Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

4) занды түрде тәуелсіз кәсіпорындардын бөлімдерін ашу;

5) жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу.

Жоғарыда айтылған барлық жағдайларда инвестицияланған капиталды қолданушы және оны тікелей бақылаушы шетелдік инвестор болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал тікелей және портфельдік инвестиция болып екіге бөлінеді.

Тікелей инвестициялар арқылы кәсіпорындар шетелдік инвесторлардың толық меншігінде болады немесе оның қолында кәсіпрынның, акцияларының бақылау пакеті болады.

 

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция дегеніміз — инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.

Портфельдік инвестициялар — шетел акцияларына, облигацияларына және т.б. құнды қағаздарға капиталдың жұмсалуы. Оны енгізудегі мақсат — жоғары дивиденд алу.

Халыкдралық валюта қорының анықтамасы бойынша, акционерлік капиталдың 25%-нен астамы инвестор меншігінде болса, онда салынған инвестиция тікелей төте инвестициялар болып табылады.Осы екі инвестиция мөлшері әр елде әр алуан болып келеді.

Мысалы, АҚШ-та 10% (жеке меншік капитал).

1989 жылы АҚШ-тағы тікелей инвестиция  экспортты - 32, млрд. $, портфельдік  инвестиция экспорты - 27 млрд. $ болды.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тікелей инвестицияны шығару арқылы фирмалар екінші елде жаңа фирмалар ашады, сол елдегі кейбір ірі фирмалардың  бір бөлігін немесе түгелдей сатып алады. Шетелде ондай фирмаларды бас компанияның шетел филиалдары деп атайды. Осы филиалдар бөлімшелерге, еншілес (дочерняя) компанияларға, ассоцияцияланған (ынтымақтастық) компанияларға бөлінеді.

Бөлімше - 100% көлемде бас фирманьщ қарамағында болады, заңды ұйымға жатпайды.

 

 

Төл компания - шетелдегі дербес компания болып саналады. Оның өзіндік балансы бар. Оны бас компания бақылап отырады. Соған сәйкес, бас компания оның акцияла-рының көп бөлігінің немесе түгелдей осы компанияның иесі болып табылады.

Ассоцияцияланған компания - кейде оны аралас компания деп те атайды. Оның төл компаниядан айырмашылығы мынада:

Бас компания оның акция пакетінің  бір бөлігіне ғана иелік етеді.

Ассоцияцияланған компания түрлеріне  біріккен компанияларды жатқызуға болады, сонымен қатар, 2 немесе одан да көп фирмалардың біріккен кәсіпорындары және т.б. түрлері бар. Мысалы, "Экономикалық мүдде бойынша, Еуропалық бірлестік" трансұлттық трест ретінде құрылған. Ол Батыс Еуропанын, ұсақ және ірі компанияларынан құрылған. Әр қайсысында 50 адам жұмыс істейді. Кей жағдайда бас компания кейбір кәсіпорындардың бірде-бір акциясына (пай) ие болмауы мүмкін. Мұндай кәсіпорындар шетел филиалдары болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен бас компаниялар басқару мен бақылауды өзара келіссөздер арқылы жүргізеді.

Мысалы, осы кәсіпорындарды басқару келісім шарттар арқылы (көбінесе, қонақ үйлер) жергілікті кәсіпорын иелерімен біріге отырып өндіру (олар шикізат, технологияны әкеліп береді), бірігіп қорлар, шикізат табу және т.б.

Бұл жағдайда олардың меншік иелігін емес, қайта іс-әрекеттерін бақылау өте маңызды. Бұндай бас компаниялар мен оның филиалдарының арақатынасын меншігінің акцио-нерлік емес формасы деп атайды.

 

3.7 Капитал қозғалысының масштабтары динамикасы мен географиясы.

Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсуі тенденциясы айқындала түсті. 1985 жылы тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 713,5 млрд. $ болды, оның ішінде 41,2%-ті АҚШ-тың, 46,2% - Батыс Еуропаның, 12,6% - Жапонияның үлесінде болды.

Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде (XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың ортасына дейін) капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, отарланған, тәуелді елдерге шығарылды.

Ал қазіргі уақытта капиталдың, миграциясы көбінесе  дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетелдік инвестициялардың, 70-75%-ті өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде тұр.

80-жылдардың   басында   тікелей  инвестициялардың көлемінің   25,8%-і   дамушы   елдерге,   18,2%-і   АҚШ-қа, Ұлыбританияға,    26,6%-і    Батыс    Еуропаның   басқа    елдеріне 10%-і Канадаға, 9,5%-і әлемнің басқа елдеріне салынады.

Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-бір себебі - дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өңдірісін ұйымдастыру өте қиын.

Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен сыйымды ішкі нарықтары бар.

60-жылдардың ортасынан бастап, ГФР  мен Жапонияның шетелдерге қаржы  бөлуі жылдамдатылды. Олардың  тікелей инвестицияларының өсу қарқыны АҚШ-пен салыстырғанда, 2 еседей көп болды. Капиталдарды салу сфераларына бәсекелестік күшейді. Мемлекеттің капитал экспортеры ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.

Қазіргі   уақытта   елдер   арасындағы   капиталдың   қарама-қарсы   қозғалысы   кең  дамуда,   яғни   олардың   әрқайсысы   бір мезетте әрі экспортер, әрі импортер рөлін атқарды, яғни капиталдардың айқасқан айырбасы деген қозғалыс пайда болды.

Сонымен бірге, елдің ішінде капиталдың, жетіспеуінен экспорттың жүзеге асырылуына, ал имлорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін.

Капитал миграциясы пайда болған кезеңнен бастап, 70-жылдардың аяғына дейін Батыс Еуропа капиталдарының байланысқан айырбасының ең үлкен аймағы болып саналды. Бұл ең алдымен экономикалық одақтастықтың Еуропалық одақ (ЕО) ішіндегі интеграциялық процестердің, дамуы салдарынан пайда болған.

70-жылдың аяғынан бастап, Батыс  Еуропаның ішіндегі қаржылардың үлесі азая бастады, сонымен бір мезгілде АҚШ-та капитал экспорты өсе бастады.

80-жылдары бұл ел ұлттық экономиканың ішіне жұмсалған (салынған) шетелдік капиталдың көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алды.

Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы бір ерекшелігі - дамушы елдерде, атап айтқанда, мұнай табатын ОПЕК- ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.

ОПЕК - мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы. Капитал нарығында ОПЕК елдері белсенді рөл атқаруда. Мысалы, Кувейттің жеке меншік секторының инвестицияларының шетелдегі мөлшері (1995 ж.) 100 млрд. доллар, ал мемлекеттік секторының инвестициялары - 30 млрд. доллар болды.

 

 

 

ПІетел инвестицияларының Қазақстанға  келуі және оның пайдаланылуы (1996ж).

Шетел инвестициясын алып келу және оны пайдалану Республика экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді. Бірақ жалпы қағида бойынша, көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге бағыттайды.

1996 жылы республикада 995 біріккен кәсіпорындар шетелдермен бірігіп жұмыс жасады, ал 100 кәсіпорын шетел инвесторларына басқаруға берілді. Бұндай капиталдың ағылуы тек пайда табу көзі емес, кәсіпорындарға толық қадағалау мүмкіншілігінің болуы. Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады.

Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ, құнды қағаздар ретінде келеді. 1996 жылы 17 елден келіп түскен 18 несие жүйелері, 9 контракт, 229,4 млн. доллар несие, 483,1 млн. доллар заем пайдаланылды.

1996 жылы банкаралық қысқа мерзімді ақша заемы 128,1 млн. долларға жетті. Қазақстанда өтпелі кезеңнің басқа елдері сияқты қаржы нарығы онша дамымаған, сондай-ақ, жеке капиталдың келуі (ресми түрде жазылмаған) әлі де болса, Қазақстан экономикасына сенімнің аздығынан деуге болады.

Қазақстан экономикасына тура инвестиция салудан сөзсіз Донор елге жататындар: Жапония (28,7%), Оңтүстік Корея (27,6%), Ұлыбритания (15,7%), АҚШ (11,1%), сондай-ак, Германия, Түркия және Италия (3,0%).

Мына төмендегі  1,  2-кестеден Қазақстанға келген тікелей донор елдерінің және жеке өнеркәсіп салаларының алдындағы міндетін көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Донор елдер

шетелдік тікелей инвестиция

 

млн. доллар

Қорытынды % бойынша

Тура инвестиция

1434,7

100

оның ішінде:

 

 

түсті металлургия

466,7

32.5

қара металлургия

425,1

29,6

мұнай, газ

348,2

24,3

энергетика

81,2

5,7

тағам өнеркәсібі

46,2

3,2

коммерциялық қызмет

36,7

2,6

химия

16,5

1,2

Байланыс

13,4

0,9

басқалары

0,7

0,0

Акционерлік капитал

100,8

 

Бюджеттегі инвестиция

 

 

 

97,7

 

Барлығы

1633,2

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Донор елдер

шетелдік тікелей инвестиция

 

млн. доллар

Қорытынды % бойынша

Тура инвестиция

1434,7

100

оның ішінде:

 

 

Жапония

411,3

28,7

Оңтүстік Корея

396,1

27,6

Ұлыбритания

224,7

15,7

АҚШ

159,9

11,1

Германия

59,0

4,1

Италия

50,1

3,5

Түркия

44,0

3,1

Франция

30,6

2,0

Нидерланды

12,5

0,9

Норвегия

12,5

0,9

Израиль

9,0

0,6

Швейцария

5,0

0,3

Басқалары

20,0

1,4

Акционерлік капитал

100,8

 

Бюджеттегі инвестиция

97,7

 

Барлығы

1633,2

 


 

Бұл жерде негізгі шетел инвестициясын қолдануда түсті және қара металлургия өндірістеріне (466,7 және 425,1 млн. $), мұнай-газ өнеркәсібіне (348,2 млн. $) көңіл бөлінуде.

Мына 3, 4-кестеде 1996 жылы шетел инвестициясын  игеру және қолдану бағыттары  көрсетілген.

Келіп түскен шетел инвестициясының  түрлері

Барлығы

млн. долл.

млн. тенге

Тура инвестиция

 

оның ішінде:

 

бастапқы қоры басқа (бонус, роялти)

 

 

Басқа инвестициялар

- коммерциялық

- халықаралық үиым

- заем

 

Барлығы

1633,2

109

 

 

100,8

6782,4

97,7

6573,8

 

 

229,4

15435,2

483,1

32505,5

 

 

2345,7

157831,1




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тура инвестицияның пайдаланылу  бағыттары.

 

Бағыттарының аттары

Барлығы

оның ішінде

%-тік үлес салмағы

 

млн. доллар

млн.

теңге

млн. доллар

млн. теңге

 

Құрал-жабдық алу

153,0

10294,7

 

0,0

0,0

 

Кеңейту, қайта жөндеу техникалық қайта жаңарту

 

 

 

83,0

 

 

5584,7

9,3

625,8

11,2

Айналым құралдарын толтыру

395,3

26597,9

 

0,0

0,0

Геологиялық зерттеу жұмыстары

 

 

75,6

5086,8

 

0,0

0,0

Басқалары

727,8

48970,2

 

0,0

0,0

Бастапқы қор

100,8

6782,4

 

 

 

Бюджеттегі жарнама

97,7

6573,6

 

 

 

Барлығы

1633,2

109890,4

9,3

625,8

0,6




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.8 Төлемдік баланс.

Әр мемлекетке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезеңдік статистикалық мағлұматтар керек. Осы мағлұматтарды төлем  балансынан көруге  болады.   Ол белгілі бір кезенде сол елдің сыртқы экономикалық іс-әрекет балансын айқындайтын статистикалық құжат.

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар