Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 10:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың мақсаты:
- Халық дәстүрінің және мәдениетінің жандануына, туған өлкені зерттеуге, табиғатты сүюге, туризм түрлерін дамыту;
- туған жер тарихын, адамдар тарихын, өмірін таныстыра отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру, қиындықтарды жеңу, жігерді шынықтыру, жауапкершілікке баулу;
- туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- халықаралық туристік қатынастарды дамыту.

Содержание работы

КІРІСПЕ.............................................................................. 3
I БӨЛІМ Туримзнің даму тарихы
1.1 Туризмнің анықтамасы және басқа ғылымдар мен байланысы.... 5
1.2 Туризмнің түрлері мен мінездемелерінің ерекшеліктері............... 22
II БӨЛІМ Қазақстандағы туризм
2.1 Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы..................... 30
2.2 Туристік- рекрециялық ресурстар..................................... 32
III БӨЛІМ Қазіргі мектептегі туризмнің даму жолдары
3.1 Мектептегі туризм турлері ..............................
3.2 Туризмді ұйымдастыру формалары..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................... 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................... 59
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

turizm_kaz.doc

— 330.50 Кб (Скачать файл)

АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі хылықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып қана жүзеге асырады екен.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 фокторға байланысты:

  1. Шикізат көзі.
  2. Адам күші
  3. Су ресурстары

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай  ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.

Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарының шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде.

Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Елімізде қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік.

Батыс Қазақстан өнеркәсіптік экологиялық аймағына – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өндеу, металлаургия, құрылыс материалдары және тағы басқа да салаларға маманданған Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақтағы негізгі мәселелер – ңув табиғи ортаның мұнаймен ластануы, радиактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкелуде. Сондай –ақ мұнда тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл аймақта қатерлі ісік ауруы, басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары екен. Жас балалардың өлімі 1000 адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Батыс аймақта Маңғыстау облысы экологиясы ауыр аймақтардың алдыңғы қатарына жатады. Қауіпті нүктелердің топырақ қабаттарын тексергенде бұл өңірді Семей, Аралдан кейінгі үшінші орынға қоюға болады.

Маңғыстау облысында жергілікті тұрғындарға қасірет төндіріп тұрған Қошқар ата улы көлінің су астында 104 млн. Тонна улы қоспа жатыр. Қазір уран өндірілмейді, ал су буланып, жаға ашық қалған. Әбден кепкен топырақ шаң болып өнірге тарайды. Одан адамдар арасында  түрлі аурулар пайда болады. Әсіресе инсульт ауруы елді түгелдей жайлап болды.

Қазіргі заманда елдердің алдында тұрған экологиялық экономиалық мәселелерді шешуде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын әр қырынан, жан-жақты зерттеудің маңызы артып отыр. Бұл тұрғыда география ғылымы алдында геожүйені қорғау мен оның қорларын тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау міндеттері тұр. Себебі, геоморфология басқа ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, жер бедерінің дамуына жалпы баға төмендегідей береді.

1. Планетамыздың тектоникалық дамуының  қарқынды кезеңінде өмір сүріп  отырмыз. Альпілік тау түзілу  және жалғасы жаңа тектоникалық  кезең әлі біткен жоқ. Тектоникалық қозғалыстармен байланысты бедердің едәуір тік бағыттағы және жазық бағыттағы әсерінен қарқынды үгілу және денудациялық процестер жүзеге асуда.. Осымен байланысты литосфераның үстіңгі қабатының материалы жер бедерінің гипсометриялық жоғарғы жерінен (тау өлкелерінен) төмен қарай тасымалданып, ойпаң және ойпат жерлерге келіп шөгілуде [2].

2. Қазіргі кездегі шөгінділердің  құрылу жылдамдығы бұрынғы геологиялық  дәуірлермен салыстырғанда едәуір  жоғары екендігі дәлелденеді. Сондықтан  қазіргі кезең тек биік тау түзілу немесе үгілу денудация процестерінен басқа сонымен қатар аккумуляциялық тегістеу заманы.

Жоғарда айтылған экзогендік бедер құру процестердінің көбі Қазақстан аумағында кең дамыған.

Әсіресе Республикамыздың қуаңшылық денудациялық аймақтарында көбіне эолдық әрекеті, яғни құм бөлшектерінің  желмен ұшуы (дефляция), коррозия, эолдық тасмалдау және шоғырлану процестері кең тараған. Орталық Қазақстандағы Сарыарқа  өлкелерінде үгілу процестерімен қатар, делювийлік шайылу мен үгілу, суффозиялық процестер, уақытша ағын суларының әрекеті мен кең дамыған.

Соңғы кездегі Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің су көтерілу ықпалынан абразия процесі, яғни соқпа толқын әсерінен жағалаулардың бұзылу процестері қарқынды түрде жүріп жатыр. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы таулы өлкелерін сел әрекетімен қатар сейсмотектоникалық қозғалыстар әсерінен опырылмалар, жылжымалар, сырғымалар, қар көшкінділері және тағы басқа көптеген гравитациялық, эрозиялық процестер байқалады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында әр түрлі аккумуляциялық, яғни үйінділердің пайда болуы немесе ашық тәсілмен өндіргенде біршама ауқымды қазынды – ашық кеніштердің қалыптасуы [7].

Инженерлік құрылыстарды, сонымен қатар елді-мекендерді салу барысында аумақты тегістеу және топырақ үйінділерінің түзілуі, қоқысты жерлердің пайда болуы, урбанландшафттардың дамуы.

Агрогендік процестер – жыртылған жерлерде эрозиялық әрекетінің артуы, алаңдық шаю және үйілу, топырақтың батпақтануы және сортаңдануы, жайылымдық жерлерде топырақ деградациясы, шаңғыту, шөл құбылыстарының байқалуы. 

Мұнай мен газ құбырларын бойлай топырақ жамылғысының бұзылуы.

Темір мен тас жолдарын жағалай жыра-жыралардың пайда болуы.

Профессор С.А.Құсайынов өзінің «Жалпы геоморфология» атты  оқулық еңбегінде соңғы кездерде «антропогендік география» және «антропогендік ландшафттану» түсініктері пайда болды деп. Ғалым оны былай түсіндіреді: «геоморфологиялық ортаға адам әрекетінің әсер етуіне байланысты», - деп. Бұл әрекет бедер құрылысына, оның дамуына және тұрақтылығына әсер етеді. Антропогендік геоморфологияның зерттеу нысаны антропогендік (техногендік және агрогендік) бедер және процестер. Антропогендік бедерді зерттеудің маңызы зор. Өйткені ол адам әрекетіне байланысты және бедерді өзгеріске әкелген процестердің жиынтығын бағлауға мүмкіндік береді. Бұл процестердің әрекеті мен ізін барлық жерлерде байқауға болады. Адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде жаңа бедер пішіндері және антропогендік шөгінділер пайда болады, табиғи процестердің сипаты өзгереді.

Жер бетіндегі бедер пішіндерін өзгерте отырып, осы өзгерудің тиімділігін және табиғат қорғау шараларын жете зерттеу қажеттілігін ескеруімізді қажет етеді. Қорғауды қажет ететіндер өсімдік, жануар, топырақ, су, ауа, жер қойнауы, жер ресурстары, яғни барлық қоршаған орта екендігі баршаға мәлім. Оның қатарына бедер де кіреді [10]. Сондықтан осы табиғат байлықтарын қорғау және кешенді түрде тиімді пайдаланудың дұрыс жолдарын жоспарлау қажет. Мәселен, республика жерінің 50% аса мал жайылымын құрайтын «табиғи жайылым». Мал өрістеріне пайдаланылытын жайылымдық жерлерде азық сыйымдылығы мол болғандықтан ертеден халық мал шаруашылығын өркендетуге зор мүмкіндіктері болды. Мысалы, қой, ешкі, жылқы және түйе негізінен жайылым шөбімен азықтанды. Сонымен қатар республика жерін алып жатқан жайылым қолайлы экологиялық жағдайды қалыптастырушы да болып табылады.

Жергілікті халық ертеден жайылымда болатын жүйелерді терең зерттеп, сондай-ақ малдың тұяқкесті ету зиянын айыра біліп, ұлттық байлығын қалпына келтіру және оның өнімділігін ұзақ жылдар сақтап отырған:

  • құрғақ аймақтардағы аудандар айналасында тозған жайылымдарды болдырмаған, себебі тозған жайылымдар көбейіп ұлғайса, ол жерлерде шаң дауылдар жиелейтінін білген;
  • экологиялық жүйелердегі шөлдік және шөлейттік жайылымдарды қорғап мал басының бір жерге шоғырлануын болдырмай, мал бастарын жинау мәселелерін дұрыс шешіп отырған;
  • топырақтың механикалық құрамы мен өсімдіктердің түрінен бастап азық сыйымдылығы мен малдың бір орынан екінші орынға көшуіне дейін есепке алып ұйымдастырылған;
  • далалық азық өндірісі есебінен малды азықпен қамтамасыз ету бір жұмыс болса, мал өте көп жайылатын қуаңшылықты жайылымдарды сақтау – бұл басқа жұмыс болып есептелген;
  • Жайылымдық мәселе халық үшін таза шаруашылық мәселесінен экологиялық, әлеуметтік және ұлттық мәселеге ұласқан өте кең де күрделі мәселе болған; ұлт адамдары негізінен жайылымдық мал шаруашылығында қызмет етті, пайдаланып келе жатқан жайылымды табиғаттың берген сыйлығы деп қарап, пайдаланылатын шұрайлы жерлерді «бейбіт көшіп-қону» және іс жүзінде жайылым шаруашылығын жетік біліп шығын шығармай дұрыс шешім тауып, осы саланы мамандана халық басқара білген;
  • жайылымдық өсімдіктердің биологиясы мен тіршілік ортасының деректерін құрайтын маңызды тұқымдастарына байланысты жайылымдарды жіктеу, негізгі жайылым түрлерін анықтаған;
  • қазақ халқы үшін жайылымдар – адамды табиғатпен, ескі тұрғылықты тарихымен, әдет-ғұрпымен, салтымен, мәдениетімен, өзінің шығыу тарихы мен байланыстырып; болашақ ұрпақты ойлай отырып, бүгінгі күндік жүйесіне (жүйеге) сақтап, ұқыпты пайдаланған  «ұлттық байлығы» [15]. Төмендегі сурет 1-де Қазақстанның экологиялық ахуалы бейнеленген.

     Републиканың бүгінгі аумағы түгелдей бұдан 100 жыл бұрын да, көп ғасырлық пайдалану тарихы бар, табиғи жайылымдар болған. Сондай көшпелі және жартылай көшпелі әдіспен пайдаланылған жайылымдардың Қазақстан жерінде 3000 жылдық тарихы бар [18]. Мұндай көп ғасырлық көшпелі және жартылай көшпелі әдіспен жайылымдарды пайдаланудың сақталу құпиясы, біздің көзқарасымызша:

1.  Геожүйесінің ерекшеліктерінде;

2.  Көшпелілердің табиғаттың ерекше себептерін білуінде;

3. Геожүйе ерекшеліктерін  есепке  ала отырып жергілікті өндірісті  құруларында.

  Халық ерте кезден-ақ, табиғат адамның ақыл-ойы мен сезімін тәрбиелеудің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре біліп, «ұл-қызына қоятын жақсы аттарды, орналасқан жерінің айналасындағы қоршаған ортаға және жердің ерекшелік, қасиетін көрсететін атаумен атаған». Әсіресе қазақ халқы жер бетіндегі бедер пішіндерін өзгертпеуге және табиғат қорғау шараларын жете білген.

Қорыта келе қазіргі геоморфологиялық процестерді геоморфологиялық карталарға түсіріп, оларға шаралар қолдану керек. Себебі антропогендік процестерге байланысты соңғы кездегі табиғат құбылыстары күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі таңда антропогендік әсерлер жер бедерінің өзгеруінде ең маңызды фактор ретінде жылдан-жылға өсіп келеді, соның салдарынан қоршаған ортаның табиғи тепе-теңдік жағдайы бұзылып,

 

 

 

 

3 БӨЛІМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Қорыта айтқанда, жоғарыда айтылған мәселелерден көрініп отырғандай туризмнің кез келген қоғамдық өмірде алатын орны жоғары. Туризмді жан-жақты қарауға болады. Туризм — шаруашылықтың бір саласы. Туризм — спорт ретінде де көрінеді. Туризм — жергілікті халықты жүмыс орнымен, кәсіппен қамтамасыз ету қүралы. Туризм — халықтар, мемлекеттер арасындағы мәдени т.б. қатынастар құралы. Туризмді бүл жерде өлкетанумен шатастыруға болмайды. Өлкетанудың мақсаты, атқаратын қызметі бөлек. Біз жоғарыда туризмнің өлкетанумен ұқсас, ортақ жақтарын айттық. Алайда екеуінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Ең бірінші айырмашылықтар: туризмнің белгілі-бір қоғамда алатын орны жоғары, туризмнің атқаратын қызметі мен алдына қояр мақсаты көп. Бірақ та туризммен өлкетану бір-бірінсіз ұтымды жұмыс жүргізе алмайды. Сондықтан да туристік өлкетану, соңғы жылдары экологиялық іс -әрекеттер термині кеңінен қолданылып жүр. Бүгін біз  туризмді уақытымыздың жарық бір құбылыстары мен өміріміздің барлық өрістеріне кіретін және қоршаған орта мен өзгертіп, ХХ – ғасырдың көпшілік финомені ретінде қабылдаймыз. Туризм біздің экономикамыздың маңызды факторына айналды, сондықтан біз оны тек қана саяхат пен демалыс ретінде ғана қарамаймыз.

  1. Туризм бүкіл әлемдегі маңызды сала қазіргі уақытта  экономиканың динамикалық секторы дамуының көзі.
  2. Туризм саяхаттың бір түрі, белгілі мақсаттар мен демалатын адамдардың әртүрлі тобын құрайды (мысалы: демалу, мәдениетті зерттеу, қоғамдық, спорттық, экономикалық, саяси туризм).
  3. Туристік саяхат шынығушылардың туған өлкесін зерттеп, тарихын, әдебиетін білуге және табиғатын қорғауға, сүйюге әкеледі.

  Туризм мақсаттарына қажетті әлеуметтік-экономикалық ресустарға, яғни адам қолымен жасалынған объектілер — су қоймалары, саябақтар т.б. ұтымды және экологиялық аспектілерге сай бағытта қолданылуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілетін жұмыстар бойынша қысқаша мәлімет бере кетейін.

   Жер бетіндегі бедер пішіндерін  өзгерте отырып, осы өзгерудің  тиімділігін және табиғат қорғау  шараларын жете зерттеу қажеттілігін  ескеруімізді қажет етеді. Қорғауды  қажет ететіндер өсімдік, жануар, топырақ, су, ауа, жер қойнауы, жер ресурстары, яғни барлық қоршаған орта екендігі баршаға мәлім.

АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты бірқатар өркениетті елдерде ірі өндіріс салмастан бұрын оның қоршаған ортаға әкелетін экологиялық шығынын есептей отырып, сол жердегі халықтың денсаулығына тигізетін әсерін ғылыми түрде тұжырымдап барып қана жүзеге асырады екен.

Жалпы ірі өндіріс орындарын дамыту 3 фокторға байланысты:

  1. Шикізат көзі.
  2. Адам күші
  3. Су ресурстары

Осы үш фактордың арақатынасын сақтамай  ірі өнеркәсіп орындарын дамыту мүмкін емес.

Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарының шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде. Соңғы кездегі Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің су көтерілу ықпалынан абразия процесі, яғни соқпа толқын әсерінен жағалаулардың бұзылу процестері қарқынды түрде жүріп жатыр. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы таулы өлкелерін сел әрекетімен қатар сейсмотектоникалық қозғалыстар әсерінен опырылмалар, жылжымалар, сырғымалар, қар көшкінділері және тағы басқа көптеген гравитациялық, эрозиялық процестер байқалады. Бұлардың барлығы су туризмі мен тау туризмінің дамуына кедергілер келтіреді. Каспий теңізі арқылы шекаралас мемлекеттерден туристер келіп отырады.

    Табиғи қорықтармен салыстырғанда ұлттық табиғи саябақтарда экологиялық білім мен тәрбие беру және туризмді дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

Информация о работе Туризмнің Қазақстандағы қалыптасу заңы