Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

1995 жылы Солтүстік облыстарда қазақ ұлтының саны көбейді. Сонымен бірге, республиканың Оңгүстік жөне Орталық аймақтарындағы Ресей ұлтының миграциялық ағымы өте жоғары болуда

Сонымен бірге, соңғы жылдары ауыл түрғындарының калаға көшуі, соның ішінде неміс және словян тілдес ауыл тұрғындарының эмиграциясы орын алған.

Осыған байланысты сонғы жылдары  Қазақстаннъщ ішкі миграциясына тән  ерекшеліктерді атап өтейік:

•   біріншіден, республика ішінде халықтың жалпы көшуінің елеулі түрде  төмендеуі;

•   екіншіден, экологиялық тұрғыда қолайсыз жерлерден халықтың көшуінің жоғары дәрежеде болуы;

•   әлеуметтік және экономикалық артта қалған облыстардан халықтың көшуі.

Келешекте жалпы миграция және Қазақстан  астанасының Ақмолаға көшуі сияқты мәселелерді мемлекеттік реттеу жолымен жүргізу көзделіп отыр.

Қазақстандағы миграция саясаты төмендегілердің  негізінде қалыптасады: "Иммиграция жөніндегі", "Қазақстан Республикасындағы  азаматтық жөніндегі" зандар және де "2000-жылға дейінгі миграциялық саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі" Президент жарлығы.

1998 жылғы миграциялық саясаттағы приоритеттерге (артықшылықтар) мыналар жатады:

•   республикадағы миграциялық ағымдарды тиімді реттеу;

•   қазақтардың орналасуы  мен бейімделуіне ықпал ету,

•   миграция мәселесі жөніндегі сәйкес зандылықтарды жасау мен қабылдау;

•   миграция    проблемаларымен    айиалысатын    мемлекеттік

органдарды жетілдіру мен нығайту.

Осыларға сәйкес мемлекет миграцияны реттеп отыруы тиіс.

 

4.1 Әлемдік шаруашылық байланыстарының халықаралық реттелуі.

Қазіргі кездегі әлемдік кеңістікте екі тенденция көрініс алған, атап айтқанда:

•       біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;

•   екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы.

Жалпы алғанда "интеграция" терминін латын тілінен аударғанда, "бөліктердің бір бүтінге айналуы" деген мағынаны береді.

Халықаралық экономикалық интеграция дегеніміз — экономиканың өзара бейімделуі олардың біртұтас үдайы өндіріс процесіне енуі.

Бүл халықаралық интеграция қатысушы елдердің белгілі бір территориялық, экономикалық, құрылымдық, технологиялық жақындығын көрсетеді және оның аймақтық сипатын түсіндіреді.

Халықаралық экономикалық интеграция (ХЭИ) шаруашылық өмірдің интернационализациялануы процесінде ерекше кезең болып табылады.

ХЭИ - бұл біртекті, іштей тұтасқан бірнеше елдерден тұратын шаруашылық организмнің құрылу процесі.

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы біртгеіс жүрмейді және де интеграцияның алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Интеграция өзіне тән бірнеше маңызды белгілермен сипатталады, соларды атап өтейік:

  • ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
  • өндіріс, ғылым және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацияның кең түрде дамуы;
  • интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы терендетілген құрылымдық өзгерістер;
  • интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттық жасалуы;
  • интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.

Интеграциялық процесс бүтін жүйенің  жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал, ақша массасы, бағалы қағаз және т.б.), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар).

Интеграцияның алғы шарттары алуан  түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі  тандағы жағдайында экономикалардың өте терең түрде өзара енуі жөне тұтасуы көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынына жетуге болады.

Көптеген мемлекеттер үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге, ол өндірістің белгілі  түрлерін немесе ғылыми зерттеулерді дамыту мақсатында интеграцияланушы елдердің ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.

Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін  жоғарылату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді  және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Белгілі бір елдердің интегарциясының қажетті шарттары:

•   біріншіден, тауарлардың  қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;

•   екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.

Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың  экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер (мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ас-социациясы) тез арада интеграцияланады.

Сонымен бірге интеграцияның барысы өздерінің табиғаты бойынша қарама-қайшылықты және көп қырлы болып келеді.

Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси өзгерістер де әсер етеді.

Бұл әсіресе әлемдік шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, өте қарқынды түрде жүріп жатыр.

Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық  өзгерістің экономикалық немесе саяси  жақтарының абсолютизациясы мүмкіндігі екі көзқарас тұрғысында қарастырылады:

•   біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстардың кездейсоқ дамуымен теңестіріледі;

•   екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.

Жалпы алғанда, бұл реттеуші және нарықтық бастамалардың, халықаралық интеграция барысындағы саясат пен экономиканың арақатынасы жөніндегі сұрақтар.

Шын мәнінде, нарықтық типтегі шаруашылығы  бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен пайда болатын өзгеріс деп қарастыруға болмайды, өйткені ұлттық экономикалардын өзара бейімділуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттін араласуынсыз мүмкін емес.

Қазіргі танда бір-бірін өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі түрде қарастыралады:

біріншіден,     жеке     меншік-корпорациялық    интеграция(фирмалық, микроэкономикалық интеграция);

екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция(елдер аралық; макроэкономикалық деңгейдегі интеграция).

Бұл екі интеграция кей жағдайларда қатар жүреді. Осы жағдайларда өзара экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді күшейту тенденциясы көрініс алуда.

Жеке меншік - корпорациялық интеграцияның  мемлекетаралық интеграциямен толықтырылуы, мемлекетаралық бірлестіктердің қалыпстасуы елеулі түрде саяси сипаттағы себептердің әсеріне тәуелді болып отыр.

Батыс Еуропадағы мемлекетаралық интеграцияның  дамуы осы аймақтың соғыстан кейінгі  дәуірдегі саяси дамуының ерекшеліктерімен байланысқан.

Жалпы алғанда, алдыңғы қатарлы дамыған державалар үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуыньң қол жеткен жоғары деңгейінің функциясы ретінде, ал үшінші дүние елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшін интеграция индустриализацияны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.

Нақты түрде айтар болсақ:

•   экономикалық даму қарқынын жеделдету;

•   шаруашылықтың тиімді құрылымын құру;

•   бұрынғы метрополияларға тәуелділікті жою;

•   халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі бағыныштылық жағдайды өзгерту.

Бірақ та дамушы елдердің экономикалық интеграциясы өте баяу жүруде. Оның жүзеге асырылуы көптеген себептерге байланысты алға жүрмей отыр.

Енді сол себептерді атап өтейік:

•   әрбір жекелеген елдің  экономикасының ішкі ерекшеліктері;

•   интеграцияланушы елдердің өзара байланысының сипаты (инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы);

•   ішкі сипаттағы себептер (индустриясы дамыған елдерге қаржылық тәуелділігінің өсуі).

Сауда-экономикалық одақтардың түрлері.

Жоғарыда атап өткеніміздей, интеграциялық  процестердің дамуы олардың белгілі бір құқықтық негізде бекітілуін талап етеді. Басқаша айтқанда, елдер сауда-экономикалық одақтарды құру жөнінде келісім жасайды.

Мұндай одақтардың негізгі түрлерін атап өтейік:

- еркін сауда аймағы;

- кедендік одақ;

- ортақ нарық; 

- экономикалық одақ;

- толық экономикалық интеграция.

Аталған одақ түрлерінің әрқайсысына  толық сипаттама берейік.

Еркін сауда аймағы.

Еркін сауда аймағы дегеніміз келісімнің бір түрі, яғни оған қатысушылар кедендік тарифтер мен квоталарды өзара алып тастау жөнінде келіседі. Сонымен бірге еркін сауда аймағының әрбір қатысушысы үшін елге қатысты өзіндік саясатты жүргізуге құқығы бар.

 

 

Кедендік одақ.

Бұл одақтың және сауда аймағының арасындағы негізгі ерекшелік мынада: яғни қатысушы мемлекеттер өзара сауда кезінде тарифтер мен квоталарды алып тастаумен ғана қоймай, сонымен бірге үшінші елдерге біртұтас квоталар мен тарифтерді белгілейді.

Кедендік одақ сауда-экономикалық одақтың қисынды түрде  : аяқталған формасы болып табылады.

Ол халықаралық сауда сферасымен шектеле отырып интеграциялық топтамалардың күрделі формаларына көшуді қажет етеді.

Ортақ нарык.

Сауда-экономикалық одақтың бұл түрі қатысушы елдер  арасында өндірістің барлық сфераларының еркін қозғалуына әсер ететін барлық кедергілерді жоюды көздейді.

Өндіріс факторларының белгілі  бір тол ішінде еркін қозғалуы мыналардың болуына ықпал етеді:

• жиынтық ресурстардың өте рационалды пайдалануына;

• еңбек бөлінісі мен өндіріс специализациясының дамуына;

• өндірістік құрылымдардың оптимизациясына және т.б.

Сонымен бірге ортақ нарыққа  кіруші мемлекеттердің жүргізіп отырған  экономикалық саясаттарындағы айырмашылықтар (осы аталғандардың толық жүзеге асуына) кедергі жасап отыр.

Экономикалық одақ.

Бұл форма қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясаты арқылы жоғарыда атап өтілген қарама-қайшылықты жоюға ықпал етеді.

Мынаған көңіл аудара кетейік, ягаи экономикалық саясатты келісу процесі белгілі бір денгейге жеткеннен кейін, ол өзіндік логика шеқберінің тығыз байланысуын талап етеді.

Бұл процесс сауда-экономикалық одақтың кешенді және күрделі формасы, атап айтқанда толық экономикалық интеграция шеңберінде өзінің белгілі бір логикалық аяқталуы.

Толық экономикалық интеграция.

Бұл жағдайда келісім процесі жөніндегі мәселе ғана емес, сонымен бірге іс жүзіндегі біртұтас экономикалық саясатты жүргізу мәселесі қарастырылады. Ол қатысушы елдердің шаруашылық субъектілерінін, қызмет етуінің зандылық базасын унификациялауды талап етеді.

Бұл кездегі ең негізгі шарттарды атап өтейік:

  • ортақ салық саясаты, яғни топқа кіруші барлық елдерде бірдей немесе ұқсас салық ставкалары болады;
  • біртұтас стандарттар, мысалы: азық-түлік өнімдеріне арналған консерванттар, пайдаланылған газдың улылығына қойылған талаптар, құрал-жабдықтардың өлшемі және т.б.;
  • техника қауіпсіздігінің біртұтас ережелері;
  • біртұтас еңбек зандылығы, яғни жұмысқа қабылдау мен одан шығарудың ережелері, біртұтас зейнеттік жас;
  • кәсіподақ ұйымдары мен оның мүшелері құқығына қойылған біртұтас талаптар;
  • біртұтас монополияға қарсы күрес заңдылығы және оны қолданудың біртұтас тәжірибесі;
  • жаңа фирмаларды құру мен тіркеудің жане ережелері.

Толық экономикалық интеграция формасындағы сауда-экономикалық одақтың маңызды компоненті — бұл монетарлық саясаттың унификациясы. Ол біртұтас орталық банкі және де валюталық біртұтас аймақтың валюталық жүейсі бар валюта одағын құруға септігін тигізеді.

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар