Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

Төлем балансында елдердің сауда-экономикалық операцияларының құрылымы мен сипаты, сандық және сапалық масштабтары көрінеді:

- әлемдік шаруашылықтағы қатысы: осы елдің басқа елдерге шығарған барлық төлемдері сомасының және басқа ел дерден түскен түсімнің барлық сомасының арақатынасының көрінісі.

ХВҚ анықтамасы бойынша төлем балансы дегеніміз - белгілі бір кезеңдік статистикалық есеп беру. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:

а) белгілі бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

ө) меншіктегі өзгерістер және сол елдің алтын-монетарлық арақатынастағы арнайы ақша резерві (СДР) және де басқа елдерге қарағанда, сол елдің қаржылық талаптар және міндеттемелеріндегі өзгерістер;

б) біржақты аудармалар (перевод) және орын толтыру жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті.

Төлем балансының құрамының негізі болып табылатын принциптер:

Бірінші принцип — қандай да бір елдің белгілі бір кезеңде барлық сыртқы экономикалық операцияларды түгелдей қамтиды (жыл, ай, тоқсан). Сыртқы экономикалық операцияларды ішкі экономикалық операциялардан айыра білу үшін ХВҚ ең алдымен  резиденттер мен резиденттер емес арасындағы операцияларды түсіну қажет.

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және валюталық бақылау” заңында "резиденттер":

а) Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратындар, уақытша басқа елдерде болушылар;

ә) Казақстан Республикасында орналасқан, оның зандылығына сәйкес орнатылған заңды ұйымдар;

б) Қазақстан Республикасында орналаспаған және оның зандылығына сәйкес емес орнатылған өндірістер, ұйымдар; олар заңды ұйым болып табылмайды;

в) басқа елдерден Қазақстанға келген дипломатиялық және тағы басқа арнаулы өкілдер. "Резиденттер емес":

а) Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына уақытша келушілер;

ә) басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан занды ұйымдар;

 

б) шетел зандары бойынша құрылған Қазақстан Республикасы сыртында орналасқан ұйымдар және кәсіпорындар;

в) Қазақстан Республикасындағы  шетел дипломатиялық арнаулы елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдері;

г) Қазақстан Республикасында орналаскдн ә және б пункттерінде көрсетілген "резидент еместердің" филиалдары мен елшілері.

Екінші принцип - операциялардың екі қайтара бухгалтерлік жазбасы нәтижесінде бір баптағы (статья) дисбаланс келесі баппен теңеледі. Төлем балансы төлемдік операциялардан тыс операцияларды да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі - біржақты аудармалар (яғни,қайта төленбейтін біржақты негіздегі төлемдер); ХВҚ - жеке мемлекеттерге арнайы ақша резерв (СДР-ге) беруі.

Алтынның   монетизациялануы   немесе   демонитизациялануы; алтынға деген әлемдік  бағаның өзгеруіне байланысты ұлттық резервін қайта бағалау.  Сондықтан да төлем балансы төлемдер емес төлем операцияларын қамтиды

Төлем балансын құрау жүйесі

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді есептеу орта ғасырда пайда болған. "Төлем балансы" терминін Шотландтық экономист (ХҮП ғ.) Джеймс Стюарт ойлап тапқан. XX ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып, ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ төлем балансын құраудың стандарттық әдістемесін жасаған. Төмендегі төлем балансын құрау үлгісі 1977 жылғы ХВҚ-ның шешімі бойынша жасалған.

'Төлем балансына - басқарылулар" (алғы шарт) деп аталатын 4 үлгі  ХВҚ-ның толық схемасы 112 баптан (статья) тұрады. Кеңейтілген схемасы бұл баптарды 7 топқа бөледі.

Келесі кесте төлем балансыньщ қысқартылған схемасы болып табылады.

Төлем балансы

Төлем балансы баптарының кеңейтілген  классификациясы (ХВҚ әдістемесі бойынша), мысалға АҚШ 1989 ж. Төлем балансы  млрд. доллар.

 

1

2

3

А. Күнделікті операциялар (күнделікті төлем балансы)

-110,06

А.Gurrent account

тауарлар, экспорт ФОБ

360,46

Merchandize:export

тауарлар; импорт ФОБ

-475,33

Merchandize:import

Сауда балансы

-114,87

Тrade balanse

басқа тауарлар, қызметтер және табыстар: кредит

-242,71

Other goods,services and income: credit

басқа тауарлар, қызметтер және табыстар: дебет

-223,14

Other goods,services and income: dedut

Барлығы: тауарлар, қызметтер  және табыстар

-95,30

Total goods, services and income

Жеке біржақты аудармалар

-1,33

Private unrequited transvers

Барлығы: мемлекеттік біржақты

-96,93

Total:exept official

аудармалар есептерінде

-

Unrequited transfers

Мемлекеттік біржақты аудармалар

-13,43

Oficial unrequited transfers

В. Төте инвестиция және де басқа  ұзак мерзімді капиталдар

87,93

В. Direct investment and other long-term capital

Төте инвестиция

40,50

Direct investment

Портфельдік инвестиция

44,79

Portvolio investment

Басқа да ұзақ мерзімді капитал

Other long-term capital

Ұлттық мемлекеттік сектор

2,86

Resident official sector

Банктік сектор

0,16

Deposit money banks

Басқа сектор

-

Other sector

Барлығы А+В

-22,13

Total:groups A plus B

С. Қысқа мерзімді капитал

16,32

С. Othershort-term capital

Ұлттық мемлекеттік сектор

1,84

Resident offficial sector

Банктік сектор

8,01

Deposit money banks

Басқа да секторлар

6,47

Оther sector

В. Қателер мен ұмытылып калдырылғандар

22,60

D.Net errors and ommisions

Барлығы: А+В+С+Д

16,79

Total sum of A trough

Е. Комплексациялаушы баптар

1,56

Е. Couterpart items

Алтын қорын қайта бағалау

0,02

Monetazition/demonotizition gold

Арнайы ақша резерві (СДР)

-

Allocation/canallaion of SDR

Валюта резервін қайта бағалау

1,53

Valuation changes in reserves

Барлығы: А+В+С+Д+Б

18,33

Total:group A trough E

Төте қаржыландыру

-

Ғ. Ехсерйопаі Нпапсіпё

Барлығы: А+В+С+Д+Е+Ғ

18,33

Total:group A trough F

Шетел мемлекетгік органдарының валюта резерві -51дары міндеттемелер

8,48

G.Liabilities consulting foreigen aftoroities

Барлығы: А+В+С+Д+Е+Ғ+О 1^2^баланс)

26,81

Total:group A trough G

Н. Резервтің сонғы немесе жалпы  өзгеруі

-26,81

H. Total: changes in reserves

Монетарлық алтын қор (мемлекеттік  алтын қор)

-0,01

Monetary gold

Арнайы ақша резерві (СДР)

-0,31

SDRs

ХВҚ алатын резервтік орны

0,70

Reserve position in the fund

Валюталық активтер

-27,9

Foreigen exchange assets

Басқа несиелер

-

Other chaimes

ХВҚ несиелерін пайдалану

Fund and adminitered resouces


 

Бұл қысқартылған схеманы үш бөлікке бөлуге болады:

1.Күнделікті операциялар (блок А). Мұнда тауар, қызмет, капитал және ақшалай аударылымдардан түсетін табыстың бар жоқтығын анықтайды.

2.Капитал қозғалыстары (В+С).

3.Теңестіруші операциялар (Е+Ғ+О), төлем балансының салмақтандырылатын мемлекеттік органдарының операциялары.

Содан кейін соңғы төлем баланс сальдосы пайда болады. Ол мемлекеттің алтын, валюта және басқа резервтері арқылы қаржыландырылады немесе бөлінеді.

Төлем балансында экспорт және импорт ФОБ бойынша анықталады, яғни тауар  бағасына сақталу және тасымалдау құны енгізілмейді. Ал сыртқы сауда статистикасында импорт СИФ бойынша анықталады, яғни сақталу мен тасымалдау құны есептелінеді.

 

Күнделікті төлем балансының баптары  көп. Оны негізінен "басқа тауарлар, қызметтер және табыстар" деп атайды. Оған:

1) тауарларды жеткізу (қызметке көрсетуге өте ұқсас тауарларды жеткізу);

2) әр түрлі қызметтер: жүк,  жолаушылар жөне басқа да тасымалдау; халықаралық туризм, телекоммуникациялық қызметтер, білім деңгейлік, қаржылық, сақталу, жұмыс түрін (мысалы, делдалдар) кәсіптік (консалтинг) және техникалык қызметтер (мысалы құрылыс) және т.б.;

3)   меншік   құқығын  қолдануға кететін кірістер  мен шығындар   (лицензия,   патент,   рояльти   және   т.б.   төлемдер   мен кірістер);

4) шетелдегі жеке және мемлекеттік  инвестициялардан түсетін табыстар  мен сол елдегі шетел инвестициясынан кіретін табыстар. Бұған қайта инвестициялау (реинвестициялау) табыстары жатады;

5) шетел мемлекетінің саяси және әкімшілік операциялары (әскери базалар, халықаралық ұйымдарға енуі және т.б.).

 

"Жеке біржақты аудармалар" және "Мемлекеттік біржақты аудармалар" бабындағы трансферттер жатады:

а) шетел жұмысшыларының, көшіп келушілерінің және т.б. аудармалары;

ә) қайтарылмайтын мемлекеттік көмектер.

Баланстың тауар қозғалысы баптарына  талдау.

Тауар қозғалысы балансы В және С блоктарды қамтиды.

Блок В немесе "төте инвестиция басқалай ұзақ мерзімді капитал":

а) төте және портфельді инвестициялар;

б) басқа да ұзақ мерзімді капитал.

- ұзақ мерзімді мемлекеттік және банктік несиелер;

- ертеде алынған қарыздарға төленетін проценттер;

- әлемдік банктер және каржылық ұйымдардың облигацияға қол қоюы.

Блок С - қысқа мерзімді капитал. Бұған 1 жылға дейінгі иивестициялар кіреді және қысқа мерзімді мемлекеттік құнды қағаздар мен міндеттемелер, банктік депозиттер және қысқа мерзімдік несиеге байланысты банкаралық міндеттемелердің қозғалысын көрсетеді.

Тауар қозғалысы балансы Д блокты қамтады.

Д "қателер мен ұмытылып қалдырылғандар".

Мұнда күнделікті жиі кездесетін қателер, сонымен қатар, контрабанда және капиталдың заңсыз құйылуы анықталады,

Соңғы баланс талдауында Н блоктан басқа барлық блоктар қаралады.

Блок Е - "Компенсациялаушы бап". Бұл бапта келесі өзгерістер көрсетіледі.

а) монетизация және демонетизация арқылы сол елдің алған қорындағы және алтынға деген әлемдік бағаның өзгерісі;

ә)   өз  валютасының  айырбас  курсын   өзгерту  үшін ХВҚ-тағы резервнінің алатын  орны және сол елдің үлесіндегі (СДР);

б) сол елдегі валюта резерві, сыртқы міндеттемелерді, айырбас курсына байланысты ХВҚ алған қарызының өзгеруі.

Блок Ғ - "Жедел қаржыландыру" ен, алдымен төлем балансының жеткіліксіздігін жеңілдету операцияларын қарастырады.

 

Олар: ХВҚ берген қайтарылмайтын несиелер; халықаралық қайта құру мен даму банкісінен (МБРР) құрылымдық қайта құру үшін берілген несиелер және Араб валюта қорынан берілген жеңілдік несиелер; төлемдегі уақытты созу; қарыздарды уақытынан бұрын қайтару; басқа мерзімге көшу және күшін жою.

Шет мемлекеттердің валюта резервінін; құрамындағы міндеттемелер (Блок G). Мұнда шетел банкілеріндегі мемлекеттік депозиттер және мемлекеттік органдар бойынша шетел құнды қағаздарын сату және сатып алу.

Мысалы: Парсы шығанағының Америка және Британия мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу.

Негізінен үш түрлі сальдо болады. Олар: күнделікті операциялар балансындағы, калитал қозғалысы және тіркеуге алынған төлеуге міндетті операциялар балансындағы сальдо.

Күнделікті операциялар салъдосы (күнделікті төлем балансының сальдосы) - бұл сальдо елдің шаруашылығына өте қажетті және жиі есептелініп отырады.

Капитал қозғалысының сальдосы. Күнделікті тауар қозғалысы операцияларын бақылау, тексеруде ең негізгі құрал болып табылады. Басқаша айтқанда, күнделікті төлем балансының сальдосы кері таңбалы болса, онда оны оң таңбалы капитал қозғалысы сальдосы арқылы(толық немесе біртіндеп)жабады. Егер елдің күнделікті төлем балансы сальдосы оң таңбалы болса, ол капиталды сыртқа шығару оны ішке тасымалданудан асып түсу мүмкіндігін туғызады.

Төлем балансын мемлекеттік  реттеудің әдістері

Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар.

Бірінші - тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық шектеулер арқылы) және кедендік т.б. жинақтар, шетелге шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай транс-ферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу; осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және үзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т.б.

Тікелей бақылаудың бұл тәсілі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.

Қысқа мерзімді жоспарда төте бақылау жақсы нәтиже береді.

Ұзақ мерзімде бұл әдістер жағымды және жағымсыз нәтиже туғызады. Жергілікті өндірушілерге "қолайлы жағдай" жасау шетел инвесторларының табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын төмендетеді. Сондай-ақ, шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.

Отандық экспортерлар үшін шетелдерде тауар және қызмет көрсету жүйелерінің кеңеюіне кедергілер келтіреді.

Бұл - өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар мен экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ ол қымбатқа түседі, оның қолдануы мемлекеттік бюджетіне байланысты.

Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі - дефляция (инфляциямен күрес), ішкі экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсері төлем балансының жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде өндірістің көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне әкеп тірейді.

Сол   мемлекеттерде несие-банк жүйесі дамыған болса, мерзімді капиталды әкелуге ықпал егеді. Бірақ дефляция, сонымен қатар, қарама-қайшы жағдайлар туғызады.

Мысалы: ұлттың валюта айырбас курсы жоғарылайды ол импорттың көбеюіне жол ашады. Бірақ ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетке экспорттық табысты төмендетеді.

 

Күшті экономикалық дағдарыстарды  болдырмау үшін мемлекет тарапынан валюта курсының тұрақты және "қалқымалы" курсына қатаң қадағалау жасауы керек.

Төлем  балансы тапшы   елдер  мынадай  саясаттарды   қолдануы тиіс:

1. Дефляциялық саясат: бюджеттік  шығындарды қысқартады; ішкі сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады.

Ал, негізгі құралы - қаржы және ақша-несие шаралары. Бюджет тапшылығының қысқаруы орталық банктің ставкасының өзгеруі, несиенің шектелуі, ақша массасының өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ, жұмыссыздықтың өсуі және өндіріс күштерінің толық пайдаланылмауы өндірістің төмендеуіне жұмыс күшін камсыздандыруының, төмендеуіне ықпал етеді.

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар