Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат
Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.
1) тауар биржасы;
2) қор биржасы;
3) еңбек биржасы;
4) валюта биржасы.
Тауар биржасы - сапасы жағынан стандартқа тол сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату ұйымдасқан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бүл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы — таза іскерлік принципінде жұмыс істейді І(Лондон, Нью-Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі - Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор биржасы халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы - бұл валюта нарығы. Мысалы, Токиода валюта операциясының 72%-і "доллар-марка" мәмілесінің үлесіне тиеді.
Еңбек биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер - тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады.
Жәрмеңке - бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өткізіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы
Аренда - бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұда жалға беруші мен жалгер арасында шарт неізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға кіреді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында Рұқсат беріледі және мүлік жөнінде меншіктің барлық формасымен түрлерінде қолданылады. Жалға берушілер — меншік иелері атынан мүлікті жалға
өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер — заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың катысымен құрылған үйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
лизинг — ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін);
хайринг — орта мерзімдік аренда
(бірнеше айдан бір жылға
рейтинг — қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі мерзімге).
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни лизинг өте көп қолданылады. Лизинг құралдарына жататындар: кеңселік, қурылыс-монтаждық және технологаялық құрал-жабдықтар.
Сонымен бірге лизингке бүтіндей өнеркәсіптік кәсіпорындар берілуі мүмкін.
Лизингтік операцияның өте қарапайым тәсілін қарастырайык, Жалға беруші жалгермен арендалық келісім-шартына қол қояды. Өндіруші дайындайды және жалгерге аренда құралын береді.
Лизингтік компания банктен несие алады да, өндірушімен есеп айрысады және арендалық төлемдерден несиені өтейді.
Лизинг кезінде сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді негізінен жалгер өзі жүзеге асырады.
Халықаралық тәжірибеде орта мерзімдік арендаға контрактылар көп бекітіледі.
Хайринг құралдарына транспорттық құралдар, жол-құрылыс машиналары, монтаждық құрал-жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналары жатады.
Орта мерзімдік арендалар
Рейтинг контрактылары халықаралық тәжірибеде сирек бекітіледі.
Рейтинг құралдарына транспорттық құралдар, туристік және қысқа мерзімдік пайдаланудағы тауарлар жатады.
Негізі бұл контрактылардан міндеттеме бойынша сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуді жалға беруші жүргізеді.
Транспорттық құралдар (су транспорты, авиалайнер, автобус және т.б.) уақытша арендаға алу келісімі "таймс-чартер" деп аталады, яғни бұл келісім кезінде экипаж бен жүргізуші жалға алынады.
Ал экипажы жоқ транспорт
құралдарын жалға алу "бер-
боут" деп аталады.
Қарама-қарсы сауда дегеніміз экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы жөніндегі қарсы міндеттемесі. ,
Қарама-қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1) бартерлік келісімдер;
2) қарама-қарсы сатып алу
3) клирингтік келісімдер;
4) лицензиялық келісімдер;
5) компенсациялық келісімдер.
Қарама-қарсы сауданы
түрлеріне сипаттама берейік.
Бартерлік келісім — валютасыз, бірақ тұтас келісім негізінде бағаланған және балансталған тауар айырбасы.
Бағалау мыналар үшін қажет:
• айырбастың эквиваленттілігін қамтамасыз ету үшін;
• сақтандыру сапасын анықтауға мүмкіндік беру үшін;
• жеткізіп берулердің кешіктірілуі кезінде айыптарды есептеу үшін;
• сапасыз тауарлардың жеткізілуі
кезінде олардың бағасын
К,арама-қарсы сатып алу
Клирингтік келісімдер — саудада пайда болатын талаптар мен қарыздарды өзара өтеу жөнінде мемлекеттердің орталық банктері арасындағы қолма-қол ақшаның есеп айырысу түрі.
Лицензиялық келісім - бөтен сауда маркасын пайдалану келісімі.
Мысалы, Малайзия фирмасы Жапонияның 'SONY" корпорациясымен лицензиялық келісімге отыруы.
Лицензияны сатудың тиімділігі.
• біріншіден, белгілі бір технологияны шығаруға кеткен шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді;
• екіншіден, тауар экспорты үшін жабық нарықтарға енуге мүмкіндік береді;
• үшіншіден, ішкі нарықтың толығуын жеделдетуге және Шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Конпесациялық келісімдер – алынған несиені өтеу үшін ақшалай есеп айырысудың орнына тауар ұсыну келісімі.
Шекаралық сауда-сауда, төлем және жыл сайынғы қарар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жұзеге асыратын халықаралық тауар алмасу түрі.
3.2 Әлемдік сауда проблемалары және олардың А.Смит пен Д.Рекардо жұмысындағы теориялық шешімі.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі - ағылшын
саяси экономиясының классигі А.
Смит 'Табиғатты зерттеу және халықтың
баю себептері" деген еңбегінде
сауда теориясының негізін
А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.
Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі
Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, маманданудың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.
А. Смит Франция, Португалия, Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бүл мысалда салыстыру қүралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауар-ды шығаруға қажетті адам саны) алынады.
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анык.
А. Смиттің теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:
біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;
екіншіден, егер табиғи артықшылықтарға жаңа технологаялардың жетістіктерін қоссақ, онда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.
Сонымен қатар бүл теорияның кемшіліктері де бар:
біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А. Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірақ та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес;
екіншіден, ағылшын саяси экономиясының
классигі ақша айырбасының моделі емес,
тауар айырбасының моделін
үшіншіден, абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінің альтернативтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.
А. Смиттің "Абсолюттік артықшылық" теориясындағы аталмыш өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономиясының тағы бір классигі Д. Рикардо "Компаративтік (салыстырмалы) артықшылық теориясында жоюға тырысты.
Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.
Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.
Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімдІ болмақ
Рикардоның халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.
Мысалы, екі елден (Англия мен Португалия) тұратын қарапайым экономиканы қарастырайык, Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.
Бірак, олар бір ғана еңбек факторын қолданады.
Матаны өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әрпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілейік.
Егер де әрбір елдің ресурстары шектеулі болса, сонымен бірге ол шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса, онда ол екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады. Оны төмендегі мына теңсіздікпен көрсетсек:
aLv*Qv+ aLt* Qt≤Ĺ Англия үшін
a*Lv*Q*v+ a*Lt Qt*≤Ĺ* Португалия үшін
Осы келтірілген теңсіздіктер негізінде өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге болады, яғни көлбеу сызық матаның құнына тең, ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнек-теледі.
Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығьн анықтау үшін баға көрсетікішін пайдалану қажет. Әрбір сектор өндірістік фактордың біреуін ғана пайда-ланғандықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Сонда әрбір ел үшін тепе-тендік қамтамасыз етіледі.
Pt=Alt*Wt
Pv= Alv *Wv
Автаркия (елдің басқа елдермен байланысының болмауы) кезінде ел екі иглікті де шығаруға мәжбүр болады.
Шараппен салыстырғанда
Pt/Pi=Alt/Alv Wt/Wv
Басқаша айтқанда, екі игліктің салыстырмалы бағалары оларды өндіруте қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.
Мата мен шарап өндірісінде қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары әр елде әр түрлі болып келеді. Автаркияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.
Ал мата құнын шарап құнымен салыстырғанда, Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.
|
Англия |
Португалия |
Мата
Шарап |
аіт = 80 |
Alt = 120 |
| Аіү = 90 |
a*Lv = 100 |
Енді екі игліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.
Ол үшін төмендегі кестені қарастыру керек.
Англия |
Португалия | |
Матаның бір данасының шараппен өрнектелген қүны |
Alt/Alv =80/90 =0,89 |
a*Lt /a*Lv =120/100 =1,2 |
Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар