Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:02, дипломная работа
Описание работы
Диплом жұмысының мақсаты – жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып көрсету. Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады: - жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру; - негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау; - негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу; - жалдың экономикалық мінң мен мазмұнын анықтап көрстеу - қаржылық лизингтің мәні оларды есепке алу ерекшеліктері
Таза - мүлікке қызмет көрсеткенге
кететін шығындарды лизинг алушы өзіне
алады;
Толық - мүлікке қызмет көрсеткенге
кететін шығындарды лизинг алушы өзіне
алады.
Жартылай - мүлікке қызмет көрсетуге
байланысты функциялардың жартысын лизинг
берушіге жүктелінеді.
Нарық секторына байланысты:
Ішкі - келісім шарттың барлық
тұлғалары бір елді ұсынады;
Халықаралық - келісім шарттың
бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
импорттық – егер лизинг беруші
мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
экспорттық – егер жабдықтың
өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
транзиттік – егер барлық қатысушылар
әртүрлі мемлекеттерде орналасса.
Лизингтік төлемдер сипатына
байланысты:
ақшалай төлемді лизинг (барлық
төлемдер ақшалай нысанда);
өтемақы төлемді лизинг (жалға
алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
аралас төлемді лизинг.
Салық және амортизациялық
жеңілдіктерге қатысты:
нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік
және жедел амортизация секілді, ал жалға
алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу
үшін алынатын табыстардан шегере алу
сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады
және ең жоғарғы пайда алу мақсатында
негіссіз салықтық және амортизациялық
мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
Қаржыландыру әдісіне байланысты:
мерзімдік лизинг - бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
жаңғыртымалы лизинг - лизинг
келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған
соң қайта жалғастырылады.
Жалға алынатын мүлікке қатысты:
таза лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты
шығындарды жалға алушы өзіне алады;
толық лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты
шығындарды жалға беруші өзіне алады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді:
шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне
қарағанда , оның пайдалану мерзімінің
қысқалығын және мүліктің құнын толық
өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген
лизинг затының мерзімі ішінде өзінің
толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен
немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:
Үшінші тұлғаның қатысуымен;
Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты
бұзу мүмкіндігінің болмауы;
Лизингтік келісім периодын
одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің
жоқтығымен;
Қаржылық лизингте негізінен
объектілер жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың
уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен,
арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу
өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің
иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға
байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен
қатар табыстылықтың қажетті нормасын
өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай
нысанында мүлікті орнату мен сақтауға,
ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды,
көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп
жағдайда осындай келісімдер жалға алушының
келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты
құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық
береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы
лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік
(жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен
қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары
жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді
аренданың басқа екі түріне, қайтарымды
және үлестік негіз болады. Ағымды аренда
туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты
сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар
арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік
келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы
жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап
етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі.
[1;486]
Жедел лизинг кезінде объктіге
қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты
шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер
ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке
қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың
толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік
бермейді.
Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың
жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер,
көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр
түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті
талап ететін күрделі техникалық жабдықтар:
(жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер,
темір және теңіз транспорт).
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін
тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы,
егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан
келісім-шартты уақытының аяқталуына
дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа
жоғары технологиялы және бәсекелесті
құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз
жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік
түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне
уақытына дейін жалға алынған мүлікті
қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта
құруына байланысты шығындарды азайтуға
мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды
немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде,
жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын
жабдықтар мен құралдарды сатып алудан
босатады.
Лизингтік операциялардың негізгі элементтері.
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ
мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру
негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу
үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу
мерзіміне байланысты арендалық операциялардың
үш түрі бар:
Қысқа мерзімді аренда (рентинг)
– бір күннен бір жылға дейін;
Орта мерзімді аренда (хайринг)
– бір жылдан үш жылға дейін;
Ұзақ мерзімді аренда (лизинг)
– үш жылдан жиырма жылға дейін. [1;366]
Әрбір күрделі экономикалық
ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар.
Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі
to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген
мағынаны білдіреді.
Лизинг – бұл жалға берушінің
уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын
инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші
белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта
көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті
болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша
пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті
болады және оны кейін сатып алу құқығының
бар болуын көрсетеді.
Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты.
Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық
құраларды, өндірістік, сауда және қойма
мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі
бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы
қосатын, жалданушының ақша нарығындағы
тартылған қаражаттардың құнын жабатын,
банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің
амортизациясын ескеретін, анықталған
арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші
тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған
ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған
(лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы
негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың
арнайы нысаны ретінде де қарастыруға
болады. Яғни, лизингтік компания нақты
түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан
лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы
сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте
аренда келісім шартын жасасқан кезінде,
мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде
қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі
аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты
келісілген бағада сатып алу, келісім
шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге
жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.
Лизингтік қаржыландырудың
несиеден айырмашылығы:
Қазақстан Республикасында
лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың
шілде айында қабылданған “Қаржы заңынан”
кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай
қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей
қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы
мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс
салалары, ауыл шаруашылығы техникалық
жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен
жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық
өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға
қорларындағы қаржылары жете бермейді
және де барлығының да банктерге кепілдік
қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ.
Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік
компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт
бойынша жүргізіледі.
Қаржылық лизингте лизинг алушыдан
ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап
етілмейді, тек қана алынған соманың жарты
ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы
кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін
игере алады және лизингтік қаржы операциялары
кезінде екінші рет қосымша қаржы алу
мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар,
лизинг алушыларға мемлекет тарапынан
да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен,
лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен
босатылған. Лизингтік операцияларда
несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері
жоғары. Оны лизингтік компаниялардың
керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен
түсіндіруге болады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг
– бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген
мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы
арасында;
3) лизинг алушы мен банк арасында.
[14;136]
Әдетте мәмілеге келу алдында
клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте
ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында
құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының
қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық
құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс.
Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен
лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан
(өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады
және лизинг берушіге сақтандыру полисінің
куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік
келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға
тиіс:
Бухгалтерлік есепте лизинг
беруші банктің алынған мүлікті қаржылық
лизингке ұсынумен байланысты операцияларын
көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында
қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі
тиіс.
Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден
өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып,
кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және
ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік
есепте келесі түрде көрсетіледі.
Лизингтік операциялардың ұйымдастыру түрлері:
Арнайы лизингтік фирмалар.
Өнеркәсіптік трансұлттық компаниялардың лизингтік компаниялардан олардың құқықтық міндеттері бар немесе қаржылық институттар, банктер, сақтандыру және холдингтік компаниялар жатқызылады.
Трансұлттық банктер жүйесіндегі
лизингтік фирмалар құрылуымен қаржыландыруды
банктердің қатысуы. Мақсаты өз капиталдарының
екі компанияда орналастыра отырып, пайда
табу.
Тікелей өнеркәсіптік және
құрылыс фирмаларын, әуе және кеме компанияларын,
олардың тауарларын лизингке беру үшін
өз жеке меншігіндегі сату апараттарын
шет елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бақылау жүйесін
қолданады.