Қаржылық жал есебі. Лизинг

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты – жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып көрсету.
Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады:
- жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру;
- негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау;
- негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу;
- жалдың экономикалық мінң мен мазмұнын анықтап көрстеу
- қаржылық лизингтің мәні оларды есепке алу ерекшеліктері

Файлы: 1 файл

диплом лизинг.docx

— 143.28 Кб (Скачать файл)
  • Лизинг затын таңдау. Лизинг алушы лизингтік компанияға оның өндірістік қажеттілігін есептей отырып,не қажетті затты таңдауына мүмкіндік береді.

  • Лизинг затын сипаттау. Тауардың аты, типтік мақсаты, т.б. жатады. Лизинг затын дәл сипаттау келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін оны анықтау үшін қажет.

  • Лизинг объектісінің мекен – жайы ол келісім шартта көрсетіледі.

  • Лизинг мерзімі мүлікті пайдалану бағыттарына сәйкес пайдалану мерзімінің 40-90пайызына дейін құрайды.

  • Қаржылық және мүліктік міндеттемелерін орындамауы. Міндеттемелерді орындамау жауапкершілігі қарастырылады. Соның ішінде құрал –жабдықтарды монтаждау, жеткізу, кенеттен істен шығуы, жазылуы өз есебінен құрал – жабдықтардың күтіп қалуына жауап беруі оны жөндеуді қаржыландыру.

  • Лизинг алушының меншік құқығын сақтау. Лизинг алушы лизинг заты толық иелене алмайды. Осы келісім шартта көрсетілген жерден ауыстыруға құқығы жоқ.

  • Келтірілмеген талаптарды реттеу, Лизинг алушы тауар сапасы бойынша кепілдікті лизинг беруші лизинг алушыға ұсынады.

  • Кепілдік мерзімінен кейінгі жауапкершілік кепілдемелік мерзім аяқталғаннан кейін ахуалдарды лизинг алушы түзетеді.

  • Жалданған мүлікті пайдалану техникалық қызмет көрсетумен  оның күтім қауіпі лизинг алушының жауапкершілігінде болады.

  • Лизингтік бөлікті сақтандыру. Лизинг алушының қаржысы есебінен сақтандырудың жеңілдетілген түрі жүргізіледі.

  • Лизинг төлемдерін анықтау. Ол екі жақтың келісім шарт мерзімі бойынша қарастырылады.

Лизинг алушылар тарапынан төлемдердің мерзімін өткізіп алу. Мұндай жағдайда лизинг алушы мерзім аяқталғанға дейін белгілі бір пайыздық есеппен оны қалпына келтіреді. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

 Лизинг көмегімен кепілге  беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды  несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік  мәміле жасалған мерзім бойынша

лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы

банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ

айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

 Лизинг 100%-ға дейін  несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға  қысқа мерзім ішінде өзінің  меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана  отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға  және пайда табуға мүмкіндік  береді.

 Кәсіпорынға мүлікті  несиеге сатып алғаннан, лизинг  бойынша алған қолайлы, себебі, бұл  жерде ол мүлік кепіл ретінде  болады.

 Құрал-жабдықтың лизинг  берушінің меншігінде болатындығына  байланысты салықты жалға берушінің  өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы  салықтық жеңілдіктер алады.

 Несие берушінің көзқарасымен  қарағанда,несиенің мақсатты пайдалануына  ешқандай да қадағалау болмайды.

 Лизинг операцияларына  тән кемшіліктер мыналар:

- жалға алушы құрал-жабдықтың  қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе

инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

- ұйымдастырудың күрделілігі;

- лизинг құны несиеге  қарағанда жоғары, бірақ та ескірген  құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің  лизинг берушінің барысында болатынын  ұмытпау қажет, сондықтан да ол  осындай шығынның орнын толтыру  үшін комиссияны көбірек алуға  тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛ ЕСЕБІ.ЛИЗИНГТІ ЕСЕПКЕ АЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1. «АЙ-АР» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ, ОНЫҢ  ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

 

«АЙ-АР» ЖШС ҚР-ның «Серіктестіктің шектеулі және қосымша жауапкершілігі туралы», «Мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» заңына сәйкес құрылған.

Шағын кәсіпкерлік ретінде серіктестіктің жылына жалпы активтерінің құны алпыс мың есеп көрсеткішінен кем емес

“Ай – Ар”  Жауакерлігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдың 22 қазанында құрылды. Мекен жайы ШҚО «Энергетик» микрараионы Қаржаубайұлы көшесі, 243-те орналасқан.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады.Ол өзінің пайда болған кезінен бастап заңдық құқы, өзінің мөрі ,балансы ,банктерде шоттары және фирмалық белгісі бар және кәсіпорынның ҚР-да және шетел мемлекеттерінде өзінің филиалдарын ашуға құқы бар.

2001 жылы кәсіпкер Қабдырахманов  Е.Ғ. ықпалымен макарондық цех  және диірмен комплексі үшін  өндірістік ғимарат пайда болды. Ол өзінің күшімен диірмен  комплексі мен макарондық цехының  ғимаратының толық реконструциясын  жасады.

2002 жылдың тамыз айында  күніне 16 тонна өндіретін диірмен  комплексі құрылды. Одан кейін 2003 жылдың ақпан айында  күніне 2,5 тонна өндіретін вакумдық өндірістің  макарондық құрғысына иеленді.

2003 жылыдың қыркүйек айында  күніне 16 тоннаға дейін өнім өндіретін  екінші диірмен комплексі құрылды. Осы жылы екі ғимарат реконструкциясы  өндірілді. Қазіргі кезде кәсіпорын  макарон өнімдерінің 15 түрін шығарады. Олар түрлі “Ай – Ар”  жауакерлігі  шектеулі серіктестігінің логотипі  бар және шығарылған өнімдердің  сапа сертификаты бар, түрлі арнаулы  полиетиленді ыдыстарға салынған  бірінші және жоғарғы сорттарға  бөлініп салынады. Сонымен қатар  салмағы 50 кг және 25 кг болатын  арнаулы “Ай – Ар”  жауакерлігі  шектеулі серіктестігінің логотипі  бар полиетиленді ыдысқа салынған  жоғарғы, бірінші және екінші  сорттағы үн шығарылады. Бұдан  басқа салмағы 2 кг болатын қағаз  қораптарындағы үн шығарылады.

Барлық өндірілетін өнімдерге сапа сертификаты бар.  Осы жылдар ішінде комбинат үнемі дамуда болды: заводтың қуаттылығы артты, өнім өндіру технологиясы жаңарды, технологияларды механизациялау және автоматтандыру жүргізілді; еңбек жағдайы, комбинаттың әлеуметтік жағдайы жақсарды.

Көптеген жылдар ішінде комбинат жоғарғы эканомикалық көрсеткіштерге жетті және комбинаттың өнімі Республика бойынша сапа жағынан жоғары деп саналады.

“Ай – Ар”  жауакерлігі шектеулі серіктестігінде шикізатты әкелуде және дайын өнімді тасуда құралдары механизацияланған, өндірістегі шикізатпен дайын өнімнің құрамын жедел талдауы үшін қазіргі заманға сай компьютерленген. “Ай – Ар”  жауакерлігі шектеулі серіктестігі заңдылығы бойынша заңды тұлға болып табылады.

Ұйымның басты мақсаты болып мейлінше пайда табу. Қаржылық операциялардың несиелік жоспары үшін осы “Ай – Ар”  ЖШС құрылған уақыттан бастап СФО АО “Центр – Кредит” Банкімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Семей қаласы, Аягөз қаласы, Қарауыл ауданы, Ақсуат ауданы, “Филера” коорпоративі, көтерме сауда базары және басқа да көптеген дүкендер арқылы шығарылған өнімдерді өткізеді.     

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін «Ай-Ар» ЖШС-де күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің негізгі қызметі болып табылады. Бухгалтерлік құжат орындалған операцияларды дәлелдейтін және адағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

«Ай-Ар» ЖШС-нің міндетті деректемелеріне жататындар келесілер:

  • құжаттың аты, нысанының коды;

  • құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы, жылы);

  • Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

  • шаруашылық операциясының мазмұны;

  • шаруашылық операцияның өлшемі;

  • шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні, қолдарының үлгілері;

«Ай-Ар» ЖШС-нің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар, материалдар, капитал,   түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с.

«Ай-Ар» ЖШС-нің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.“Ай – Ар”  ЖШС – де  келесідей бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдері қолданылады.

1-автоматтандырылған компьютерде  – есептің синтетикалық және  аналитикалық реестерлерді және  қаржылық есеп беруде қолданылады

2–автоматтандырылмаған  қағаз тасушыларда шаруашылық  операцияларды жасау кезіндегі  алғашқы құжаттарда ресімдеуде.

Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «Ай-Ар» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдаудыңда ерекшелігі зор көмек береді.

Төменде берілген 1-кесте мәліметтері бойынша «АЙ-АР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3 жылдағы техникалық-экономикалық көрсеткіштері берілген. Осы берілген мәліметтер бойынша келесідей тұжырым жасауға болады: Осы берілген кестеден «АЙ-АР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сатылған өнім көлемі 2013 жылы алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір өскен, яғни 2011жылмен салыстырғанда 15604 –ке ,2012 жылмен салыстырғанда 1866,7 соммасына жоғарлаған.2012 жылы кәсіпорынның цехі жұмыс істемей тоқтап тұру себебінен 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 3062,7 м.т. , ал 2013 жылмен салыстырғанда 18667,6 м.т. өнім сатудан түскен табыс азайған.Соған сәкес цехты жөндеу үшін 2011 жылы жұмысшылар саны 4 адамға көбейген. Ттаза табыс пен жалпы табыстың аз екендігін көреміз.Алашақ қарыз жылдан жылға өсуде.Берешек қарыз 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 3871 – ге азайған, яғни 37,9 % . Жалпы «АЙ-АР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көрсетілген 3 жылдарда өзінің шаруашылық қызметін шығынмен аяқтағандықтан, бұл кәсіпорын корпарациялық табыс салығын төлемейді және оның пайдалылығы есептелмейтіндігін көреміз.Сондықтан да бұл кәсіпорын өзінің болашақта ілгері дамуы үшін тиімді жолдарды тез арада қарастыру қажет.

 

1-кест                                                                                                 Кесте 1- «АЙ-АР» ЖШС-ның 2011 және 2013 жылдардағы негізгі қызметтің техникалық экономикалық көрсеткіші

 

Көрсеткіштер

жылдар

2013ж2011 жылға қарағанда

2013ж2012жылға қарағанда

2011

2012

2013

Абс(+-)

Қатыс%

Абс(+-)

Қатыс,%

1Өімді сатудан түскен  табыс,мың теңге

4596

1533,3

20200,9

15604,9

+339,5

18667,6

+1217,5

2.Сатылған өнімнің өзіндік  құны, мың теңге

7973

2141,9

21251,8

13278,8

+166,5

19109,9

+892,2

3.Жалпы табыс, мың теңге

-3377

-608,6

-1050,9

+2326,1

-68,9

-442,3

+72,7

4.Кезең шығыны

513

275,7

4947,2

4434,2

+864,4

4671,4

+1693,8

5.Орыны жабылмайтын зиян  мың теңге

-3919

-884,4

-5533,9

-1614,9

+41,2

-4649,5

+525,7

6.Жұмысшылардың орт.тізімдік  саны

15

19

24

9

+60

5

+26,3

7. 1 жұмысшының Орташа  айлық еңбек ақы

8,4

10,3

11,7

3,3

39,29

1,4

13,6

8. Жылдық еңбек ақы  қоры,мың теңге

1512

2348,4

3369,6

1857,6

+123

1021,2

43,5

10.Орта жылдық өндірістік  қорлар құны,мың теңге 

2573

6897

10898,8

8325,8

+323,6

4001,8

+58,0

11. Қор қайтарымы

1,8

0,2

1,8

0

0

1,6

+800

12. Қор сиымдылығы

0,5

4,5

0,5

0

0

-4

-88,9

14.Дебиторлық қарыз,мың  теңге

10373

1453,6

27190,6

16817,6

+162,1

25737

+1770,6

15.Кредиторлық берешек

-

10207,6

6336,6

-

-

-3871

-37,9

Информация о работе Қаржылық жал есебі. Лизинг