Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 12:49, курсовая работа
Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.
Кіріспе............................................................................................ 3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері………………………………………………………………29
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………52-53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55
- Және қоныс болғанда қандай! Тұнып тұрған көк бастау, торғындай тума, қасқа бұлақ, көк иірім көл [ІІ. 42]. Шыңғыс сыртының өзге жайлауы қоңыр салқын жауынды келсе, дәл осы бақанас суынан оңтүстікке қараған жақ өзгеше бір бүк, ыстық болушы еді [ІІ. 139]. Осы күндерде Қорықтағы ауылдардан он бес шақырымдай жерде, дәл осы Қорық сияқты мидай жазық, салқын қоныс Ералыда бір әбігер хал болып жатыр [ІІ. 386]. Есікке қарсы тап ортада, жасыл жібек жапқызған кеңсе үстелінің жанында ұлықтар.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады.
в) Романдағы фразеологиялық сөйлемшелер. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралады, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы, Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады; Шегірткеден қорыққан егін екпес; Көрпеңе қарап көсіл; Бас білген өгізге өк деген - өлім; соғыс өртін тұтандырушылар; жоғары оқу орны т.б.
Құрастырушы сөздердің байланысының сипаты жағынан және білдіретін жалпы мағынасы жағынан фразеологиялық сөйлемшелердің кәдімгі еркін сөз тіркестерінен немесе сөздердің жалпы еркін тіркесуінен ешбір айырмашылығы жоқ десе болады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы басқа жағында. Еркін сөз тіркестері мен сөйлемдер сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық сөйлемшелер, жалпы фразеологиялық оралымдардың басқа түрлері сияқты, өзінің тұрақты құрамы мен мағынасы бар даяр едицина ретінде сол қалпында жұмсалады. Мысалы, Оқытқаның – бала, оқығаның – кітап деген сөйлемді сөйлеуші адам жеке сөздерді тілдің грамматикалық заңдары бойынша бір-бірімен тіркестіру арқылы сөйлеу кезінде құрастырса, Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады деген фразеологиялық сөйлемшені жадында сақталған қалпында, шып-шырғасын бұзбай, даяр күйінде қайталайды. Сондай-ақ Аузы күйген үріп ішер; Құрғақ қасық ауыз жыртар; Темірді қызған кезде соқ; Сорлыға сойылдың жуан басы тиер; Тауықтың түсіне тары кірер деген тәріздіфразеологиялық сөйлемшелер де құрылым жағынан сөйлемдер сияқты болғанымен, сөйлеу кезінде конструкцияланбай, қалыптасқан, орныққан күйінде, даяр қалпында жұмсалу қасиеті жағынан сөйлемдерден ажыратылып, фразеологиялық оралымдардың айрықша бір түрі ретінде танылады.
Фразеологиялық сөйлемше фразеологиялық тізбектен құрамында байлаулы мағыналы сөздің болмауы жағынан ажыратылады, - дейді К. Аханов [21. 176-177].
Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тілдің коммуникативті единицасы – сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар – мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, дасяр қалпында жұмсалатыны; құрамының тұрақтылығы ескеріледі.
Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы, Кең болсаң, кем болмайсың; Әзіл айтсаң да әділ айт; Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз; Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы; Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді және т.б.
Мәтелдерде ой-пікір, топшылау мақалдардағыдай, тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишара болады. Мысалы, Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады; Қызым саған айтам, келінім сен тыңда; Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар; Ағама жеңгем сай; Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма; Лақ та өлерде тұяқ серпеді; Суға кеткен тал қармайды; Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді; Байтал түгіл бас қайғы; Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шығып және т.б.
Тілдегі мақал-мәтелдер де тұрақты сөз тіркесіне жатады. Бірақ барынша тар ұғымда алынатын ФЕ-лер мен мақал-мәтелдердің арасында үлкен айырым бар. Мақал-мәтел ФЕ-ден өзінің сөз қолданыс, мағыналық жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан яғни, өздерінің семантикасы, грамматикалық құрылысы жағынан мақал-мәтелдің ФЕ-ден елеулі айырмашылығы бар. Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып салыстырады.
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан, жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қатар тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады. мақал-мәтелдердің адам баласының өмірінде қамтымайтын саласы жоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп білдіреді. Халық: “Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мақал – сөздің атасы. Сөздің көркі – мақал. Мақал – сөздің тұздығы”, - деп тұжырымдайды. Мақал-мәтелдердің романдағы фразеологизмдерге жуықтайтын жерге тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады. Мысалы, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады дегенде біз құстың ұшып қонуын ойлаймыз. Құсты ұшырып-қондырып тұратын оның қанаты мен құйрығы болса, сол сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір-бірінің тілін тауып, бірлесір, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды деген ойға келеміз. Романдағы мақал-мәтелдерде былай көрсетілген: сөз жүйесін тапса, мал иесін табады; жауға жалынба, досқа тарынба дегендегі сөз, мал, жау, дос сөздері бір-біріне қарама-қарсы қолданылып, тұжырымды оймен бірше астарлы мән-мағына береді. мақал-мәтелдер жайдан жай айтылмайды, белгілі бір мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады.
Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. бұлардың компоненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгертуге келмейді. Сонымен қатарсыртқы түр-тұрпаты жағынан, яғни өздерінің семантикасы мен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады. Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдер өте шектеулі болады. Көпшілігінде екі я үш-төрт сыңарлы болады. Мысалықол бала, қолы ұзын, қолы тар, қол артты, қол болды, қолы алдына сыймады, қолы жіпсіз байланды, қол-аяғы балғадай, қолдан-қолға түсірмеді, қолымен от көседі, екі өкпесін қолына алып жүгірді т.б. мақал-мәтелдер мән-мағынасымен қатар құрылым-құрылысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі. өзінің құрамы жағынан да фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жанамалап, меңзеп тұспалдап атайды. Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйдемге ұқсайды. Романдағы фразеологизмдер керісінше, нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, сыртқы тұлғасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады. мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда, бұлардың жасалып, қалыптасу мерзімінде үлкен кереғарлық бар. Фраезологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе-күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты қажет етеді. Сол сбептен болса керек, фразеологизмдер, әсіресе идиомдар бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал мақал-мәтелдер тілден тілге, сөзбе сөз де емін-еркін аударылады [7. 598-599].
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а)Романдағы фразеологизмдердің көп мағыналылығы. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері романда көп мағыналы болып кездеседі. Романда фразеологизмдердің бәрі бірдей емес идиомдық түрлері әр дайым мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мысалы:
1) Езу тартты: а) күлді,
ә) жымиды,
б) қуанды.
2) Көз салды: а) қарады,
ә) көз салмай тесіле үңілді.
3) Ет жүрегі елжіреді: а) уайымдады,
ә) іші күйді,
б) қайғырды.
4) Үн қатты: а) дыбыс берді,
ә) сөйледі.
5) Бетін ашты: а) халықтың жаңа түскен жас келінге тілек айту салты,
ә) жүз шайысты,
б) бір-біріне шындықты айтты.
6) От тастады: а) шағыстырды,
ә) айдап салды,
б) араздастырды т.б.
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жол мен мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналылығы мен фразалық тіркестердің көп мағыналылығының дамуында бірыңғай жалпы ортақ заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналылығы негізгі заттық мағынадан өрбиді. Романдағы фразеологизмдердің де көпмағыналылығы негізгі заттық мағынадан өрбиді. Туынды мағынада сол алғашқы лексикалық мағынаны ауыстыып қолданудан келіп шығады. Мысалы: Байдалының өзін де аман қойған жоқ. Олай болса, енді сол Байдалының өзімен тізе қосып, не істеу керек (2. 256 б.).
Тізе қосты: а) бірікті,
ә) көмек берді,
б) ұйымшылдық көрсетті, - деген үш түрлі мағына туындаған. Адам бойындағы іс-әрекетті, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел болады.
Көп мағыналылық пен омонимия құбылыстары әдетте жеке сөздердің төңірегінде көзге айқын байқалады. Ал, фразеологизмдерге келгенде бұл құбылыстар өзгеше реңкке түседі. Полисисмия құбылысы мен омонимия құбылысын тануда түрлі көзқарастар байқалады [7. 592-593].
Романда тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі болып та қолданыла береді. мұндай құбылыс тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп аталады. Мысалы, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын ала қашты дегенде мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Сол сияқты алғаны ас болмады, жегені желім болды, жегені желкесінен шықты, ішкен жегені мұрнынан шықты, алғаны көзінен шықты дегендері де белгілі бір ұғымды сегіз саққа жүгіртіп, жан-жақты сипаттап тұрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейе түсіп отырады. “Абай жолы” романында тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері өте көп кездеседі. Мысалы:
1. Абайдың ажарына көз қиығын тастап, әлгідей ұрыс үнін естумен ілес, енді сескене түсіп, бой бақты.
2. – Айт! – деп, Оспанның көзіне көзін қадады.
3. Осында отырған бірнеше өнерлі, көрікті жас әйелдерге жағалай көз тастап өтті.
4. Әйгерім үлкен құрмет білдіріп, қатты иіліп тәжім етті. Бірақ Күн өзге жасқа қарамай, Абайға ғана көзін салды.
5. Абай Майбасардың доң айбатын мысқыл еткендей боп, шаншыла қарады да, кекетіп күліп жіберді.
Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты бай екендігін көрсетеді.
Романдағы фразеологиялық синонимдік сындық және үстеулік мағынада да кездесе береді. Мысалы, Тоғжанның асқан сұлулығын алатын болсақ - …Бұл үйге әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлде қандай былдыраған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абай көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай болып қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей. Бұл жерде аппақ жүзді, қырлы мұрын, қасы да айдай боп қиылып тұр деген синонимдес тұрақты сөз тіркестері (2. 109). Шошақтау боп біткен үлкен қой көзді, ақ қызыл жүзді, қалың шашты Керімбалада саналы қайрат бар, ұстамды, сырлы салмақ бар (2. 331).
Фразеологиялық синонимдер көркем образ жасауда жиі қолданылады. Сондықтан бұлар тілдегі кез-келген стиьде талғаусыз қолданыла бермейді. Бұлардың өздеріне лайықты орын тепкен мекені – көркем әдебиет. Көркем шығармада белгілі оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оны түрлі-түсті бояумен әшекелейді. Сондай бейнелі сөз қазынасы – тілдегі тұрақты сөз тіркестері екені сөзсіз. Тілдегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер екуі екі түрлі аталғанымен, түптеп келгенде, бір мақсатқа қызмет етеді. Ол мақсат – ойлаған ойды жеткізе, жан-жақты баяндау болып табылады. Ал сондықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қарым-қатынаста, тұтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға тиіс. Фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоним боп жұмсалатындығы сияқты бұлар мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қолданылады. Тұрақты тіркестердің арасындағы осындай кереғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Романдағы фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрге бөлінеді. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқа да сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: үй іші үнсіз еді. Жуансып күштісі, артықсып асқағы, күңіреніп көбі жүрген жон-жотаға көз тастап қоймай, үн қатады. Абай Әйгерімге күндізгі сөздерді айтпай, аяп, жасырып қойса да мұның өзін Айғыз бен Ділда шақырып ап қатты, суық, ауыр сөздер айтқан. “Екі жарты, бір бүтін болайық”, - деді. Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық антонимдерге соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның былай болуы, тілдегі сан алуан стилдік сөз қолданыстарының тығыз байланыстығында деп түсіндірген жөн.
Информация о работе Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары