Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций
Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.
Екіншіден, әлеуметтік саясат адрестік көмек беру жүйесін жетілдіру және мемлекеттің қолдауына мұқтаж топтарды анықтауы қажет. Бұндай жүйенің тиімділігі тұрғындардың табыстары мен шығындары туралы толық ақпарға, табыс табудың потенциалдық мүмкіндіктеріне және оны іс жүзіне асыруына байланысты.
Кедейліктің шегінен төмен деңгейге жету тәуекелі отбасының көлеміне және
құрамына, жұбайлардың жасына және олардың балаларына байланысты өсіп отырады. Төртіншіден, жұмыссыздық мәселесі, әсіресе, әйелдер арасындағы, кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүруші адамдар санын ұлғайта түседі.
Кедейлікті
жеңу, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру
- Қазақстан алдындағы
1. Мазмұндық принциптер. Оған гуманизм, демократизм, заңдылық, әлеуметтік белсенділікті ынталандыру, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық, топтық және тұлғалық мүдделердің бір-біріне қайшы келмеуі, әлеуметтік қызмет көрсетуде және мемлекеттік кепілдіктерді белгілеуде азаматтардың құқықтарын сақтау, көрсетілген барлық әлеуметтік қызметтердің бір-бірін толықтырып отыруы, көмек көрсетуде нақты адамға көмек көрсету бағытына сүйену.
2. Ұйымдастыру принципі. Шаралардың орындалғанын бақылау, осы жұмыстарға жауапты мамандардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің бір болуы, кешенділік, т.б.
3. Психологиялық-педагогикалық принциптер. Кедей адамдарға жан ашу, олардың белсенділігін ынталандыру, мақсатты бағыттылық, шаралардың үздіксіздігі, кедейлермен жұмыс істеу бағдарламаларын жасауда және олармен тікелей жұмыс істеуде олардың психологиясын, жастық, жыныстық ерекшеліктерін, менталитетін ескеру.
Қазақстан Республикасындағы кедейлікті төмендетудің 2003-2007 жылдарға арналған концепциясында төмендегі принциптер негізге алынған:
- кәсіпкерлікке
бостандық беру, яғни орта таптың
негізін кұрайтын бизнестің
- қоғамның әлсіз топтарына көмек, яғни жағдайы төмен отбасыларына, жалғыз басты қарттарға, т.б. көмек көрсету;
- әлеуметтік
көмек көрсетуде әділеттілік
принципіне сүйену; мемлекеттік
орындардың халыққа қызмет
- іс-әрекетінің жариялылығы және олардың есеп беріп отыруы;
- кедейліктің аймақтық, гендерлік, демографиялық, т.б.
ерекшеліктерін ескеру.
Тақырып 11. Халықтың жеке категориялары бойынша саясат.
2007 жылы Қарағанды облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті өз қызметінде мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерді және 2007-2008 жылдары облыста кедейшілікті азайту жөніндегі бағдарламасын орындауға бағытталды. Бұл бағдарламалар тұрмысы төмен тұрғындарды әлеуметтік қолдау, оның мақсатты болуы, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге арналған.
Жыл басынан бері еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бос жұмыс орындарына 37578 жұмыссыз адамды еңбекке орналастырды. 2007 жылдың 1 қаңтарында жұмыс берушілер 4792 бос жұмыс орны мен лауазымдық орындарға тапсырыс берді. Облысымызда жыл ішінде 21136 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл жоспарлы тапсырмадан 4500 орынға артық. 1 қаңтарға дейін облыста 5466 жұмыссыз тіркеліп, ресми жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7 пайызы болды.
Облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, «Жұмыссыз жастар болмасын», «Шақыру-2005» ұрандарымен жастарды еңбекке тарту ісі жүзеге асырылды. 2005 жылы 18276 жас жігіт пен қыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмысқа 3369 адам тартылып, қайта оқуға 1831 адам жіберілді. Жыл ішінде кәсіптік оқу мен қайта даярлауға 4472 жұмыссыз адамдар жіберілді, бұл жылдық жоспардың 118,6 %-ы. Жалпы, 4200 адам оқып, оның 3982-сі жұмысқа орналастырылды. Жыл ішінде жұмыссыз жүрген 14978 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Өткен жылы 1,1 мың жұмыссыздар өз ісін ашуға және өз бетімен еңбек етуге қажетті материалдық көмек алды. Олар эр түрлі жұмыспен айналысты. Соның ішінде 56 адам өнеркәсіп өнімін шығарып, 173 адам көлік және тұрмыстық қызмет көрсетті. 147 адам саудамен айналысты, 5 адам халықтық қолөнермен шұғылданып, 727 жұмыссыз алған материалдық көмегін жеке үй шаруашылығын ашуға пайдаланды.
2007 жылдың 1 қаңтарында 35 рүқсат қағазға сәйкес 274 шетелдік жұмысшы 23 ұйымда жұмыс істеді. Осы ұйымдарда 58,5 мың біздің азаматтар жұмыс істеп, 259 жаңа жұмыс орны ашылып, шетелдік жұмыс күшін айырбастау үшін 18 қазақстандық қайта оқудан өтті.
Әлеуметтік әріптестік аясында біздің депаптамент басқа өкілдермен бірлесе отырып, облыстық үшжақты комиссияның материалдарын әзірлеп, Қарағанды облысы әкімі, кэсіподақтардың бірлестігі және кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығының арасында салтанатты түрде келісімшартқа қол қойылды. Жыл ішінде осы шартты орындауға байланысты мониторинг жүргізілді. Түрлі меншік түріндегі жұмыс істеп тұрған 10734 үйымның 945-де ұжымдық шартқа қол қойылды. Бұл бұрнағы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 31 ұйымға артық.
2007 жылы департамент
әкімшілік қызметшілерге
Биылғы жаңа жылда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама орындарында 8372 табысы аз отбасы есепте тұрады, бұларда 34031 адам бар. Бұл 2004 жылмен салыстарғанда 25,6%-ға төмен. Кедей топтардың ішінде 57,6%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, 8 %-ы жұмыс істейтін азаматтар, 5,3%-ы еңбекпен қамту жөніндегі өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар, 3%-ы мүгедектер, 5,9%-ы зейнеткерлер болып табылады. Кедейшілік деңгейі өткен жылмен салыстарғанда 0,8%-ға төмендеп, жалпы облыс бойынша 2,6% болды. Бұл көрсеткіш қалаларда 1,3%, селода 6,1%. Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Ақтоғай ауданында-11,3%, Жаңаарқа ауданында-9,2%, Қарқаралы ауданында-7,9%, Шет ауданында-7,8%, Нұра ауданында-6,9%, Ұлытау ауданында-6,8% болды.
2007 жылы департамент
тарапынан және оған қарасты
мекемелер табысы аз
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын тойлау кезінде соғыс ардагерлеріне және соларға теңестірілген адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Биылғы жаңа жылда 21,2 мың ардагер есепте тұрады, оның 20,6 мыңы мерекелік медальмен марапатталғандар. Ай сайын жүргізілетін мониторинг мэліметіне сәйкес жыл ішінде ардагерлерге мемлекеттік түрғын үй қорынан 78 пәтер берілді, 157 ардагерлерге ыстық және суық судың есептегіші тегін қойылды, 443 қарияның үйі жөнделді, 579-на тегін отын берілді, 265 үйдің пәтеріне телефон орнатылды, 6,5 мың ардагер тегін қоғамдық көлікте жүретін болды. Облыстық бюджеттің қаржысына 1128 соғыс ардагері мен мүгедектер санаториялық-курорттық емдеуге жіберілді.
Бір жылдың ішінде мүгедектерді сауықтырудың мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін бюджеттен 236,1 млн. теңге жүмсалды. Қазір облысымызда 47 мыңнан астам мүгедектер тұрады. Департамент тарапынан 629 мүгедекке тегін протез жасауға жолдама берілді. Жалпы алғанда, 31,6 млн.теңгеге 951 протездік-ортапедтік құрал-жабдықтар алынды немесе жөнделді. Облыстық бюджеттен 828 жеке басты мүгедектерге көмек ретінде 10 млн. теңге қосымша ақы төленді. Балалары бар 527 мүгедектер отбасына балаларды тәрбиелеу үшін тоқсан сайын 5198 теңге төленіп, жыл ішінде барлығы 10,5 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Облысымызда 4761 жеке басты қариялар мен мүгедектерге үйден көмек көрсететін 48 әлеуметтік көмек бөлімі, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден көмек көрсететін 21 бөлімше жұмыс істейді. Осы бөлімшелерді ұстап тұруға жергілікті бюджеттен 152,5 млн. теңге жүмсалған.
Облыста түратын орны жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеудің 3 орталығы жұмыс жасайды. Олар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында. Бұл бөлімшелер жыл ішінде 197 жеке бас куәлігін, 147 РНН, 117 СИК, 52 еңбек кітапшасы мен әскери билеттерді рәсімдеп, оларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге қүжаттар даярлауға көмек берді.
Департаментте 9 мемлекеттік жалпы типтегі және психоневрологиялық үй-интернаттар жұмыс істейді. Онда 2162 адам тұ-рады. Жыл ішінде психоневрологиялық интернатқа 105 адам, жалпы типтегі үй-интернатқа 872 адам, ақыл-есі кем балалар интернатына 19 адам жіберілген.
Департаменттің 2007 жылғы мемлекеттік негізгі әлеуметтік саясатқа сәйкес міндеттері мыналар болып табылады:
1. 2006-2008 жылдардағы
Қарағанды облысында
2. Қазақстан
Республикасының «Балалары бар
отбасыларына мемлекеттік
3. Жеке сектордың
өкілі ретінде үкіметтік емес
ұйымдарға мемлекеттік
4. Ұлы Отан
соғысының ардагерлері мен
5. Қариялар мен
мүгедектерге әлеуметтік және
медициналық қызмет көрсетудің
сапасын жақсарту үшін
6. Жаңа жұмыс
орындарын ашу, еңбек
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы мақсатты топтарды еңбекке тартуды қамтамасыз ету.
Сонымен, департаменттің алдағы мезгілдегі жұмысы еңбек рыногының жағдайына байланысты жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау және кедей-кепшіктерге әлеуметтік көмек беруді қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруға бағытталған.
Мемлекеттің пайдалы өмір сүруінің негізгі факторлары жүргізіліп отырған әлеуметтік саясатпен тікелей байланысты. олар мемлекет пен қоғам арасын байланыстыратын звено болып табылады және төмендегі негізгі мәселелерді орындайды:
- Әлеуметтік ықпал мен бақылау нәтижесінде қоғамдық процестерді реттеу.
- Әлеуметтік
адалдық негізінде материалдық
жетістіктерді бөлу. Халықтың белгілі
дәрежедегі өмір сүру
- Халыққа әлеуметтік кепілдіктер беру.
Әлеуметтік саясатты реформалау күрделі проблема, бұл мемлекет алдында тұрған басты мәселе. Бұрынғы кездегі Советтен кейінгі кезеңдегі мемлекеттер тәуелсіздігінің ерекшеліктері әлеуметтік сферадағы ел табысын бұрынғы командалық система бойынша бөлу болды. Қазақстанның тәуелсіздік алуы терең экономикалық дағдарыстарға соқтырды, негативтік тенденцияларды күшейтті.
Социалдық сфера қатынастарын реформалау көптеген факторларға байланысты. Олардың ең бастысы елдің экономикалық тұрақтылығы мемлекеттің әлеуметтік даму приоритеттерінің қалыптасуы болып табылады. Қазақстанның даму институты мен «Саясат-Ройсу» ақпараттық аналитикалық журналы 2002 жылдың наурыз айында Алматы қаласының түрғындарына сұрақ беру жүргізді. Бұл зерттеудің мақсаты мемлекетте әлеуметтік саясат қалыптасуы мен кедейшілікті анықтау болатын.
Тақырып 12. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың қаржылық және білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері.
Әлеуметтік қамсыздандыру - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік кажетті игіліктердің және әл-аухаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - тұлғаларды зейнетақымен қамтамысыз ету органдары арасында пайда болатын құқықтық қоғамдық қатынастарды реттейді. Қоғамдық қатынастардың ең басты, негізгі субъектілерінің бірі - бұл жеке тұлғалар. Басқа құқықтық салаларға қарағанда, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы субъектілерінің айырмашылығы - құқық қабілеттігінің болуында.