Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа
Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Бірлескен кәсіпорынның жоғарғы басқару органы ретінде Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің әрқайсысынан төрт адамнан сайланған, жалпы сегіз мүшеден құралатын Жалпы Жиналыс( Общее Собрание) танылады.
Жалпы Жиналыс төрағасы Қазақстандық жақтан, орынбасары Түркия мемлекетінен сайланады. Әрбір мүшесі бір дауысқа ие және екі жыл мерзімге тағайындалады.
Жалпы Жиналыс отырысы оның төрағасының немесе орынбасарының 30 күн алдын-ала жазба нұсқада жариялап шақыртуымен ұйымдастырылады.
Жалпы Жиналыс отырысы жылына екі рет немесе қажетінше одан артық ұйымдастырылуы мүмкін. Жалпы Жиналыс бірлескен кәсіпорынның оперативтік қызметінен басқа барлық мәселелер мен сұрақтарды шешуге құқылы.
Жалпы Жиналыстың шешімін міндетті түрде талап ететін мәселелерге келесілер жатады:
Жалпы Жиналыс өзінің мүшелерінің немесе резервтік мүшелерінің ішінен Жалпы Жиналыс комитетін немесе басқа да комитеттерді құра алады. Комитеттің міндеттерін, өкілеттіліктері мен жұмыс әдістерін Жалпы Жиналыс анықтайды.
Жалпы Жиналыс мүшелері өз қолма-қол шығындарымен қатар, әрбір өткізілген отырыс үшін бір реттік сыйақы алады. Бас дирекция іскерлік және маманданған қабілеті бар алты нақты мүшеден құралады.
Бас дирекция құрамы:
Бас директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы. Екеуі де тең құқыққа ие.
Қаржылық директор – ҚР-ның азаматы, орынбасары – Түркия мемлекетінің азаматы.
Өндірістік директор – Түркия мемлекетінің азаматы, орынбасары – ҚР-ның азаматы.
Жалпы Жиналыс Бас дирекцияны үш жыл уақыт мерзіміне сайлайды.
Бас дирекция БК қызметін
кәсіпорын мақсаты шеңберінде, Жалпы
Жиналыс шешімдері және еңбек
келісімшарттары негізінде
БК қызметіне байланысты мәселелерді шешу бірауыздан бас директор және орынбасарына жүктелген. Пікірталас туындаған жағдайда Жалпы Жиналыс араласады.
Бас дирекцияның функциялары:
Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару