Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа

Описание работы

Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Файлы: 4 файла

баяндама.doc

— 41.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

корытында.doc

— 97.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-беттен бастап.doc

— 708.50 Кб (Скачать файл)

       Корпорацияның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – корпорация қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.[3]

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты корпорация жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер  көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Корпорацияның жағдайы апаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда корпорацияны жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады.

Корпорацияны дағдарыстан  алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұрақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын корпорацияны сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады.

Корпорацияның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды  көзі – факторинг, яғни корпорацияның  өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банк немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Корпорацияның материалдық  техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жолдарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Лизингтік  операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құралдарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Корпорацияға үлкен  табыс әкелетін тиімді жобаларды  іске асыру мақсатымен кредиттер  тарту да корпорацияны сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады.

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір  жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын  арттыру болып табылады.                                  

Меншікті қаржы ресурстарынының  көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар  сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны  пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді  сату

-сыртқы әлеуметтік  және тағы да басқа бағдарламалардан  бас тарту, инвестициялық белсенділікті  төмендету. 

Корпорацияны қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың  бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады.

Тәжірибеде корпорацияның  қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі  үш про-блема кездеседі:

-Төлем қабілеттіліктің  төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының  жетіспеушілігі. Бұған корпорацияның  кредиторлар, жұмысшылар және  бюджет алдындағы міндеттемелерін  өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің  мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын  табыстарының олардың салған  салымдарына қарағанда әлдеқайда  төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің  немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде корпорацияның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің корпорацияда алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мерзімді қарыздардың жоқ болуы және корпорация қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты корпорация кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған корпорацияның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлем қабілеттілік пен рентабельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз корпорацияны қаржылық тұрақтандыру үшін төлем қабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз. [4]

Корпорацияның төменгі  төлем қабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді  алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау корпорацияның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелер корпорацияның төлем қабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қаражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер корпорация өз пайдасын өзіндік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен корпорацияның  қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше  жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет.

Негізгі көзі меншікті капитал  болып табылатын капитал салымдарын азайту, не болмаса ұзақ мерзімді қарыз  қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі  бір уақытқа дейін қысқарту пайда  алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл  капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін  білдірмейді. Сондықтан ол үшін корпорация ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, корпорация табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша корпорацияның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн.

Корпорацияның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі  ең алды-мен ағымдағы активтердің  ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз  айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына корпорация қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде корпорация проблемаға тап болады.

Осылайша корпорацияның  өз жабдықтаушылары мен кредиторлар  алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның  табысын талдау” атты еңбегінде  өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін  ұсынады:

а)жарғылық капиталды  арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар  алу;

б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда). [5]

Корпорацияның қаржылық тұрақтылығын, активтердің өтімділігін  арттырудың келесі әдістері:

1) Қысқа мерзімді қарыздарды  ұзақ мерзімді қарыздарға қайта  құрылымдау. Бұл әрине өз алдына  банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ корпорация осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық  қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.

Жоғарыдағы айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша обли-гациялар шығарумен алуға болады.

Корпорация мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда  мұнай потенциалын қолдану.

Мұнай өндіруші компаниялардың жыл сайын кен орындарынан алынатын көмірсутек өнімдерінің сапасын арттыруға ұмтылуы екінші жағынан геологиялық-техникалық, экологиялық-экономикалық, әлеуметтік сипаттағы кері нәтижелерді де туындатады.

Өндірудің физикалық  көлемін арттырудағы кері нәтижелердің бірі бастапқы алынған шикізат құрамында болатын пайдалы қазба компоненттерінің толығымен өндірілмеуі болып табылады. Мұнай өндірудің ағымдық көлемінің артуы  көбінесе сыртқы нарықтағы қолайлы конъюктураның қалыптасуы және шикізат ресурстарын өткізу келісімшарттарының сәтті орындалуынан коммерциялық нәтижелердің ұлғаюымен байланысты. Шикізатты экспорттаудан пайда алуға ұмтылу мұнай өңдеуші өндірісті, әрекет етуші корпорациялардың техниканы жетілдіруін ынталандырмайды, жаңа құрал-жабдықтарды, приборларды, қазіргі деструктивті процестерді ендіру, технологиялық схемаларды реконструкциялау тоқтайды.

Мемлекетің экспорттық потенциалын арттыруға бағытталған  мұнай және газ өндіруді интенсификациялау  өңдеуші өндірісті инвестициялауды  ынталандырмайды, себебі оның құрылысы елеулі валюта құралдарын қажет етеді. Сондықтан көмірсутек ресурстарын игерушілер (мемлекет, компания, консорциум) шикізатты өткізуде белгілі бір коммерциялық жетістікке жеткеннен кейін сыртқы нарықтың қолайлы жағдайларына (қажеттіліктердің артуы, бағаның өсуі, жеңілдіктердің болуы) сүйене отырып, өндірудің көлемін арттыра түсуге ұмтылады. Мұндай стратегия өндіруші салалардағы потенциалды арттыруды қажет етеді: мұнай-газ қорлары бар алаңдарды интенсивті бұрғылау, мұнай-газ жинақтаушы, өнеркәсіпішілік және магистральді тасымалдау құралдарын жұмысқа ендіру процестері жүреді.

Тұздық құрылымдарды игеру аудандарындағы пайдаланылатын скважиналарды ендірудің сметалық құны 8-10 млн. АҚШ долларын құрайды. Сонымен  қатар құрал-жабдықтар, комплектілік технологияларды, қажет материалдардың көбісін валютаға сатып алуға тура келеді.

Өңдеуші өнеркәсіптің кеңейтілген  желісін (жанар-жағар май, жеке көмірсутектер  алынатын мұнай-газ-конденсат өңдеу, полимерлік материалдар мен синтетикалық құрылымдар алынатын мұнай-химия) құруды өте қысқа мерзімде және бірден жүзеге асыру мүмкін емес. Ірі мұнай-химиялық кешендер (бір технологиялық схемаға  біріккен мұнай-газ өңдеу және мұнай химиясы) құрылысы қомақты инвестицияларды талап етеді. Қазіргі технологияларға негізделген зауыт құрылысының құны жүздеген миллион АҚШ долларын қажет етеді. Бастапқы шикізаттан отын, жеке көмірсутектерді, басқа да өнімдерді алуға мүмкіндік беретін мұнай-химиялық құрал-жабдықтармен жарақтандыру, егер олардың қуаттылығы жылына 2,5-4,0 тоннаны берсе, шет мемлекеттерде 800-870 млн. АҚШ долларын құрайды. Мұндай көлемдегі ірі инвестицияларды, тек бір ғана жобаның өзін мемлекет бюджетінің көтермейтіндігі анық. Қазақстан Республикасындағы көмірсутекті шикізаттарды өңдеудің кешендік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары мемлекеттік қаржыландыру, кешендер құрылысына қызығушылық танытатын әр түрлі коммерциялық құрылымдардың бос қаражаттарын, шетелдік серіктестер капиталдарын тарту болып табылады.

Ерекше назарды геологиялық  іздеу, барлау жұмыстарын, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеруге және мұнай-газ өңдеу объектілерінің құрылысын бірлесіп атқаруға ниет білдіретін шетелдік фирмалармен келісімшарттарға отыру процестеріне аударуға болады. Мұндай бірлескен жобалар тәжірибесінде көмірсутектер шикізатын кешенді өңдеу бойынша қуаттарды құру көбінесе соңғы кезекте қалып жатады.

Шетелдік компаниялармен әріптестікке түсу туралы халықаралық  келісімдер әлемдік тәжірибеде мұнай (көмірсутек шикізаты) туралы заң актілеріне негізделеді. Осы заңнамаларға сүйене отырып, шетелдік компаниялар ресурс иесімен (мемлекет, жеке тұлға, компания) ортақ құжаттарды дайындайды. Көптеген көмірсутекті шикізат қорлары бар елдерде іздеу, бөлшектік барлау, кен орнын игеру және өндірілген шикізатты өңдеуді арнайы заңнамалармен реттейді.    Егер бұрынырақта бұл шаралар минералды-шикізат ресурстары туралы жалпы заңдармен реттелсе, мұнай, газ, конденсаттарды өндіру көлемінің артуына және  олардың кез келген мемлекет экономикасындағы  маңызының артуына байланысты  арнайы бекітілген салықтық, қаржылық шараларға, жұмысты жүргізу шарттарына деген қажеттілік арта түседі. Мұндай құжаттарға мемлекет территориясындағы көмірсутекті құрылымдарды игеруге құқық беретін құжаттар, ресурстарды барлауға және өндіруге құқық беретін құзыретті органдардың өкілеттіліктері,  ресурстарды барлау және өндіруге құқық алған заңды тұлғалар мен құзыретті билік органдары арасындағы қатынастардың арнайы формалары жатады.

Әр түрлі келісімдер, рұқсат қағаздар, аренда, үлестік өндіріс келісімшарттары көмірсутектер туралы заңдармен мазмұндас болғанымен, келесі бағыттар бойынша бірнеше ерекшеліктерге ие.                                                                               

 Корпорациялар  мен ұйымдардың қаржы қорлары

 Шаруашылық қаржы  қызметі процесінде корпорация  мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып пайдаланады.

 Қорлардағы ақша  қаражаттары үнемі қозғалыста  болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.

 Корпорациялар мен   ұйымдардың қаржы тәжірибесінде  корпорациялардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық  және әлеуметтік қызметіндегі мақсат міндеттеріне қарай әртүрлі қорлар пайдаланылады.

 Өздерінің қызметтерінің  орындалуына немесе экономикалық  жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір  қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп қайсы біреулері жеке бөлініп шықты.

 Ұзақ жылдар бойы  корпорациялар мен ұйымдарда  экономикалық ынталандыру қорлары-  материалдық итермелеу қоры, өндірісті  дамыту   қоры,   көпшілік  қолды тауарлар қоры жұмыс  істеді.

Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару