Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций
Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.
құқығына сәйкестендіру, яғни кез келген адамның өмір сүруге, жеке бостандығына, меншік құқығына, т.б. еріктілігі толық алғанда құқықтық жүйенің негізгі есебінде болуы;
Бұл идея адамдардың ақыл - ойына қатты әсер етіп, кейіннен XVIII ғасырда Солтүстік Америка және Еуропада өткен революциялық оқиғаларда адамдар құқығы және мемлекет пен қоғамның адамдарға қатынасы бекітілді.
Сонымен, XVIII ғасырдағы Еуропа мен Америкадағы революция азаматтық қоғамның қалыптасуын, сондай - ақ мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналу процесін жеделдетті. Оның ерекше белгілері:
▪ Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын заңдылықты дамыту арқылы құқықтық парасаттандыру;
▪ Өкілетті мемлекет органдары жүйесін дамыту;
▪ Азаматтар құқығын қорғайтын саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар институттарын дамыту;
▪ Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын қоғамдық қозғалыстарды көбейту;
▪ Сот жүйесін дамыту;
▪ Құқықтық тәртіп орнату.
Құқықтық мемлекет әр түрлі елдерде әр кезеңде қалыптасты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ғана Еуропада құқықтық мемлекет Еуропалық өркениеттің құрамдас бөлігіне айналды.
Құқықтық мемелекет — жұртшылық пен мемелекеттің лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемелекеттің сапалық белгісі - адам және адамзат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемелекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады.
Қазақстан - әлеуметтік мемелекет. Конституцияда көрсетілгендей, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемелекет болуымен қатар, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет бола алады.
Әлеуметтік мемелекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен адамға қызмет етеді. Ол мемелекеттік көздер есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге құлшынады.
Мемелекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетлігендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік жұмыспен қамту, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және тасбыстары төмен тұрғындар тобына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындайды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселері де кіреді.
Бұл шараларды әлеуметтік мемелекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар жасап, жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылы желтоқсанда «1996 - 1998 жылдары реформаны тереңдету жөнінде іс - қимыл бағдарламасын» кабылдады. Оның негізгілерінің бірі - «әлеуметтік саясат» деп аталатын үшінші бөлім болды. Сондай - ақ 1995 жылы желтоқсанның 19 - нда Казақстан Республикасының Президенті қабылдаған «Қазакстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс - жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы » Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына косылады.
Алайда әлеуметтік мемелекетті «Социалистік мемелекет» деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемелекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай ғана әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсендігі төмендеп, теңгермелік көңіл күй бастай алуына жол бермейді. Сондықтан да Казақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың кұқығын, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету тек мемелекеттің ісі емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік — жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемелекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар арқылы «бүкіл халықтык игілігін көздейтін экономикалық даму» үйлестірілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің нақтылы өміріне сай келеді және бүгінгі күннің талабына жауап береді. Құкықтық мемелекеттің негізіне адамды билік ұйымдары тарапынан қорғау, жеке адамдардың құқығына, бостандығына кепілдік беру жатады. Құқықтық мемелекет - өзінің іс - әрекетінде құқықпен шектелген, бостандықты, кұқықтық бұлжымастықты қорғайтын, билікті тәуелсіз халықтың еркіне бағындыруға негізделген мемелекет.
Біздің мақсатымыз - құқықтық - әлеуметтік мемелекет құру. Құқықтық мемелекет жариялаған жеке адам бостандығы, олардың өзара теңдігі, мемлекеттің азаматтық қоғамның ішкі ісіне араласпауы экономикасының дағдарысын, өтпелі кезеңдегі әлеуметтік теңсіздіктің шиеленісуін, жұмыссыздықты, басқа да жағымсыз құбылыстарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің Республикамыз әлеуметтік мемелекет болып жарияланды. Әлеуметтік мемелекет әрбір азаматқа тұрақты өмір сүру жағдайын жасайды, оны әлеуметтік жағынан қорғайды, жеке адамның өз қабілетін танытуға жағдай жасайды.
Әлеуметтік мемелекеттің қызметі - тұрмысы төмен, нашар адамдар мен күйзелгендерге көмек көрсету, әркімге жұмыс беру, өмір сүруге қажетті басқа да жағдай жасау (зейнетақы, әлеуметтік көмек беру және тағы басқа), қоғамда бейбітшілікті сақтау, адамдарға өмірлік орта жасау болып есептеледі. Әлеуметтік мемелекет өзінің мақсаты мен принципін құқықтық мемелекет тұрғысында іске асырады, құқықтық ережелерге өте жоғары әділетті мазмұн беруге және қоғамды ізгілікті етуге ұмтылады.
Құқықтық мемелекет жеке адамдардың бостандығын қамтамасыз етеді және мемелекеттің азаматтық қоғамның ішкі ісіне аараласуының нақтылы шегін анықтайды, ал әлеуметтік мемелекет - әркімнің өмір сүруіне берліген бостандығының материалдық жағдайын жасайды.
Сонымен құқықтық мемлекет біріншіден, азаматтық қоғаммен тікелей байланысты, оның саяси - құқықтық орналасуы болып есептеледі. Екіншіден, кұқықтық мемлекетте құқық адамгершілік сипат алады (адамдар мен азаматтардың құқығын қорғауды мойындауға бағытталған). Үшіншіден, кұкықтық мемлекеттің өзіне тән негізгі сипатты белгілері болады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8 , 9.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2,9.
Тақырып 2. Єлеуметтік саясаттыњ мєні, мазм±ны жєне маќсаты
Әлеуметтік саясат мемлекеттің экономикалық саясатына шешуші әсер ете алады. Өйткені, онда әлеуметтік және экономикалық қатынастар арасындағы шиеленістеи және олардың шешімі объективті орын алған. Қоғамдық өмірдің күрделілігі және қарама-қайшылығы қоғамның нақты дамуының кезеңдерде маңызды бағыттарына мемлекеттің көңіл бөлуін талап етеді. Сондықтан қазіргі қоғамдағы экономиканың нарыққа көшуі мемлекеттің әлеуметтік саясат мәселелеріне және көптеген категорияларды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөлуін қажет етеді.
Біріншіден, әлеуметтік салада экономикалық іскерлік қорытындылары жүзеге асырылса, екіншіден, әлеуметтік процестер неғүрлым жоғары дәрежеде қоғамдық прогрестің адам барлық құндылықтарының шегі болатын және осы процестің өзіндік мақсаты болып табылатын гуманистік мәнін атқарады. Үшіншіден, белсенді әлеуметтік саясаттың қоғамның басты өндірістік күштерін қүрайтын адами фактордың активтендірушілігі, мемлекеттің материалдық және рухани мәдениетінің дамуындағы шығармашылық бастаудың болуы мүмкін емес.
Сондықтан әлеуметтік саясат - бүл қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды, оның көптеген мүшелерінің мүдделері арқылы реттейтін демократиялық мемлекеттің жалпы саяси бөлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан реформасының негізгі мақсаттарының бірі-әлеуметтік мемлекетті құру. Бірақ бүның мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, үсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білу қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз. Бүл-көптеген мәселелерді қамтиды.
«Саяси» және «әлеуметтік» жәйттердің өзара байланысы мен өзара ықпалын зерттеу қоғамтанудың күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.Теория мен әдістемелікте бұл ұғымдар ұзақ уақыт бойы бір ұғымға жатқызылып, атауы бөлек болғанымен, заты бір деген түсінік орныққан еді. Сөйтіп, «әлеуметтік саясат» деген ұғым өзінің мәнін жоғалтып келді, басқаша айтқанда, таптаурын тіркес болды.
«Әлеуметтік» деген термин латыннын «socialis» деген сөзінен алынған. Мұның мәні қоғамдық, яғни адамныњ өмір тірлігімен байланысты әрі ќоѓамѓа ќатысты деген ѓымды білдіреді. Әлеуметтік саќталу себебі ќоѓамныњ өмір тірлігі болып шыѓады. Наќ сондыќтан да «ќоѓамдыќ ќатынастар» деген ұѓыммен астасады.
К. Маркстыњ сөзімен айтќанда, ќоѓамдыќ ќатынастар дегеніміз, жеке адамдардыњ бір-біріне өзара тәуелді болуы, ењбек және заттыќ ќызмет солардыњ арасында реттеліп бөлініп отырады. Мұныњ төзі әлеуметтік организмніњ дамуыныњ тұтастыѓы мен тұраќтылыѓын ќамтамасыз етеді. Ќоѓамдыќ ќатынастардан тыс және ќоѓамдыќ ќатынастарсыз әлеуметтіњ болуы мүмкін емес. Сөйтіп, әлеуметтік (ќоѓамдыќ) ќатынастар жойылмайды, жалѓаса береді. Оныњ осындай мәнін айтќанда әлеуметтік экономикалыќ, әлеуметтік- саяси және басќа ќатынастар табиѓаты екіұдай болады; бір жаѓынан, олар наќтылы, жеке дара ќатынасќа орай жалѓасып отырады: экономикалыќ, саяси, рухани, ал екінші жаѓынан, мұныњ бәрі, ќатынасты кењ маѓынада алѓанда, әлеуметтік жүйеге кіреді.
Әлеуметтік ќатынастар ќоѓамныњ ќажетті шарты, біздіњ пікірімізше, адамдардыњ бірлесіп өмір сүруініњ жаѓдайы, алѓышарты және нәтижесі болып табылады. Ќоѓамдыќ ќатынастардыњ ерекшелігі ќоѓамдыќ ќатынастардыњ барлыќ түрлерініњ наќты мәні болып әрекетке түседі, өйткені, ќоѓамда ќатынастыњ ешбір түрі әлеуметтік ќатынастар байланысынан тысќары бола алмаќ емес. Және керісінше, әлеуметтік ќатынастар экономикалыќ, саяси және басќа ќатынас түрлерімен тыѓыз байланыста ќалыптасып, іс-ќымылѓа айыналады. Міне, наќ осындай байланыста ѓана деп түсіну арќылы әлеуметтік ќатынастардыњ бір-біріне өзара ыќпалы және ќоѓамдыќ ќатынастардыњ басќа түрлерімен астасады деп ұѓынуѓа болады. Ал мұндай түсінік «әлеуметтік-саяси», «әлеуметтік-экономикалыќ», «әлеуметтік-мәдени ќатынастар» ұѓымымен астасады.
Әлеуметтік жүйе элементтері, яѓни адамдар шын мәнінде бірдей емес, сондыќтан да олар белгілі бір белгілеріне орай, әлеуметтік сапасына орай әлеуметтік топтарѓа бірігеді. Әлеуметтік сапасы адамдарды белгілі бір топтардыњ өкілі етеді. Әлеуметтік ќатынастарда адам өзге бір жекелей адамдармен аралас-ќұралас болып бір-біріне әсер етіп отыруы арќасында адамдардыњ ортаќтаса біріккен өкілі ретінде басым сапаѓа ие болады. Өз кезегінде әлеуметтік топтар өзінен барынша жоѓарыраќ тұрѓан жекелеген тәртіп жүйесімен ќатынасќа түседі.
Әлеуметтік ќатынастардыњ жиынтыѓы, тар маѓынада алѓанда, ќоѓамныњ әлеуметтік саласын ќұрайды. Бұл сала ќоѓамдыќ өндіріс саласы ретінде халыќтыњ өзіне тән әлеуметтік және рухани ќажеттерін ќанаѓаттандыруды ќамтамасыз етеді. Бұл саланыњ мањызды бір мәні, заттыќ емес жаѓы-барлыќ алуан түрлердіњ жиынтыѓы жекелей және топ бойынша рухани ќызметті, орныњ ішінде өзін-өзі басќару мен өзін-өзі ұйымджастыруды ќоса ќамтиды.
Әлеуметтік ќұбылыстыњ өзініњ негізінде ќашанда экономикалыќ негіз (базисі) болады. Ол үнемі тұраќты дамып тарихи белгілі бір кемелдікке жетеді.
Саяси және әлеуметтік жайттар бірімен бірі астасып кірігеді.. Әлеуметтік дегеніміз, саяси салада күштерді реттеп, орналастыруѓа, олардыњ ќызмет етуіне баѓдар беруге ыќпал ететін аса мањызды жәйттердіњ бірі. Саяси дегенніњ әлеуметтік саясаттаѓы түрі – әлеуметтік мәселелерді шешудіњ және әлеуметтік мүдделердіњ келісімге келуініњ аса мањызды ќұралдарыныњ бірі. Осыныњ барлыѓы да әлеуметтік және саяси деген мәндер таза күйінде болмайтынын дәлелдейді. Әлеуметтік ќатынастарда саяси ќатынастар болады. Өз кезегінде саяси ќатынастар әлеуметтік ќатынастарѓа кірігеді.
Әлеуметтік пен саяси деген ұѓымдардыњ арасын жалѓастыратын өткел (консенсус) әлеуметтік саясат болып табылады, ол өзініњ мәні жаѓынан саяси жүйеніњ бейімделген механизмі болып, ќоѓамныњ экономикалыќ негізімен тыѓыз байланыста болады.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7, 9 .
Қосымша әдебиеттер: 6, 9.
Тақырып 3. Ќоѓамныњ єлеуметтік ќ±рылымы. Инфраќ±рылым.
Әлеуметтік саясатта:
• еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;
• зейнетакының, жұмыссыздық жәрдемакының және тағы басқа жәрдемакылардың көлемін белгілеу қарастырылады.
Мемелекеттік реттеудің қызметтері әлеуметтік стратегия және оны жүзеге асыратьн әлеуметтік саясат бағытынан келгенде, табыстар, бағалар, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау мемелекеттік реттеу сферасына айналып отыр. Мұндағы мақсат - әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету, мүдделер балансын қолдау, жалпы консенусқа жету, тұрғындардың әр түрлі топтарының экономикалық белсенділігін ынталандыру.