдан бастап негізделген. Көкшетау – табиғаты өте сұлу жер. Көкшетаудың ең бір әсем жерлерінің бірі – Бурабай курорты. Бұл жер шипалы ауасымен, жанға жайлы тыныштығымен, мөлдіреген тұнық суларымен, қиял-ғажайып жерлерімен ерекшеленеді. Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас бәрі де осы жерде. Саяхатшылар бұл жерді «Қазақстанның Швецариясы» деп атайды. Бурабайдың емдік қасиеті көп деген адамдардың назарын аударуда.
Батыс Қазақстан – туристік қозғалыс жан-жақты дамыған. Батыс Қазақстанның туристік жұмысын туризм мен экскурсия бойынша екі облыстық кеңес – Ақтөбе мен Орал, және де тоғыз саяхат пен экскурсия бюросы атқарады. « Уральская» туристтік базасы (1969 жылы негізделген) 433 орынға есептелген. Маусымнан қыркүйекке дейін жұмыс істейді. 320 орындық асхана, буфет, кітапхана, би және спорт алаңы, пляж, қайық станциясы, медициналық пункті бар. Турбаза жергілікті туристік бағыттағы туристерге қызмет көрсетеді.
Орталық Қазақстанда туристік – экскурсиялық жұмысты екі облыстық орталық ( Қарағанды мен Жезқазған) туризм мен экскурсия бойынша кеңестері атқарады. Туристердің қызметіне Орталық Қазақстандағы Қарағанды облыстық туристік кеңес туристік комплексі және Қарағандыдан 4 шақырым жерде орналасқан « Қарқаралы» туристтік база. «Турист» (1974ж) туристік комплекс жергілікті және бүкіл кеңестік бағыттағы туристтерді қабылдауға негізделген.
Шығыс Қазақстан облысында туристтік мейрамхана және аттылы туристер қабылдайтын орын. «Алтай бухтасы» туристтік базасы Бұқтырма су қоймасының жағалауында, Өскемен қаласынан 120 шақырымдық жерде орналасқан.
Алматы қаласы. Миллиондаған халқы бар қазіргі Алматы соңғы кезде република бойынша ғана емес ТМД көлемінде ірі туристік орталық болып есептеледі. Қалада туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық, алматы облыстық кеңестері, Алматы саяхатпен экскурсия бюросы жұмыс істейді. Жақында мұндай бюролар Шілік пен Қапшағайда ашылды. Оңтүстік Астанадан туристтік бағыттар. Іле Алатау тауларына, Ыстық қаласы мен көліне, Қырғыз теңізінің жағаларына- Ыстық көлге апарады. Туристерге «Алматы» мен «Медеу» туристік мейманханасы, «Алматау» мен «Алматы» туристік базасы қызмет жасайды.
Ақмола облысы.
Ақмола облысы тың игеруге байланысты дамыды. Қазіргі кезде қостанай облысы мен қатар ірі бидай өндіруші болып келеді. Облыс орталығы Қазақстан астанасы Астана қаласы – республикамыздың маңызды өндіріс орталығы, ірі теміржол және автокөлік торабы. Қала маңында Ишим тұрағы бар (қола дәуірінде салынған). Ақмола облысы көлді өлке. Облыс териториясында Қорғалжың қорығы орналасқан. Оны құстар өлкесі деп атайды. Қорықтың негізгі алаңын Тенгиз тұзды теңізі алып жатыр. Қорғалжың өзенінің ауданында архиологиялық ескерткіш- Жұмат мазары, Ботағай қаласының үйінділері бар.
Туризм туралы Қазақстан Республикасында қабылданған мемлекеттік қүжаттардың ішіндегі ең маңыздысы "Туристік қызмет" туралы заңы. Бүл заң 2001 жылы 13 маусым № 211-11, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-11 Заңымен енгізілген өзгертулермен толықтырылып қабылданған. Жаңа заңда экономика салаларының әлеуметтік ұйымдық негіздерінен белгіленген.
Заң бес тарау, 29 баптан түрады. Негізгі ережелер тарауында (1 бап) негізгі ұғымдар, анықтамалар мен терминдерге түсініктемелер берілген. Мысалы: туризм - жеке түлғалардың үзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп шығатын жеке түлға.
2-бапта "Туристік қызмет" туралы заң Республика Заңына негізделгені, азаматтық кодексінен т.б. Нормативтік құқықтық актілерінен түратындығы айтылады.