Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций

Описание работы

Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.

Файлы: 1 файл

dzhamalieva3.doc

— 510.50 Кб (Скачать файл)

Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның, не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құлдылықтарға қол жеткізе алмауынан ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік, сонымен қатар адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен аныкталады. Бұл факторлар адамның мәдени келбетінің өмір салтының өзгеруіне алып келеді. Яғни, кедейлік тек объективтік факторлармен ғана емес, субъетивтік факторлармен де аныкталады. Сондықтан да кедейлікті зерттеуде жүйелік әдісті қолдану керек. Кедейлікті адамдардың экономикалық саяси, мәдени, психологиялық жағдайы ретінде талдау қажет.

Кедейлер экономикалық тәуелсіз азаматтар қатарына жатпайды. Олар мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз. Қоғамдағы дотация, жәрдемақы, әр түрлі төлемдер алушылардың саны қоғамдағы кедейліктің деңгейін көрсетеді. Әлеуметтік мүмкіндіктерге қол жеткізудің нақты жабықтығы, өздерінің құқықтарын жүзеге асырудың мүмкін болмауы кедейлердің экономикалық тәуелділігін арттыра түседі. Кедейлер машина, қазіргі тұрмыстық техника, супермаркеттер қызметін пайдалану, қаланың мәртебелі білім және жұмыс сияқты материалдық байлықтары болмауымен сиаптталады.

Кедейлік тек қана экономикалық құбылыс емес, кең тұрғыдан алғанда, ол әлеуметтік құбылыс. Кедей тап - әлеуметтік баспалдақтың ең төменгі баспанасында түрған төменгі тап. Ол ең төменгі әлеуметтік статусқа ие, мәртебесі өте төмен жұмыстың түрімен айналысады, мамандығының деңгейі төмен, не мамандығы жоқ.

Кедейлік бірінші кезекте  экономикалық құбылыс ретінде сипатталады. Кедейлік - тамақтың, киімнің, тұрғын үйдің жетіспеуі не жоқтығы. Кедейлік -жоғары емес, не өте төмен материалдық табыс. Кез-келген елдің кедей бөлігі негізінен жұмыссыздар, не төменгі деңгейдегі табыс табушылар.

Кедейлердің жалпы  білім деңгейі төмен, ал кейбіреулері сауатсыз, білімнің, мамандықтың, мүмкіндіктің материалдық шектеулерге байланысты болмауы, рухани құндылықтарды қолдана алмауы кедейлерді мәдени артта қалуға алып келеді. Кедейлер негізінен әлеуметтік-мәдени дамуы жағынан артта қалған адамдар. Кедейлік адамның моральдық-адамгершіліктік жағдайына күшті әсер ететін келеңсіз құбылыс. Көбінесе бұл әсердің кері жақтары көп болып келеді. Аристотель айтқандай, байлар-үлкен ұрылар мен алдаушылар , ал кедейлер- кішігірім ұрылар мен алдаушылар. Бұл кедей адамдардың бәрі тәртіпсіз, адамгершілігі жоқ адамдар - деген сөз емес. Олардың арасында да шыншыл, адамгершілігі жоғары адамдар баршылық. Дегенмен, кедейлік адамдарды қоғамға жат қылықтарға, не қылмысқа итермелейді. Кедейлік әлеуметтік мәртебесі жоғары әлеуметтік құбылыс бола алмайды.

Кедейлік бүгінде  адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тынысын анықтайды. Кедейліктің  ушығуы қоғамның әлеуметтік өміріне кері әсер етеді. Кедейлік тұрақты әлеуметтік құбылыс ретінде әлеуметтік қүрылымның бұзылуына, оның жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Дүние жүзінде кедейліктің таралу ауқымы кеңи түсуде. Нақтылай айтсақ, қазір 1,3 миллиард адам қайыршылық жағдайында өмір сүруде. Соңғы отыз жыл ішінде өте байлар мен өте кедейлердің арасалмағы 30:1 ден 61:1-ге дейін өсті. Бүкіләлемдік банктың 2000 жылғы жылдық есебіндегі мэліметтерге сәйкес, алдағы 20 жылда жер бетіндегі халық саны 2 миллиард адамға көбейеді. Сонымен қатар, әлемдегі кедейлер саны 2,8 миллиард адамды құрайды. Жер бетінің әрбір 7-ші адамы азық-түлік жетіспеуі жағдайында, әрбір 5-ші адам күніне 1 доллардан төмен ақшаға күн кешіп отырғандығы көрсетілген. Егер кедейлік түсінігі кедейліктің не екендігін анықтаса , оны эмпирикалық өлшеу әдістері кедейлер дегеніміз кімдер екенін, не болмаса кедейлерге кімдерді жатқызуға болатынын анықтауға бағытталған.

Бұл мәселені зерттеуде кедейлікті түсінуге байланысты үш түрлі көзқарасты бөліп көрсетуге болады:

1. Кедейлікті табыс негізінде  түсіну - кедейлік мәселесін тар  ауқымда түсіну. Адамның табысы  анықталған деңгейден төмен болса,  оны кедейлер қатарына жатқызады  .

2. Кедейлікті негізгі  сүраныстар деңгейінен түсіну - кедейлік  мәселесін кең мағынада түсіну. Бұл жерде кедейлік адамның сұраныстарын, тамаққа деген сұранысын қосқанда, ең төмен деңгейде қанағаттандыруға қажетті материалдық алғы шарттардан тыс қалуы ретінде қабылданады .

3. Кедейлікті  адамдық потенциалдардың дамуы  мүмкіндіктері мен таңдауының жоқтығын көрсетеді. Адам тамаққа, киімге, баспанаға, білімге, денсаулықты сақтауға деген негізгі сүраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігінен шектеулі емес, сонымен қатар адам өзінің одан да кең қажеттіліктерін, салауатты және үзақ өмір сүруге, қажетті білімге, қоғамдық өмірге араласуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда да шектеулі.

Өмір сүру деңгейі  теориясы кедейлікті жеке жағдайдың  қыры ретінде анықтайды. Демек кедейлік адамның нені иеленуіне байланысты. Кедейлік шегі бұл концепцияда индивидтің және отбасының физикалық қабілетін сақтауға қажетті өмір сүру деңгейімен анықталады. Өмір сүру адамның маңызды қажеттіліктерін төмен деңгейде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін табыс деңгейімен өлшенеді.

Салыстырмалы кедейлік концепциясына  сәйкес кедейлік индивид пен отбасының тек қана экономикалық мүмкіндіктерін бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оның өмір салты мен өмір сүру деңгейін, өмір сапасын көрсетеді. Кедейлікті зерттеудің бағыттары. Батыстық ғалымдар кедейлер туралы, кедейлікті зерттеуді, 200 жылдан астам тарихы бар. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді.

Кедейлікті XVIII ғасырда А.Смит, Т.Мальтус, Д. Рикардо сияқты ұлы ойшылдар өндірістік дамудың нәтижесінде міндетті түрде туындайтын құбылыс ретінде сипаттаған. Т. Мальтустың айтуы бойынша, кедейлік халықтың шектен тыс өсуі мен азық-түліктің жетіспеуі болғанда орын алады. Яғни, кедейлік адамзаттың тым көбеюіне байланысты және оның туындауына кедейлердің өздері кінәлі деген ой айтады. Т. Мальтустың көзқарасы бойынша, мемлекеттік көмек жүйесі осындай адамдардың санын тек қана арттырады, бұл процесс аштық, әр түрлі аурулар соғыс сияқты тиімді «көмекшілер» арқылы реттеліп отырады.

XIX ғ. ортасында Г. Спенсер кедейлікке қоғамдағы заңдылықтардың бірі ретінде баға береді. «Әлеуметтік статика» деген еңбегінде ол кедейлік пен теңсіздік қоғамдық өндірістің өсуіне орай туындап, өсіп отырады дейді.Яғни, өндірісті тоқтату мүмкін болмағандықтан, бұл мәселені толық шешу мүмкін емес. Г. Спенсер кедейлікті қоғамдық қүбылыс емес, ол әр адамның жеке проблемасы деген пікір айтады. Бір адамдар қиыншылыққа мойымай,проблемаларын шешіп жатса, екіншілері кедейліктің болуына өздері жол береді. Ол, сонымен қатар, кедейліктің нақты критерийлерін анықтау мүмкін еместігін өзінің методикалық тұжырымдарында көрсетеді. Кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылық. Г. Спенсер кедейлікті тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде де бағалайды. Ф. Гидденс кедейлікті 2 түрлі бағалайды: бір жағынан ол жоюға болмайтын зұлымдық, екінші жағынан - әлеуметтік прогресс серігі.

Ж. Прудон: кедейлік - әлеуметтік игілік, оны жою жолдары  еңбек өнімділігінің өсуімен  қатар ашылады, - деген көзқарас айтады. Ол абсолюттік және салыстырмалы кедейлік түрлерін бөліп сипаттайды. Салыстырмалы кедейлік - адамзатқа тән белгі. Өндіріс өскен сайын адамдардың да қажеттіліктері өседі де, адамдардың жағдайы қоғам талаптарына сәйкес келмей қалады.

Э. Реклю «Байлық  пен кедейлік» атты еңбегінде  кедейліктің ең ауыр түрі - қайыршылықты бөліп көрсетеді. Ол адамға өмір сүруге қажетті минимум керекті заттарды есептеп көрсете отырып, негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын адамдарды ғана кедейлер қатарына жатқызған. Оның тұжырымдауы бойынша,кедейлікті жеңудің шарты - ауыл шаруашылығы мен өндіріс өнімдерін қоғамның барлық қабаттарына бірдей бөлу.

Ағылшын ғалымдары Ч. Бут пен С. Роунтри XXI ғ. аяғында зерттеу жүргізіп, кедейлікті анықтаудың негізі ретінде индивидтің өзінің тамақ ішу, киім кию, баспанамен қамтамасыз етілу қажеттіліктерін өтей алу мүмкіндіктерін алған. Ч. Бут адамның табыс деңгейін, негізгі қажеттіліктерін өтеу деңгейін, денсаулығы мен жұмысқа деген қабілетін сақтап отыруға керекті нормалар мен стандарттарды анықтауға тырысқан. Ч. Бут пен С. Раунтри -бірінші болып кедейлік шегін анықтаған ғалымдар. Олар Лондон мен Нью-Йоркте жүргізген социологиялық зерттеулерінің нәтижесінде халықтың 30% өмір бойы кедей күйінде болып отыратынын дәлелдеген. С. Раунтри зерттей келе, кедейліктің алғашқы және екінші кезектегі түрлерін бөліп көрсеткен. Алғашқы кезектегі кедейлік түсінігі адамдар қаражаттарын дұрыс пайдаланғанның өзінде негізгі қажеттіліктерді өтеуге шамасы келмеген жағдайда, ал екінші кезектегі кедейлік түсінігі адамдардың ақшаны дұрыс қолданбауына байланысты төмен материалдық жағдайға ұшырағанда қолданылады. С. Раунтри алғаш болып кедейлер мен жай ғана қаражаттарын дұрыс қолданбайтын адамдардың арасындағы айырмашылықты көрсеткен. Ол тек қана негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға керекті отбасының деңгейін есептей отырып, кедейліктің шегін анықтаған. С. Раунтри абсолюттік кедейлік түсінігі қаражатты дұрыс қолданудың өзінде отбасының негізгі қажеттіліктерін өтеуге жағдайы келмегенде қолданылса, салыстырмалы кедейлік түсінігі адамның не отбасының ақшаны дұрыс қолданбауының нэтижесінде кедейлікті бейнелейді.

XX ғасырдың 60-жылдары кедейлікке жаңа көзқарас қалыптаса бастады. М. Оршанский бюджетті сұраудың мәліметтері бойынша тұрмыстың, киіну және т.б. ең керекті қажеттіліктердің сандық параметрлерін қалыптастырған. Ол Энгель коэффициентін қолдана отырып, АҚТТТ-та 80-жылдарға дейін қолданылып келген кедейліктің салыстырмалы шегін анықтаған. Энгель коэффициенті бойынша, табыс мөлшері төмен болған сайын тамаққа белгіленген шағын көлемі ұлғая түседі.

XX ғасырдың 70-жылдары жоқшылық концепциясы қалыптасты. Оның негізін салушылар - Маршалл мен П. Таунсенд. Олардың көзқарасына сәйкес, қоғамда ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндіктері жоқ адам немесе отбасы кедей деп есептелген. П. Таунсенд «Ұлы Британиядағы кедейлік» атты еңбегінде салыстырмалы кедейлікке мынандай анықтама береді: «Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейімен керекті диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі». Оның айтуынша, ағылшындардың 25 пайызы үнемі кедейлікте өмір сүрсе, 50 пайызы кедейліктен қорқып өмір сүреді.

Кедейлік мәселесі ТМД елдерінде соңғы 10-15 жыл көлемінде  кеңінен зерттеліп келеді. Бұл  мәселе Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзекті зерттеу объектісіне  айналды. Кеңес өкіметі кезінде С. Г. Струмилиннің бастауымен

1918 жылы Петроградта  жұмысшылардың бюджеті мен түрмысы  алғаш рет зерттелді. С. Г.  Струмилин жұмыс бюджеті мен  тұрмысын алғаш рет зерттеді. С. Г. Струмилин жұмыс бюджеті  мен тұлынуды талдаудың негізінде  алынған ақпараттар бойынша өмір құны индексін жасап шығарған. Кейін осы зерттеуді А. М. Стропани одан әрі жалғастырып, Кеңес Одағының 40-тан астам қаласында жүргізген. Бұл зерттеулердің нәтижесі жұмысшы табының материалдық жағдайы, тамақтануы туралы біраз ақпарат алуға мүмкіндік берді және 1920 жылы Харьков, Донбасс, Петроград, ал 1921 жылы Ташкент, 1922 жылы Орал, т.б. аймақтарда бюджетке байланысты жаңа зерттеулер жүргізуге жол ашты.

 

Тақырып 10. Әлеуметтік саланы дамытудың мемлекеттік  саясаты.

XX ғасырдың 90-жылдары  БҰҰ-ның бастамасымен кедейлікке қарсы күресуді алдына қойған бірнеше конференциялар өткізілді. 1995 жылы Копенгагенде өткен әлеуметтік даму жөніндегі әлемдік Саммитте қабылданған Декларацияға сәйкес 1997 - 2006 жылдар аралығы «БҰҰ-ның кедейлікті жою онжылдығы» деп жарияланған болатын. БҰҰ-ның да, Бүкіләлемдік Банктің де, Қазақстанның да 2015 жылға дейін кедейлер санын екі есе азайту басты мақсаттары болып табылады. Халықаралық қауымдастықтың 2015 жылға дейін кедейшілікті азайтуға бағытталған бірнеше мақсаттары бар.

Олар:

- бір күндік  табысы 1 АҚШ долларынан аспайтын  кедейлер санын екі есеге азайту;

- жалпыға бірдей  бастауыш білім беруді қамтамасыз  ету;

- бастауыш және  орта білімді ерлер мен әйелдердің  білім деңгейіндегі алшақтықты 2005 жылға дейін мейлінше қысқарту;

- балалар өлімі  көрсеткішін үштен екіге азайту;

- халықтың репродуктивтік  медицина қызметіне жалпыға бірдей  қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- экологиялық  ресурстардың жойылуын тоқтату  мақсатында 2005 жылға дейін барлық  елдерде тұрақты даму жөнінде  стратегиялардың қабылдануын қамтамасыз ету.

Даму бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында халықаралық  ұйымдар бірлесіп әрекет етеді. Бүкілэлемдік Банк пен БҰҰ-ның кедейлікті жою  жолындағы бірлескен әрекеті  көптеген бастамаларға алып келді.

Қазақстанда да халықты әлеуметтік қорғау саясаты жүзеге асуда. Халықты әлеуметтік қорғау - адамдардың өмір сүруіне керекті жағдайларды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Ол әрбір адамға берілген әлеуметтік және заңды кепілдіктердің жиынтығына негізделеді. Қазақстанда әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі бағыттары:

- тұрғындардың  әлеуметтік көмек көрсетуді қажет  ететін топтарына адрестік әлеуметтік  көмек көрсету;

- шағын және  орта бизнесті дамыту арқылы  жаңа жұмыс орындарын ашу;

- кедейлікпен  күрестің қосымша мемлекеттік  бағдарламарын қабылдау;

- жұмыспен қамтамасыз  ету орталықтары қызметінің тиімділігін  арттыру;

- жұмыскерлердің  білімін көтеру және уақытша  жұмыспен қамту орталықтарын  құру;

- мемлекеттің  табысты бөлу жүйесін жетілдіру;

- әлеуметтік  саясат саласының заңдық базасын жетілдіру;

- мемлекеттің  элеуметтк кепілдік беру жүйесін  дамыту;

- азаматтарды  қорғайтын құқықтық институттардың  қызметін жетілдіру;

- тұрғындарға  заттай көмек беру түрлерінің  деңгейін өсіру;

- әлеуметтік  секторға инвестиция тарту жүйесін  кеңейтті;

- тұрғындарды психологиялық қолдау және қайта қалпына келтіру қызметтерін құру;

- аймақтық теңсіздік  мәселесін шешу.

Кедейлікті  жою саясатына байланысты мынадай  тұжырымдарды ескеру керек.

Біріншіден, кедейлікті азайтудың анықтаушы факторы  ретінде экономиканың тұрақтануы мен дамуы есептеледі. Дегенмен, алдыңғы қатардағы дамыған елдердің өзінде де бар байлықты өндіру мен бөлу процесіне өз шамасына қарай қатыса алмайтын азаматтардың нақты топтары бар екенін ескеру қажет (зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.).

Информация о работе Әлеуметтік саясат