Қаржылық жал есебі. Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты – жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып көрсету.
Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады:
- жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру;
- негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау;
- негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу;
- жалдың экономикалық мінң мен мазмұнын анықтап көрстеу
- қаржылық лизингтің мәні оларды есепке алу ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

диплом лизинг.docx

— 143.28 Кб (Скачать файл)

1.3ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

 

       Берілген деректер бойынша  адамзатқа лизингтің  ертеден болуы  белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды. [7]

  Лизинг ағылшын тілінен  аударғанда «жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын , өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.

  Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.

Венецияда11 ғасырда лизингтік  операцияларға ұқсас мәмілелер  жасалынды: венециандықтар сол уақытта  өте қымбат болған якорьларды саудагерлер  мен сауда қайықтарын жалға берді. Уақыты аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді.     Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales).

1572жылы Ұлыбританияда  тек қана нақты  лизингті қолдануға  рұқсат беретін  заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.

1930 жылдары Генри  Форд өз автокөліктерін  өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды. 

Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар жіне тағы басқалары. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағылшынша lease – жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

Сан-Францискода  белгілі болған “United States Leasing Corporation”  американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар  іскерліктің негізгі  болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.доллар, ал 80 жылдары олар 110 млрд.доллардан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.

АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі  түрлерінің бірі болып  табылады. Өз қызметтерінің  кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.

Батыс Еуропада алғашқы  қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда  болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, салықтық заңнамада лизингтік  келісім-шарттардың заңды түрде  қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.

Мысалы, алғашқы француз  лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды.  Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико” [7]

Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды. 60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

Қазіргі уақытта лизингтік  қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде  шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды.  Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.

КСРО-да лизингтік бизнестің  дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға  беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.

1991 жылдың маусым  айында халықаралық  кеңес-неміс лизингтік  компания “Евролизинг”құрылып,  ал желтоқсан айынан  бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.

Лизингтік қызметтер  стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.

Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшеліктері біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизинг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз және салықтық амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын. Үшіншіден, келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме-лизингтік компания болып табылады.

Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын  жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.

Қазақстанда лизингтің  дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.

Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ. 

 

  Жалпы, лизингтік саланың  дамуы экономикалық дамуға бірнеше  бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын  және орта кәсіпорындарға өз өндірісін  құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.

Сонымен қоса, макродеңгейде  кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы  пассивіне әсер етеді және әлемдік  нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді, өйткені Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.

Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. [12; 365]

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды , машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда – саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу тартымын, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциясымен ұқсас болып  келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп , метзімі  аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизингтің сыныптамасы:

Қатысушылар құрамына байланысты:

  1. тура лизинг - келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;

  1. жанама лизинг - келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.

Мүлік нысанына  байланысты:

  1. жылжитын мүлік лизингі - ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.

  1. жылжымайтын мүлік лизингі - ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).

  1. қолданыста болған лизинг мүлігі.

Мүліктің өтелімділігі бойынша:

  1. толығымен өтелінетін лизинг - келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;

  1. жартылай өтелінетін лизинг - бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

Амортизация деңгейіне байланысты:

  1. толық амортизация деңгейі;

  1. толық емес амортизация деңгейі.

Қызмет көрсету  мөлшері бойынша:

Информация о работе Қаржылық жал есебі. Лизинг