Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................ 3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері………………………………………………………………29
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………52-53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Абай.doc

— 246.00 Кб (Скачать файл)

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады: а) фонетикалық вариант, ә) лексикалық вариант.

Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарылып айтылуы жатады. Мәселен, “Абай жолы” романында да осындай варианттар көп кездеседі. Ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ деп айта береді. Мұндағы ай мен әй, әже мен ажа бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі. Бұлардың екі түрлі болып өзгеріп отыруынан тұрақты тіркестің мағына бірлігіне тигізер ешбір зияны жоқ.

Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: ағама жеңгем сай – апама жездем сай, аға өлсе, іні мұра – аға өлсе, жеңге мұра, адыра қалдың қалды, ажар білдірді – қабақ білдірді. Аузы алты қарыс, ай далада – жапан дала, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар – ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ, айтып-айтпай немене – айтып-айтпай не керек, айт-үйт жоқ – ай-шай жоқ – ай жоқ, шай жоқ, ақылы ауысты – есі ауысты, ала кеуім – ала көлеңке, алақанын жайды – қолын жайды т.б.

Лексикалық варианттардың бір-бірінен сәл болса да ерекшелігі байқалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады. Варианттарда (фонетикалық, лексикалық) қалайда ең кемі 1 сыңары ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдерде ешбір компонент қайталанбайды. Қайталанған күнде құрылым-құрылысымен қатар мағынасын да сәл өзгертіп, стилдік мән алады. Мәселен, аза бойы қаза болды – аза бойы тік тұрды, ала ауыз – алты бақан ала ауыз дегендердің мән-мағыналары нақ бірдей деуге болмайды. Соңғыларының айтарлықтай семантикалық алшақтығы болмағанымен, стилдік мәні алғашқыдан гөрі күштірек, салмақтылау сезіледі. [11.12]  

ә) Етістік мағыналы фразеологизмдер. Белгілі бір ұғымлы бір сөзбен де, екі немесе одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М. Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қызметін атқарады дейді. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді. Мысалы, араға от жақты деген идиомның мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, сондағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып тұр. Романдағы фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әр бір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, телінді болады деген сөз. Мысалы, күлі көкке ұшты деген күйреді деген сөздің орнына жүреді. Бұл идиом лексика-грамматикалық мағынасы жағынан етістікке ұқсайды. Сол себептен бұл сөйлем ішінде баяндауыштың қызметін атқарады. тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығын әр бір тіркестердегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап білуге болады. Алайда, тіркестегі негізгі сөздердің лексика-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердің тудыратын мағыналары үнемі сәйкес келе бермейді. Мысалы, езу тартты, арасынан қыл өтпейді деген идиомның сыртқы грамматикалық сипатына қарасақ, етістікке жататын сияқты. Ал мұның беретін ұғымы тату тәтті дос деген сын есімге қатысты болып тұр. Романдағы фразеологизмдерді мағынасы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады.

Етістік мағыналы фразеологизмдер:  Мысалы, Тыстағы жүргінші терезе алдында отырған бұл екеуін, аңғара алмайтын боп, көзбайланды. Қазан астындағы от қисая жанып, төрдегілерге сары қидың ащы көк түтіні шалқып жетіп, беймазалық жасады. Отырғандар бірі жөтеліп, бірі көзі жасаурап бетін басып қалысты [ІІ.23]. Мұндағы көз байланды – қас қарайды, кешкірді; бетін басып қалысты – түтіннен қорғады, екінші мағынасы ұялды дегенді білдіреді.

“Өлімді жерде молда семіреді, өлеңді жерде өгіз семіреді”- деп қазақ халқы бек біліп айтқан. [ІІ.305].

- Нәмәрт! – десіп, Сармоллаға  арналған ыза мен кек қайнай бастады [ІІ.307].

Мәзін мен қаридің ашулы сөздерінен бет бұрып, ол екеуіне сырт беріп Сармолланы қоршай берісті [ІІ. 307].

Өзі де ырғала түсіп, тамағын қайта-қайта кенеп, ішінен Сармолланы оқтай атып, “кәззап!” деп те қалды. [ІІ.308].

Үнсіз ғана езу тартып, өз ішінен “шоқ” дегендей боп:- Соқыр Қариды құдай атты. Маған қас ойлаған ниеті үшін “кәләм шариф” ұрды, - деп сүйсініп қалды [ІІ.308].

Мұрттай ұшқанын көрдің бе? [І.28].

Айызы қана алмай қалған [ІІ.314].

Сармолла осындағы молла қожаның талайын шапқа түртті білем! [ІІ.314].

Жирен мұрты астынан езу тартады [ІІ.314].     

“Өлім – бардың малын шашар, жоқтың артын ашар”, Бөжей бай болмасын, бірақ жоқ емес [І.138].

Дер кезінде айтармын. Беліңді әрдайым бекем буғайсың! - деді.

Кейбір жағымталасыған кәрілер: “Қарадан хан тудық! “ – деп, “Қырғында қылау салмай шықтық!” – деп, “Қоңыраулы бұйра нардай болдық!”  деп, көпе-көрінеу қошемет, жорғалық та істейді [І.100].

Құнанбай аттанып кеткенге шейін мұндай ауылдар “құрақ ұшып, қалбақ қағып” күтеді [І.100].

Ажарым өтпейтін болса, шашбауыңды несіне көтердім? деп, өкпелеп қалады [І. 113].

- “Қырық үйліні қырық пышақ қылдық” дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, жоқ басқаның ісі ме еді? [І. 113].

- Е, е, соны айтсаңшы!…  Дұшпан атаулының аузына құм құймайма бұл мешіт? – деді [І.90].

Міне, осы екі жайды кезек салмақтап, бір байлауға келу сотты да көп ойға салған жай болды[ІІ.380].

Тегінде осы өткен жаз басында Петербургтағы Михайловское Артиллерийское училищені поручин дәрежесімен бітіріп шыққан жас офицер Укенбаев Ғабрахым, ен әскердің қызметі ада қылу үшін, сол азиялық шеттегі Түркістан әскери округінің қарамағына жіберілген-ді[ІІ.365].

Заттың мағыналы фразеологизмдер. М.Әуезовтің “Абай жолы” романында төмендегідей заттық мағынаны беретін фразеологизмдер ұшырасады. Ескікөз, қызыл қарын жас бала, қоқан лоқы, қаз қалпы, қыл көпір, атақоныс, құла дүз, ала қайғы, ұзын құлақ, сары тоқым ұры, асқар бел, қара қазан, сары баланың қамы, мың да бір дауа, самсаған қол, тоқым қағар, атар таң, көрер күн жоқ, ақ бата, ақ жауын, ақ көйлек, ақырының қайырын берсін, басқа бәле тілден, бүгесі мен шігесі т.б. ақ жауында, бұршақ астында, шығатын шығасы аз емес [ІІ. 145]. Досына ақ көйлек, адал, мол, мырза болғанын тебіренеді [ІІ.251]. Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза [І. 271]. Тоқым қағар жасап бірталай үлкендерді шақырған [І.326]. Атар таң, көрер күн жоқ болған соң не дейді [І.45]. Балаңыздың тырнақ алдысы [І.315].

Романдағы фразеологизмдер заттың тура атауы емес, келтірінді мәндегі ұғымы болып келеді. Олар жаңа сөз тудыруға негіз бола алмайды. Құрылысы жағынан күрделі зат есімдерге қарағанда компонент саны артық келеді. Зат есім заттық жай атауы болса, фразеологизм – бейнелі атауы

Сындық мағыналы фразеологизмдер. Романдағы сындық мағынаны білдіретін фразеологизмдер заттың сын-сипатын, белгісін, сапасын басқа бір затқа теңеп әсірелей атайды. Жібі түзу, қара сойыл, қара мойын, қанды мойын, ұзын арқау, кең тұсау, су жүрек, бір ұрты май, бір ұрты қан, тасбауыр, ақ көз, қырғи қабақ, саққұлақ, ала аяқ, без бүйрек, қара дүрсін, сегіз қырлы, бір сырлы, сіңірі шыққан, тепсе темір үзеді, қу бас, қу мекиен, құдай деген, қу тілді, қол ұстату, қоян ашық, көр соқыр т.б.

Қорықпағанын, ықпағанын көрермін ондай көр соқырдың [І. 162]. Мінезі кішіпейіл, қоян ашық [ІІ. 241]. …қу бастық та бүгінгі күні келгелі тұр [І. 341]. Қу дала, қу мекиенде жалғыз ауыл қалдырып, бір сарғайттың [І. 345]. Мәкішке су жаңа қын тіккізген Ызғұтты… [І. 255] Қазаға қиятын қыршын жас Әмір ме еді? [ІІ. 19] Есбике күңнің Бәбішек құлдың сіңірі шыққан [І.325]. Бұ да өзімдей сіңірі шыққан кедей – дей беріп еді… [ІІ. 151] “Тоқпақ жалды торы” деп атағанда, үйірі қалың айғырдай, көптігінен атанған [І. 19].

Іңір қараңғылығымен аралас сұр жығылатын ит азаптағы жандар [ІІ. 308].

Құнанбайдың “жүрек жұтқан ерлігі, айла тәсілі” өзінен-өзі атамай-ақ әйгіленіп жатты [І. 169].

Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. – деп құрысқан әлсіз қолдарымен ажымды, мейірімді жүзін сипап бата берді [І. 37].

Ондайлармен Ырғызбай іші бірен-сарандап құда, жекжат ьоп алып та, “ұзын арқау, кең тұсау” жасайды [І. 49]. Қарға тамырлы қазақ деген осы [І. 219].

М. Әуезовтың “Абай жолы” романындағы сын есімді фразеологизмдер құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Етістік формасын сақтап қалғанына қарамастан, мағынасы заттың сипатын білдіреді. Алайда олар сын есімнің шырай категориясын қабылдамайды, жаңа сөз тудыруға негіз болмайды. Сөйлемде негізінен күрделі анықтауыш болады. Зат есім мағыналы фразеологизмдерге қарағанда көбірек ұшырасады, құрылымы да күрделі.

Сан есімді фразеологизмдер. М. Әуезовтің “Абай жолы” романында сан есімді фразеологизмдердің мынадай түрлері жиі қолданылатынын байқадық. Алпыс екі айлалы, алпыс екі тамыры босау, алты аласы, бес бересі жоқ, алты бақан, алты қырдың астынан, бес аспап, бес саусақтай білу, жеті қат көк, жеті ғашық, жеті амал, жеті қазына, он екі мүше, он екіде бір нұсқасы жоқ т.б.

Уақпен менің алты аласы, бес бересім жоқ [І. 177]. Абай мен Тәкежан араздығын іштей тілейді де, сырттай айламен, алты қырдың астынан өршіте жүреді ғой [ІІ. 157]. Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық жоқ [ІІ. 221]. Бірақ Құнанбай өз баласы туралы екі ұшты болуын тез жойып, Байдалы сөзінің салмағына көз салып кетті [І. 124]. Ер кезегі үшке дейін. Үйіріңмен үш тоғыз – Дәу де болса, үйіріңмен үш тоғыз деп жатыр [І. 217]. Мың асқанға бір тосқанның шағы кеп тұрған сәтім осы-ақ. Анау күздегі екі ұдай боп қалған Көкше сияқты рудың басшысы Қаратай енді Құнанбайдың алдынан шығып, бауырына кіріп алған. Онысы тағы екіталай. Ауылдың алты ауызы болсын! – деп Абай емеурін жасады. Алты қырдың астында жүрсем де, маған тым құрса сондай сарының жетіп жатсын дегені де [ІІ. 413].

Қазақтың салты бойынша келген, шақырылған қонақ құрметіне сауық жасап, ел адамдары алты ауыз өлең айтатын болған. Содан ауылдың алты ауызы деген фразеологизм пайда болған. Бұл осы күнге дейін қолданылады. Ал алты қырдың асты деген фразеологизм қазақтың көшіп-қонудағы жер алыстығы ұғымынан шыққаны байқалады.

Үш сан есімі негізгі желі боп жасалған фразеологизмдер онша көп емес. Жоғарыдағы бірінші мысалдағы үш  заттың нақты есепті санын көрсетіп тұр. Ал көпшілігі нақты санды атамай, басқа ұғымды береді. Айталық үш қайнаса сорпасы қосылмайды, үш ұйықтасам ойымда жоқ дегендер бірікпейді, ешбір ойда жоқ мағынасын береді.

Тоғыз сан есімімен тізбектелетін фразеологизмдер шығу төркіні жағынан бұрынғы салт-санамен, әдет-ғұрыппен байланысты екені айқын. Үш тоғыз, тоғыз тоғыз қазақтың ескі салты бойынша бір рудың екінші руға, не бір кісінің екінші біреуге төлейтін айыбының мөлшері болған.

Айталық, дүлей күшті табиғаттан тыс, әсірелей көрсеткісі келсе, қазақ оны жеті санымен байланыстырып айтқан төмендегідей фразеологизмдерді келтіруге болады: жеті басты жалмауыз, жеті басты айдаһар, жұт жеті ағайынды.

Осы жеті сөзімен бірде жағымды ұғым берілсе: жерден жеті қоян тапқандай қуандым, жеті ғылымның тілін біледі (бірнеше ғылым негізін білетін ғұлама адам ), енді бірде жағымсыз ұғым беріледі. Мысалы: жеті атасын түк көрмеген (тұқым-тұяғы жаралы); жепіс жеті атадан бері түгімді қалдырмайды (балағаттады); жұт жеті ағайынды… дейтін қазақтың мал баққан шаруалары қазір отыннан да жүдеген. Жеті түн (өте кеш) – Ұзақ жолдан шаршап-шалдығып жеті түнде, келген қонаққат бұнда қонба десем, ол не болар еді? Мұндағы бір ерекшелік: осы фразеологизмдерді жеті сөзі өз мағынасына емес, басқа мағына береді. Алғашқы кезде жеті нақты сан ретінде қолданылса, бертін келе тиянақсыз көп сан ретінде айтылып кеткені байқалады. Ал “Бал жетіге келгенше жержен жеті жерден таяқ жейді” сияқты мақалдағы жеті санының өз мағынасында келуі – о баста жеті сөзі өзінің конкретті ұғымында жұмсалғанын дәлелдейді.

Сондай-ақ қырық санымен келетін фразелогизм де тілімізде жиі ұшырайды. Қырық ру (көп ру), қырық күн шілде (нағыз ыстық күндер), қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі, жақсы ата жаманбалаға қырық жыл азық, қырқына шыдаған соң, қырық біріне шыда, қырық күн ойын, отыз күн тойын жасады, баланы қырқынан шығару, өлген кісінің қырқын беру сияқты фразнологизмдер белгілі өлшемді білдіреді. Ал енді қырық жамау, қырық пышақ, қырық жілік тәрізді тіркестерде қырық сөзі бастапқы мағынасынан айырылып, басқа ұғымды; тозығы жеткен, қызыл шеке боп төбелесу, боршаланып жіліктену дегенді білдіреді.

Сонымен, тірек компонеті сан есімнен болған фразелогизмдер заттың нақты санын білдірмейді,тек мөлшерін болжап көрсетеді. Кейбірі мүлдем басқа үғымды береді. Бұндай фразеологизмдерді сан есімге қатысты деп үзілді-кесілді айту қиын, сондықтан сан есіммен үйірлесетін фразеологизмдер деп шартты түрде алдық.

Романдағы үстеу мағыналы фразеологимздер. Үстеу тобына қатысты тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібі тұрақты, грамматикалық өзгеріске ұшырамайды, өзінің тіркестегі қаз-қалпын сақтайды. Сөйлемде тек пысықтауыш болады. Мысалы, Қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, аяқ астынан, түн баласында, қас пен көздің арасында, таң сәріде, салған күйі т.б.

Биікте, көз ұшында, шалқар көш боп қиқулап, «қош-қош» айтқандай боп қалықтап, бір топ тырна кетті [І. 49]. Тап осы жолы тұяқ серіппесек, бәрімізді де атаның әруағы атсын [І. 34]. Абай айналасындағы жас-жораның бәрі де Базаралының әңгіме, әзіліне, қас-қабағына қарап құрақ ұшады [І. 48]. Жұрт көмейінде жұмырланып түйілген тас түйінді айт [І. 51].

Мысалы, Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? [І. 26].  Былтыр ала жаздай серілік құрып, ел қыдырып сауық-сайран салмадым ба? Мынау ақ боранда жеті түнде әлдекім десек, өзіміздің Тоғжанның ағалары болды ғой! [І. 31]. Аз ойлағанда даБөжей өз ішінен: «Ақай жоқ, ноқай жоқ көрінгенге бұйде бере бере ме», дегендей. Әйтеуір жан  дәрмен үйде тыныш таба алмай шыққан бір далбастық . [ІІ. 47].

Үстеу тобындағы фразеологизмдер сөйлемде пысықтауыш қызметін ғана атқарады.

Қорыта келгенде, біздің қарастырғанымыз етістік, үстеу тобына жататын фразеологиялық тұтастықтар, бірліктер, тізбектер, сөйлемшелер болды. Фразеологизмдерді топтастырғанда, олардың функционалды-грамматикалық ерекшелігіне мағынасын, өздеріне тән морфологиялық белгілеріне көңіл бөлінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақ тілі өзге де ұлттық тәрізді дамудың әр қилы жолдары мен кезеңдерінен өтті. Көне түркі дәуіріндегі рулық, тайпалық, тайпалық одақ тілінен кейінгі орта ғасырда – бұл кез жаңа түркі дәуірі деп аталады, жалпыхалықтық тіл болып қалыптасты. Одан кейінгі кезеңдерде жалпыхалықтық тілден ұлттық тіл деңгейіне көтерілді. Жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл, жергілікті, әлеуметтік диалектілері, сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі, жаргон т.б. өмір сүру нысандары болды.

Қазақ тілін біртұтас тіл етіп ұстап тұрған нәрсе – фразеологизмдер десе болады.

Қазақ әдебиетінде М. Әуезовтің «Абай жолындай» фразеологизмдерге бай туындыны табу қиын. Сондықтан да осы тақырып арнаулы зерттеудің нысаны етіп алынды.

Сайып келгенде, қазақ тіліндегі фразеологзмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:

1. Көптеген фразеологизмдердің  жасалуына адам ойында қорытылған  құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді.

2. Бір қыдыру фразеологизмдер  өлшемдік ұғымдардың, сандардың  негізінде пайда болады.

Информация о работе Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары