Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

2) технологиялық революция;

3) энергиялық   шикізаттарының   және   азық-түлік   проблемасы;

4) экологиялық проблема.

Ең   негізгі қауіп - экономикалық ұлтшылдықтың дамуы діни фанатизм. Бұл жерде экономикалық артықшылыққа ұмтылу еркін бәсеке күресіне негізделмей, бір нәсілдің екінші нәсілден, бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің басқа әлеуметтік-экономикалық жүйеден артық саналуы және діни айырмашылықтардың ықпалының басым болуы меңзеліп отыр. Жалпы азайтқанда, ХЭҚ-тың даму барысы бұл ойлардың дұрыс емес екенін айқындай түседі.

XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басы дүниежүзілік шаруашылықтағы жаңа кезеңнің басталуы, ХЕБ - ұлттық экономиканың дамуы мен халықаралық капитал нарығын және ресурстарды өзіне тән жаңа сатыға көтереді. Кез келген елдің әлемдік қауымдастыққа кіруі бірнеше белгілермен ерекшеленуі қажет.

Бұл белгілерге жататындар:

1. Дамыған ғылыми-техникалық базасының болуы.

2. Шикізатпен және энергия ресурстарымен  қамтамасыз етілуі, оның салыстырмалы арзандау болуы.

Ескеретін нәрсе, табиғи ресурсқа бай  елдер сөзсіз бай болып кетеді деген ұғымға алданып қалу, оның экономикасының дамуына күрделі кедергі жасайды. Бұл жерде мәселенің тек байлыққа ғана байланысты емес, қалыптасқан психолгия мен қауіпті түсінікке де байланысты жағы бар. Егер табиғи ресурстарға шынында да бай ел болса, ол автоматты түрде байып кетуі мүмкін. Сол себепті Жапон ғалымдарының табиғи ресурстарды өңдеуде шетел компанияларын өте сақтықпен кіргізуі ойластырылған саясат болса керек.

3. Білікті маманның болуы (атап айтқанда, инженерлік-техникалық және нақты ғылымдар жүйесінде).

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің жаңа буындары, басқару, сондай-ақ, білікті  маман кадрлары дамып келеді. Айта кететін жағдай, әлемдік шаруашылықта қауымдастыққа кіру процесінің табысы тек қалыптасқан факторларға байланысты емес, оны қолдану тиімділігінің болуында. Жоғарыда айтылғандарға қарап, ХЭҚ-тың болашағына және оның дамуына ықпал ететін факторларға қорытынды жасауға болады:

Ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауы, жаңа технологияның тарауы (оның ішінде байланыс, тасымалдау және қаруландыру). Ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ықпалы мен экономикалық қызметтің компьютерленуінің глобализациялануы халықаралық бизнесті кіргізудің әдістерін жаңаша қарауды талап етеді. Глобальды түрдегі хабарландыру коммерциялық, жалпы экономикалық, арнайы хабарды алуды едәуір жеңілдетеді;

— қоршаған ортаның проблемаларындағы глобальдық өзгерістер. Экологиялық базалардың сарқылуы, үнемі өсіп отырған өндірістің кеңеюін қаржыландыру мәселесі туындайды, Қоршаған ортаға көңіл аудару әлемдік экономиканың қызметінде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Экологиялық проблемаларды шешуде орталық пен шеттің арасында теңсіздіктің болуына әкеледі немесе орталық барлық шешімдерді өз мойнына алған күнде, алдағы өмір сүрудің деңгейі төмендейді;

- халықаралық өсу мен қоныстанудың қозғалысы. Халықтың қоныстануы экологиялық, экономикалық және саяси жағдайға байланысты болады. Жалпылама миграциялық көшудің шеттен орталыққа қарай ойысуы — бірқатар экономикалық проблемаларды туызады;

- бай және кедей елдердің  арасындағы алшақтықтың өсуі; колонияның  бас бостандығын алуы дамушы елдердің экономикасының гүлденуін қамтамасыз ете алмады. Орталық елдерінің (ЕО-НАФТА-Жапония-АСЕАН) арасындағы бәсекенің күшеюі, нашар дамыған елдерге капитал шығарудың мүмкіндігін азайтады.

Экономикалық өзара бағыныштылық дүние жүзі елдері арасындағы құқық нормасын, мәдени, байлық, өмір сүру қағидасын т.б. ұстау, басқа елдердің топтарының позициясымен сәйкес келуін талап етеді. Бірақ бұл жағдай әлемдік экономиканың даму сатысының алуан түрлі екенін, ондағы субьектердің қызметі мәселелерін бірден шеше алмайды.

Қазіргі кездегі байланыстардың ерекшелігі:

  • халықаралық ұйымдардың рөлінің күшеюі;
  • мемлекеттік емес құрылымның рөлінің өсуі (трансұлттық корпорация).

Халықаралық мәселелерді шешуде (оның ішінде экономикалық та) халықаралық  қауымдастыққа кіретіндердің құрамый өзгерту мәселесінің шешілуі. Әлем және әлеуметтік экономикалық жағдай үздіксіз қозғалыста болады. Бұл жағдайда бір-біріне    ұқсамайтын    жаңа    қауымдастық   мүшелерімен    қатар қызмет істеуге және олардың рөлімен санасуға тура келеді.

 

2.4 ҒТП әрекеттерінің  ерекшеліктері мен сипаты.

  1. Техникалық прогресс
  2. Өндірісті техникалық дайындау
  3. Өнімді жобалау

1 Техникалық прогресс 

     Өнеркәсіптік мекемелердегі өндіріс процесі техника, технологияны жаңалау, өндірісті ұйымдастыру және ғылым тәжірбиені кеңінен пайдалану сияқты көптеген процестерді толассыз пайдаланудан тұрады. Техникалық прогресс – бұл өнім өндіруді ұлғайту мен еңбек өнімділігін арттырудағы өнім сапасын жақсарту мен өзіндік құнды азайтудағы негігі роль тақаратын құрал. Әсіресе негізгі экономикалық тапсырмаларды шешу кезеңіндегі роль ерекше.

   Жаңа техника мен технологияны  өркендей кезеңінде дамыту еңбек  ету жағдайы мен қаматамасыз  етуді түбірімен жақсартуға әкеліп соғады.Техникалық прогресс өндіріс мәдениетін дамытуға,жұмыс күнін азайтуға,тұрмысты жақсартуға, еңбекшілердің мамандандырылу дайындығына көп ықпалын тигізеді.

2 Өндірісті техникалық ддайындау

   Өнеркәсіптік мекемелерде  техниалық прогресс үшін күресті шешуші рольді өндірісті техникалық дайындау атқарады. Өндірісті техникалық дайындау дегеніміз – жаңа өнім өндіру түрлерін дамыту, өндіру кезінде жаңа техниканы қолдану, өндіріс процесстерін автоматтандыру,тиімді технологияны ойлап шығару және өндірісті ұйымдастыру сияқты шаралар жиынтығы.

    Өндірісті технолиялық  дайындау мыналарға бөлінеді:

  1. өнімді жобалау
  2. технолгиялық процесстерді жобалау
  3. өндірісті материалдық дайындау
  4. стандарттау

3 Өнімді жобалау

   Мұнда өндіру процесінде  өнімнің мінездемесі,оның құрылымы, физика – техникалық құрамы, сыртқы келбеті және т.б. ерекшеліктері анықталады.

Жаңа өнімді жобалауда негізгі  болып техникалық  тапсырма саналады. Ол тапсырушымен жобалау ұйымымен, ғылыми - ізденіс институтымен немесе орындаушы  кәсіпорынмен құрастрылады.

Техникалық тапсырмада өндірілетін  өнімнің аты, оның қолданылу жағдайлары мен өндірілу көлемі, техникалық және экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі.

   Өнімді жобалаудағы негізгі  талаптары болып мыналар табылады:

  1. өнім сапасын толассыз ұлғайту және өнім ассортиментін көбейту
  2. 2)өндірілген жаңа өнімнің сапалық көрсеткіштері халық шаруашылығының талаптарына сай болуы тиіс
  3. өнімнің технологиясы
  4. жаңа өнім жобалаудағы стандарттар мен салалық нормаларды қодлдану
  5. Жаңа өнімнің өзіндік құнын құрал-жабдықтар мен материалдарға кететін шығындарды азайту
  6. Еңбекті қорғау және  жаңа өнімді қолдануда техникалық қауіпсіздікпен қаматамасыз ету

 

2) Технолгиялық порцесстерді жобалау

    Шикізатпен материалдарды  әртүрлі әдістер арқылы дайын  өнімге айналдыру процесін өнім өндіру технологиясы деп атаймыз. Олар мекемедегі жаңа және қолданылып жүрген технологиялық

Процестерді жобалау, техникалық тексеруді  жобалау, құралдарды таңдау, кететін  еңбек шығындарын жобалау, материалдар, шикізатпен энегияны жобалау т.б.

     Технолгиялық процестерді  жобалаудың мақсаты аз шығын  жұмсай  отырып өндрілген өнімнің  сапасы мен санын арттыратын, еңбекті жақсартатын технологияны  ойлап шығару. Сонымен қоса технологиялық  процесстерді жобалау кезінде  мынадай басқада  сұрақтар қарастырылады. Олар жұмыс орындарымен учаскелерді ұйымдастыру, көлікпен қамтамасыз ету жағдайлары және өнімді сақтау шаралары.

3) өндірісті материалдық дайындау 

Өндірісті материалдық дайындауға мыналар жатады:

  1. шикізатпен, материалдармен жанар жағармаймен, энергиямен қамтамасыз ету қажеттілігі
  2. қаражатпен қамтамасыз ету қажеттіліг
  3. стандарттау

Стандарттау дегеніміз өнім өндіру кезіндегі өнімнің көлемін, спасы  мен ерекшеліктерін қатаң сақтау, дұрыс анықтау  және орындау болып  табылады

Стандарттарда шикізаттармен материалдарға, тағыда басқа заттарға қойылатын талптар қатаң сақталу керек. Стандарттарға байланысыты машина мен станоктардың, әр түрлі құрал жабдықтардың өлшемдері көрсетілген нақтылы құжаттар құрастырылады. Өнімнің сапалық көрсеткіштері де стандарттармен анықталады.

 

ІІІ-бөлім: Халықаралық экономикалық қатынастар.

3.1 Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні.

Халықаралық сауда - бұл халықаралық тауар-ақша катынастарының сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығы.

Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге болады.

Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:

1) аукциондар және аукциондық  сауда;

2) биржалық сауда;

3) халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер;

4) машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;

5) қарама-қарсы сауда;

6) шекаралық сауда,

Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік: Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған тауарларды белгілі бір уақытта, белгіленген орында сату формасы.

 

                                Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы

                                                                                                                               (1-схема)


 


 


 


 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аукцион белгілі бір тауар түрлері  бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң терісі, жүн, өнер туындылары, антикшрлық және кейбір бірегей тауарлар.

Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапасына жауапкершілігінің шектеулілігі.

Аукциондық сауда - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.

Аукциондық сауда кезеңіне сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді, бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғары деңгейіне дейін көтеріледі.

Мысалы, Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион басқа елдердің сатушыларынан да комиссияға тауар қабылдайды. Бағалы аң терілерін сатып алушылар — ірі капиталистік және өтпелі социалистік елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.

 

 




 



 


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 



 

 

 

 

 

 






 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы  Ростов, Пятиго; сияқты қалаларда асыл тұқымды жылқылардың аукционі жүргізіледі.

Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып әлемдік бағаларға жақын  бағалармен сатуды камтамасыз алады.   Сонымен   бірге  тауарлардың  өте  көп  мөлшерін   сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.

Тауар өндірісінін, дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізатты жекелеген түрлері бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.

Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.

Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде  шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағала сәйкес түрде бейнеленеді.

Сонымен,   биржалық   сауда   -   биржалардың   қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы.

Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.

Биржалардың бірнеше түрі бар:

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар