Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат
Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.
Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.
А. Смит, Д. Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана еңбек факторымен қарастырды.
Бірақ іс жүзінде кез келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.
3.3 Абсолюттік және салыстырмалы артықшылық теориялары.
Өндірістік факторлар
1) жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;
2) капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.
Егер басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық болса, онда ол мемлекет жүмысшы күшімен мол қамтамасыз етілген деп есептеледі.
Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының үлесі тауар құнының құрылымыда көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін тауар деп есептеледі.
Хекшер - Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.
Хекшер - Олин теориясы бойынша факторларға салыстырмалы баға беру төмендегі үш жағдайға байланысты болады:
біріншіден, халықаралық айырбасқа қатысушы елдер тауар өндірісінде мол өндірістік факторларды қолданатын болса, онда олар сол тауарлар мен қызметтерді шетке шығаруға тырысады, ал керісінше кейбір тауарлар бойынша тапшылық көрініс тапса, онда олар өнімдерді шеттен алуға тырысады;
екіншіден, халықаралық сауданың дамуы "факторлық" бағалардың, яғни осы фактор иесінің алатын табысының теңестірілуіне әкеліп соғады;
үшіншіден, кей жағдайларда өндіріс факторлары халықаралық қозғалыс сипатында болуы мүмкін, яғни елдер арасында тауар экспортының орнына сол факторлардың өздерін шығаруға мүмкіндік туады.
1954 жылы американдық экономист Леонтьев Хекшер - Олин теориясын іс жүзінде дәлелдеп көрсетті. Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын зергтейді. Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын қарастырады. Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар қалыптасты: АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауарларды экс-портқа шығарып, ал көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттап алады.
Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше больш шықты. Осыған байланысты Леонтьев еңбегі экономикада "Леонтьевтің парадоксы" деп аталды. Капиталдың салыстырмалы артық-шылығы АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер етпейтіндігі анықталған.
Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚЩ еңбекті көп қажет ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды аз қажет ететін тауарларды шеттен тасымалдайды. Осыған сәйкес Леонтьев өз көзқарасын ұсынады. АҚШ-та пайдаланылатын фактордардың ішіндегі өте тиімдісі - еңбек факторлары болып табылады.
Оған себеп болған нәрсе - АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түсінігі - "жүмысшы күшінің біліктілігі" теориясы деп аталады. Бұл теорияның негізгі түйіні мынада: яғни өндіріске 2 фактор емес, 3 фактор қатысады, атап айтқанда капитал, еңбектің екі түрі — білікті және біліксіз еңбек.
1960 жылы тағы да бір топ
экономистер экономикалық
Олар "Леонтьевтің парадоксын" басқа себептермен, яғни ғылыми-техникалық жетістіктері бойынша түсіндіруге тырысады. Осыған сәйкес "капитал" терминінің мағынасы өзгеріп: "физикалық капитал" (негізгі қорлар), "білім капиталы", "адамдар капиталы" (білікті мамаңдар) деген үғымдар пайда болды.
Осы үғымдар негізінде жаңа теориялар туындайды. Ол экономиканың жалпы моделін түсіндіреді.
Р |
Ғ | |
Ж |
К | |
К |
Ж | |
Ғ |
Р |
Ғ — ғылымды көп қажет ететін салалар;
К - капиталды көп қажет ететін салалар;
Ж — жүмыс күшін көп қажет ететін салалар;
Р — ресурстарды көп қажет ететін салалар;
Егер жалпы шығындардың ішінде ғылыми шығындардың үлесі 6 - 10%-ке тең болса, онда ол өндіріс ғылымды көп қажет ететін сала деп аталады.
Осы орайда бір топ жаңа теориялар пайда болды. Олар "неотехникалық теория" деген ортақ терминмен белгілеиді:
1) технологаялық алшақтық;
2) тауарлардың өмірлік циклы;
3) өндіріс масштабының кеңеюінен болған экономия.
3.4 Халықаралық сауда.
Саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер қамтамасыз етеді. Соның ішінде брокерлік сауданы атуға болады.
Брокер - сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды, тек қана қызығушы екі жақ – сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты қаматамасыз етеді.
Брокер бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің инструкциялары шегінде әрекет жасайды.
Қызметі үшін брокер келісімге қатысқан бір жақтан (өз клиентінен) брокеридж деп аталатын сыйақы алынады.
Брокеридж келісімі құнының белгілі бір проценті мөлшерінде беріледі.
Брокер делдалдылық пен қатар басқа қосымша қызметтерді де көрсетеді, мысалы, нарықты зерттеу, жарнама жөніндегі ақпараттар,несие беру. Брокер қызметін жеке адамдар.фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.
Дилер - өз атынан және өз есебінен тауарларды қайта сатумен айналысатын жеке түлға немесе фирма.
Комиссионер – сауда келісіміндегі делдал; белгілі мөлшердегі сыйлық үшін соның есебінен, бірақ өз атынан делдалдық жасайтын адам.
Комиссионердің табысы — көрсеткен қызметі үшін комитент тарапынан берілетін комиссиялық сыйақы (бонус).
Бонус - бүл көрсегілген комиссиялық қызметтер үшін төленетін комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері сатылған (айырбасталған немесе сатып алынған) тауарлардың құнына қатысты процентпен - анықталады және мыналарға қатыстыөзгеріп отыруы мүмкін:
• тауардың күйіне қатысты;
• оған деген сұранысқа;
• сату каналдарына (дүкен немесе тікелей сату арқылы);
• комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына;
• комиссионерлер арасындағы бәсеке деңгейіне.
Бонустың нақты мөлшері мен есептеу жолдары комиссиялық келісімдерде анықталады.
Консорциум — бірнеше банк немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе комерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылып жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім.
XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басында қосымша пайда табу мақсатында заемдар мен бағалы қағаздарды тиімі түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктерді банкирлер үйінің және қаржыландыру қоғамдарының бірлестігі түрінде әрекет етті. Қазіргі танда халықаралық консорциумд өте кең түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобалар, жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындар (фирмалар) құрған.
Консорциум ұйымы қатысушылар арасындағы келіссе (келісім) арқылы ашылады.
Консорциумға кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатын қатысты қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған текшіге (басқарушыға) бағынады.
Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен күрес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін құрылады.
Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте болады.
Консорциумға қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі шегінде мүліктік жауапкершілікте болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойы өзара пропорциональды турде бөлінеді.
Сауда үйі - күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту керек:
1) ірі сауда ұйымының типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• тауар өнідірісі сферасына белсенді түрде ену;
• өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;
• несие-қаржы операцияларына қатысу. Дүние жүзінде қызмет ететін сауда үйлерінің негізгі саттарына жататындар:
• делдалдық операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық қызметті белсенді түрде жүргізу;
• дүниежүзілік тауар нарықтарының
өзгермелі конъюнктурасына
• өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік қабілеті бар тауарларды өткізу;
• ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру және олардың өткізу қызметін қаржыландыру;
• айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу мен жарнама құнын төмендету.
Сауда үйлері акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік формаларында құрылады.
Сауда үйлері және басқа шаруашылық субъектілері арасындағы байланыстың негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық жөніндегі ке-лісімдер; сату-сатып алу контрактілері; консигнациялық, келісімдер және т.б.
Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар тобы шеңберінде шектемейді, олар тиімділігі және өзара есеп айырысуы бойынша өзара байланысқан келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.
2) брокерлік фирма, ол өз есебінен немесе белгілі бір тауарлардың саудасымен айналысатын өндіруші, тұтынушы немесе басқа тұлғалар есебінен нақты тауарлар бойынша келісімдер жүргізумен айналысады.
Көптеген сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және фьючерстік биржада өздері келісімдер жүргізеді.
Бас жабдықтаушы - өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да объектілерді салу кезінде технологиялық құрал-жабдықтардың толық комплектісін құрылыс ауданына жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінін, тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.
Субжабдықтаушылардың тапсырмаларды орындаған-орындамағанына қарамастан, тапсырыс беруші алдында бас жабдықтаушы жауап береді. Халықаралық сауда субьектері тө-мендегі схемада көрсетілген.
3.5 Халықаралық валюталық нарық.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы - ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне (жеделдеуіне) әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастьтқ қызмет түрінде жүргізілген.
Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында "вексельдік жәрмеңкелер" түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Бұл жерлерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша жүргізілген.
Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына әсер ететін жағдайлар:
өндіргіш күштердің дамуы;
дүниежүзілік нарықтың құрылуы,
халықаралық еңбек бөлінісінің терендеуі;
шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы.
Демек, халықаралық валюталық қатынастар ХЭҚ-тың алуына түрлі формаларын қалыптастыратын механизмі болып табылады.
ХВҚ өзінің дамуы процесінде белгілі бір ұйымдастырушылық формаларға ие болды.
Осы контекст бойынша валюталық жуйе дегеніміз — валюталык, қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық зандылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген.
Валюталық қатынастардың дамуы процесіңце ен, алдымен ұлттық валюталық жүйелер (ҮВЖ) қалыптасты.
ҰВЖ дегеніміз — елдің валюталык, заңдылығымен бекітілген валюталық қатынастарының ұйымдастырылу формасы.
ҰВЖ-нің дамуы және оның ерекшеліктері мьналарға
тәуелді болады:
- белгілі бір елдің даму
Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар