Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 12:49, курсовая работа

Описание работы

Ұлы жазушы М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясының тілін зерттеу – қазақ тіл біліміндегі ең актуаль мәселелердің бірі. Осы күнге дейін қазақ тіл білімінде М. Әуезовтің шығармалар тілін зерттеуге арналған біршама ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың ең бастысы деп мына жұмыстарды атап өтуге болады. Е. Жанпейісовтің “М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі” Алматы, 1976ж. және оның “Этнокультурная лексика казахского языка” Алма-Ата, 1989 ж. деген еңбектерімен қатар А. Махмудовтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы архаизмдер мен историзмдер” Алматы, 1963 ж. С. Мырзабековтың “М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы етістіктерге статистика-лингвистикалық анализ” Алматы, 1973 ж; “М. Әуезовтің “Абай жолы” романының жиілік сөздігі” Алматы, 1975 ж.

Содержание работы

Кіріспе............................................................................................ 3-5
І Тарау
Фразеологизмдердің жалпы тіл біліміндегі зерттеу тарихы….6-28
ІІ Тарау
“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың
түрлері………………………………………………………………29
а) романдағы фразеологиялық тұтастықтар…………………..29-30
ә) романдағы фразеологиялық бірліктер……………………..31-33
б) романдағы фразеологиялық тізбектер…………………….33-35
в) романдағы фразеологиялық сөйлемшелер………………..35-39
ІІІ Тарау
Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары
а) романдағы көпмағыналы фразеологизмдер……………….40-44
ә) етістік мағыналы фразеологизмдер…………………………44-51
Қорытынды………………………………………………………52-53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………..54-55

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Абай.doc

— 246.00 Кб (Скачать файл)

Фразеологиялық ттүйдектің беретін мағынасы оның жеке сыңарларынан шығатын мағынамен байланыспауына бірер мысал: қабырғаңмен кеңес; жүрек жалғады; қырғи қабақ болды; тонның ішкі бауындай. Қабырғаңмен кеңес дегеннің мағынасы “қабырға”,  “кеңес” деген сөздердің тікелей мағынасынан туып отырған жоқ (мұның беретін ұғымы “оойлан”, “асықпай – саспай ойлан), не болмаса жүрек жалғады (мағынасы “азын – аулақ ас ауыз тию”, “жеңіл – желпі тамақ ішіп алу”); қырғи қабақ болды (мұның мағынасы “араздасу”, “өкпелеу”, “қырын қарау”); тонның ішкі бауындай (“өте тату”, “жең ұшынан жалғасқан”, “әкей – үкей”) [29. 600-601]. Осындағы келтірілген әрбір түйдек сыңарлары тұтасып барып қана, өзара бір шоқ жаңа мағына туғызып тұр. Түйдек ішіндегі элементтеріне қарай талдау жасап, бірін екіншісінен жырып алуға болмайды.

Ал, фразеологиялық тіркес ішіндегі сөздер негізгі мағынасынан жарым – жартылай ғана айырылып қалады. Мысалы: белін қынай буынды, ата жолын қуды, егіліп жылады, шалқар көл, жосадай қан, мидай дала [30. 5].

Сөздерлің фразеологиялық түйдек тобы болсын, фразеологиялық тіркес болсын, екеуіне де ортақ қасиет – тиянақтылық. Бұл екеуінің де компоненттері өзара бекем орынға, белгілі тәртіпке ие болуы шарт; компоненттер бөтен сөздерге жанаспай, олардан бойын аулақ салып, өзінің арнаулы сөздерімен үйірлес келеді. Демек, “егіліп” дегенді “жылады” дегеннің алдына қоюға болады, “қынай” деген сөз “буынды” деген сөзбен жанаса алады [31. 590].

Фразеологиялық түйдік пен фразеологиялық тіркестің өз ара айырмасы бұл екеуінің құрамындағы компоненттердің дара қолданылған күйдегі негізгі (тікелей) мағынасынан айрылу, айырылмау дәрежесінен көрінеді.

Егерде фразеологиялық түйдек, фразнологиялық тіркес сөздер “трансформация” өзгерістері нәтижесінде пайда болады десек, осыдан туар таағы бір ерекшелікті байқаймыз. Ол – фразеологиялық единицаларды өзге тілге аудару мәселесі, бұл жөнінде, практикада белгілі бір сөйлем ішіндегі сөздің алдымен лексикалық мағынасын есте тұтамыз. Осы тұрғыдан қарастырсақ, балама (эквивалент) деген мен теңдес (адекват) дегеннің ара салмағын ажырата қарау дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ

“Абай жолы” романындағы фразеологиялық оралымдардың түрлері

Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан ашық айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау (түр-түрге бөлу, топтастыру) тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылып жүр. Фразеологиялық оарлымдар лингвистикалық әдебиеттердің бірінде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның (тіркестің) сыңарларының мағыналарының ара қатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі (функция) немесе эмоциональды-экспрессивті қасиеті жағынан топтастырылады деп көрсетеді, - профессор К. Аханов [17. 171].

Фразеологиялық оралымдар туралы орыс тіл біліміндегі В. Виноградов және Н.М. Шанский т.б. пікірлерін жұмысымыздың І тарауында атап өткендіктен ол пікірлерді қайталап жатпаймыз.

а) Романдағы фразеологиялық тұтастықтар. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Түйені түгімен жұтты дегеннен ойсырата пара алып, елді қанады деген мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк, жұту сөздерінің тікелей қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерінің тіклей қатысы болмаған. Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай легеннен сақал-мұрттан жұрдай көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтастығының бірлігін айқын байқаймыз.

Аттың жалы, түйенің қомында дегеннен қарбалас шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыстың болмағандығы байқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан дегеннен екі жүзді залым дегенді ұғынамыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тіркестердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан деген сөздердің меншікті мағынасымен мүлдем сәйкеспейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

М. Әуезовтің “Абай жолы” романында төмендегідей фразеологиялық тұтастықтардың барлығын байқадық. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу, мықты би шыққан ел [І. 149]. Оспан мен Смағұл алысу мен төбелесуден көз ашпайтын. Абыройын айрандай төгер [ІІ. 45 ]. Есті жи, Байсал, белді бекем бу түге! Әйтеуір қолтыққа дым бүрку ғой. Сенімді аттарға қызығу, қолқа салу, әсіресе көп болатын [ІІ. 201]. Байдалы ырық бермеді [І. 315]. Базаралының әңгіме-әзіліне, қас-қабағына қарап құрақ ұшады [ІІ. 45]. Құнанбайды тұғырдан тайды, әмір-құзіреті жүрмейді дей ме? [ІІ. 150] Әзімбай қанын ішіне тартып тұр [ІІ. 151]. Отынын зорға арқалап есік алдына келіпті де жығылып жан беріпті [І. 323]. Үнемі араласып біте қайнасып кеткен [І. 364]. Бұл келтірілген мысалдардағы фразеологиялық тұтастықтар жеке сөздердің тіркесінен жасалғанмен, құрамы бөлшектерге ажыратылмай, зат пен құбылыстың, сапа мен белгінің немесе іс-әрекеттің бір бүтін атауы ретінде жұмсалады. Сыңарларының бір-бірімен біте қайнасып кеткенмағыналық жеке бөлшектерге бөлінбейді.

ә) Романдағы фразеологиялық бірліктер. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткнді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудің қытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды дегенді білдіреді. Бір қимыл әрекеті басқа қимыл әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айналып кеткен. Ит байласа тұрғысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұрып болмайды дегенді түсінеміз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) мағына тірек болғандығы айқын байқалады. Көз көрмес, құлақ естімес дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алғашқы мағынаның өзара байланыстылығы анық сезіліп тұрады. Иткөйлекті бұрын тоздырған дегеннен сәл үлкендігі бар дегенді түсінеміз. Жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана тауынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына екендігін көреміз.

Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктің ара жігін ажырату кей жағдайда қиынға соғады. Мәселен, итбасына іркіт төгілді (ағыл-тегіл, молшылық) дегенді екі жақты түсініп қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бұл тіркес фразеологиялық бірлік болса, малдан сырт жүрген, әсіресе киінгі жастар мұны фразеологиялық тұтастық деп тануы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алғашқы заттық мағынасы неғұрлым көмескіленіп, тасалана, күнгірттене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар:

    1. иттің мойнына тағылатын бау;
    2. қалың малдың алдын-ала берілетін жоралғысы;
    3. тамыр-таныстықпен қалап сұрап алынған зат үшін берілетін төлем ақы.

Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау т.б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда мұның соңғы екі мағынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологиялық тұтастыққа жататындығын бірден танытады. Сол сияқты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар:

  1. басынды, иықтады;
  2. біреудің арқасында күн көрді, масыл болды. Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп, шыққандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестің қай түріне жатқызуға келгенді кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұндағы басты себеп тұрақты тіркестің мағыналық тым көнеленіп, ескіре, күңгірттене бастауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестің мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінуімен байланысты шешіледі. [17.162]

Жирен мұрты астынан езу тартты [І.314]  ол екеуіне сырт беріп Сармолланы қоршай берісті [І.307]. Дайыр бүгін жалын құшып тұр [І.355]. Үш Ырғызбайды суық көзімен, қатқыл түсімен қаймықтырып, осы үйден ұзатып салды [І.304]. Үріп ауызға салғандай [І.141]. Тал шыбықтай бұралған [ІІ.130]. Ала жіпті аттамау [І.130].    

Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығ мынада: фразеологиялық бірліктің бөлінбейтін мағынасы құрастырушы сыңарлардың мағыналарының бүтіннің бір тұтас келтірімді мағынасына ұласуы нәтижесінде пайда болады. Фразеологиялық бірліктің мағынасы – біртұтас образды мағына, бірақ туынды мағына. Фразеологиялық бірліктің бір бүтін мағынасы сыңарлардың лексикалық мағыналарына таралып, бөдшектенбей, тұтас күйінде ұғынылады. Образды туынды мағына ретінде танылады, - дейді профессор К. Аханов [17.774].

б) Романдағы фразеологиялық тізбектер. Фразеологиялық тізбектер туралы кеңірек түсінікті профессор К. Ахановтың еңбектерінен аламыз. Фразеологиялық оралымның бұл түрі ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында, тіркескен күйінде жұмсалады.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл.

Фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің басқа сөздермен тіркесіп жұмсалу мүмкіндігі  шектеулі. Мұндай мағынадағы сөз фразеологиялық тізбектің бір сыңары, тұрақты сыңары ретінде жұмсалады. Мысалы, ата сөзі “ежелгі, ескі” деген фразеологиялық байлаулы мағынасында тек мекен, жау деген сөздермен ғана тіркесіп, аталған мағынасында атамекен, атажау деген фразеологиялық тізбектердің құрамында ғана қолданылады және тұрақты сыңары ретінде жұмсалады [21. 174-175].

Тізбек те бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынадағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалынып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, ақ саусақ, балды бармақ, жуан жұдырық, кең қолтық, көк езу, теке сақал, күміс көмей, бір төбе, зар кеуде, көк жұлын, жүйке тамыр т.б. Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мәселен, көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің құрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, қара жол, соқпақ жол) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен,  сөз қысыр сөзімен, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі.

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы, көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі ілінді, көзі жетті, көзі жоғалды т.б.

Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады. Фразеологизмдер құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, мұрты шағылмаған, өр көкірек, мұрнының қанындай т.б.

Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы, бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, үш ұйықтаса ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты, көрер таңды көзімен атырды, ішкен асын жерге қойды, көңілі су сепкендей басылды, қашпаған қара қашардың уызына қарайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалады, ішкен асы бойына таралмады т.б.  

Фразеологизмдердің түп-төркіні тым әріге кетеді. Адам баласы сонау отқа, суға, көп құдайға табынған шағында-ақ талай-талай заттарды киелі санап оларға өздерінше лақап ат қойған. Тілімізде сол ежелгі дәуірден келе жатқан қамбар ата (жылқышы ата), шек-шек ата, зеңгі баба, ойсыл қара, шопан ата тәрізді тіркестер бар. Олар ескі наным-сенім бойынша төрт түлік малдың сақтаушысы, қорғаны, мифологиялық “иесі” болыпты-мыс. Күні бүгінге дейін сақталып жеткен отқа май құю, от ана, май ана, жарылқа тәрізді фразеологизмдер ислам діні таралмастан көп бұрын қалыптасқан, шаманизм түсінігінен қалыптасқан тіркестер.

М. Әуезов өз шығармасында халық тілін бай қазынасын, көркем сөздің әр алуан өрнегін шебер қолдана білген. Соның ішінде “Абай жолы” романындағы тұрақты сөз тіркестерінің жалпы халықтық формада қолданылуында және авторлық өңдеумен көз жеткізуге болады. Мысалы, Түсіп Бөжейге басу айтып , қолын бөгеп қалды [ІІ. 46]. Айта берсең арман көп. Осы сары аурудан не таптың? – деп, біраз қабағын шытып, Түсіпке түйіліп отырып: - Дәрменсізде арман көп. Бірақ арман азық боп па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не! – деді. Биікте көз ұшында, шалқар көш боп қиқулап, “қош-қош” айтқандай боп қалықтап, бір топ тырна кетті [ІІ. 248-249].

Мұндағы басу айтып, қабағын шытып, көз ұшында деген тіркестер сөйлемде әр түрлі стильдік мағынаға ие болып отыр. Бұндай тұрақты тіркес сыңарларын кейбір сыңарлы сөзбен өзгерту және басқа да жолдармен беру, жазушының шығармасына жаңа бір қыр танытып тұр, екіншіден мұндай өзгертуге қаламгерлер әр түрлі стильдік мақсат көздеп барады. Жазушы М.Әуезов фразеологизмді талғап, таңдап, айтайын деген ойын ұтымды, дәл жеткізе білген. Мысалы, Я, құдай, зар тілегім болсын. Бейуақтағы тілегім. Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме!… Тас бауырлығын бере көрме!… [ІІ. 22].

Информация о работе Романдағы фразеологизмдердің мағыналық топтары