Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:02, дипломная работа
Описание работы
Диплом жұмысының мақсаты – жал және қаржылық лизингтің негізгі экономикалық мазмұны мен есепке алу процедурасын ашып көрсету. Бұдан барып келесідей мәселелер орын алады: - жалдың обьектісі ретінде негізгі құралға және олардың түрлеріне сипаттама беру; - негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау; - негізгі құралдардың қозғалысын (кіріске алынуын және есептен шығуын) есепке алу; - жалдың экономикалық мінң мен мазмұнын анықтап көрстеу - қаржылық лизингтің мәні оларды есепке алу ерекшеліктері
Жұмыс машиналары мен жабдықтар
- еңбек өнімдерін жасау процесіне еңбек
затына механикалық, жылу және химиялық
єсер етуге арналған машиналар, аппараттар
және құрал-жабдық (токарлық бұранда кесетін
станоктар, ағаш кесетін аралар).
Өлшеу және реттеу приборлары,
қондырғылар және лабороториялық жабдықтар
- өлшеуге, өндірістік процестерде реттеуге
арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ
лабараторияларда пайдаланылатын приборлар
мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер,
микроскоптар);
Есептеу техникасы - процестерді
жылдамдату және автоматтандыруға арналған
машиналар, кондырғылар, аспаптар (компьютерлер,
басқарушы және басқа есептеу машиналары);
Басқадай машиналар мен жабдықтар
- машиналар, аппараттар және басқа құрал
- жабдық (телефон станцияларының, радио
тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар);
Көлік құралдары - адамдар мен
жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құрамдары (автомобиль, темір жол және
су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі) Әрбір объект өзіне тиісті барлық
бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса
алғанда мүліктік объект болып табылады.
құрал-сайман – қол еңбегінің
механикалындырылған немесе механикалындырылмаған
құралдары немесе металдарды, ағашты және
т.б. өндеу үшін машиналарға бекітілген
заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын
еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің
құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік
объект болып табылады;
Өндірістік мүлік және соған
жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет
ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға
көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы
жән басқа материалдарды сақтауға арналған
сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар
басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болып табылмайтын және дербес
мәні бар заттарда мүліктік объекті болалады.
Шаруашылық мүлік - кеңсе және
шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар,
шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір
объекті - мүліктік объект бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және
өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа
жұмысқа пайдаланылатын малдар, өнім беретін
мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды
айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер;
бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен
мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып
табылады.
Көп жылдық өсімдіктер - қолдан
егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс
және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдерің
көп жылдық түрлері, роза плантацялары,
өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді
қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер
даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек
бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке
алынады;
Жерді жақсартуға байланысты
күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл
шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын
жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік
емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін
жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу,
егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан
тазарту);
Басқа да негізгі құралдар –
кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Жіктемелік топтарға өндірістік
– техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны,
қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі,
икемділігі мен техникалық жаңалығының
дәрежесі бойынша өте жақын негізгі құралдар
енгізіледі.
Негізгі құралдардың есебінің
міндеттері:
Расталған есептік мәліметтердің,
техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар
мен түгендеу журналдарының негізінде
еңбек құралдарының барлық түрлерінің
сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
Негізгі құралдардың келіп
түсуін, шығарылуын, қозғалысын есептеу
ақтылы және дұрыс көрсетілуің қамтамасыз
ету.
Негізгі құралдарың тозуының
дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына
бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын
арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Негізгі құралдарға ағымдағы
және құрделі жөндеулерді, қайта құруды
және модернизациялауды жүргізумен байланысты
шығындарды есепке дұрыс және уақтылы
көрсетуді жүзеге асыру.
Моральды және физикалық тұрғыдан
ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
Негізгі құралдар бойынша дұрыс
есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің
деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Аталмыш стандарттың бірнеше
бөлімі мен баптары бар. Олар:
Негізгі анықтамалар;
Негізгі құралдардың есебі;
Амортизациялық аударымдар;
Алдағы кезеңдегі қаржы салымдары;
Сату және есептен шығару;
Инвентаризация;
Кәсіпорынның қаржылық есебінде
негізгі құралдардың есебі бойынша мәліметтерді
ашу.
Негізгі құралдардың есебін
дұрыс ұймдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып
табылады. Негізгі құралдарды ақшалай
өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын,
тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға
мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша негізгі
құралдар төмендегідей түрде бағаланады:
Бастапқы құн;
Ағымдағы құн;
Баланстық құн;
Сату құны;
Жойылу құны.
Бастапқы құн - негізгі құралдардың
сатып алған мезгіліндегі немесе іске
қосылған кездегі нақты жұмсалған шығындардың
құны, оған сонымен қатар салықтар және
жинаулар, жеткізу және монтаждау шығыны
және басқа шығындар қосылады.
Ағымдағы құн - белгілі бір мерзімдегі
нарық бағасы бойынша есептелетін құн.
Баланстық құн – бастапқы немесе
ағымдағы құннан жинақталған тозуын, амортизациясын
шығарып тасталған құны,
Сату құны - өзара келісілген
баға.
Жойылу құны – негізгі құралдардың
жойылуынан пайда болатын қосалқы бөлшектердің,
металл сынықтарының болжамды құны.
Негізгі құралдар бухгалтерлік
есепте бастапқы құны бойынша кіріске
алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық
қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары,
соның ішінде:
Сатып алу кезінде төленген
өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,
женіл автомобильдер бойынша ҚҚС және
сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).
Жеткізу, монтаждау, орнату,
пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.
Активті жұмыс жағдайына келтіруге
байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскісінің бастапқы құнына
мыналар жатады:
Шотта көрсетілген сату бағасы;
Жылжымайтын мүлік жөніндегі агентерге комиссиялық
сыйықы.
Сатып алу – сату құжаттарын
ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен
қызметін төлеу;
Салықтар және алымдар.
Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар
(үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу).
Сатып алынған жабдықтардың
бастапқы құнына мыналар қосылады:
Сатып алу бағасы;
Тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытындағы сақтандыру);
Монтаждау;
Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында
сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы
кезінде бастапқы құнына құрылыс жөніндегі
мынадай шығындардың барлығы қосылады:
Материалдар.
Еңбекақы төлеу:
Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
Сәулетшінің, заңгердің қызметін
төлеу.
Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру
шығындары.
Ќұрылыс кезеңіне берілген нееиелер бойынша проценттер.
Құрылыс жұргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.
Негізгі табынға қосылған жас
малдың бастапқы құны жануарды төлдеудің
нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі
табынды қалыптастыру үшін сатып алынған
малдар бойынша жеткізу жөніндегі шығындарды
қоса алғанда сатып алу шығындарынан және
сатып алумен байланысты өзге де шығындардан
құралады.
Негізгі құралдардың бастапқы
құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған
бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге
қайта бағалау жүргізіледі, содан соң,
ол есепте және есеп беруде көрініс табады.
Қайта бағалаудың барысында негізгі ќұралдардың
нақты бары және құрылымы, оның нақты ағымдағы
құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және
толық мәлімет алынады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың
есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың
тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету
үшін әрбір негізгі құралға түгендеме
номері беріледі және ол тұрақты болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілік
қаржылық есеп беруінде келесі ақпараттың
мәні ашылуы тиіс.
Негізгі құралдардың әрбір
түрі бойынша бастапќы құны;
Пайдалануға берілген және
есептен шыққан кезі;
Бастапқы құнының өзгеру себептері;
Амортизацияны есептеу үшін
пайдаланылатын тәсілі.
Есептік кезеңдерінің басына
және соңына жинақталған амортизация
сомасы;
Егер де қайтадан бағалау жүргізілсе:
әрбір негізгі құралдардың ағымдылық
құны;
- Бағалауды жүргізудің
кезеңі және қүні, әдісі, сондай
– ақ экспертизалық бағалаудың
кімдердің жүргізгені, т.б.
Сондай – ақ қаржылық есеп беруді
пайдаланушылар үшін уақытша пайдаланбай
тұрған негізгі құралдардың бастапқы
немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін
кепілдікке берілген негізгі құралдар,
аяқталмаған құрылыстың есептік кезең
соңына қалған құны, т. б көрсетіледі.
1.2 ЖАЛДЫН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Жалға өндірістік және өндірістік
емес негізгі құралдар, олардың жеке объектілері
беріледі. Жалгерліктің нәтижесінде жалға
беруші және жалға алушы (жалгер) арасында
жалдау шартында негізделген қарым-қатынас
пайда болады. Барлық жалдау бойынша қарастырылатын
мәселелері, жалдау ақысы, оны төлеу тәртібі,
жал мерзімі, құқықтары мен міндеттері
жалгер мен жалға берушінің екі жақты
қатысуымен жасалынатын жалдау келісім
шартында анықталады. Қандай да бір себептермен
екі жақтың құқықтары немесе міндеттері
орындалмаған жағдайда келісім-шартта
анықталған шешімдерді қолданады, сонымен
қатар мәселелер шешілмеген жағдайда
Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңдарына сәйкес шот шешімдерімен қарастырылады.
Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға
жалдау ақысына немесе төлемдер тобының
орнына келісілген уақыт ішінде активтерді
пайдалану құқығын беретін шарт.
Жалдау мерзіміне қарай ағымдағы және
қаржылық жалдау болып бөлінеді:
Ағымдағы жалдау бойынша жалға берушінің
есебі.
Жалға беруші ағымдағы жалға берген негізгі
құралдарын өзінің балансында көрсетеді.
Жалға беруден түскен кірісті бірден таниды
және ол жай қызмет түрінен алынған кірістер
қатарына жатады.
Ағымдағы жал бойынша жалға берушілердің
анықтап алуға тиіс мына жағдайлар бар:
1. Әрбір актив (мүлік) түрінің тозу сомасын,
жинақталған амортизация және құнсызданудан
жинақталған шығындар сомасын есеп беру
күнінде шегергенге дейінгі баланстық
құнын:
- Мерзім ішінде кірістерде есептелген
амортизация;
- Құнсызданудан шығындар, мерзім ішінде
кірістерде есептелген;
- Құнсызданудан шығындар;
2. Төмендегі кезеңдердің әрбіріне мерзімінен
бұрын тоқтату құқығынсыз келісім-шартта
ағымдағы жалдың болашақ кезеңнің ең аз
жалдық төлемі:
- бір жылдан кем емес;
- бір жылдан кейін;
3. Кірістерде есепке алынатын жалпы келісілген
жалдық төлемдер;
4. Жалға берушімен келісілген жалдау бойынша
келісім шарттың жалпы сипаттамасы.
Ағымдағы жалдың мазмұны бойынша жалдаудың
соңында мүлік жалға берушіге міндетті
түрде қайтарылады, сонымен қатар сыйақы
мен тәуекелдіктер жалға берушіде қалады.
Жалгерліктің мазмұны бойынша меншік
құқығы ауыспайды, тек қана қолдану құқығы
жалға алушыға уақытша беріледі.
Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды
жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында
көзделген күрделi жөндеудiң сметалық
құнынa орай тең үлестермен резерв (қоp)
жасай алады. Күрделi жөндеуге жұмсалған
нaқты шығындаp оның aяқталуына қарай құрылғaн
резерв есебiнен есептен шығарылады. Егер
шарт талабы бойынша, жалгер жөндеудi жалға
берушiнің есебiнен жүргiзсе, онда күрделi
жөндеудің шығындары есептелген жалдау
aқысының есебiнен есептен шығарылады
(жалдық төлемдердiң кeмyiнe)
Жалға берушілер көбінесе келісім шартқа
отыруға келіскен потенциалды жалгерлерге
жеңілдіктер жасайды, ол мына түрде жүреді:
- Жалдық төлем ақысынсыз қолдану жеңілдіктерін
ұсыну;
- Жалгердің өтініші бойынша жалдық төлем
сомасын төмендету;
Жеңілдіктер ағымдағы жалда жалгер мен
жалға берушінің есептілігінде жүргізіледі:
- Жалға берушілермен ұсынылған жеңілдіктер,
жалға алған мүліктің ажырамас бөлігі
ретінде қарaстырылуы қажет;
- Жалгер жеңілдіктерден алған жиынтық
тиімділікті бірқалыпты негізде жалдау
шығындарына қарама - қарсы жалдау мерзімі
ішінде есепке алу қажет;
- 17 ХҚЕС талап етеді, компаниялар жеңілдіктерді
есепке алғанда жалға беруден түскен кірістер
немесе жалдау шығындарына қарама – қарсы
есепке алулар қажет. Жалгер мен жалға
берушіде жеңілдіктер жалдау мерзімі
ішінде танылуы қажет, сонымен қатар екі
жақта да бірдей амортизация түрін қолданулары
қажет.
Ағымдағы жал бойынша жалгердің есебі.
Ағымдағы жалдауда - жалгер жалға алған
негізгі құралдарын баланста көрсетпейді,
тек қана жалдық төлемдер пайда мен залал
туралы есептілікте жалдау мерзімі ішінде
бірқалыпты бөлініп көрсетіледі.
Ағымдағы жалда жалгерге жалға алған
мүлікке меншік иелігі берілмейді, тек
қана болашақ кезең төлемдерін төлеуге
ғана міндеттеме алады да, жалгер мүліктің
фактілі түрдегі иесі болып табылады.
Практикалық көз қараспен қарағанда, жалгер
мүліктің иесі болып саналады, бірақ оның
балансында активтің өзі де, міндеттемесі
де көрініс таппайды. Ал мүлік жалға берушінің
балансында көрініс табады.
Ағымдағы жалда жалгерлік төлемі бүтін
жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі
түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы
ретінде көрінуі тиіс.
Ағымдағы жал бойынша жалгерлердің анықтап
алуға тиіс мынадай жағдайлары бар:
1. Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз
келісім-шарта ағымдағы жалдың болашақ
кезеңнің ең аз жалдық төлемін, төмендегі
кезеңдердің әрбіріне:
- бір жылдан кешіктірмей;
- бір жылдан астам;
2. Есеп беру күнінде мерзімінен бұрын
тоқтату құқығынсыз субжалдау келісім-шартында,
субжалдаудың болашақ кезеңнің ең аз жалдық
төлемі.
3. Жалдау және субжалдау бойынша төлемдер;
Жалгермен келісілген келісім шарттың
жалпы мазмұны, келесі ақпараттарды қамтиды:
- Келісілген жалдық төлемдерді анықтайтын
негізгі шарттар;
- Жал бағасының өзгеруіне келісу құқығы;
- Жалдау келісім шарты негізінде анықталған
шектеулер;
Қаржылық жалда жалға берушінің есебі.
Жалға беруші активтерді қаржылық жалға
беру үшін сатып алса, онда ол активтер
қорлар шотында нақты сомасымен көрсетіледі.
Жалға берілген жағдайда кредит шотында
«Қорлар» дебет шоты бойынша «Дебиторлық
қарыздар» болады. Жалға беруші бұрын
өз қызметіне пайдаланып келе жатқан меншігіндегі
активтерді жалға берген кезде дебет шоты
бойынша «Дебиторлық қарыздар» және кредит
шоты «Негізгі құралдар» немесе «Материалды
емес активтер».
Жалға берушінің дебиторлық қарыздар
есебі үш сатыдан тұрады:
- Дебиторлық қарыздар бастапқы тану;
- Кейінгі бағалау;
- Есептеуді тоқтату.
Бастапқы тану. Жалға берушілер қаржылық
жалдауда, өздерінің бухгалтерлік баланстағы
активтерін қабылдауы және оларды жалдауға
таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық
қарыз сияқты көрсетулері тиіс.
Қаржылық жалдау кезінде иеленумен қатар
жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың
елеулі үлесін жалға алушыға береді, осылайша
алынуы тиісті жалдау төлемдері бойынша
берешекті жалға алушы негізгі борыш сомасын
қайтару және жалға берушінің инвестициялары
мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға
арналған қаржылық табыс ретінде көрсетеді.
Бастапқы тікелей шығындар көбінесе жалға
берушілерге жатқызылады, оның ішінде
өсім сипатындағы және жалдау келісімдерін
дайындау мен жасауға тікелей қатысты
комиссиялық, заңды және ішкі шығындар.
Оларға сату және маркетинг жөніндегі
бөлімшелердің шығындары сияқты жалпы
үстеме шығындар да жатқызылады. Өндіруші
немесе дилер ретінде жалға берушілерге
байланысты емес қаржылық жалдау кезінде
бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау
бойынша дебиторлық берешекті бастапқы
бағалауға кіргізіледі және жалдау мерзімі
ішінде танылатын табыс сомасын азайтады.
Жалдау шартында көрсетілген пайыз мөлшерлемесі
бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау
бойынша дебиторлық берешекке өзінен-өзі
кіретіні айқындалған оларды бөлек енгізу
қажеттілігі жоқ. Жалға берушілер өндіруші
немесе дилер ретінде жалдау келісімдерін
дайындау мен жасауға тікелей қатысты
көтеретін шығындар бастапқы тікелей
шығындар анықтамасынан алынып тасталады.
Нәтижесінде олар жалға берілетін таза
инвестициялардан алынып тасталады және
қаржылық жалдау кезінде, дұрысында, жалдау
мерзімінің басталуымен сәйкес келетін
сатудан түскен пайданы тану кезінде шығыс
ретінде танылады.
Қаржылық табысты тану жалға берушінің
қаржылық жалдауда өтелмеген таза инвестицияға
тұрақты кезеңдік норманы көрсететін
графикке негізделуге тиіс.
Жалға беруші жалдау мерзімі ішіндегі
қаржылық кірісті жүйелі және тиімді негізде
бөлуге тырысады. Табысты мұндай бөлу
әдетте жалға берушінің қаржылық жалдауға
таза төленбеген инвестицияларға пайданың
тұрақты кезеңдік нормасын көрсететін
схеманы негізге алады. Қызмет көрсетуге
жұмсалған шығынды қоспағанда, есептік
кезеңге жатқызылған жалдау төлемдері
борыштың жалпы сомасы сияқты алынбаған
қаржылық табысты азайту үшін жалдауға
жалпы инвестициялардан шегеріледі.
Жалға берушілердің жалдауға жалпы инвестициялар
есептеу кезінде пайдаланылатын кепілдік
берілмеген қалдық құнының есептік мәні
тұрақты тексеріліп тұруы тиіс. Егер есептік
кепілдік берілмеген қалдық құны азайтылса,
жалдау мерзімі ішіндегі табысты бөлу
қайта қаралады және есептелген соманың
кез келген азаюы есепте дереу көрсетіледі.
Жалға берушілер өндіруші немесе дилер
ретінде кезең ішіндегі сатудан түскен
пайда мен залалдарды ұйым тікелей сатуға
қатысты жүргізетін саясатқа сәйкес тануы
тиіс. Егер жасанды жолмен төмендетілген
пайыздық мөлшерлемелер жарияланса, сатудан
түскен пайда міндетті түрде нарықтық
пайыздық мөлшерлеме есептеу жағдайында
қолданылатын шамамен шектелуге тиіс.
Жалға берушілер шартты дайындау және
жасауға байланысты өндіруші немесе дилер
ретінде шеккен шығындар сатудан түскен
пайданы тану сәтіндегі шығыс ретінде
танылуы тиіс.
Жалға берушілер қаржылық жалдауға қатысты
қолданылатын мынадай ақпаратты ашуы
тиіс:
(а) баланс күнгі жалпы жалға салынған
инвестициялар ортақ жалпы сомасы мен
ең төменгі жалдау төлемдері бойынша дебиторлық
берешектің келтірілген құны арасындағы
салыстыруды; сонымен бірге, ұйым баланс
күнгі жалпы жалдауға салынған жалпы инвестицияларды
және ең төменгі жалдау төлемдері бойынша
келтірілген құнын мына кезеңдердің әрқайсысы
үшін:
- бір жылдан кешіктірмей;
- бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кешіктірмей;
- бес жылдан кейін ашуы тиіс;
- табыс ретінде табылмаған қаржы кірісі;
- жалға берушінің пайдасына жиналып отырған
кепілдігі жоқ қалдық құнын;
- төменгі жалдау төлемдері бойынша өтелмейтін
қарызды жабуға арналған жинақталған
бағалау резерві;
- есеп мерзімі ішіндегі кіріс ретінде
танылған шартты жалдау ақысы;
- жалға берушімен жасасқан жалдаудың
негізгі шарттарының жалпы сипаты.
Бұдан басқа, өсу индикаторы ретінде жиі
ретте сондай-ақ есеп кезеңінің ішінде
тоқтатылған жалдау шарттарының тиісті
сомасына кемітілген, есеп кезеңінің ішінде
жасалған жаңа келісім шарттар бойынша
алынбаған табысты шегере отырып, жалпы
инвестициялардың сомаларын ашу да пайдалы.
Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар
жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе
ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген
өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген
болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне
өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы
«Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі
құралдар» субшотында ескеріледі.
Қаржылық жалда жалгердің есебі.
Жалгердiң бухгалтерлiк есебiнде жалданған
мүлiк актив peтiндe, ал төленуге тиiстi жалдау
ақысы мiндеттеме ретiнде ескерiледi. Жал
мерзiмiнiң басында жалдау aқыcы жөнiндегi
мiндеттемелер өткiзу бойынша немесе егер
ол өткiзу құнынан төмен болса, жалдау
ақысының дисконтталған құнымен жазылады.
Қаржылық жалдың төлем формуласы:
N = К*n / 1 – (1+n)*t ;
N – жалдық келісім шарт мерзімі ішінде
төленуге тиісті сома
K – жалға берілген мүліктің құны;
n - жалдық төлемнің пайыздық мөлшері;
t – төлем мерзімінің саны.
Мысалы: Қаржылық жалдауда айналымнан
тыс активтер мен міндеттемелерді қаржылық
есептілікте жалдау келісім шарты негізінде
дисконтталған құнмен немесе жалдау объектісінің
әділ құнымен көрсету қажет.
Дисконтталған құн бойынша есептеген
кезде жал ақысының өте аз (минималды)
деңгейін анықтау үшін қарастырылған
пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады,
ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған
жағдайда қарыз капиталына өсіп (артып)
отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі
ақша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын
арнайы кестесінен алынып анықталады
және ол келесідей формула бойынша есептеледі:
FV =PV(1+r)n,
мұндағы:
FV – n жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы
құны;
PV – есептеу кезінде салынған сомасы;
r – пайыздық мөлшерлемесі (мысалы, 10% =
0,10);
n – есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.
PV = FV* (1/1+i) ^ n,
мұндағы:
PV – ағымдағы құны,
FV – болашақтағы құны,
i – дисконтталған пайыз мөлшері, мысалы
(10% = 0,10),
n – мерзім саны.
ҚЕХС бойынша дисконттаудың негізгі тәртібі.
Дисконттық құнның пайыздық мөлшерін
анықтау өте маңызды ғана емес, сонымен
қатар өте қиын. Дисконттаудың пайыздық
мөлшері әртүрлі кәсіпорындарда әртүрлі
болып келеді, ол әртүрлі операцияларға
байланысты, жыл мерзіміне байланысты,
әртүрлі тапсырмаларды шешуіне байланысты.
Пайыздық мөлшерді анықтау – дисконттауда
ең маңыздысы, себебі ол барлық есептеулердің
көрсеткіштеріне әсер етеді.