Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций

Описание работы

Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.

Файлы: 1 файл

dzhamalieva3.doc

— 510.50 Кб (Скачать файл)

Әлеуметтік  қамсыздандыру құкығы - еңбекке қабілетсіз азаматтарға материялық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүрізу қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан  түрлі қызметтеркөрсету мен бағып-күтудің  нақты түрлері әлеуметтік қамсыздандыру түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігі әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды. Кең мағынасында әлеуметтік қамсыздадыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайда қамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтырудың, профилактикадан өткізудің және олардың еңбек қабілеттілігінің қалпына келтірудің маңызды құралдары ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп немесе қолдап отырған белгілі бір әлеуметтік -экономикалақ шаралардың жиынтығын сипаттайды.

Адамның, топтың және халық бөлшегінің қамсыздандырылуы, олардың қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Қажеттілік - организмнің өміршеңдігі, әлеуметтік және басқа да топтар, жалпылай қоғам үшін аса қажеттілік, ішкі белсенділіктің қоздырушысы.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының принциптері.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

  1. Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі;
  2. Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі;
  3. Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құкығының қорғалуы;
  4. Мемлекеттік бюджет және өзге де түсімдер есебінен қамсыздандырылу;
  5. Еңбек үлесінің мөлшеріне, мұқтаждық есептеріне және өзге де әлеуметтік маңызы бар факторларға байланысты әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейін саралау;
  6. Еңбекке қабілетті жастағы әр бір азаматтардың зейнетақыны жинақтауды қалыптастыруға міндетті түрде қатысуы;
  7. Әр бір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы;

Аталған принциптерді жүзеге асыру өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан секілді (Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабы) кез-келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелділігі мен экономикалық жағынан дамығандығын айғақтайды.

Әлеуметтік  қамсыздандыру жөніндегі құқықтық қатынастар -өздеріне қатысты емес мән-жайлар бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардың қартайған, еңбекке қабілетсіз, өзге де табысы аз және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қатынас, мұнда азаматтарға зейнетақылық төлем, жәрдемақылар, өтемдер не әлеуметтік қызмет көрсетулер нысанасында белгілі бір ақшалай төлемдер алуға субъективті құқық берілген, ал тиісті мемлекеттік немесе өзге де орган осындаи төлемдерді төлеуге не әлеуметтік қызметтер көрсетуге заң жағынан міндетті болады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру қатынастарын жіктеу негізінде алынған өлшемдерге байланысты былай бөлінеді :

1. Қамсыздандыру  жекелеген түрлері бойынша құқықтық  қатынастар:

а) зейнетақылықтық (ынтымақтастық және жинақтау зейнетақы жүйелері)

б) жәрдемақылар мен өтемдік төлемдер бойынша (уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар және тағы басқалар).

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық  еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынандай шаралар кешенін қамтиды:

  • тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
  • негізгі әлеуметтік қателіктердің алдын-алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол катердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
  • халықтың әлеуметтік сактандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
  • азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге өол жеткізуі.

Әлеуметтік  қамсыздандыру жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңбекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік - экономикалық модельмен өзара байланыста болады. Қазіргі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығында құқықтық қатынастар жеке тұлғалар, мемлекеттік  органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары және заңда көрсетілген заңды тұлғалар арасында пайда болады. Азаматтарға материалдық көмек көрсетуде 27 маусым 2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау» концепциясында халықты әлеуметтік қорғау негізгі мынадай әлементтерден тұрады:

  • Мемлекеттік жәрдемақы;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру;

- Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету;

Әлеуметтік  көмек. Жалпы құқықтық теорияның негізі бойынша құқықтық қатынастар белгілі-бір тұлғалардың арасында пайда болып, олар құқық субъектілері деп аталады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығында субъектілер құықтық қатынасқа қатысу үшін заңда көрсетілген құқықтық қабілеттілікке ие болуы тиіс, ал әлеуметтік қамсыздандыру құқығында құқықтық қабілеттіліктің пайда болуының өз ерекшеліктері бар.

 

Тақырып 13. Әлеуметтік саясатты ақпараттық қамтамасыз ету.

Әлеуметтік  саясаттың басты өлшемі:

үйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми техникалық, адамгершілік-қүқықтық жағдайлар жасай отырып, қоғамдық қатынастарға жарасымдық табу оларды реттеп отыру. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдегі мемлекеттің элеуметтік саясатының бірнеше бағытын атап көрсетуге болады. Олардың жиынтығы әлеуметтік саясатының мазмүның ашып береді. Жоспарлы экономиканың өзін-өзі басқарудың нарықтық механизміне толық бет бұрған жағдайда мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі өлшемі жеке бастық. Ол адамның күн көрісіне, элеуметтік кепілдігіне жағдай жасау, яғни нарықтық қатынастардың экономикаға жасайтын қолайсыз ықпалынан халықты қорғау. Ол ең алдымен халықтың ақшалай қарызы тек товар қорлары арасындағы байланысты сақтап түру болса, екіншіден азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту, үшіншіден халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру, ал төртіншіден халық денсаулығын нығайтудың материалдық базаларын кеңейтіп, біліммен мәдениетін көтеру. Жоғарыда айтылған әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік байланыстың мәні ерекше. Экономикалық дамудың өндірістік жэне ғылыми техниканың қуаты қаншалықты жоғары болса, оған әсер ететін элеуметтік факторлар күшті де басым болуы керек.

Қазақстанда суверенитеткеқол жеткізген соң  халықты әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан жүйесін қарастыру мэселесі қойылады. 1991-1992 жылдары бүл аймақта заңды жэне институционалды база өзгерді.

Көбіне, «Семей ядролық полигонда ядролық сынақ нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (1992) жэне «Аралда экологиялық апаттан зардап шеккен азаматтардыэлеуметтік қорғау туралы» (1992) заң,сондай-ақПрезиденттің «Көпбалалы жанүяны әлеуметтік қолдау бойынша    шаралар    туралы»    Бүйрық    (1992)    қолданылады; мемлекеттік әлеуметті сақтандыру Қоры (1992) қолданылады, жүмысбастылыққа көмектесудің мемлекеттік қоры (1991), Зейнеткерлік қоры (1991) және т/б .

1994-1995 жылдары әлеуметтік қорғау жүйесінің жаңа кейбір концептуалды негізі қаланады.1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада персонифициялық әлеуметтік жеңілдіктер берудің жаңа механизмі енгізілді.

Зейнетақысы минималды  жалақының екі еселі көлемінен  аспаған,жүмыс істемейтін зейнеткерлерге заңмен қүрылған жалақы мөлшерінен пайызбен айлық клмпенсация төленіп түрады. 1996 жылдан бастап, ертеректе әлеуметтік қамтамасыз етуді алмастыруға элеуметтік сақтандыру жүйесі қалыптасты.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес, жасқа, мүгедектікке, асыраушысынан айрылғанға байланысты әлеуметтік зейнетақыалуға қүқығы болғандар мемлекеттік жәрдемақы жүйесіне ауысты, яғни олар зейнетақы емес мемлекеттік жәрдемақы ала бастады.

Жәрдемақы халықты элеуметтік қорғау органдары  тағайындайды және мемлекеттік бюджеттен төленеді. 1999 жылдың бас кезінде жасына қатысты азаматтарға жэрдемақы үштік есеп көрсеткіші (2 мың теңге шамасында), мүгедектерге 2-4 мың тенге, еңбекке жарамсыз немесе кэсіби аурудан болған мүгедектерге 3300-5280 теңге мөлшерінде тағайындалады.

 

Тақырып 14. Әлеуметтік саясатқа байланысты әлеуметтік әріптестік.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының реформалануындағы жинақталған мәселелердің мәнділігі қазіргі кезде еліміздің стратегиялық міндетінің дамуымен анықталады. Әлеуметтік реформа- мемлекеттің экономикалық және қаржылық стратегиясын құрастырумен қарастырылады. Әлеуметтік реформаны жүргізудің бағыты- адрестік әлеуметтік саясат моделі тиімді модельге көшу болып табылады.

Тұрғындар топтарына  әлеуметтік көмек көрсету мен  мүмкіндіктерін және мемлекет ресурстарын  нақты иеленудегі негізгі құрамды  қамтиды.

Адрестік бағыт  ресурстарды бөлудегі әлеуметтік саясатты саралайды. Ерекше көмекті қажет ететін тұрғындар категориясының жалақыларын, жәрдемақыларын өсіру. Бір уақытта мемлекеттің тиімді емес шығындарын азайту.

Адрестік әлеуметтік саясат моделінің негізгі мақсаттылық  сипатына мыналар кіреді:

  • әртүрлі тұрғын қатарына қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясатын саралау;
  • әлеуметтік көмекті алушылар категориясын ерекше бөлу;
  • к<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442_00203__Char" style=" fo

Информация о работе Әлеуметтік саясат