Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................ 3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері………………………………………………………………29
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………52-53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Абай.doc

— 246.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

Кіріспе............................................................................................ 3-5

І Тарау

Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28

ІІ Тарау

“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың

түрлері………………………………………………………………29

а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30

ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33

б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35

в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39

ІІІ Тарау

Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары

а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44

ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51

Қорытынды………………………………………………………52-53

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі”  Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.   

М. Әуезовтің “Абай жолы” романының тіліне арналған немесе ғылыми еңбектердің ішінде сөз етілгендей мына ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуне болады. Бибаева М., Дүйсетаева К., Елешова А., Закенова А., Изимбергенова С., Исханов Б., Сушков Ю. А., Тулекова С. т.б. еңбектерінде М. Әуезовтің “Абай жолы” романының тілі әр түрлі салада сөз етілді. Бұлардың ішінде Дүйсетаева К. мен Сушков Ю.А. еңбектері М. Әуезовтің шығармаларындағы фразеологизмдердің орыс және басқа да шет тілдерге аударылу мәселесіне арналған болатын.

Біздің жұмысымыз жоғарыдағы аталған жұмыстардың жалғасы.

М. Әуезов шығармаларының тілін зерттеу – тілдің лексикалық байлығы үшін емес, этнолингвистика т.б. салалары үшін де танымдық маңызы бар мәселелердің бірі.

Зерттеудің өзектілігі. Фразеологизмдер тіл білімінің ең маңызды салаларының бірі. Фразеологизмдер көркем туындыларда айрықша орын тұтады. Ол шығармаларды бір-бірінен ерекшелендіріп тұрадаы. М. Әуезовтің “Абай жолы” романының дүниежүзілік классикалық туындының қатарына енуі де осы фразеологизмдерге байланысты болса керек. Осы айтылғандардан тақырыптың өзектілігі келіп шығады. Романдағы фразеологизмдердің семантикалық мағыналарын түсінудің үлкен ғылыми да, тәрбиелік те маңызы бар.

Зерттеудің нысаны. М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы фразеологизмдердің түрлерін табу және оларды топтастырып мағыналарын анықтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.  Қазақ тілінің сөз тіркестері туралы және “Абай жолы” романындағы сөз тіркестерінің өзара семантикалық топтарға бөлінуі туралы сөз етіледі. Жазушы М. Әуезовтің тіл шеберлігіне назар аударып, сөз тіркестерін мол пайдаланғаны туралы айтып өтуді жөн көрдік. Романның I,II-томын пайдалана отырып, ондағы сөз тіркестерінің мейлінше көп екендігі байқалынады. Жазушы тілінің байлығы, сөз айшықтарын әсерлі құруы ерекше көзге түсіп отырады. Сонымен қатар қазақ тіл білімінде әлі де өз шешімін таппаған құнды жаңалықтар бар. Романдағы сөз тіркестерінің қолданылу ерекшелігіне байланысты жазылған диплом жұмысымда ең алдымен сөз болатын жайт романдағы сөз тіркестерінің өзара іштей семантикалық бөлінуі. Екіншіден, жазушының тіл шеберлігіне тоқталу. Бұл шындығына келгенде күрделі мәселе, сөз құдіретін танудың жолы үнемі үздіксіз текске жүгінуге, талдаудың әдіс-тәсілдерін озық тәжірибелерге көшіруге жетелейді.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестерінің зерттелуі жөнінде біраз талас бола тұрса да соңғы кездері бұл мәселе өз шешімін тапқан тәрізді. Міне, осыған байланысты “Абай жолы” романындағы сөз тіркестерінің мәні де ерекше сөз болып отыр. Жалпы сөз тіркестерінің романдағы қызметі мен маңызы Мұхтар Әуезовтің сөз таңдауы, сөз қолданысы, сөз әрлеуі сияқты шеберлік сәттері болса, фразеологиялық бітімін талдағанда, алдымен суреткер шеберлігіне, даралық мәнеріне тән сипаттарға назар аударылды.

І. Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” негізінде романдағы сөз тіркестерінің семантикалық топтарын бөліп қарастырамыз.

Жалпы алғанда жұмыстың басты сипаты фразеологизмдердің дайын күйінде қолданылуы және оны бөліп жаруға болмайтындығы туралы романдағы тұрақты сөз тіркестерінің семантикалық топтарын ажырату болып есептеледі.

М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясының құндылығы тілінде. Оны ішінде айрықша ерекшелендіретін – фразеологизмдер.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ

Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттелу тарихы

Тіліміздің даму барысында ұзақ уақыттан бері бір-бірімен бірігіп бірнеше сөзден құралған сөз тіркестері бар. Бұларды қазіргі тіл білімінде фразеологиялық сөз тіркестері немесе идиомалар делініп жүр. Бұл термин – сөйлеу (выражение) – ілім (учение) деген екі сөздің негізінде келіп шыққан.

Н. А. Баскаков өзінің “Типы атрибутивных словосочетания в каракалпакском языке” мақаласында (“Вопросы языкознания” № 3, 1956, 79-91 беттер) түркі тілдеріндегі сөз тіркестерін екі топқа бөліп қарайды. 1. Сөз тіркестері синтаксистік бірлік ретінде қаралады. Бұған сөздердің еркін тіркесі кіреді. 2. Сөз тіркесі лексикалық бірлік ретінде қаралады. Бұған тұрақты сөз тіркесі кіреді.

Міне осы мәселелерге байланысты күні бүгінге дейін тіл білімінде фразеологизмдерге байланысты бір ізге түсіп қалыптасқан жоқ. Сондықтан да фразеологизмдерді зерттеу тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

а) Жалпы тіл біліміндегі зерттелуі. Фразеологизмдер – тіл білімінің ең маңызды саласының бірі. Егер фразеологизмдердің құрамы мен құрылысына лингвистикалық талдау жасайтын болсақ, онда лексикология, морфологияның және синтаксистің көне элементтері мен формаларын көруге болады. Фразеологизмдерді анализдеп қарасақ, тілдің даму тарихы, оның басқа тілдермен туыстығы мен арақатынасы байқалады. Фразеологизмдер тек тілші ғалымдар үшін емес, көркем сөз шебері, жазушылар мен аудармашылар үшін де ауадай қажет. Бұл пікірімізді қазақ тіліндегі: “Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал” деген мақал дәлелдей түседі.

Қазақ аса көрнекті сөз зергері, заманымыздың кемеңгер жазушысы – М. Әуезовтің әлемдік деңгейге көтерілуі де, Абай романындағы қолданған фразеологизмдердің арқасы деуге болады. Романда халықтың байырғы фразеологизмдері мен жазушының өзі жасаған қанатты сөздері, қазақ тілі фразеологизмдерін байыта түсті. Көркем шығармада фразеологизмдер көркемдеу құралы болып саналатынын профессор А. И. Ефимов өзінің “Стилистика художественной речи” деген еңбегінде былай деп көрсетеді: “…к фразеологическим средствам языка относятся не только идиомы, но и поговорки, половицы, афоризмы писателей, крылатые строки стихотворений, устойчевые формулы и обороты научно-термнологического характера, некоторые канцелярские штампы, производство-технические выражения и т.д.” [1. 279-280].

Профессор И. А. Ефимов ескі лингвистикалық мектептерден шыққан ғалымдардың фразеологизмдерге тек қана идиомаларды жатқызып, фразеологизмдердің басқа түрлерін назардан тыс қалып келе жатқанын ескертеді. Бұл айтылған пікірлерге қарағанда, тіл біліміндегі фразеологизмдердің аумағының кең екендігін аңғарамыз.

Фразеологизмдердің теориялық жағынан дамуына үлкен елеулі үлес қосқан ғалым – А.И. Ефимов. Оған ғалымның мына ғылыми еңбектері дәлел: “Об изучений языка художественных произведений”, “Стилистика художественной речи”, “О языке художественнных произведений” деген еңбектерінде фразеологизм мәселесі жан-жақты талданған. А.И. Ефимов фразеологиялық единицаларды функционалдық көзқарастан бес түрін атап өтеді.

Жалпы тіл білімінде фразеологиялық топтастырулардың ең алғаш негізін салған Ш. Балли. Ол фразеологиялық бірліктерді, компоненттерді мағыналық бірлігіне қарай синхрониялық топтастыру жасап, төмендегідей екі топқа бөліп қарайды.

    1. Фразеологиялық қатардағы сөздердің өзгертуге болатындығын;
    2. Фразеологиялық бірліктегі сөздердің ешқандай өзгертуге болмайтын

қатар деп екі топқа бөледі [2. 115].

 

Тіл білімінде фразеологизмдердің өз алдына сала болып қалыптасуына, екі негізгі бағыт болды.

Бірінші бағыт – (А.А. Шахматов, Б.А. Ларин, В.В. Виноградов) бұлар фразеологиялық единицаларды ішкі синтаксистік-семантикалық қатынастардың компоненттеріне байланысты қарады.

Академик А.А. Шахматов “Синтаксис русского языка” деген еңбегінде сиетаксистік көзқарастан сөз тіркесінің төрт түрін көрсетеді [3. 271].

А.А. Шахматов бұд еңбегінде фразеологизмдердің лексика үшін де, грамматика үшін де маңызды екенін айтады. Ол тіркестердің лексикалық және грамматикалық тұлғаларының ара қатынасы жөнінде, тіл білімінде бірінші болып құнды пікір айтқан ғалым.

Фразеологизмдердің лексикалық құрамына, құрылысына, функциясына және олардың экспрессивтік-стилистикалық т.б. қызметіне кеңінен талдау жасауды мақсат етіп қойды.

Фразеологияның орыс тіл білімінде өз алдына сала ретінде пайда болуы және қалыптасуы академик В.В.Виноградовтың атымен байланысты. В.В. Виноградов жалпы тіл біліміндегі фразеологизмдер туралы Ш. Баллидің идеяларын жалғастырушы әрі дамытушы. Оның “Об основных типах фразеологических единиц в русском языке”, “Русский язык”, (Грамматическое учение о слове) “Основные понятия русской фразеологий ка лингвистической дисциплины” деген еңбектері пікіріміздің дәлелі. Академик В.В.Виноградов фразеологиялық единицаларды семантикалық жағынан үштопқа бөліп қарайды.[4,345]

  1. Фразеологические сращения (фразеологиялық тұтастық).
  2. Фразеологические единство (фразеологиялық бірлік).
  3. Фразелогические сочетания (фразеологиялық тізбек).

Сонымен қоса академик В.В.Виноградов фразеологизмнің осы үш типтерінің характерлері белгілірін көрсетеді.

Орыс тіл біліміндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелері академик В.В.Виноградовтың атымен байланысты. Академик В.В.Виноградов фразеологизмдерді үш түрге бөліп, олардың әрқайсысына ғылыми анықтама беріп, фразеологизмдердің тіл біліміндегі алатын орнын анықтап берді. В.В.Виноградов еңбектері фразеологизмдерде тіркес тұрақтылығы, мағына бірлігі оның ең негізгі белгісі болып саналатынын көрсетеді. Мысалы: В.В.Виноградов фразеологиялық тұтастыққа мынандай бейнелі анықтама береді. Фразеологиялық тұтастық “…ерітіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы” – деп көрсетеді.[4. 150]

Фразеологиялық бірлікті құрастырушы сөздердің потенциальды мағынасын түсінумен байланысты. Олардың бір бүтін мағынасы лексикалық мағыналарына бөлінбей тұтас күйінде танылады.

Академик В.В.Виноградов “Фразеологиялық тұтастықтың беретін мағынасының оның құрамындағы компонеттер байланысы жоқ, құрамында элементтер бірдей болып дыбысталса да олар бір-бірмен тек қана таза омонимдік қатынаста” [4. 345] деген болатын.

Фразеологиялық бірліктің құрамындағы компонеттердің аз да болса семантикалық белгілері сақталатынын, олардың жалпы мағынасына аз да болса белгі, реңк беріп тұратыны айтылады. “По большой части, это выражения, состоящие из слов конкретного значения и имеющие заметную экспрессивную окраску”[4. 353]

Фразеологиялық единицалардың семантикалық жағынан топтастыру орыс тіл білімінде Р.А.Будаговтың атымен байланысты. Өзінің “Введение в науку о языке”-М, 1958. [5. 215] деген еңбегінде фразеологизмдерді екі топқа бөліп қарайды.

  1. Идиомаларды немесе фразеологиялық тұтастық.
  2. Фразеологиялық тізбек.

Ғалым бұл еңбегінде идиомаларды төрт түрлі характерлі белгісін көрсетеді.

Атап айтқанда, ол мынадай белгілер:

  1. Құрамының жеке бөліктерге бөлінбейтіндігі.
  2. Барлық бөліктерінің бір мағынаға ие болатыны.
  3. Мағыналарының бейнелі болатыны.
  4. Басқа тілге аударылмайтыны.

Шындығында да идиомалардың құрамындағы сөздерді алып тастауға не орындарын алмастыруға болмайды.

Жоғарыдағы ғалымдардың фразеологиялық жөніндегі айтқан пікірлерін қорытындылай келгенде, төмендегідей қорытынды шығаруға болады.

  1. Фразеологиялық единицалардың компонеттері бір мағыналы болады.
  2. Фразеологиялық единицалар тұрақты болады.

Жалпы тіл білімінде фразеологизмдер жөнінде көзқарастардың бір қатары профессор А.И.Смирницкийдің атымен де байланыстығы бар. Оның (Лексикология англиского языка.-М, 1956г.) [6.108] еңбегінде, фразеологизмдерді еркін тіркестермен салыстыра отырып, онығ ең басты ерекшелігі идиомалығында. Сондай-ақ, бейнелігінде, экспрессивтігінде, стилистикалық характерінде деген болатын.

А.И.Смирницкий осы еңбегінде фразеологиялық единицалардың структуралық типтері туралы мәселелерді күн тәртібінде қойды.

Сондай-ақ фразеологизм мәселесі Т.А.Бертагаевтың “Об устойчивых фразеологических выражениях (на материалах современного бурят-монгольского языка)” деген еңбегінде фразеологиялық единицалардың грамматикалық және семантикалық классификациясын береді. Т.А.Бертагаев жалпы тіл білімінде біріші рет фразеологиялық единицалардың күрделі сөздермен байланысын көрсеткен ғалым. Сонымен бірге еркін тіркестермен де байланысын көрсетеді [7. 210].

Жалпы тіл біліміндегі фразеологиялық единицаларды құрылысы жағынан талдаған ғалым С.И.Ожегов “О структуре фразеологий”- (Лексикографический сборник, вып.2.-М, 1957.) [8. 85] деген еңбегінде С.И.Ожегов тарапынан кең және тар мағынада фразеологиялық единицадағы тірек сөздер деген түсінік келтірілген. Мұнда ғалым қандай негізде фразеологиялық сөздіктерді жасау керектігін атап көрсетеді. Ғалымның осы еңбегінде айтылған дүниелерді кейінгі лексикографиялық еңбекпен айналысқан ғалымдардың басшылыққа алғаны байқалып жүр.

Информация о работе Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары