Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

- осы елдің экономикалық жағдайына;

- осы елдің сыртқы экономикалық  байланыстарына

 

Әлемдік валюталық жүйе.

Әлемдік валюталық жүйе (ӘВЖ) - дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың эволюциялық дамуы нәтижесінде XIX ғасырдың ортасына қарай туындады. ӘВЖ-нің ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық құрылымына, оның ІІринциптерінің сәйкестілігіне, алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне тәуелді болады.

ХВЖ - ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші механизм, сонымен бірге ол ұлтгық валю-талық жүйемен (ӘВЖ) өзара тығыз байланысты болады.

Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері бір-бірінен ерекшеленеді.

Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін ҰВЖ мен ӘВЖ-нің негізгі элементтерін қарастырайык.

 

 

ӘВЖ-ні сипаттайтын негізгі элементтер

ӘВЖ-нің негізгі элементтері

' даін, құрамы.

Ұлттық валютаның паритеті  және      курстардың     қалыптасу механизмі.

4       Валюталардың       конвертирлену (айырбасталу)   немесе   айналымдық

щарттары.

5    Валюталық    шектеулердің    бар-

жоқтығы.

6.   Елдердін,    сыртқы    экономикалық

есеп   айырысуларды    жүзеге    асыру

1.Резервтік валюталар.

2.Халықаралық    ликвидтік    актив-тердін, құрамы мен құрылымы.

3. Паритеттер мен курстардың меха-низмдері.

4. Валюталардың өзара айналымды-лық  шарттары.

5. Халықаралык, есеп айырысулардың  формалары.

6. Халықаралық валюталық нарықтар  мен алтынның дүниежүзілік нарық-тарынын, режимі.

7. Валюталық-қаржылық қатынас-тарды  реттеуші мемлекетаралық ва-люталық-несиелік ұйымдардың (Ха-лықаралық валюта қоры, халықаралық қайта өркендеу және даму банкі) статусы


 

Паритет - бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара катысы. Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен валюталық курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.

Валюталық курс - жекелеген елдердің валюталарының арасындағы арақатынас немесе басқа елдің валютасының өрнектелген белгілі бір ел валютасының "бағасы".

Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.

Валюталық жүйенің дамуы қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің зандылықтарымен       анықталады.

Кейбір жағдайларда әлемдік  валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылық құрамына сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде әлемдік валюта жүйесі дағдарысқа апарып отырады, бұл дағдарыс ескі жүйенің бұзылып оның жүйеге айырбасталуына әкеліп соғады. ХВЖ-нің эволюциялық ұлттық және әлемдік экономиканың сұраныстарына байланысты қалыптасады.

 

Әлемдік валюталық жүйенің даму эволюциясы.

Өзінің дамуы процесінде ӘБЖ төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе XIX ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және занды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.

Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:

1.   Бұл жүйенің негізі — алтын монеталық стандарт Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.

2. Әрбір валютаның алтынға айырбастылуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.

3.  Алтын құймалар монетарларға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарығьнада сатылады.

4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.

Алтын монеталық стандарт бірінші әлемдік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара жатқан шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес болмай қалды.

Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын ұлғайтты.

Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.

Бірақ,  валюталық жүйе  занды түрде 1992  жылы  Генуя-халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді. Алтын - девиздік стандарттың принципі бойынша, банкнот-алтынға емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды.   Девиздік   валюта  ретінде  доллар  мен   фунт  стерлинг қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді,. өйткені Генуядағы валюталық жүйенің дағдарысы терендей түсті.

Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді.

Бреттон-Вудс   валюталық  жүйесі  төмендегі   принциптерден тұрады:

1.  Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардын, функциясын орындайды.

2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.

3. Басқа елдердің Орталық банктері  мен үкімет мекемелері долларды  АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-тендік) негізінде жүргізілді.

5. Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс гармтеттен тар көлемде ауытқушы еді (ӘВҚ-тьтң жарғысы бойынша + 1% және Еуропалық валюталық келісім бойынша + 0,75%). Халықаралық валюталық , операцияларда алтынның қолданылу   масштабы   күрт   төмендеп   кетті,   ең  басты орында доллар болды.

6. Мемлекеттер арасындағы валюталық  қатынастар әлемдік валюталық қор (ӘВҚ) арқылы реттелуші еді.

3.6 Капиталдың халықаралық қозғалысы және қарыздың әлемдік дағдарысы.

Капиталдың шетелге шығарылуы, елдер арасындағы оның белсенді миграциясы - қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың өте маңызды белгілерінің бірі.

Капиталдың шетке шығарылуы тауарлардың шетке шығарылуы монополиясын шетке қарай ығыстырады. Негізінен, ол тауарлардың шетке шығарылуын толықтырды және де сыртқы нарықтарды жеңіп алу құралы ретінде қолданылды. Тауарлардың шетке шығарылуы қарқынымен салыстырғанда, капиталдың шетке шығарылу қарқыны 5 есе көп болды.

Капитал миграциясындағы "капитал" термині өндіріс факторы ретінде ғана емес, еңбек, жер, кәсіпкерлік қабілеттілік және басқа да мағынада қарастырылады.

Капиталдың шетке шығарылуы - бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі.

Капитал қандай себептерге байланысты шетке шығарылады және шеттен әкелінеді? Бұл сұраққа әлемнің көптеген экономистері жауап беруге тырысты.

Капитал миграциясының ең басты  себебі - белгілі бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы.

Осы артық капитал кәсіпкерлік  пайда немесе процент алу мақсатында шетке шығарылады:

1.   Капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, яғни тең болмауы (мысалы, дамушы елдерде капиталға деген сұраныстың өте көп болуы, яғни ол елдерге калпиталды енгізу өте тиімді іс болып табылады).

2. Жергілікті нарықты монополизациялауға  мүмкіндік ашылады (мысалы, белгілі  бір елге капиталды сату арқылы инвестор  ел  өз  талабын,   өз шартын  орындатуға . мүм кіншілік табады).

3. Капитал енгізілетін елде шикізат пен жұмысшы арзан болуы.

4. Тұрақты саяси жағдайдың және жалпы алғанда ьңғайлы инвестициялық климаттың болуы.

Біз жоғарыда капиталдың шетке шығарылуының басты себептерін атап көресттік. Дж. А. Гибсон, Дж. Кейнс, Ж.Б. Сэян К. Меңгер, У. Джевонс, Е. Бембаверк, Э. Хекшер, Б. Олин, Р. Нурксе және К. Иверсон сияқты ғалымдар капитал миграциясын зерттеуге зор үлес қосты.

Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі - капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы.

Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп елдерде шығарылады.

Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес,ұсынысы көп елдер шығарады.

Неоклассиктердің бірі Б. Олин өзінін, сауда концепциясында былай деген: "Өңдіріс факторларының қозғалысы әрбір елдегі оған деген сұранысымен анықталады, демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай көшеді".

Р. Нурксенің тұжырымы бойынша, тауарды сыртқа көп тасымалдаушы дамыған елде капиталға деген сұраныс тез өседі, осыған сәйкес олар капиталды ішке енгізе бастайды (немесе керісінше).

Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа неокейнсиандықтар да жауап беруге тырысты. Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем балансынын, арақатынасын анықтайды.

Кейнстің айтуы бойынша,  "капитал миграциясының бірден бір  себебі   -   бұл  әрбір   елдің  төлем   баланстарының   бір қалыпты    болмауы".    Кейнстің    осы    көзқарасын    Ф.     Махлуп пен Р.Ф. Харрод дамытты.      Ф. Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:

1)  белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы плюс (+) таңбалы болса, онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы елге өз тауарын көбірек сата отырып, ішке капитал енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді.  Осының нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық табысы ұлғаяды;

2) егер белгілі бір елдің инвестициясы  көбеймесе, бірақ қаржы жинау  қабілеті зор болса, онда капиталды шетке шығару экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың белсенділігін күшейтеді;

3) капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі экономикалық жағдайына әсер етеді, яғни шеттен әкелетін капитал формаларының ішінде портфельдік инвестициядан гөрі, тікелей төте инвестицияны енгізу әлдеқайда тиімді болып табылады.

Р.ф. Харродтың "Экономикалық динамика" моделі бойынша, капиталы мол елдердің экономикалық өсу қарқыны неғұрлым төмен болған сайын, олардың капиталды шетке шығару тенденциясы да солғұрлым күшейе түседі.

Капитал миграциясының  түрлері. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару.

Капиталдың әр алуан түрлері мен формалары болады, соған сәйкес капитал миграциясының да бірнеше формалары болады.

Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шетелде жұмыс істеуі төмендегі формалар бойынша іске асады:

1) Жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары. Ол көбінесе жекелеген елдегі мемлекеттік үйымдар мен компаниялардың капиталды тасымалдауына негізделеді. 1989 жылы АҚШ-тың капиталды шетке шығаруы жуық шамамен 155 млрд. долларға жеткен, оньщ ішінде:

- жеке меншік капитал - 122 млрд. $;

- мемлекеттік капитал - 33 млрд. $.

2) Ақша және тауар формалары. Сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында шығарылмайды, сонымен бірге, ол машина, құрал-жабдық, "ноу-хау", патенттер және тауарлық несиелер формасында да шығарылады.

3) Қысқа мерзімдік (бір жылға дейінгі) және ұзак, мерзімдік формада. 1989 жылы АҚШ 92 млрд.$ көлемінде қысқа мерзімдік және 63 млрд.$ мөлшерінде ұзақ мерзімдіккапиталды шетке шығарған.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



 

 

 

4) Қарыз және кәсіпкерлік формада. І989 жылы қарыз  капиталы 96 млрд. $-ға, ал кәсіпкерлік капитал 59 млрд. $-ға тең, болды.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, заемнан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Ал кәсіпкерлік формада капитал көп жағдайда кіріс ретінде табыс әкеледі.

 

Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару - бұл басқа елдердін территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Бұның негізгі жолдары:

1) шетелде жеке меншік кәсіпорындарды салу;

2) шетелде аралас кәсіпорын құру;

3) істеп тұрған жергілікті кәсіпорындарды сатып алу;

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар