Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа

Описание работы

Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Файлы: 4 файла

баяндама.doc

— 41.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

корытында.doc

— 97.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-беттен бастап.doc

— 708.50 Кб (Скачать файл)

1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті  қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды.

 Министрліктермен  ведомстволарда  жалпы салалық  сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты корпорациялар  мен ұйымдарға қаржы көмегін  көрсету үшін орталықтандырылған  қор құрылды. 

 Ғылым мен техниканы  дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық  ынталандыру қоры бойынша ынталандырылған   қорлары бойынша орталықтандырылған  қорлар мен резервтер, бағаны  реттеу қоры және басқалар.

 Қаржы қорларында  корпорациялар  мен   ұйымдар  мүлкінің қозғалысы  бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін  толық немесе ішінара түрде бейнеленеді.

 Жекелеген қорлардың  қозғалысы қаржының көлемін, нысанын,  пайдалану мөлшерін нығұрлым анық   көрсетеді. 

 Сондықтан кейбір  қорлар бір мезгілде  белгіленген,  сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен  корпорация қызметінің қаржылық  көрсеткіштері де болып табылады, немесе есеп- қисап үшін бастапқы  мәліметтер ретінде қызмет етеді.

 Тұтыну  қоры  мыналарды қамтиды:

- бүкіл  қызметтердің  еңбегіне  ақы  төлеу  шығындары;

  • ақшалай төлемдер  соның ішінде  жылдық  қорытындысы бойынша сыйақылар;
  • еңбегі  үшін  ынталандырудың басқа  түрлеріне  жіберілетін  ақша  және  натуралдық   нысандардағы   қаражаттар;
  • материалдық  көмек ;
  • еңбек  және  әлеуметтік  жеңілдіктерді   белгілеуге  жұмсалатын  қаражаттар;
  • қызметкерлердің  акциялары  мен  салымдары  бойынша  мүлікке  төленетін  табыстар;
  • оңтайлы   ұсыныстар,  өнер  табу  және  жаңалық  ашу  үшін  берілетін  сыйақылардан  бөлек  басқа   да  жеке  сипаттағы  төлемдер.

  Сөйтіп  тұтыну  қоры  еңбекақыға  төленетін   қаражаттар  мен  қызметкерлерді   материалдық  ынталандыру   және  әр   түрлі  әлеуметтік  төлемдер  үшін   корпорациялар   қарамағында  алатын  таза  табыстың  бір  бөлігі  есебінен  құрылады.

 Қорлану  қоры:

  • корпорацияның қарамағында  қалатын  табыс ;
  • негізгі  капиталды  қалпына  келтіруге   жұмсалатын  амортизациялық  аударымдар;
  • шығып  қалған  мүлікті  өткізуден  түскен  түсім  ақша ;
  • банктердің  кредиттері;
  • басқа  да  көздер  есебінен  қалыптасады.

 Қорлану  қоры  ұлғаймалы   ұдайы  өндірісті   қамтамасыз  ету  шығындарын   қаржыландыруға  :

  • негізгі  және  айналым  капиталдарын  молықтыруға;
  • ғылыми-техникалық  прогресті дамытуға ;
  • жаңа  өнімдерді  игеруге;
  • табиғат  қорғау  шараларын  жүзеге  асыруға;
  • өндірістік  инфрақұрылымды  салуға    үлестік  қатысуға;

- әлеуметтік  инфрақұрылым  объектілерін  салуға   қатысуға  пайдаланылады.

Ірі  корпорациялар  мен  ұйымдар  кешенді  тұтыну  мен  қорлану  қорларының  орнына    көздері  мен  шығындарының  мазмұны  жағынан  ұқсас  мынадай    жеке  -жеке  қорлар  көздерін  құрып,   пайдалана  алады:

  • жалақы,
  • еңбекақы  төлеу,
  • өндірісті дамыту,
  • әлеуметтік  даму   қорлары.

Кәсіпорындағы қаржы  резервінің қаражаты  өндірістік   және   әлеуметтік  даму  жөніндегі   қосымша  шығындарға,    жаңа  техниканы  әзірлеп,  еңгізуге,  меншікті  айналым  қаражаттарын  толықтыруға  жұмсалады. [6]

Корпорациялар  мен  ұйымдардың   валюта  қорлары,    валюта  қаражаттарының  есебінен  мына  көздерден  қалыптасады:

-  экспорттық  валюталық   түсім   -  ақшадан ;

  • жарғылық  капиталға  түсетін  жарналарға;
  • банктердің,   солардың  ішінде  шетел,  басқа  қаржы  мекемелерінің  және  шетелдік  заңды  тұлғалардың  валюталық  кредиттерінен; 
  • ішкі  валюта  нарығында    өкілетті  банктер  мен  айырбастау  пунктері  арқылы  валюта  сатып  алу 
  • резидент  еместер  көрсететін  қаржы  көмегі.   

Негізгі  құрал  -  жабдықтар   қызмет  көрсету  мерзімі    бір  жылдан  астам   материалдық  активтер.

Коммерциялық  ұйымдар  мен  корпорацияларға  негізгі  құрал – жабдықтардың  түсуінің  негізгі  әдістері:

  • ұзақ  мерзімді  инвестициялар  жолымен  негізгі  капиталдарды  сатып  алу;
  • жарғылық  капиталға  салым  есебіне  акционерлік  қоғамдардың  құрылтайшыларының   берген  объектілері ;
  • мемлекеттік  органдардан,   заңды  және  жеке  тұлғалардан  алынған  негізгі  құрал  -  жабдықтар  мен  объектілерін  қайтарусыз алу. 

Қазіргі  жағдайда  ұзақ  пайдалану  айналымынан  тыс активтердің  тыс  жаңа  түрлерінің  бірі - материалдық  емес  активтер. 

     Материалдық    емес  активтер  -  жылдық  жиынтық  табыс   алу   үшін    ұзақ  мерзімді  кезең   ішінде  пайдаланылатын   материалдық  емес  активтер.

Кәсіпкерлік  қызметте  ұзақ  уақыт   мерзімде  пайдаланылатын  заңды   тұлғалар    мен  жеке  тұлғалардың    материалдық  емес  объектілеріне сатып алынған патентер. [7]

Негізгі  өндірістік  капиталдар  мен  материалдық  емес  активтердің  ауыспалы  айналымы  мыналарды  қамтиды:

-  негізгі  капиталдар   мен  материалдық  емес  активтердің  тозуын;

  • амортизацияны  есептеу;
  • толық  қалпына  келтірудің  қаражаттарының  қордалау;
  • нақты  инвестициялар  мен  материалдық   емес  активтерге  жұмсалатын  инвестицияларды    қаржыландыру  жолымен  ауыстыру;

Түсім  -  ақшаның  ауқымы  корпорацияның көлеміне  байланысты  болады.  Бұл шығындар  экономикалық  мақсаты мен мазмұнын  арналымына  қарай мынадай топтарға  бөлінеді:

-  корпорацияның   негізгі  капиталын  қалыптастыруға,  кеңейтуге  және  қалпына   келтіруге  байланысты  күрделі  сипаттағы  шығындар 

-  айналым  капиталының   айналымында  қатысатын    тауар  материалдық  құндылықтарды   сатып  алуға  және  пайдалануға   байланысты  шығындар 

  • корпорацияның  сыртқы  және  ішкі  берешкетерін  төлеуге  байланысты  шығындар
  • күрделі  және  күрделі  емес  сипаттағы    бір  жолғы   шығындар
  • корпорацияның    бос  ақшасын  инвестициялауға  байланысты  шығындар 
  • өндірістік  емес    сипаттағы  шаралрға  жұмсалатын  шығындар 

Алайда  жалпы  бұл  шығындар  олардың  экономикалық  мазмұнына  сәйкес  мына  элементтер  бойынша  топтастырылады:

  • материалдық  шығындар
  • еңбекақыға  жұмсалатын  шығындар
  • әлеуметтік  қажеттіліктерге  аударылатын  шығындар 
  • негізгі  капиталдар  бойынша  амортизациялық  аудырымдар
  • басқа  шығындар.

Өнім өткізуден алынған табыспен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы табысты құрайды.

Алайда бұл сызба  бойынша өзіндік құн бүкіл  шығыстарды қамтып көрсетпейді-  олардың  бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, соның ішінде:

  • жалпы және әкімшілік шығындар;
  • өткізуге байланысты шығындар;
  • пайыздар бойынша шығындар,
  • жалпы табыстар мен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланылған  қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді және  негізгі қызметтен алынған табыс деп аталады. [8]

Негізгі емес қызметтен  алынған табыс пен негізгі -  активтерді пайдалануға, табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және тағы сондайлардан алынған қаржылық нәтиже.

Негізгі қызметтен алынған  табыс пен негізгі емес қызметтен  алынған табыстың сомасы  салық  салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған табысты көрсетеді.     

 

2  «ҚазақТүрікМұнай»  КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН  БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ -ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

 

2.1 «ҚазақТүрікМұнай»  корпорациясының  ұйымдастырушылық-   экономикалық құрылымын бағалау

 

1993 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен Түрік Ұлттық мұнай компаниясы (ТПАО) арасында «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойылды. «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны мұнай өндірісі саласы бойынша егемен Қазақстандағы тұңғыш бірлескен кәсіпорын ретінде 1993 жылдың 4 ақпанында ресми тіркеуден өтті. БК-нің бастапқы құрылу кезеңдерінде негізгі құрылтайшылары «Түркие Петроллери Аноним Ортаклиги» (ТПАО), «Каззарубежгеология» және «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясы болатын. Олардың еншілері сәйкесінше 49%, 26%, 25% көлемінде болды. 1994 жылдың 31 мамырында бірлескен кәсіпорын жайлы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР Үкіметі мен БК арасында «Көмірсутектерді барлау, игеру, өндіру және өткізу» келісімі (№1 Келісім) жасалды. №1 Келісім өз күшіне енген күннен бастап 25 жыл уақыт мерзімінде әрекет етеді және БК Қатысушыларының өзара келісімі бойынша ұзартуға мүмкіндік жасалған. Бастапқыда келісім жеті рұқсатты алаңды қамтыған болатын және келісімнің шарттары бойынша БК көмірсутектердің коммерциялық қорлары анықталмаған жағдайда олардан бас тарта алады. 1997, 1998, 2000 жылдар ағымында БК бес рұқсатты алаңнан бас тартты. 1997 жылы екі отандық құрылтайшыларының еншілері «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясына беріледі де, кәсіпорын 1998 жылдың 3 ақпанында қайтадан тіркеуден өтеді. 1999 жылдың  18 мамырында ҚР Инвестиция жөніндегі агенттігі және «Қазақтүрікмұнай» БК арасында  2026 жылдың 26 желтоқсанына дейін белгіленген «Оңтүстік Қаратөбе аймағындағы көмірсутектерді барлау және өндіру» келісімшарты (№2 Келісім) жасалады. 2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметі үкімімен  «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясы мен  «Мұнай және газды тасымалдау» Ұлттық компаниясы қосылып, нәтижесінде жаңа кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ) құрылады. [9]

«Қазақойл» Ұлттық мұнай  компаниясының еншісі ҚМГ-ға (51%) беріліп, 2002 жылдың 17 ақпанында БК тіркеуден  өтеді. Қазіргі уақытта ол өз қызметін қарқынды жалғастырып, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы кен орындарында мұнайды әзірлеп, сатуда. Қазір бірлескен кәсіпорын осы аймақтарда үш блок бойынша мұнайды игеру жұмыстарын жүргізеді:

1) Елемес–Бекболат блогы  (20. 03. 1996ж.)

2) Шығыс Ақжар блогы  (30. 04. 2003ж.)

3) Оңтүстік Қаратөбе  блогы (1999ж.)

«Қазақтүрікмұнай» бірлескен  кәсіпорны «Шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы»  ҚР Заңының /21.06.1991 ж./ 1 бөлімінің 2-бабына сәйкес Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  түріндегі заңды тұлға болып табылады. БК құру және оның коммерциялық қызмет шарттары:

  • ҚР Үкіметі және «Қазақтүрікмұнай» БК арасындағы МГ№42 /23.02.1995/ рұқсатқағазы (лицензия) бойынша мұнайды барлау, әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу және өткізу Келісімімен /31.05.1995/;
  • МГ№307 рұқсатқағазы бойынша /26.12.1995/ Оңтүстік Қаратөбе кен орнындағы көмірсутекті шикізатты барлау мен өңдеу Келісімшартымен /18.05.1999/;
  • БК Жарғысымен;
  • Құрылтайшылық келісіммен;
  • ҚР Салықтық заңнамасымен басқарылады және реттеледі.

«Қазақтүрікмұнай» БК коммерциялық мақсаты - рұқсатты алаңдарда мұнай және газды барлау, анықталған кен орындарын игеру, рентабельділік қағидасы шегінде өндірілген көмірсутек шикізаттарын өткізу және экспорттау шараларын бірлесе отырып жүзеге асыру. Екі жақты келісім бойынша БК қызмет сферасын кеңейте алады. БК өзінің коммерциялық мақсатын жүзеге асыру барысында ҚР Заңнамасы шегінде келесі құқықтарға ие болады:

  1. Меншікке иелік етеді және пайдаланады;
  2. Үшінші жақпен келісім жасай алады;
  3. Қазақстандық немесе шетелдік банктерден несие ала алады;
  4. Респупликада немесе шетелде банктік шоттар ашып, оларды еркін пайдалана алады;
  5. Үшінші жаққа қатысты БК өз мүлігін кепілдендіре отырып, жауапкершілік алады;
  6. БК өз құрылтайшыларының қарыздары мен міндеттемелеріне жауапкершілік алмайды, және құрылтайшыларының да кәсіпорынның міндеттемелеріне қатысы жоқ;
  7. БК ресми тілдері ретінде қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдері табылады.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС  Құрылтайшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (51%) және Түрік ұлттық мұнай компаниясы (49%) болып табылады. Жарғылық капиталы 4 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық жақ бастапқыда жарғылық капиталға географилық координаттары Батыс Қазақстанның картасында көрсетілген алаңдардағы скважиналарды бұрғылау мәліметтері, геологиялық және геофизикалық ақпараттар түрінде 1 500 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салған болатын, яғни ол Жарғылық қордың 60% құрады, ал Түрік жағы ақша құралдары түрінде 1 000 000$ АҚШ долларын салады, яғни  Жарғылық қордың 40% тиесілі болатын. Келісімге сәйкес қазақстандық жақ Жарғылық қордағы өз үлесінің 9% түрік жағына береді. 1994 жылдың 27 маусымындағы Жарғылық қордағы үлесті ұлғайту үкіміне сәйкес Қазақстандық жақ геологиялық ақпараттар түрінде 765 000$ АҚШ доллары көлемінде, Түрік жағы ақша құралдарымен 735 000$ АҚШ доллары көлемінде қаржы салады.  

Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару