Бөлім. Басқарудың теориясы және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:23, реферат

Описание работы

Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Қоғамның дамуындағы басқарудың ролін бағалау оңай емес. Көбіне, оның мағынасы мемлекеттің, ұжымның және жеке адамның табысында дұрыс бағаланбайды. 1994 жылғы ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде «басқару» және «менеджмент» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Бірақ та «басқару» ұғымының мәні, «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені басқару табиғатта да, техникада да, тірі организмдерде де және әлеуметтік ортадағы осы ғылымның пәні ретінде де орын табады.

Содержание работы

Басқару және оның қоғамдағы ролі.
Басқару ғылымының пәні мен объектісі.

Файлы: 1 файл

менеджмент.doc

— 525.50 Кб (Скачать файл)

1 бөлім. Басқарудың  теориясы және әдістемесі

1 тақырып. Басқару  ғылымының пәні мен міндеті.

 

  1. Басқару және оның қоғамдағы ролі.
  2. Басқару  ғылымының пәні мен объектісі.

 

1. Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Қоғамның дамуындағы басқарудың ролін бағалау оңай емес. Көбіне, оның мағынасы мемлекеттің, ұжымның және жеке адамның табысында дұрыс бағаланбайды. 1994 жылғы ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде «басқару» және «менеджмент» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Бірақ та «басқару» ұғымының мәні, «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені басқару табиғатта да, техникада да, тірі организмдерде де және әлеуметтік ортадағы осы ғылымның пәні ретінде де орын табады.

Қазіргі заманғы менеджменттің көрнекі өкілдерінің бірі  Питер Ф. Друкер түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі тәжірибеге жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Соныменен басқару –  бұл алдыменен ежелгі тәжірибе. Басқару  тәжірибесін жүйелі түрде жинақтау және өнер деңгейіне жеткізе отырып, оны тәжірибелік іс - әрекетте қолдану, тиімділікті жоғарлатады. Бұдан басқару ұғымы жөнінде өнер ұғымы ретіндегі түсінік пайда болады. Басқару өнері ежелгі заманнан бері бизнесте, сауда да табысты болған. Қазіргі кезде басқару өнерін «бизнес-менеджмент» деп атау қабылданған. Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді..                                                                                                                                                                                                                                                                      

2. Басқару ғылымының пәні мен объектісі. Жоғарғыда көрсетілген талдаудан, басқару адамның және қоғамның өмірлік іс -әрекетінің барлық салаларын қамтитынын көруге болады. Сондықтан да, жалпылай түрде қоғам, мемлекет, экономика, оның ішінде қаржылық жүйе,  әлеуметтік сала мен адамның өзі, басқару ғылымының объектісі болып табылады.

Қаржылық, еңбек және материалдық қорларды тиімді пайдалануда алдыға қойылған мақсатқа жету үшін жүйеге  кейіннен жүйелі түрдегі белгілі бір мақсатпен әсер ететін жеке тұлғаның, ұжымның, мемлекет және қоғамның мүддесіне қоғамның және табиғаттың объективті заңдарының тәжірибелік түрде жүзеге асырылу механизмін құру және пайдалану басқару теориясының пәні болып табылады. Басқару теориясының, кез келген ғылымның сияқты зерттеу пәні бар. Басқару теориясының пәні қоғам, ұжым және адамның мүддесіне шешілетін объективті заңдарының тәжірибелік түрде жүзеге асырылу механизімінің талдауы болып табылады. Басқару теориясы менеджмент, маркетинг, стратегиялық басқару, инновациялық менеджмент, өндірістік менеджмент, персоналды басқару, қаржылық менеджмент, салық менеджменті, банкілік менеджмент және т.б басқару циклінің көптеген қазіргі кездегі қолданбалы пәндердің теориясы, базалық пәні болып табылады.

Басқару теориясы, басқа ғылымдар сияқты ғылыми ойлаудың қазіргі кездегі негізгі әдістерін  қолданады, олардың ішінде ғылыми абстракция, жүйелік – мақсаттық және кешендік көзқарас, экономикалық-математикалық және ұйымдық модельдік әдістер бар. Функциональдық талдау әдісі басқару теориясындағы маңызды орынды алады, өйткені функция бұл жерде орталық категориялардың бірі болып саналады. Процестер мен құбылыстарды зерттеуде келесі әдістер кең түрде қолданылады: статистикалық – экономикалық, экспериментальдық, монографиялық, конструктивті – есеп айырысу, абстрактілі – логикалық, баланстық және әлеуметтік, экономика – математикалық.

 

2 тақырып. Басқару табиғаты мен менеджмент эволюциясы.

 

  1. Басқарудың объективті қажеттілігі.
  2. Басқарудың анықтамасы мен табиғаты (мәні)
  3. Менеджмент эволюциясы.
  4. Басқарудың қазіргі кездегі мәселелері.

 

1 сұрақ. Басқарудың объективті қажеттілігі.

Басқару – адам іс - әрекетінің барлық саласының объективті қажеттілігі. Қоғамның басқаруды бақылау дәрежесі оның даму деңгейімен анықталады. Неліктен басқару – объективті қажеттілік? Өйткені, әлемнің болмысы бұл - қозғалыс. Ал қозғалыс жүйенің бір жағдайдан басқаға тұрақты ауысуын көрсетеді. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді. Динамикалық жүйе түбегейлі өзгеруі үшін тұрақты түрдегі әрекет етуді қажет етеді. Мысалға, экономикалық жүйеде бұл - еңбек немесе іс-әрекет мотивациясын тудыру арқылы кәсіпорынның пайдасының және өнімділігінің жоғарылауын мақсат ету арқылы көрінеді.

Басқару – жүйенің объективті қажеттілігі, яғни: қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, саланың, кәсіпорынның, ұжымның, технологиялардың, машиналардың. Жүйені қажетті жағдайда келтіру үшін және қалаған мақсатқа жету үшін, кез келген жүйе адамның қатысуын (әсіресе менеджердің) қажет етеді.

2 сұрақ. Басқарудың анықтамасы (мәні) мен табиғаты.

Басқару – мақсатқа жетуге бағытталған,  жүйеге тән объективті заңдылықтар мен іс - әрекеттерге сәйкес келетін жаңа жағдайға көшу немесе оны белгілі бір жағдайда ұстау үшін кез келген жүйеге алдын ала болжау және әсер ету процестері. Басқарудың бұл толықтай берілген анықтамасының ерекшелігі алдыменен алдын ала болжау категориясын енгізуі болып табылады. Оны елемеген жағдайда басқару жүйесі бүгінгі күні кең тараған «байқау және қателерді түзету әдісі» режиміне өтеді.

Анықтаманың екінші маңызды аспектісі  «жүйеге әсер етуі» болып табылады. Мұнда басқару объектісін қажетті  жағдайда (сақтау немесе өзгерту) қамтамасыз ету бойынша шешімнің дайындалуы, қабылдануы және жүзеге асырылуы айтылады. Анықтамаға жүгінсек, менеджменттің барлық іс - әрекеті осы жүйеге тән объективті заңдылықтарды есепке алуменен қамтамасыз етілуі қажет.

Анықтамадан шығатыны, басқару – бұл күрделі пәнаралық жүйелік категория. Басқару процестері мен шешімдерді қабылдауы тек қана көптеген білімдер – экономикалық, кибернетикалық, психологиялық, құқықтық және басқа білімдер құралдары және әдістері арқылы ғана сипатталады.  Нақ осы басқарудың көпмәнді сипатын анықтайды. Оны түсіну ғылыми басқару үшін және мәнді негіздегі басқару жүйесін құру үшін қажетті. 

Жалпылай жағдайда әлеуметтік салада басқару табиғаты экономикалық, ақпараттық, жүйелік-мақсатты және психологиялық болады.

3 сұрақ.  Менеджмент эволюциясы.

3.1.Менеджмент ғылым ретінде.  Менеджмент ғылым ретінде XIX ғ-ң аяғы мен XX ғ-ң басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғашқы рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерик Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті  ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып  жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан  жан-жақты дәлелдеді. Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер « нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, I дүние жүзілік соғыс, 1929-1933 ж-ғы дағдарыс және пост индустриалды революцияның басталуы. Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болады. Қазіргі кезде басқарудың американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастыру  принциптері (заң жағынан) туралы, оны  дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез-келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс-жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады. Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнес пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиіді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді.

Басқаша айтқанда, менеджмент - бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс-тәжірибесі.

3.2.Менеджменттің бастапқы теориялары.

Менеджмент – дәстүрлер тарихы концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.  Басқару практикасы, ұйымдастыру секілді өте көне. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшықтан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларды басқару практикасының болғандығын дәлелдейді. Үлкен Клод пен кіші Джордждың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5000жыл бұрын, шумерлер сына жазуды (клинописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады. Менеджмент эволюциясымен танысудың айрықша қажеттілігін ескере отырып, басқару континуумы деп атаған кестені келтірелік.

Көне египеттіктер (мысырлықтар) бізге  жазбаша ескерткіш-тер қалдырды. Онда әңгіме басқару туралы болады. Осыдан 4 мыңдай жыл бұрын жазылған (Птаххотепа үйретуі) кітадында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады. «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанды жөн санайды».

Басқару континиуумы

Жылдар

Индивидум немесе этникалық топ

Менеджменттің дамуындағы негізгі  үлесі

Б.з.д.5000

Шумерлер

Жазу, фактілерді тіркеу

4000

египеттіктер

Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың қажеттілігін мойындау

1600

Египеттіктер 

Басқаруды ұйымдастыруды орталықтандыру

1100

қытайлықтар

Жүйелер мен стандарттар-

дың қажеттілігін мойындау

400

Сократ

Әмбебап менеджмент принциптерін тұжырымдау

900

Әл-Фараби

Басшыға талап қою

1100

Газали

Менеджментке талап қою

1982

Джон Коттер

Жоғары лауазымды басшы-

лардың жұмыстарын зерт-

теп, оларға әр түрлі сипат-

тама берді.


 

Еңбекті басқару проблемасына көне гректер де көңіл бөлді. Платон еңбек бөлінісінің, жұмыс түрлеріне қарай мамандандырудың қажеттілігі туралы пікір айтты. Сократ басқаруды іс-әректтің (мемлекетті, кңбекті, сауданы, әскерлерді басқару) ерекше саласы ретінде қарастырып, ол да осындай пікірді – қажетті адамды өз орнына қоюды, сөйтіп оларға берілгін тапсырманың орындалуын талап етуді жақтайды.

        Жұмыскерлер  арасындағы бірлесіп әрекет етуге  қол жеткізу, сөйлеу мәдениеті  жөніндегі ғылыми қағидалар Марка  Тулия Цицеронның «Шешендік өнер  жөніндегі үш трактатында» қамтылды.  Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Үлкен Катон басқару міндетін әділ атқару туралы пікірлер айтқан. Жер қожасы өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын (календарлық жоспарлау) беріп, міндетті айқын қоюы, белгілеген жоспарды нәтижесімен үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауы тиіс. Әсіресе, жедел түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген. Басқарушыдан: «Жұмысшының біразы ауру, басқаларын қала дағы жұмысқа алып кетті, ауа райы бөгет жасады...» деген секілді баяндаманы алғаннан кейін, қожайыны жағдайды айқындап, қажет болған жағдайда  тиісті шешім қабылдайды: тапсырмаға түзету енгізу, жұмыс істейтіндерді қайтадан бөледі, оларды жабық ғимаратқа ауыстырады т.б.

          Көне  Үнді ғалымдары «Артхамастра»  трактатында (IV-III ғасыр) шаруашылық  және басқару туралы бірқатар  қызғылықты ой-пікірлер айтады. Басқаруға  қатысты дұрыс және дұрыс емес, заңды және заңсыз, пайда және  зиян ұғымдары зерттеледі. Шығыс  ғалымдары басқаруды күш қолданумен байланыстырады: санскритте (ежелгі және орта ғасырдағы үнділердің әдеби тілі) «басқару өнері» «данданити» деп аталады, мұны дәлме дәл аударғанда «таяқпен(данда) төпелеп басқару» болады. Дегенмен, шығыс ойшылдары бағыныштыларды көтермелеуге де зор көңіл бөледі.

          Ресейде  елді және өндірісті басқарудың  бірқатар маңызды идеясы Iпетр  заманына байланысты. Ол мемлекеттік  биліктің және терең экономикалық  өзгерістің бірқатар реформасын  жүзеге асырды. I Петр самодержавиялық  басқарудың бас идеясын ұсынды. «Государь өз ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жауап беруге тиіс емес». Төрешілдікті қалыптастыруда Габелидің рангтар туралы пікірі ерекше орын алады. Бірақ сол кездің өзінде де күштеп, әміршіл - өктем әдіс қана қолданылып қойған жоқ. Сол кездегі өндірісті басқару туралы «Сібір мен Уралдың бас заводтарының жазбасы»атты кітабында қызғылықты материал келтірілген. Онда былай деп жазылған: «Басқарушы мейірімді, қамқоршы, еңбекқор, салауатты болуы, істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатта орындалуын қадағалауы тиіс». Аталған кітапта осы уақытқа сәйкес келетін ой-пікірлер де бар: «Басшы нақты істен гөрі бұйрықтың алынғандығы және орындалғандығы, жауабы мен түсініктемесі туралы бірыңғай рапорт қабылдаумен шұғылданса – бұдан келер ешқандай пайда жоқ... Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады».

Информация о работе Бөлім. Басқарудың теориясы және әдістемесі