Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 03:51, курсовая работа
Қорытындылай келе келесіні айтуға болады: корпорацияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, қаржылық-экономикалық іс–әрекеті – қаржылық есеп активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, стратегиялық жоспарлауды, компанияның өндірістік ресурстарын жедел басқару жүйесін жетілдіру мен анықталған кемшіліктерді жою жолдары және оларды болдырмайтын алдын алу шаралары белгіленеді. Бұл құрылымды қызметкерлер құрамын оңтайландыруға, қуаттылықты, қаржылық және материалдық ресурстарды пайдалануға, нормативтен тыс қорларды жоюға, корпорацияның өнімді, жұмысты, көрсетілген қызметті өткізу шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Бастапқы кезеңде үкімет
шетел капиталын тартуды
Бірлескен кәсіпорындардың қызмет әрекетінің тоқтатылуы келесі жағдайлар нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін:
Бірлескен кәсіпорынның жойылуы оның құрылтайшыларымен бекітілген ликвидациялық комиссиямен, ал егер банкроттық жағдайында сот үкімімен сайланған ликвидациялық комиссиямен жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпорын ұлттық экономикадағы жеке экономикалық бірлік ретінде өзіне тән сипатты белгілері мен ерекшеліктері бар. Оларды белгілі критерийлер бойынша,яғни пайда болу сипатына, ұйымдастыру формасына, серіктестердің үлестік қатысуна, әріптестіктің кешенділігіне, қатысушылардың басқаруға әсер ету және экономикалық кезеңдердің байланысу түрлеріне, қатысушылардың әр түрлі мемлекетке жатуына, серіктестердің мақсатына және құрамына қатысты жіктеуге болады.
Пайда болу сипатына байланысты олар белгілі шетелдік үлестік қатысу нәтижесінде жаңа кәсіпорынның пайда болуын немесе қайта құрылудағы бірлескен кәсіпорынның еншілес немесе филиалдарының қалыптасуын сипаттайды.
Көбінесе бірлескен кәсіпорындар шетелдік капиталды бұрын құрылған кәсіпорындар мен ұйымдардың өндіріс масштабын кеңейту, тиімділігін арттыру үшін тарту нәтижесінде құрылуы мүмкін. Бұл шетелдік серіктестің жалпы капиталға салымы не қазақстандық кәсіпорынның акцияларын иемдену арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен құрылған БК-дар арасындағы келісім өндіріс көлемін анықтау, өнімді бөлу және өткізу, салықтарды төлеу реттілігі, басқару жүйесі және әріптестік мерзімі тәрізді мәселелерді қамтиды.
Жаңа кәсіпорын құру немесе ескі кәсіпорынды кеңейтуге серітестердің қаржылық ресурстары жетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда инвестициялық банктер араласады. Олар кәсіпорын қызметін жобалау үрдісінен бастап, оны жүзеге асырғанға дейін қаржыландыруы мүмкін. Мұндай қаржыландыру көптеген дамушы елдерде қолдау тапқан. Оның мәні бірлескен кәсіпорынның тек өмірге қабілетті жобаларын ғана шетелдік қаржылық мекеме жергілікті үкіметтің және банктің кепілдігінсіз қарызға қаржыландырады. Несиелердің қаржылық кеңесшілері ұтылып қалмас үшін жобаның экономикалық параметрлерін толығымен қарастырып, оның жүзеге асуының соңына дейін бақылау жүргізеді. Бұл бірлескен кәсіпорын формасы құрылыс саласына көбінесе тән, себебі объектінің толық уақыт мерзімінде қаржылық қамтамасыз етілуіне кепілдік береді және құрылыстың аяталуын жылдамдатады. Көптеген елдердегідей бұл форма Қазақстанда да кең қолдау таппаған.
Ұйымдастырушылық тұрғысынан бірлескен кәсіпорындар бір зауыттық және көп зауыттық болып бөлінеді. Бір зауыттық формадағы кәсіпорындарға ірі, орта және шағын кәсіпорындар жатады, ал көп зауыттық кәсіпорындардағы трестер, концерндер, комбинаттар кіреді. Қазіргі уақытта еліміздегі бірлескен кәсіпорындар бір зауыттық сипатқа ие. [1]
Жарғылық капиталдағы үлестеріне байланысты БК мажоритарлық, яғни бір серіктестің үлесі 50%-тен асады, тең паритеттік- үлестері тең дәрежеде, миноритарлық, бір қатысушысының үлесі 50%-тен кем болып бөлінеді. Жарғылық капиталдағы үлес серіктестердің кәсіпорынды басқару, бақылау деңгейін анықтайды.
Кешендік әріптестік бойынша БК тең құқықты, яғни оның қатысушылары басқару шешімдеріне тең құқыққа ие және тәуекелді тең дәрежеде бөліседі, және келісімді, яғни оның қатысушылары әріптестік, шығындарды, тәуекелді, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.
Экономикалық кезеңдердің байланысу түрлеріне байланысты БК көлденең, тік және диагоналды болып бөлінеді. Көлденең БК-да біртекті өндірістік және саудалық кезеңдердің интеграциясы жүзеге асады.
Тік БК-да өндірістік және саудалық кезеңдердің кезекпен тізбектелуі орындалады.
Диагоналды БК-да әр түрлі сала, өндіріс және сауда кезеңдерінің бірігуі жүзеге асады
Басқарудың әсер етуіне байланысты олар тең дәрежелі және ассиметриялы болып келеді. Тең басқаруда қатысушылар шешім қабылдауда тең құқыққа ие де, ал ассиметриялы басқаруда әр түрлі мәселелер бойынша бір жақ басымдыққа ие болады.
Біріккен кәсіпорындардың қатысушыларының әр түрлі мемлекетке жатуына байланысты 4 түрге бөлуге болады:
а) Өнеркәсібі дамыған елдер-өнеркәсібі дамыған елдер
(«Батыс-батыс» қатынасы бойынша);
ә) Өнекәсібі дамыған елдер-дамушы елдер («Солтүстік-Оңтүстік» қатынасы бойынша);
б) Бұрынғы Кеңес Одағының Елдері мен өнеркәсібі дамыған елдер («Шығыс-Батыс» қатынасы);
в) Бұрынғы соцлагерь елдері мен дамушы елдер.
Серіктестер құрамына байланысты негізгі 3 типке бөлінеді:
а) Жеке капиталдың қатысуымен ( дамыған капиталистік елдерге тән);
ә) Жеке фирмалар мен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен, бқл тип көбінесе дамушы және бұрынғы социалистік елдерге тән;
б) Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен.
Біріккен кәсіпорындардың қатысушыларының мақсаттарына байланысты келесідей түрлері бар:
а) Ғылыми-зерттеулік сипаттағы БК;
ә) Өндірістік сипаттағы БК;
б) Сатып алу сипатындағы БК;
г) Өткізу қызметіне бағытталған БК;
ғ) Кешендік БК.
1.2 Корпорациялардың қаржылық қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Біріккен кәсіпорын ұйымдастырушылық форманың әр түрін қабылдай алады, бұл бірнеше факторларға және серіктестердің мақсатына байланысты. БК құру үшін алдымен маңызды дайындық жұмысы жүргізіледі: біріншіден, қызмет формаларының әр түрлі нұсқаларын әзірлеп алу қажет. Бұл әзірлемелер біріккен кәсіпорын құрылатын елде жекеше түрде жүзеге асуы мүмкін немесе шетелдік кеңесшілердің көмегі қолданылуы мүмкін. Әзірлеме әр түрлі аспектілерді қамтиды: көптеген жағдайда нарықты және оған кіру жолдарын, техникалық, ұйымдастырушылық мәселелерді зерттеу, шикізатты және оның жобаға жарамдылығын бағалау тәрізді мәселелерді зерттеу қажеттілігі туындайды. Мұндай әзірлемелер белгілі шығындарды талап етеді және көп елдерде билік орындарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Біріккен кәсіпорындарды ұйымдастырудың маңызды кезеңі серіктесті таңдау болып табылады. Біріккен кәсіпкерлікте серіктесті таңдауда болашақ біріккен кәсіпорынның мақсат, міндеттерін өзінің және серіктесінің мақсаттары мен міндеттері ретінде қарастыруы қажет. Бұл мәселеде іскерлік статусы, қаржылық ресурстары бойынша айырмашылықтары бар, әр түрлі мемлекеттегі әлеуметтік құрылымға жататын серіктестердің бірігуінде қиыншылықтар туындауы мүмкін. Серіктестердің екіжақты қызығушылықтарын ескере отырып, кәсіпорынның көлемі мен сипатын анықтап алу қажет. Біріккен кәсіпорын мекемесі алдында шетелдік серіктес сұрақтардың екі кешенін шешуі қажет:
- берілген елде БК құру маңыздылыққа ие ме ( елге және жобаның өзіне талдау жасалынады);
- осы елде кіммен БК ұйымдастырылуы мүмкін (серіктесті таңдау).
Сұрақтардың бірінші кешені халықаралық аймақтық зерттеулер арқылы берілген елге инвестиция салу персективасына қорытынды жасауға негізделе отырып шешіледі. Инвестиция жағдайларын бағалау әдістері, жеке нарықтарда өткізу және сатып алу мүмкіндіктерін нарықтар мен жобалардың салыстырмалы талдауларына бөлуге болады. Осының әсерімен болашақ БК өнімі ең жақсы өтімге ие болатын нарық түрін айқындауға талпынады. Нақты бір елде инвестиция мүмкіндіктерін бағалауға саяси және экономикалық критерийлер қарастырылады. Бұл критерийлер тек қазіргі жағдайларды ғана бағаламайды, сонымен қатар күтілетін өзгерістерді де есепке алады. Біріккен кәсіпорын формасындағы әріптестік объективті түрде халықаралық кооперацияның қүрделі түрі болып табылады, сондықтан БК құрудың алғашқы қадамдарының өзінде әр түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл проблемалардың шешімін табуы БК құру процесінің қалай ұйымдастырылуынан бастау алады. [1]
БК құру процесін келесі кезеңдер тізбегімен көрсетуге болады.
Әрбір кезеңнің мазмұнынын және олардың жүзеге асуындағы негізгі проблемаларды қарастырсақ:
Бастапқы кезең – мақсаттарды бекіту,яғни осы мақсаттарға жету үшін қарастырылып отырған халықаралық әріптестік түрі таңдалынады.. Мақсаттарды бекіту кезеңі БК жобасын әзірлеудің күрделі және жауапкершілікті талап ететін кезеңдерінің бірі болып табылады. БК құру мақсаттарының қаншалықты деңгейде дұрыс таңдалғандығына байланысты оның болашақтағы жетістікке жету мүмкіншілігі айқындалады.
Мақсаттарды қою кезеңінің қиыншылықтары оның әлсіз құрылымына және ортақ пікірлер қалыптастыру мүмкіндігінің төмендегіне байланысты. БК құрудағы әрбір нақты жағдай үшін бұл кезең көп мөлшердегі нәтиже факторларын туындатады.
БК құрудың нақты мақсаттары анықталғаннан кейін, оларға жету үшін қарастырылып отырған шаруашылық ету формасы тиімді құрал болып табылатындығына көз жеткізілуі тиіс. Себебі тәжірибеде БК экономиканың барлық проблемаларын шешудің әмбебап құралы болып табылады деген түсінік қалыптасқан. Біріккен кәсіпорындар бірқатар артықшылықтармен қатар, кемшіліктерге де , яғни қолдану тиімділігінің шектеулі шекарасына ие.
Сондықтан тек мақсаттарға жету үшін біріккен кәсіпорын формасында шаруашылық қызметті жүзеге асыру тиімділігіне, қажеттілігіне сенімді болғаннан кейін ғана келесі серіктесті іздеу және таңдау кезеңіне көшуге болады.
Әлемдік тәжірибеде көбінесе БК құру бұрынғы ескі әріптестік формасын жалғастыру арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда әрине серіктесті іздеу проблемасы туындамайды.
БК құрылтайшыларының шетелдік серіктесті іздеудегі проблемасы бірнеше ұсыныс жасалып, оның ішінен ең тиімдісін таңдаумен байланысты. Мұндай проблемалар осы саладағы ұйымдастырушы-делдалдар көмегімен немесе жеке тараптан шешілуі мүмкін.
Ең қарапайым жолы – БК құруға байланысты қызмет көрсететін ұйымдардың көмегіне сүйену. Күрделісі – кәсіпорынның жеке тарапынан активті немесе пассивті түрде серіктесті іздеу (сурет 1).
1 сурет – Шетелдік
серіктесті іздеуді
Құрылтайшы серіктесті активті жолмен іздестіргенде БК құруға әлеуетті шетелдік фирмаларды тікелей өзі немесе басқа жолдармен іздейді. Мұның қолайлы ортасы болып әр түрлі форумдар, жәрмеңкелер және көрмелер табылады. Ал пассивті әдісте құрылтайшы өзінің біріккен кәсіпорын құрғысы келетіні жайлы хабарлайды да, мүмкін серіктестерден ұсыныс күтеді.
Активті ізденістің тиімділігі серіктес ретінде қызығушылықты туындататын шетелдік фирмалар жайлы ақпаратты алу мүмкіндігіне тәуелді. Фирмалардың саны өте көп болғандықтан олардың санын географиялық белгілері бойынша, қай елде орналасуына және салалық өнеркәсібіне, т.б белгілеріне байланысты іріктеу шаралары жүргізіледі.
Пассивті ізденісті ұйымдастыру БК құрудың жобасы туралы ақпаратты дайындаумен және оны тарату әдісін таңдаумен байланысты. Берілетін мәліметтер көлемі қызығушылық танытқан фирмаларға құрылтайшымен қатынас орнатуға қысқаша ұсыныс жасаудан арнайы формада жоба бойынша ұлғайтылған ақпарат беруге дейін ауытқып отырады.
Қысқаша түрдегі ұсыныстарды тарату бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүзеге асады. Ұлғайтылған көлемдегі ақпараттар нақты фирмаларға жіберіледі және онда жобаның аты, жоба туралы жалпы мәліметтер (ұйымдастырушы – құрылтайшы, қызмет заты, жобаның құрылтайшы тарапынан қаншалықты атқарылғандылығы, қажетті келісімдердің бар болуы, БК орналасқан жері), жобаның негізгі көрсеткіштері (кәсіпорынның есептік қуаттылығы, шамамен болжанған өндірістік бағдарлама, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу туралы мәліметтер, электрмен, сумен жабықталуға қажеттілік және т.б.), сыртқы және ішкі нарықтардың сипаттамасы, өнімді өткізу құрылымының болжанған нұсқасы (ішкі және сыртқы нарыққа жеткізілетін өнімнің үлесі), шетелдік серіктестен жарғылық капиталға қандай салым мөлшері күтілетіндігі туралы мәліметтер (ақша құралдарын инвестициялау, технологиялармен қамтамасыз ету, лицензияларды (рұқсатқағаздарды) ұсыну), құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Егер жоба сипаты шетелдік инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болатын болса, мысалы пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру, онда құрылтайшы неғұрлым тиімді жағдайларда кәсіпорын құру үшін тендер, халықаралық саудаласу тәрізді шаралар ұйымдастыруы тиіс. [2]
Егер серіктес роліне қызығушылық танытушы фирмалар саны қажет деңгейден көп болған жағдайда ең тиімдісін таңдау проблемасы туындайды. Бұл проблеманы шешу алдымен олардың әрқайсысының қаржылық жағдайын бағалаудан, яғни олардың сенімді серіктес бола алатындығын талдаудан басталады. Ол үшін сыртқы сауда ұйымдарының, шекарадан тыс аппараттың, банк арналарының мүмкіндіктерін қолдану арқылы мәліметтер жинақталады.
Информация о работе Қазіргі жағдайда корпорацияның (фирманың) қаржылық тұрақтылығын басқару