Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................ 3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері………………………………………………………………29
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………52-53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Абай.doc

— 246.00 Кб (Скачать файл)

Л.Н. Долганов мағынаның идиоматикалық өзгермейтін бөлігіне бірінші қадамы астарлап айту деп санайды. Ұзақ мерзімге бекітілген тәжірибесінің жалпылауда көрсеткендей, астарлап айту айтушының өзінің этимологиялық нақтылық және дәстүрлі сөйлеу тілінде қолданылады.

Идиомтаизация  “ығысу” нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін, сөйлеу мәнері этимологиялық жүйесін жоғалтқанда, қоғамдық тәжірибелерді, элементтерді есептеп шығару салдарынан деген.

“Ығыстыру” астарлап айтумен үнемі бірге қолданылады (мысалы, бить, баклуши, попасть впросак, точить лясы).

Идиоматизация  “дербестеу” себебі болуы мүмкін, яғни астарлаусыз және ығысусыз өз тура мағынасында қолданылмай, фразаны контексте қолдану.

Л.Н. Долганов фразеологиялық бірліктің құрамына енетін сөздерді кейбірінің мағынасының рөлін саралайды. Мәселен, адам, ер, су, баш, жан, ел т.б. [18. 195]

Ш.У. Рахматуллаев жұмысында өзбек фразеологиясы жөніндегі мәселе ойдағыдай және жемісті зерттелуде. Өзінің “Қазіргі өзбек тіліндегі образдық етістікті фразеологиялық бірліктің негізгі грамматикалық ерекшеліктері” тақырыбындағы диссертациясында Ш.У. Рахматуллаев фразеологиялық бірліктің төрт семантикалық түрін бөліп айтады: фразеологиялық тұтастық, тізбектен басқа, латта, авлие, чайналмок сияқты сөздерді атайды [15. 193-194]. Жұмыс барысында етістікті фразеологиялық бірліктің негізгі морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері толық ашылады.

“Атау” фразеологиялық бірліктің грамматикалық құрылымының қайта құрылуы туралы Ш.У. Рахматуллаев өзінің мақаласында фразеологиялық бірліктер, сөзтіркесі, сөйлем тілдің болашақ бірліктері құрылымдық жоспарда тең дәрежелі. Ш.У. Рахматуллаев сөздердің еркін тіркестері мен фразеологиялық бірліктерінің ерекшелігі грамматикалық құрылысынан емес, семантикалық және грамматикалық мәніне байланысты, соның ішінде шешушінің рөлін семантикалық факторға әкеліп тірейді.

Түркімен тілінің фразеологиялық бірлігін зерттеу және шығу тегі мен лексикалық құрамына арналған К. Бабаевтың “Түркімен тіліндегі идиомалар” тақырыбында жұмысы бар.

К. Бабаев олардың семантикасын ала отырып, идиоманы екі типке бөліп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық және фразеологиялық бірлік. К. Бабаев фразеологиялық бірліктің көпшілігінің шығу тегі мифологиялық, діни, тарихи, этнографиялық және басқа тілден енген сөздер дейді.

К. Бабаевтың көзқарасы бойынша лексикалық құрам фразеологиялық бірліктерді жеке сөздерге бөліп топтастырады. Мысалы, баш, гол, аяг, бұлар көбінесе фразеологиялық бірлік құрамына кіреді.

К. Бабаев көбінесе ішкі, лингвистикалық факторларға идиомалардың шығу тегіне олардың грамматикалық ерекшеліктеріне тоқтала бермейді.

Д. Шүкіров “Қырғыз тіліндегі фразеологиялық тіркестер туралы” еңбегінде фразеологиялық бірліктерді тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрлерінен жіктейді, мақалдар, мәтелдер, жұмбақтар, құрамды терминдер және күрделі сөйлемдер. Д. Шүкіров олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды атап көрсетеді [20. 77]. Ол көп мағыналы сөздер мен фразеологиялық единицалардың синонимдері мәселесін қарастырады,бірақ ол омонимияны көрсетпейді,сондықтан фразеологиялық бірліктер болып беріледі. Мысалы:

    1. Тар жер –тар жер және қиын жағдай,қиын сұрау.
    2. Ордок учуруу – үйректерді уркіту және өтірік айту.

Д. Шүкіров фразеологиялық бірліктердің құрылу жолдарына толық тоқталып өткен. Ол фразеологиялық бірліктердің негізгі лингвистикалық және тілдік емес білім беру құралдарына тоқталып өтеді.

1. Салыстыру, түсіну, заттардың ұқсастығы    егіз қозыдай, құлақ – мұрын кескендей ж.т.б.

2. Қарама – қарсы салыстыру (кәрі  демей, жас демей, балық та емес, ет те емес:)

3. Образдық, сөздердің экспрессивті  қолдану (аузыменен орақ ору)

4. Лексикалық калька (Америка ашу; отпен ойнау; екі қоянды өлтіру)

5. Эвфониялық, салыстырмалы, аллитерациялық(отынан  кіріп, күлінен шығу);

6. Жеке сөздер бас, көз, жүрек, тіл, сөз, ақ, қара т.б. сияқты осылардың  негізінде көптеген фразеологиялық  бірліктер ұйымдастырылады.

7. Нақты тарихи дәйектер (жақанда жоқ).

8. Шеберлік (әр түрлі ойын атаулары).

    1. Ұлттық салт – дәстүрдің атаулары (ала қылды аттау т.б)

Қарақалпақ тіл білімінде фразеологиялық бірліктер соңғы уақытқа дейін арнайы пән ретінде оқытылған жоқ. Е. Бердімұратов компоненттері еркін лексика-грамматикалық тұрақты сөз тіркесімен фразеологиялық бірліктерді қарама-қарсы қойып қарастырады. Ол фразеологиялық бірлік және құрамды терминдер қатарына жатқызады. Мысалы: жердің жасанды жолдасы – искусственный спутник Земли, темір жол – железная дорога. Бұлардың соңғы сөзі лексика-грамматикалық компонент бола алады.

Е. Бердімұратов фразеологиялық бірліктің негізгі белгілері мыналар деп санайды [17. 405].

1. Фразеологиялық бірлік сөйлемде  бір ғана синтаксистік қызмет  атқарады.

2. Семантикалық фразеологиялық бірлік бөлінбейді.

3. Фразеологиялық бірліктердің  компоненттері өздеріне бекітілген  тұрақты орындары бар, компоненттердің  орналасу тәртібін өзгерту мүмкін  емес.

4. Оларды басқа тілге сөзбе-сөз  аудару мүмкін емес.

Өйткені аудару барысында фразеологиялық бірлік бұзылады. Жоғарыда аталған белгілердің біреуі де екінші , үшінші белгілерін есепке алмағанда фразеологиялық бірлік мәніне сөзсіз жата алмайды. Бірақ олар да фоазеологиялық бірлікке тән емес. Олар синткаксистік қызметті кейде сөйлемде тұрақты, тіпті еркін сөз тіркестерін де атқарады. Семантикалық бөлінбеу бұл тек қана фразеологиялық бірлікке ғана емес сонымен қатар құрамды сөйлем, құрамды терминдерге де тән. Фразеологиялық бірлік бөлек безендірілген бірліктер сияқты фразеологиялық бірліктердің синонимдік нұсқаларын анықтағандай кейде жеке компоненттерін синонимдермен ауыстыра алады. Фразеологиялық бірлік компоненттерінің арасындағы синтаксистік қатынас жылжымайтыны даусыз емес. Оны Н.Н. Амасовпен Ш.У Рахматуллаевтың жұмыстары бойынша сараптауға болады.

Фразеологиялық бірліктерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз аудару мүмкін еместігі біздің көзқарасымыз бойынша айтарлықтай емес. Олар салыстырып отырған тілдердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері салдарынан болып табылады. Кейбір фразеологиялық бірліктер бір тілден екінші бір тілге баламасы сәйкес келген жағдайда сөзбе-сөз аударылады. Сонымен қатар кейбір сөздер бір тілден басқа тілге аударылмайды. Мысалы, орыс тіліндегі “дача лапти” сөзі қарақалпақ тіліне аударылмайды, ал ол тілден түндүк, гүуен сөзі орыс тіліне аударылмайды (баламасы жоқ). Бірақ бұл сөздер фразеологиялық бірлік қатарына жатпайды. Е. Бердімұратов фразеологиялық бірліктерді семантикалық классификация жасады. В.В. Виноградовтың орыс тіліндегі фразеологиялық бірліктердің классификациясына сәйкес келеді.

    1. Фразеологиялық отлесиулер – фразеологические сращения.
    2. Фразеологиялық бирликлер – фразеологические единства.
    3. Фразеологиялық дизбеклер – фразеологические сочетания.

Е. Бердімұратов кейбір фразеологиялық бірліктерінің жасалу ерекшеліктерін атап айтып көз, тил, аяқ, ауыз т.б. Сөздердің фразеологиялық бірлік құрамындағы сөздердің рөлі мен кейбір фразеологиялық бірліктердің қарақалпақ халқының тарихпен, тұрмыспен, мәдениетпен байланысын қарастырады.

Е. Бердімұратов грамматикалық құрылым бойынша фразеологиялық бірліктерді былай бөледі:

    1. Жай сөз тіркесі нұсқасы бар.
    2. Жай сөйлем нұсқасы бар.
    3. Құрмалас сөйлем.

Ол өз жұмысында компоненттердің құрамындағы лексика-грамматика бойынша фразеологиялық бірліктердің классификациясын берген. Сонымен қоса фразеологиялық бірліктердің стилистикалық ерекшеліктерін көрсетеді.

Е. Бердімұратов енді мақал-мәтелдерді қарастыра отырып фразеологиялық бірліктердің ортақ белгілерін анықтайды [22. 415]. Соның ішінде компоненттердің тұрақты лексика-грамматикалық құрамын қарастырады. Қарақалпақ фразеологиясы арнайы зерттеу пәні болмағандықтан Е. Бердімұратов жұмысында көптеген ерекшеліктер қарастырылмаған.

Түркологтар жеке диалектілердің фразеологиясына қызығушылық білдіруде. Бұл жинақтардың қатарына М.И. Исламовтың фразеологиялық тіркес “Нүкіс диалектикасының мәліметі бойынша”, Х. Данияровтың “Өзбек тіліндегі қыпшақ диалектісіне фразеологиялық бақылау жасау” жұмыстарын жатқызуға болады.

Түркі фразеологиясын зерттеу тек лингвистикалық жоспарда ғана жүргізіліп жатқан жоқ. Соңғы жылдары түркі тілдерінің фразеологиясын лингвистикалық және лексикографиялық зерттеу тәзірибелері жинастырылуда.

Фразеологиялық бірліктерді жазудың шығармашылық қолданысына арналған туркологтардың жұмыстары: М. Мұхамадиев: “Шариф Камал шығармаларындағы фразеологиялық синонимднр мен антонимдер”.

 Б. Манасбаев “С. Мұханов тіліндегі  кейбір ерекшеліктер” (фразеологиялық тіркестерді қолдану).

М. Маматов “Н. Наримановтың шығармашылығындағы атау фразеологиялық сөз тіркестері”. С. Мұртаазаев “М.А. Ахундовтың комедиясындағы фразеология”, Я. Пинхасовтың “Хамит Алимжанның шығамашылық тіліндегі фразеологиялық қолданыс”. И.Кучкартаев “Абдулла Каххардың фразеологиялық жаңашылдық”, А. Аннамедов “Х. Дерьяевтың “Тағдыр” романындағы фразеология”.

Міне көркем шығармаларды негізге ала отырып, жоғарыдағы авторлар фразеологияның  негізіне осындай талдаулар жасаған.

Академик І. Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” атты көлемді еңбегі қазақ тіліне қосылған елеулі үлес деп қарауымызға болады. Автор аталған сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері” туралы  бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теорияның мәселелерін жан–жақты қарастырып, біраз ілгері танытты. Қазақ тілінің фразеологмясын зерттеушілердің қай-қасында бұл еңбекке соқпай өте алмайды деп айтуымызға болады. Тіліміздегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған тәрізді. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстың нақтылы бейнесі негіз болған. Әр заманнан тілде белгі қалады. Соған орай отырып, тіл фактісі арқылы кеңінен сырын ашуға болады. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі ит шана, ит арба деген тіркестерге қарап көне заманда итті көлік ретінде пайдаланған шығар деп жорамалдауға болады.

В.Н.Телия фразеологизм деп таныған барлық фразеологиялық тіркестерді “фразеологиялық орам” (фразеологический оборот), не “фразеологизм” деп атауды ұсынды [18.8].

Қазақ тіл білімінде фразеологиялық единица (фразеологическая единица), фразеологизм (фразеологизм) фразеологиялық тіркес (фразеологическое сочетание),  тұрақты тіркес (устойчивое сочетание), тұрақты сөз тіркесі (устойчивое словосочетание), фразеологиялық оралым (фразеологический оборот) [18.591] деген терминдер синоним ретінде, нақты сараланбай,  қатар қолданып отырады.

Қазақ тілінде, барлық басқа тілдердегі сияқты, фразеологиялық түйдек емес (идиом емес) фразеологизмдер орасан көп.  Бұлар да идиом секілді орын тәртібі жағынан тұрақты. Бірақ, мағынаның тасалану, тасаланбауы, яғни құрамындағы сөздері өзінің тура мағынасын сақтауы, сақтамауы жағынан фразеологиялық түйдектің фразеологиялық тіркестен елеулі айырмашылығы бар. Бұл екеуі де белгілі сөз тізбектері: түйдек тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі фразалық мағынаны білдіреді. Яғни, түйдек ішіндегі компоненттер өзінің бастапқы лексикалық формасы мен семантикалық қасиетін жоғалтады да, сырт сиқын ғана сақтайды.  Сөйтіп, оынң компоненттері ширала келе, негізгі бір кесек,  фразеологиялық единица болады [25. 591].

Қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген академик І. Кеңесбаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне:

1) мағына тұтастығы; 2) тіркес тиянақтылығы; 3) қолдану тиянақтылығына сүйене  отырып, қазақ тілі құрамындағы  фразеологиялық тіркестерді ең  негізгі үлкен екі арнаға бөледі.

Олардың біріншісін фразеологиялық түйдек, ал екіншісін фразеологиялық тіркес деп атайды.

Фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады да, фразеологиялық тіркестерді өз ішінен екіге бөледі:

а) түйін тіркес. Бұл - әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан туған фразеологизм. Мұнда фразеологиялық единица сыңарларының о бастағы мағынасы мүлде жойылмағанымен,  көмескіленген.

ә) түйіс тіркес. Бұл да әуел бастағы еркін тіркестегі ауыспалы мағынада қолданудан туған фразеологизм. Бірақ фразеологиялық единица сыңарларының бастапқы мағынасы мұнда көмескіленбей, әнтек солғындап айтылады [26. 591-592].

К. Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В. Виноградов классификациясына сүйене отырып,  семантикалық тұрғыдан:

1. фразеологиялық тұтастық; 2. фразеологиялық бірлік; 3. фразеологиялық тізбек; 4. фразеологиялық сөйлемше, - деп топтастырады[30. 165-182].

Фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркеске тілдегі қолдану сәтіне қарай бағзы уақыт бірінің орнына бірі жүріп, ауысып отырады. Бұл екеуінің қай ретте шегін белгілеп, ажыратып алудың өзі қиын. Мысалы: күлін көкке ұшырды, жермен жексен болды, жерден жеті қоян тауып алғандай қуанды, салы суға кетіп отыр, санын соғып қалды (бармағын шайнап қалды), төбе шашы тік тұрды деген [28. 600] тізбектердің бәрі де бейнелі (дәлірек айтқанда, туынды) мағынаға ие болып тұр. Мұндағы жермен-жексен болды дегендегі “жексен” сөзі парсы тілінде “бірдей”, “тегіс” деген мағынаны білдіреді, яғни “жер бетімен бірдей етті” (“көзін жоғалтты, құртты”) деген мағынаны беріп тұр. Санын соғып қалды деген тізбектің мағынасы да метафоралық мағына (“өкінді, күйінді, қапыда қалды”); жерден жеті қоян тауып алғандай қуанды деген екінші – жанама, туынды мағына беріп тұр. Сол сықылды салы суға кетіп отыр дегенді де басқа мағынада қолданып отырмыз. Егер де бұл сөздерді “салының суға кетуі” мағынасында тікелей түсінсек, фразеологиялық единица бола алмайды.

Фразеологиялық единицаларды сөздердің қалыс лексикада жеке тұрғандағы мағынасымен түсінетін болсақ қарапайым сөз болып, мағынасыз, мәнсіз бірдеңе болып шығады. Мысалы: қол көтерді деген сөзді ыңғайына қарай(контекстегі қолданылуына қарай) тікелей мағынасында да, туынды мағынасында да айтуға болады. “Біз жол - жөнекей өтіп бара жатқан машинаға қол көтердік” десек, мұндағы қол көтердік өзінің тікелей мағынасында айтылып тұр; біз оны жақтап қол көтердік десек, мұндағы тізбек жанама мағынада айтылып тұр. Бұл тізбектерді құрап тұрған жеке элементтердің мағынасы осы тұрған қалпында дербес референттік мағына бола алмайды. Екі немесе бірнеше сөздің түйісіп келіп, фразеологиялық түйдек болу үшін, ол компоненттердің өзара байланысынан туатын мағынадан мүлдем басқа айтылу керек. Сөйтіп, фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық тіркестің өз ара айырмасы бұл екеуінің құрамындағы компаненттерінің дара қолданылған үйдегі тікелей мағынасынан айрылу, айрылмау дәрежесінен көрінелі.

Информация о работе Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары