Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:23, реферат
Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Қоғамның дамуындағы басқарудың ролін бағалау оңай емес. Көбіне, оның мағынасы мемлекеттің, ұжымның және жеке адамның табысында дұрыс бағаланбайды. 1994 жылғы ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде «басқару» және «менеджмент» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Бірақ та «басқару» ұғымының мәні, «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені басқару табиғатта да, техникада да, тірі организмдерде де және әлеуметтік ортадағы осы ғылымның пәні ретінде де орын табады.
Басқару және оның қоғамдағы ролі.
Басқару ғылымының пәні мен объектісі.
Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оны жүйе тармақтары мен қосалқы жүйе ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар оырндалғанда ғана мүмкін болады.
Басқару теориясында әлеуметтік жүйелерде табиғи және жасанды жүйелерді бөледі.
Жүенің негізгі екі
типі болады: жабық және ашық. Жабық
жүйенің белгіленген нақты
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:
Басқару процестері пайда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделенуі, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғыну керек
5 тақырып. Басқару функциялары мен құрылымы.
1. Функциялар түсінігі. Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні. Функция (латынның - «атқару, қызмет» деген сөзі) қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі. Алғаш рет басқарудың функционалды талдауын Ф.У.Тейлор мен А.Файоль жүргізді. Функцияның мәнін белгілейтін көптеген анықтамалар бар. Олардың бірі: «Функция – объективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс - әрекеттер, мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық ретінде түсіндіріледі».
Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік берді. Бастапқыда басқаруды бөлікке А.Файоль, мұнда функцияларды уақыт ішінде өрістету процесінің дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді. Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір учаскілерінің, көбінесе, мотивация (уәждеме) функцияларының мазмұнын тереңдетіп жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен басқарудың ең басты функционалды түсіндірмесі – бұл тұтас алғанда да, әрбірін жекелей алғанда да өндірісті басқару органдарын құру үшін объективті негіздеме. Басқарудың функциялары жұмыстың дербес түрлері болуымен және белгілеуге сәйкес біртекті және қайталануымен өндірістің (өндірушінің өздерінің) субъективті факторы мен объективті факторларының (оның материалдық-заттық элементтері) өзара әрекетінің ерекше типі болып табылады.
Бұл өзара іс - әрекетте субъективті фактор анықтаушы болады. К.Маркс буржуазиялық идеологтарды «Өндірістің заттық элементтерін алға шығарады және олардың мәнін субъективті элементпен, жанды, тікелей еңбекпен салыстырғанда асыра бағалағаны» үшін сынайды. Басқару функцияларының орны басқару ғылымының негізгі категорияларымен қатар мынадай жүйемен анықталады: Қоғамдық өндіріс заңдары – базистік қондырмалық қатынастар – басқару қатынастары – басқару функциялары – басқару құрылымы – басқару әдістері – басқару процесі – басқару объектісі. Өндірісті басқарудың функциялары басқару ғылымының басқару қатынастарын жүзеге асыратын формаларының бірі болып табылады. Дәл сол басқарудың функциялары басқару жүйесінде кім не істеп жатыр немесе кім не істеу керек деген сұраққа жауап береді.
2. Функцияларды жіктеу.
Функцияларды жіктеуге қызмет тұрғысынан келуге болады:
А.Файоль кәсіпорында жүзеге асатын алты функцияларды немесе операциялар сериясының арасын ажыратады: Техникалық (өндіріс); Коммерциялық (сатып алу мен сату); Есептің міндетті қызметі (есеп); Қаржылық (қаржыландыру); Қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясы (материалдық игілік пен қызметкер құрамын сақтау); әкімшілік. Дәл сол әкімшілік функцияны А.Файоль басқаларынан басым ерекше бөліп көрсетті, оның рөлін былайша анықтады: алдын ала болжай білу; ұйымдастыру; басқару; үйлестіру; бақылау. Функцияларды екінші жіктеу. Жалпыдан басқа функцияларды классикалық жіктеу деп аталатын іскерлік басқарудың функциялары бар. Іскерлік басқару кәсіпкерлік цикілдің барлық фазаларын бейнелейтін төрт негізгі функцияларын орындауға жұмылдырылған. Бұларға мыналар жатады: даму; маркетинг; өндіріс; басқару.
Басқару объектілері тұрғысынан мыналар атап көрсетіледі:
Басқару субъектісі жағынан басқару
қызметінің мынадай түрлері атап
көрсетіледі: алдын ала басқару
– басқару мақсаттарын
Басқарудың қызмет ету аясы басқару функцияларымен нақтыланады. Міндеттер – объективті функцияларды субъективті өзінше ұйғару, яғни міндеттің әрбір сәті білімімізді басқару функцияларының мазмұны, оларды әрбір деңгейде іске асыру мүмкіндіктері жайлы ұғымды білдіреді.
Осылайша, менеджменттің функцияларын басқару объектісі тұрғысынан да, басқару субъектісі тұрғысынан да жіктеу бар.
А.Файольдың пікірі бойынша функцияларды жіктеу:
Ф.У.Тейлордың пікірі бойынша басқару функцияларының төрт тобы бар:
3. Басқарудың негізгі
функцияларының қысқаша
Өндірісті басқару негізгі екі
белгі бойынша мынадай
Басқару процесінің мазмұны бойынша функцияларды бөлу негізін қалаушы болып саналады және әр функция белгілі бір жұмыс түрінен тұрады.
Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде міндетті болып саналады. Тіпті қарапайым еңбек қызметіне де жоспарлау элементтері кіреді. Күрделі кооперативті еңбек алдын ала жасалмаған жоспарсыз болуы мүмкін емес. Жоспарлау қоғамдық өндірістің осы буынының алдына қойылатын басқару функцияларын білдіреді. Жоспарлау процесінде өндіріс пен басқару дамуының негізгі бағыттары, оладың тиімділігі анықталады. Жоспарлау процесінде қойылған мақсатқа жету үшін төрт нақтылы міндет шешіледі, басқаша айтқанда, жоспарлауды қоғамды басқарудың функциясы ретінде өзінің төрт қосалқы функциясы арқылы жүзеге асады:
а) оқиғалардың дамуын болжау.
ә) үлгілеу – қойылған мақсатқа жету (яғни, жоспарды орындау) үшін жүйе іс - әрекетінің дәйектілігі мен өзара байланысын көрсетеді.
Болжам мен үлгілеу болашақ жүйені тек ойдағыдай мінсіз ашып көрсетеді, ал шынайы жағдайға көшу үшін жүйе қозғалысы алгоритмін (процесс барысын алдын ала жазып қою) жасау, керекті материалдық ресурстарды, ғылыми құралдарды шаруашылық жүргізу әдістерін анықтау қажет. Мұны келесі қосалқы функция – бағдарламалау шешеді;
б) бағдарламалау бұл шешімдердің іс - әрекет бағдарламасы мен шешім таңдау процесі болып табылады және жүйені жаңа тапсырылған жағдайға көшіру үшін пайдаланылады.
в) жоспарлау жоспарды (бағдарламаны) атқарушыға (басқарылатын жүйеге) дейін жеткізумен аяқталады.
Ұйымдастыру. «Ұйымдастыру» функциясының мәні - өндірістік объект құрылымын және басқару құрылымын қалыптастыру мен таңдауда. Ұйымдастыруға сатылылықтың барлық деңгейінде басқарылатын жүйенің техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық қосалқы жүйесін реттеу жөніндегі жұмыстар кіреді. Сонымен қатар, осы функцияның көмегімен белгілі бір жағдайларда басқарылатын объектілердің іс - әрекеті; яғни ұйымдастыру – бағдарламада (өндірістің даму жоспарында) қойылған міндеттерді жүзеге асыруға арналған басқару жұмыстарының түрін айқындайды. Ұйымдастыру – басқарудың функциясы ретінде қоғамдық еңбектің міндеті болып табылатын және оған түк қатысы жоқ өндірісті ұйымдастырумен тығыз өзара әрекет жасайды.
Үйлестіру. Үйлестірудің басқару функциясы ретіндегі негізгі мақсаты – басқарылатын жүйеде еңбектің жекелеген процестерін үйлестіріп, олардың мерзімдері мен аралық кезеңдері бойынша байланыстыруда. Келісушілік өндірісте ұтымды байланыстар құру жолымен қамтамасыз етіледі. Байланыс сипаты бойынша әр қилы болуы мүмкін: техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.с.с. Өндірістің күрделенуі мен көлемінің өсуіне, мамандану мен кооперациялаудың дамуына орай байланыс мөлшері де ұлғаюда. Басқару үшін қажетті ақпарат көлемі де кеңеюде. Бұл, әрине, басқару процесін қиындатады. Байланыс мөлшері өндіріс көлемі өсу санының шаршысы (квадраты) сияқты өсуі айқын болып отыр.
Информация о работе Бөлім. Басқарудың теориясы және әдістемесі