Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:02, дипломная работа
Описание работы
Диплом жұмысының мақсаты – жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып көрсету. Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады: - жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру; - негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау; - негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу; - жалдың экономикалық мінң мен мазмұнын анықтап көрстеу - қаржылық лизингтің мәні оларды есепке алу ерекшеліктері
Бүгінде Қазақстан дамыған
елдердің қолданып жүрген халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартын, заңдарын
және икемді салық жүйесін толық пайдалануға
талпыныс жасауда. Яғни, нарықтық қатынастарға,
барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты
жүргізудің экономикалық әдістері мен
тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың
тиімді механизімін жасауға біртіндеп
қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар,
аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке
де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар
қойып отыр. Нарық экономикасына
көшу кезеңінде бухгалтерлік есеп барлық
шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің
бірі болып есептелінеді. Қандай да болмасын
кәсіпорындар, шаруашылықтар мен мекемелер,
ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету
орындарының барлығы да бухгалтерлік
есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті.
Бүгінде бухгалтерлік есеп
басқару жүйесінде басты орындардың бірін
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын
сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау
үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды,
айналысты және басқа да өндіріс процесін
шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есебі бекітілген номативтік
- құқықтық актілердің жалпы қағидалары
мен ережелерінің негізінде құрылады
және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың
талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің
сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Экономиканың барлық саласындағы
кәсіпорындардың илері мен еңбек ұжымдары
шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға,
өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын
көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге,
қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Шаруашылықтар
мен мекемелер, мүліктер мен қаражаттар,
қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген
өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді
өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік
есепті, аудитті, талдауды жүргізу негізгі
экономикалық мәселелердің бастысы болып
табылады. Бухгалтерлік есеп, аудит,
талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген
қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау,
түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс
бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының
барлығын әуел бастан ең соңына дейін
жүргізуге, нақты іске асыруға болады.
Бүгінгі таңда әрбір кәсіпорынның
мақсаты мүмкіндігінше көп пайда табу
болғандықтан, кәсіпорынның шығындарының
ішіндегі көп үлесті осы материал шығындары
алады. Сондықтан тауарлық материалдық
құндылықтардың есебін, аудитін және талдауын
жүргізу өте маңызды.
Есепке алынған ақпараттың
көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің
және олардың құрылымдық бөлімшелерінің
қызметін жедел басқару үшін, экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау
үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын
зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің
бірі ретінде пайдаланылады. [17.3]
Қазақстан экономикасының дамуында,
оның стратегиялық маңызды салаларында
қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар
ерекше орын алады. Олардың балансында
мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды
бөлігін құрайтын негізгі құралдардың
басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын
өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс.
Негізгі құралдар әр уақытта кез – келген
кәсіпорынның негізі болып табылғандықтан
және онысыз ешбір кәсіпорын өз қызметін
жүзеге асыра алмайтындықтан, олардың
есебін жүргізу де әрқашан көкейкесті
мәселелердің бірі болып қала береді.
Диплом жұмысының мақсаты –
жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық
мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып
көрсету.
Бұдан барып келесідей мәселелер
орын алады:
жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың
түрлеріне сипаттама беру;
негізгі құралдарды бағалау
және қайта бағалау;
негізгі құралдардың қозғалысын
(кіріске алынуын және есептен шығуын)
есепке алу;
жалдың экономикалық мінң мен
мазмұнын анықтап көрстеу
қаржылық лизингтің мәні оларды
есепке алу ерекшеліктері
Дипломдық жұмыс кіріспеден,
3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен және қосымша құжаттардан
тұрады. Дипломдық жұмысты жазу барысында
Қ.К.Кеулімжаевтың “Қаржылық есеп”, “Бухгалтерлік
есеп принциптері”, В.К.Родосотовецтың
“Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп”,
Г.В.Савицкаяның “Ананлиз хозяйственной
деятельности предприятия”, К.Ш.Дюсембаевтың
“Аудит и анализ финансовой отчетности”,
М.Байдәулетовтың “Аудит” әдебиеттерін
және “Бюллетень бухгалтера”, “Заочная
Школа Бухгалтера”, “Заочная Школа Аудитора”,
“Бухгалтер и налоги” және т.с.с. мерзімдік
басылымдардың материалдарын пайдаландым.
ЖАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛ- ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДЫҢ
ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Әрқилы меншік формасындағы
және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның
айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды
құрайды, оның құрамына: материалдық емес
активтер, негізгі құралдар және ұзақ
мерзімді инвестициялар кіреді.
Кез-келген өндіріс өз қызметіне
кұрал-жабдықтарын тартса ғана жұреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар,
сатып алынған жартылай фабрикаттар) және
еңбек құралды (машина, станок) болып бөлінеді.
Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы
белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде
атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалы:
автокөлік сатумен айналысатын фирма
үшін жеңіл автокөлік - қорлар, ал оны сатып
алып, мақсатты пайдаланушы үшін осы автокөлік
- еңбек құралы болып саналады. Сол сияқты
жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын
фирма үшін жер – ТМҚ қатарына, ал құрылыс
салынған жер – негізгі құралдар қатарына
енеді. Егер де сатып алынған жер учаскелері
мен ғимараттарды шаруашылық субъект
өзі пайдаланбай, ұзақ мерзімдік қаржылық
салым ретінде салса, ол қаржылық инвестиция
болып есептеледі.
Бухгалтерлік есепте негізгі
ќұралдар деп - өндірістік үдерісінде
үзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық
уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін,
көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған
өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген
қызметке есептелген амортизациялық аударым
мөлшері шегінде біртіндеп аударып отыратын
еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады.
Өндірістік процесіне қатысу
сипатына байланысты негізгі құралдар:
өндірістік
өндірістік емес болып екіге
бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарға
жататын еңбек құралдары өндірістік процестерге
тікелей қатысады, болмаса оның жүзеге
асуына мүмкіндік туғыдады (өндірістік
ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары,
құрал-жабдықтар және басқалары).
Негізгі құралдарың өндірістік
емес түрлеріне өндіріс процесіне қатыспайтын
және өндірістік емес тұтыну мақсаттарына
арналған қорлар жатады. Мысалы, тұрғын
үйлер, амбулаториялар, демалыс үйлері.
Иелігіне қарай негізгі құралдар:
Меншікті;
Жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге
тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар.
Белгіленген мерзімге шарт
бойынша басқа субъектіден алынған негізгі
құралдар-жалға алынған құралдар болып
саналады.
Пайдалану сатысында қарай
негізгі құралдар:
жұмыс істеп тұрған;
істемей түрған (тоқтатылып
қойған) және қор ретінде тұрған болып
бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған
негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады.
Жұмыс істемей тұрғандар бұл
жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға
байланасты уақытша пайдаланатын негізгі
құралдар.
Қорда тұрғандар болып жұмыс
істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы
түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру
үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі
құралдар:
Мүліктік;
Мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктікке (заттай) көрінісі
бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар
(үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар)
жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын
жер,орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық
нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін,
егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу,
жолға алынған негізгі құралдарға күрделі
қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың ғылыми
негізделген жіктемесі олардың есебін
дұрыс жүргізудің маңызды шарты болып
табылады.
Әр субъектіде негізгі құралдар
пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне
қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді:
жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер;
машиналар және құрал - жабдықтар
(соның ішінде автоматты машиналар және
құрал – жабдық);
күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар;
өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар
мен лабораториялық жабдықтар;
есептеу техникасы; басқа машиналар
мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал
– сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін
мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға
(ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың
әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып
алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік
құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен
расталуы керек. Ондай актісі берілген
болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік
болып саналады;
үйлер – халыққа еңбек етуге,
тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге
жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды
сатуға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері.
Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады.
ғимараттар - еңбек заттарын
өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтері
орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге
асыруға арналған инженерлік - құрылыс
объектілері (шахта ұнғысы, мұндай мұнарасы,
бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық
жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік
объект болып табылады.
өткізгіш тетіктер (қондырылған)
– электр, жылу немесе механикалық энергияны
өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері,
трансмиссиялар, құрбылар). Электр желілері
бойынша, мысалы электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор
клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін,
қабылдау подстанцияларынаң және подстанциялардан
трансформатор жайына дейін мүліктік
объекті бола алады.
машиналар мен жабдықтар –
күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу
және реттеу аспаптары және қондырғандар
мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина,
егер ол басқа мүліктік объектісінің бөлшігі
болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды , аспаптарды, қоршауды,
фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті
болып саналады.
Негізгі құралдардың бұл тобы
5 топтан тұрады:
Күш беретін машиналар және
жабдықтар - жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары; түрлі
энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель
- машиналары (тракторлар мен өздігінен
жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар,
іштей жану двигательдері, электірлік
двигательдер)