Бөлім. Басқарудың теориясы және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:23, реферат

Описание работы

Басқару және оның қоғамдағы ролі. Басқарудың «құпиясы» мен мәселелері әр заманда да қоғамның ортасында болған. Қоғамның дамуындағы басқарудың ролін бағалау оңай емес. Көбіне, оның мағынасы мемлекеттің, ұжымның және жеке адамның табысында дұрыс бағаланбайды. 1994 жылғы ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде «басқару» және «менеджмент» ұғымдары синоним ретінде қарастырылады. Бірақ та «басқару» ұғымының мәні, «менеджмент» ұғымына қарағанда кеңірек, өйткені басқару табиғатта да, техникада да, тірі организмдерде де және әлеуметтік ортадағы осы ғылымның пәні ретінде де орын табады.

Содержание работы

Басқару және оның қоғамдағы ролі.
Басқару ғылымының пәні мен объектісі.

Файлы: 1 файл

менеджмент.doc

— 525.50 Кб (Скачать файл)

Басшылық. Бұл функцияның басты мағынасы шешім қабылдаумен және оны орындау үшін бұйрық берумен көрсетіледі. Басқарудың функциясы ретінде басшылық – халық шаруашылығының қандай да бір буынын басқаратын тұлғаның жеке басқаруы мен ұйымдастыруы. Басшылықтың функциясына объектінің қызметі мен бұйрығын іске асыруды бақылау кіреді.

Басшылыққа кадрларды іріктеу, орналастыру және біліктілігін арттыру, олардың еңбегін жандандыру, сондай-ақ басшының тұлғасына байланысты мәселелердің барлығы  кіреді. Басшылардың басты міндеті – ұжымның күш – жігерін жоспарлы тапсырмаларды берілген мерзімде, берілген номенклатурада және мейілінше аз шығынмен орындауға жұмылдыру. Басшы өз жұмысының қандай бөлігінде әкімшілік сипат пен арнайы инженерлік (экономикалық және т.с.с) сипаттың болатынын анық ажырата білуі керек. Инженерелік қызмет өз бетімен басқарушылықтың нақ өзі бола алмайды, ал басқарушылық бұл жерде тек оған жетекшілік ету қызметі болады. Басшылық ұйғаратын шешімдер ерікті түрде емес, ғылыми негізделген, шаруашылықта қалыптасқан жағдайға объективті сай келуі өте маңызды.

Бақылау. Бақылаудың функциясы –жүйедегі процестерді үнемі бақылап, басқару объектісі қызметінің барлық жақтарын тексеруден тұрады. Бақылау қызметі үздіксіз. Бақылау басқарудағы кері байланыстарды жүзеге асыру құралы ретінде қолданылады. Бақылау – фактілерді жай ғана белгілеу емес, өндіріс пен басқару жүйесіндегі әр түрлі бұрмалаулар немесе бұзуларды болдырмау және болжау жүйесі. Бақылау принциптері: тиімділік, жан – жақтылық, үздіксіздік, нанымдылық, жариялылық, бұған еңбеккерлердің барлығының жаппай қатысуы.

Шаруашылық бақылаудың түрлері  сан алуан:

  • ішкі және сыртқы (бақыланатын объектіге байланысты);
  • түрлері бойынша: техникалық, әкімшілік, қаржы-экономикалық;
  • тағайындалуы бойынша: алдын ала істелетін, кейінгі;
  • бақыланатын объектіні қамту бойынша: тұтас және іріктемелі;
  • үздіксіздік дәрежесі бойынша: мерзімді және тұрақты.

Өндірістік-шаруашылық қызметті бақылауда  маңызды рөл (бухгалтерлік, жедел) есепке тән.

  1. Басқарудың құрылымы. Басқарудың құрылымы дегеніміз басқармадағы буындар мен жекелеген жұмыскерлер жиынтығы және олардың бағыныштылығы, тікелей және көлбеу байланыстары. Басқару құрылымының нақты көрінісі басқару схемасында: құрамында, өзара байланысында және бағынуында, штат кестесінде, буындар мен жұмыскерлер қызметіндегі шектеулерде басқару міндетінде; жекелеген секторлардағы басқару қызметкерлерінің құрамында, звенолар, лауазымдық нұсқаулар туралы ережелерде байқалады. Осылардың өзара байланысы ұжымдағы адамдардың қызметін айқындайды. Тікелей басшылық ету құрылымы сатыларға, ал көлбеу басшылық – звеноларға жүктеледі. Звено белгілі бір немесе бірнеше басқару қызметін басқаратын дербес құрылымдық бөлімше. Басқару органдары бір-бірімен салыстырғанда үш типке бөлінеді: жоғарыдағы, төмендегі және қатардағы. Осының негізінде ұйымдық-құрылымдық басқару пайда болады. Басқару сатысы дегеніміз басқарудың белгілі бір деңгейінде болатын звенолар жиынтығы, бұлар төменнен жоғары қарай бағынады.

Басқару звенолары арасында әр түрлі  сипаттағы байланыстар пайда болады. Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Құрылым типтеріне сәйкес линиялық және функционалдық байланыстар деп жіктеледі.

 

 

6  тақырып.  Басқарудың экономикалық механизмі.

 

Экономикалық басқару  механизмінің әдістемелік негізі ретінде экономикалық теориядан белгілі адамның моделі, оның экономикалық іс –қимылы, әрекеті болып табылады. Адамның іс – қимылы, әркеті негізінде, адамның тиімді экономикалық іс – қимылы жөнінегі постулаты жатыр (экономикалық теорияның классиктері Адам Смит пен Давид Рикардомен негізделген), яғни: адамның шексіз қажеттіліктері мен шектеулі ресурстары жағдайында, минималды шығындар негізінде максималды нәтиже алу. Басқару үшін қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларын әрекеттендіретін және өндірістің, іс - әрекеттің нәтижелерін бөлетін арнайы механизм қажетті.

Адамзат тарихында басқарудың екі жүйесі пайда болған.

1. нарықтық қатынастар арқылы  басқару. 

2. жоспарлық қатынастар арқылы  басқару. Әр жүйенің өзінің  экономикалық механизмі бар. Басқарудың  экономикалық механизмінің фундаменті ол – меншік, нақтылай айтқанда меншікке деген құқықтың болуы. Шаруашылық тәжірибе тарихи тұрғыдан меншікке деген құқықты анықтады, және ол еңбек пен іс - әркеттің нәтижелерін бөлуші және басқарушы құралы болды.  Нарықтық экономикада маңызды факторлар – капитал мен басқару өзара әрекет етеді. Экономикалық басқарудың үшінші категориясы – ол еңбек. Басқару өнім алу үшін капиталды еңбекпен біріктіреді. Капитал, еңбек және басқару арасындағы экономикалық қатынас басқару жүйесінің типін анықтайды.

Бұл категориялар арасындағы қатынастардың  сипатына қарай басқарудың екі типін  сипаттауға болады:

А) бюрократиялық басқару,

Б) шаруашылықтың өзін - өзі басқаруы.

Жүйені құраушы құрама бөліктердің (еңбек, капитал, басқару) мүдделерін ретеу  механизмін құрастырғаннан кейін компаниялар соңғы өніме бағытталған, фирмаішілік есептеулер принціптеріне сәйкес өндірістік менеджменттің ішкі жүйелік жүйесін құрастыруы қажет.

Оның негізінде өндіріс құрылымы жатыр:

1) негізгі өндіріс, 

2) өндірістік – қаржылық қызметі,

3) кәсіпорынның қосымша қызметтері. Өндіріс құрылымы нәтижесінде  кәсіпорында жалпы жағдайда екі  блоктан тұратын фирмаішілік  экономикалық байланыстар жүйесі  пайда болады: корпоративті байланыстар  (жүйені құраушы ) және фирмаішілік  байланыстар (өндірістік)

Негізгі әдебиет: 1, 13, 9

Қосымша әдебиет: 10 

 

 

 

 

7 тақырып. Экономикалық  процестерді басқарудың психологиялық  негізі.

 

Психологияда қарым  – қатынас екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы эмоционалды - бағалау немесе танымдық сипаттағы  ақпаратпен алмасудан өзара қарым  – қатынас ретінде қарастырылады. Іскерлік қатынас – бұл бірлескен  іс - әрекетте қажеттіліктермен туындайтын және құрамында ақпаратпен алмасу, бірегей өзара қарым – қатынас стратегиясын жасау, басқа адамдарды түсіну және қабылдау болатын, қызметтік саладағы адамдар арасындағы байланыстарды дамытудың күрделі процесі.

Іскерлік қарым-қатынастың сипаты ерекшелігі – оның мағынасы мен мақсаты ұйымдастырушылық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге бағытталған. Іскерлік қатынас процесінде қарым – қатынас функциясының барлық көпжақтылығын байқауға болады: коммуникативті, интерактивті және перцептивті функциялар.

Экономикалық келіссөздер – мәселенің шешілуіне бағытталған, бірлескен іс - әрекет түрі. Экономикалық келіссөздердің функцияларын келесі түрде бөлуге болады: ақпараттық-коммуникативті, әркеттерді кординациялау, реттеу, бақылау. Келіссөздер процесінде негізгі үш сатыны бөлуге болады: келіссөздерге дайындық, оларды жүргізу процесі, келіссөздер нәтижесін талдау және қол жеткізілген келісімді орындау.

Келіссөздерді жүргізу  әдістері: позициялық саудаласу, достық пейілді саудаласу, принципиалды келіссөздер  әдісі. Халықаралық тәжірибе негізінде шарт жасасу кезінде келіссөздерді үргізудің принциптері анықталды: адамдық фактор принципі, позицияларға емес, мүдделерге басты назар аудару қажеттілігі принципі, өзарапайдалы нұсқаларды таңдау принципі, келіссөздер жүргізу барысында объективті критерилерді қолдану принципі.

 

2 бөлім. Ұйым  менеджменті

8 тақырып. Менеджмент  қызмет түрі ретінде

Ағылшын сөзі «менеджмент»-басқару латын сөзі «манус»-қол сөзінен пайда болған. Менеджмент шаруашылық іс - әрекет процесінде пайда болатын, әлеуметтік-психологиялық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға және өзараәрекеттесудің нақты мәселелерін шешуге бағытталған, өзіндік экономикалық механизмнен тұрады. Менеджменттің экономикалық механизмі үш блоктан тұрады: фирмаішілік басқару, өндірісті басқару, персоналды басқару. Басқарушылық іс - әрекетті сипаттайтын үш негізгі бағыт бар: 1)объектінің дамуы мен функционалдануы мақсаттарын анықтау, 2) мақсаттарға жетудің қажетті құралдарды мен әдістерін құру, 3)мақсаттарға сәйкес, нәтижеге жету үшін өндірістің барлық қатысушыларының бірлескен әрекеттерін координациялау. Нарық жағдайында менеджерлерге екі маңызды сапа тиесілі болуы керек: алдын ала көре білу, тиімді әрекет жасай білу.

Менеджер – басқарушылық іс - әрекетті жүзеге асыратын және басқарушылық міндеттерді шешуші ұйым мүшесі. Менеджер басқарудың деңгейінен тәуелсіз фирманың басқарушысы ретінде кәсіпқой іс - әркеттің нақтылы тұлғасына жатындығын білдіреді, сонымен қатар оның кәсіпқойлық дайындығы мен тәжірибелік біліктіліне байланысты

 

9 тақырып. Ұйым  туралы түсінік және оның түрлері.

Менеджмент әлемінің негізін құрайтын – ұйым. Мұның  өзі менеджменттің пайда болуына  себеп болды. Сондықтан да менеджментті талдауды осы ұйымның не екенін түсінуден  бастаған жөн.

Ұйымның жұмыс істеуі үшін оған мынандай жағдайлар қажет болады:

- ең кем дегенде  осы тоатың құрамында екі адам  болуы шарт;

- осы екі топтың  алдына қойған ең кем дегенде  бір түпкі мақсаты болуы қажет;

- топ мүшелері барлық  мақсаттарын іс жүзінде асыру  үшін бірігіп, бар ынтамен жұмыс істеуі керек.

Осы аталған сипаттамалардан  ұйымның анықтамасын беруге болады. Ұйым деп жалпы мақсатты жүзеге асыру  үшін бір топ адамның саналы түрде  бірігіп атқарған қызметін айтамыз.

Ұйымның екі түрі болады: формальды, формальды емес. Ұйымды сонымен қатар күрделі және қарапайым деп бөледі. Қарапайым ұйымдардың бір ғана мақсаты болады, ал күрделі ұйымдар екі немесе одан көп мақсаттарға ие. 

          Барлық ұйымға тән болатын  жалпы сипаттама төмендегідей:

1. Ресурстар. Ұйымдардың  пайдаланатын негізгі ресурстары – адам (адам ресурсы), капитал, материалдар, технология және информация.

2. Қоршаған ортаға  тәуелді болу. Сыртқы орта деп  тұтынушылардың экономикалық жағдайы,  мемлекеттік актілер, заң шығару, бәсекелес ұйымдар, қоғамдағы  бағалы заттар жиынтығы, қоғамдық көзқарас, техника, технология және басқалары.

3. Көлденең  еңбек бөлінісі. Бір мақсатты орындау үшін  екі адам бірлесіп жұмыс істейтін  болса, онда олар жұмысты өзара  бөлісуі қажет. Түгел жұмыстың  жеке-жеке элементке бөлінуін  еңбектің көлденең бөлінісі деп атайды.

4. Тік еңбек бөлінісі. Ұйымдарда жұмыс жеке-жеке бөлімшелерге  бөлініп атқарылатындықтан, жұмыс  ойдағыдай болуы үшін кім болса  да оны үйлестіріп байланыстыруы  қажет. Сонымен ұйымда екі еңбек  бөлінісі болады. Біріншісі –  еңбектің жеке бөлімшелердегі қызметке бөлінуі, былайша айтқанда еңбектің көлденең бөлінісі, екіншісі, жеке-жеке еңбекті координациялау, оны үйлестіріп, байланыстыру – яғни тік еңбек бөлінісі.

5. Басқарудың қажеттілігі.  Әр ұйым мақсатын жүзеге асыру  үшін тік еңбек бөлінісі арқылы жұмысты координациялауы қажет. Сондықтан ұйымның ең басты қызметі – оны басқару болып табылады.

Ұйымның құрылуы мен  болуы кәсіпқой менеджменттің пайда  болуының басты алғы шарты болады. Басқарушылық іс - әрекеттің арнайы сипаттамалары: басқарушылық іс - әрекеттің мәні; басқарушының ролдері; басқарушылық функциялар мен басқару деңгейлері.

Менеджмент тәжірибесінде  ұйымның мақсатарына жету қамтамасыз етілетін басқару табысты болып  табылады. Нарықтық экономикадағы ұйымның  табысының негізгі құраушылары: іс - әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігі, қабылданатын шешімдердің тәжірибелік түрде жүзеге асырылуы және өнімділігі. Ұйымның табыстылығын қамтамасыз ету үшін басқару, сыртқы ортаның өзгеруі жағдайында оның мақсаттарына жетуді потенциалды түрде қамтамасыз ететін, белгілі бір принциптер бойынша құрылуы қажет. Бұл принциптер табысқа бағытталған, басқаруға сәйкес келетін көзқарастарды анықтайды. Бұл көзқарастар: жалпылау, жағдайлық көзқарас, интегралды көзқарас, жүйелі кешенді көзқарас.

 

10 тақырып.  Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы.

Ішкі ортаға – ұйымның  өз ішіндегі басшылардың ерекше көңіл  бөлуін талап ететін ситуациялық  факторлар жатады. Атап айтсақ, негізгі  ішкі элементтерге мыналар жатады: мақсаттары, құрылым, міндеттер, технология және адам факторы 

Мақсаттар. Ұйымды алға қойған мақсаттарға жету құралы деп қарауға болады, мақсатты орындау бір адамның қолынан келмегендіктен, бір топ адам ұжымға бірігеді. Мақсат – бұл жұмысшылардың бірігіп атқарған жұмысының нақты түпкі нәтижесі.

Құрылым. Ұйымның құрылымы дегеніміз – бұл ұйымның алға қойған мақсатына неғұрлым тиімді жетуге көмек бола алатын басқару басқару деңгейінің және ұйым бөлімшелерінің логикалық өзара қатынастары.

Міндеттер. Міндеттер дегеніміз – бұл қол қойып бекітілген, істелуге тиісті жұмыстар немесе күні бұрын белгіленген мерзімде орындалатын сол жұмыстың белгілі бір бөлігі.

Технология. Бұл – ұйымның негізгі төртінші элементі. Оны көптеген авторлар технологиялық жаңалықпен немесе машиналармен теңестіреді. Бірақ та социолог Чарльз Перрсу технологияны басқаша сипаттайды, ол технологияны – шикізаттарды, материалдарды өңдеп, адамның өзіне қажетті өніміне айналдыра алатын құралы ретінде сипаттайды.

Технология мен міндеттер  өзара тығыз байланыста болады. Міндеттерді  орындау үшін материалдарды өңдеу  құралы ретінде нақты технологияны пайдалану қажет болады, сонда ғана өнім алынады. Технология квалификациясының мәліметтері (Джоан Вудворд,  Джеймс Томпсон) міндеттер мен технологияның өзара байланыстылығының мәнін түсіндіреді. Джоан Вудворд өндірістік фирманың талдау нәтижесінде барлық технологияны үш категорияға бөледі: 1. Бірегей, кіші сериялы немесе жеке өндіріс. 2.Жалпы немесе ірі сериялы өндіріс. 3. Үздіксіз өндіріс. Томпсон ұсынған технологияның классификациясы: 1. Көп звенолық технология. 2. Аралық технология. 3. Интенсивті технология.

Информация о работе Бөлім. Басқарудың теориясы және әдістемесі