Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций

Описание работы

Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.

Файлы: 1 файл

dzhamalieva3.doc

— 510.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет  халықтың еркін білдіре отырып, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруде, еңбек пен түтыну мөлшерін бақылауды жүзеге асыруға, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуді қамтамасыз етуге, шетелдермен өзара тиімді байланыстарды дамытуға, жалпыға бірдей бейбітшілік ісін қорғауға тиіс.

Негізгі әдебиеттер: 2,  3, 4, 7, 8, 9.

Қосымша әдебиеттер:4, 6, 9.

 

Тақырып 6. Халық кірісінің саясаты.

Әлеуметтік  нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс, әртүрлі әлеуметтік топтар мен еңбек үжымдары деңгейінде анықталып, бекітілді. Әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады: 1) түрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қорғаулар; 2) қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, яғни еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жүмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қорғау шаралары; 3) коғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары. Нақты алғанда - бүлар: мемлекет тарапынан кепілдік берілетін және анықталып, заң жүзінде бекітілетін жалақының, окладтар мен ставкалардың, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдем-төлемдердің шекті (ең төменгі) мөлшерлері.

Мысалы, 2002 жылғы Республика бюджетінде еңбекақы мен зейнетақының минималды мөлшері анықталып, бекітілген. Әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерді нақты жүзеге асыру үшін әр түрлі деңгейдеп мемлекет мекемелері мен қоғамдық үйымдардың күш-жігерін жүмылдырып, қабылданған Заңдардың үстемдік етуін қамтамасыз ету бір күндік науқаны емес, қабылданған стратегиялық бағыт Нарықтық шаруашылық субъектілерінің, эр түрлі әлеуметтік топтардың және қарапайым қоғам мүшелерінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғайтын, оларды қылмыстық элементтердің озбырлығынан арашалайтын, бюрократиялық кедергілерге тосқауыл қойып, іскерлік пен белсенділікке жол ашатын заңдар жүйесі алдағы үш жылдың ішінде толық жасалып, қабылданатын болады.

Екіншіден, зейнетақы қорында жиналған қаражат капитал нарығының күрамдас бір бөлігін қүрайтын болады. Үшіншіден, зейнетакы корлары несие беруші институт ретінде қызмет атқаратын болады. Төртіншіден, зейнетақы қорларында жиналған қаражат өндірісте капитал ретінде пайдалынылып, үлттық шаруашылықтың ішкі инвестициялык және даму мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Мысалы, бүгінгі күннің өзінде бір ғана ҚР ¥лттық банкі жанында қүрылған зейнетақы қорында 16 млрд теңгеге жуық қаржы жиналыпты.

Қазақстанда соңғы жылдары БҰҰ-ның арнайы агенттігінің демеушілігімен Халықаралық эріптестк орталығында адам дамуы бойынша бес рет қатарынан ғылыми-тэжірибелік конференция өткізілді. БҰҰ-ның жанындағы агенттік әлемнің 174 елінде түрғындардың өмір сүру жағдайын жан-жакты зерттеп, "адам дамуының индексі" деп аталатын статистикалық мәліметтер бойьшша қортынды баяндамасын жариялап, жыл сайын арнайы конференциялар өткізіп түрады. Адам дамуының жалпы индексі негізінен төрт интегралды көрсеткіштердің негізінде есептеледі.

Олар: түрғындардың орташа өмір сүру үзақтығын  көрсететін индекс және жиынтық ұлттық өнім деңгейін абсолютті және салыстырмалы түрде өлшейтін индекстер. Мысалы, Қазақстан түрғындарының білім деңгейі 97,5% және бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарындағы оқушылардың үлесі 67%; бүл көрсеткіштер осы күнге дейін көп өзерген жоқ. Бірақ соңғы жылдары Қазақстандағы ішкі экономикалық және экологиялық жағдайлардың қиындай түсуіне байланысты жалры өмір сүру индексі күрт төмендеп, бүрынғы әлемдегі 54-ші орыннан Қазакстан 63-ші орынға жылжыпты.

Мемлекеттік статистика орталығының мәліметтері бойынша, 1997 жылы ауыл шаруашылығының дағдарысқа ұшырауына байланысты түрғындардың негізгі азық-түлік түрлерін тұтыну деңгейі ғылыми дэлелденген нормадан біршама төмен қалыптасқан көрінеді. Республикада орташа отбасы табысының жартысына жуығын азық-түлік өнімдеріне жүмсайды екен.

Сонымен әлемде 1 млрд астам адам ауыз су тапшылығын бастан кешіріп отырған көрінеді, 880 млн адам қажетті медициналық қызметке зэру, 880 млн астам адам әлемде азық-түлік тапшылығында өмір сүріп жатқан көрінеді. Қазақстанда соңғы бір-екі жылда жиынтық үлттық өнім деңгейінің біршама тұрақтануына байланысты және Үкіметтің еңбекақы мен зейнетақы төлемдерінің төленуін тікелей өз міндетіне алуының нәтижесінде әлеуметтік жағдай түзеліп келеді.

Сондықтан Қазақстанда 2002 ж. көкек айында өткен  Үкімет мәжілісінде "Мемлекеттік өндіріс саясатының негізгі бағыттары" деп аталатын қүжаттың талқыланғаны белгілі. Басқасын айтпағанда, бүл жерде ресми түрде отандық өндірісті дамытудың қажеттіліп және тек қана табиғи ресурстарды шетке сату арқылы өмір сүру мүмкін еместігі мойындалып, жаңа индустриялдық даму саясаты қолға алынатыны белгілі болды.

Үшіншіден, экономикалық қүлдырау мен әлеуметтік дағдарыстың бүрын айтыла бермейтін себептерінің бірі - Қазақстанда мемлекеттік және азаматтық тәртіп пен жауапкершіліктің толық жетіліп, қалыптаспағанында. Бүл жағдай Елбасының Қазақстан халқына жолдауында ("Қазақстан - 2030") нақты да тура айтылған. Соңғы кездері мемлекеттік тәртіп пен жауапкершілік қолға алынып, қоғам мен экономикада жалпы түрақтылық пен алға жылжу белгілері қалыптаса бастады.

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,  4.

Қосымша әдебиеттер: 4,  9, 10.

 

Тақырып 7.  Еңбек қатынастары саласындағы саясат.

Қазіргі уақыта халықты жұмыспен қамтудың республикалық  және аймақтық бағдаламалары ұйымдастырылуда. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар- жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтрына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмак. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық- әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндеті көзделіп отыр.

Жұмыспен  қамту саласында қолданылатын саясатқа жасалған талдаудан 2000 жылдан бастап жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. Оның күші 2002 жылы аяқтлатыны, оған жауапты Еңбек және әлеуметтік корғау минисрлігі екені белгілі. Осы бағдарлама жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды, оларды кәсіптік машықты талап ететін қоғамдық жұмысқа қатыстыруды, жұмыс органдарын, оның ішінде салалар мен қызмет түрлері жөнінде облыстар бойынша индикативтік көрсеткіштерді қамтиды. Бағдарламаны іске асыру белгілі бір дәрежеде  жұмысыздықтың деңгейіне, жұмысқа орналастыруды ұйыдастыруға ықпал етті. Шын мәнінде жұмыспен қамту саясатының ауқымы еңбек рыногындағы саясат болса кең, ал еңбек рыногындағы саясат болса жоғарыда аталған бағдарламадағы сапалық көрсеткіштерден ауқымды.

Жұмыспен  қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды  тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстардың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру, оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекетік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек рыногындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр.

Осының нэтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық  тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды.

Қазіргі уақытта орталық органның штатындағы 140 қызметшінің 100- ден астамы пассивтік саясатпен зейнетақы, жәрдемақылар мен көмек көрсету мәселелерімен және тек 5 пайызы ғана кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның шеңберінде белсенді саясатпен шұғылдануда, 14-і еңбек инспекцисы және сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің еңбек рыногын реттеу және жұмыспен қамтудың тиімділігін қамтамасыз ету саласында қолданылуының маңызы арта түседі. Өкінішке орай, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік делдалдар ақпараттық технологиясының болашағына жете мән бермей отыр деп ойлаймыз. Еңбек рыногы туралы жедел ақпаратқа бос тұрған орындардан үміткерде сондай- ақ жұмыс берушілер де мүдделі. Осы технологиялар жұмыспен қамту органдарының қызметінде халыққа ақпараттық қызмет көрсету үшін, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы өзара байланыстың тиімділігін арттыру және еңбек рыногының ақпараттық жүйесін құру үшін өзіндік бір интерактивтік тұғыр рөлін атқарады. Бұған дейін жұмысқа орналасуға көмектесудің мемлекеттің қоры жұмыс істеп тұрған кезде, осы бағыттар ойдағыдай дамыған еді. Ал бүгінгі таңдағы біздің қолымыздағы бардың өзі - уақыт талабына жауап бермейді әрі лайықты қаржыландыруды қажет етеді.

Әлеуметтік  қорғау әлдебір өмірлік жағдайларға  байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінің негізінде соңғы жылдары экономикадағы қолайлы өзгерістер және түрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның казіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық  еңбек ұйымының анықтауы тұрақты , ақылы еңбекке ынталандыру бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды :

  1. Негізгі әлеуметтік қатердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру ;
  2. Халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
  3. Азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтармен қызметтерге қол жеткізу.

Өтпелі  кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономикалық бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.

Негізгі әдебиеттер: 2,  3, 4, 7, 8, 9.

Қосымша әдебиеттер:4, 6, 9.

 

Тақырып 8. Әлеуметтік –демографиялық мәселелер

Әрбір қоғамның, әр бір отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ер жетуіне байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге мән беру тұрмыстық - әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердің бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болған, келешек те солай бола береді. Қазақ халқы да ежелден «ат тұяғын тай басар» жастарының жайына бей - жай қараған жоқ. Сондықтан да ата - баба мирас еткен намыстылық, инабаттылық, отанды сүю, ынтымақ пен бірлікті берңк сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырып, одан әрі жалғасын тауып отырды. Ата буынның үмітін бала буын ақтай білді. Қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны көрді. Бүгінгі таңдағы жайлар мүлдем жауыпты. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстандықты барынша ойландыруы тиіс.

Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келешегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагерлер бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мөреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жасататын мінез. «Егер біз лаулап жанбасақ... » деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысып тұруы міндетті емес пе?

Әлеуметтік  салаға ден қою - күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Өйткені жүргізіліп жатқан реформалардың әрі қарай екпіндеуі осы реформаларды қолдайтын әлеуметтік базаны кеңейтуге байланысты. Ал, реформалар қолдайтындардың санын қалай және кімдерді тартып көбейтуге болады? Әрине, жастарды.

Нақты индустриалдық әлем, нарықтық заман  тұрақсыздық пен әлеуметтік және жеке жағдайдағы тұйықталуға ұмтылдырады, білім алу, еңбек, жүйелі құндылық плюрализмінде бұрын болмаған кең көлемдегі таңдауды тудырады. Бүгінде жоғары оқу орнын бітіруші мамандық таңдау, жұмыс іздеу және еңбектің сапалы нәтижелеріне тікелей жауапты болып отыр. Сонымен қатар қазақстандық қоғамның тоқырау жағдайы әлеуметтік дамуды қиындатады.

Әлемнің барлық алдынғы қатарлы елдерінде  жастар ұйымдары мемлекеттік көмекті пайдаланады. Олардың маңызды әлеуметтік жобалары бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан да республикадағы жастар қозғалысының одан әрі дамуы мемлекеттің қолданусыз аса қиын болмақ. Жастарға көмек көрсету блогының көлемінде шешілетін міндеттер мыналар:

- еңбекке орналастыруғы ықпал жасау;

- кәсіби  оқыту жіне қайта даярлау;

- жастар  үшін жұмыс орнының бір бөлігін  белгілеу;

- жастраға  арналған қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру;

- жасөспірімдерді  уақытша қамту арқылы еңбекке  қалыптастыру;

- жұмыссыздыққа байланысты жәржемақы төлеу;

Бұл міндеттердің кейбіреулерінің шешілуі мемелекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының құзырында. (жұмыс орындарының квотасы, жәрдемақы төлеу). Ал қалған міндеттерді шешу қоғамдық қайырымдылық және т.б. ұйымдарының қызметіне жатады. Бұл блокты еңбек қатынастары, еңбекпен қамту, жұмыссыздық мәселелерін рттейтін заң актілерінен байланыссыз қарастыруға балмайды.

 

Тақырып 9. Халықтың еңбекке қабілетсіз және тұрмыс-тіршілігі төмен топтары әлеуметтік қорғау.

Қазақстандағы кедейлік табиғи, экономикалық , әлеуметтік, - саяси себептерге негізделген. Кедейлікті зерттеудің негізгі көрсеткіштері ретінде табыс, шығын, тұрғындардың өмір сүру деңгейі анықталған. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік негізінен әлеуметтік - экономикалық категория ретінде қарастырылады, яғни кедейлікті аныктаудың объетивтік параметрлеріне көп көңіл бөлінеді. Кедейшілік мәселесі қандай қоғамның болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршаға мәлім.

Кедейлік дегеніміз - салауатты  өмір өмір сүруді қолдауға қажетті  материалдық және мәдени ресурстардың жеткілікті болмауы. Кедейшік - тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігінің ең төменгі деңгейдегі ақшалай, мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқан да өзінің жаратылыстану - физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Кедей адамдар тек қана табысы төмен жандар емес, ол қоғамның нақты бір мүшелері болып табылады.

Информация о работе Әлеуметтік саясат