Әлеуметтік саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 21:13, курс лекций

Описание работы

Оқу бағдарламасында дәрістердің тезисі, семинар сабақтарының жоспары, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары, рефераттар мен баяндама тақырыптарының тізімі және оны орындаудың әдістемелік нұсқауы, емтихан сұрақтары мен тест тапсырмалары кешенді түрде қарастырылған. Берілген оқу бағдарламада студенттерге осы курсты меңгеруге көмек көрсету мақсатындағы әдістемелік тұрғыдағы материалдар, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі берілген.

Файлы: 1 файл

dzhamalieva3.doc

— 510.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет  реттеудің қандай формасы болмасын (осының ішінде әлеуметтік) ол материалдық, институционалдык және концептуалдық кұрамдардан тұрады. Әлеуметтік реттеумен тек қана мемелекет айналыспайды, ол табысыты қайта бөлумен қатар, өмір дәрежесінің басқа да көрсеткіштерін қамтиды. Әлеуметтік реттеу обьектісіне коршаған ортаны сактау және түлынушылардың құқығын қорғау жатады.Әлеуметтік реттеуді кәсіподақтар, шіркеулер, мешіт және тағы да басқа үкіметтік емес ұйымдар жүргізеді. Мемелекеттік реттеуді материалдық негізгі ұлттық өндірістің көлеміне және оның орталықтанып мемелекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін бөлігіне тәуелді болады. Институционалдық негіз қайта бөлу процессін ұйымдастырумен және сәйкес келетін мекемелердің (осының ішінде үкіметтік емес) қызметтерімен байланысты болды. Мемлекеттік реттеудің концептуалдық негізі - үкіметтік доктрина статусына ие болған теория.

Әлеуметтік  саясаттың концептуалдық негізіне таңдау жүргізу саяси процесстерге тәуелді болады.

Мемлекет, әлеуметтік саясаттың  маңызды мәселесіне және арнаулы әлеуметтік бағдарламаларға сай, қызметтер және ақшалай, натуралды трансферттер формасында, әлеуметтік төлемдер жасайды.

Әлеуметтік төлемдер көлемі заң жүзінде белгіленетін жан  басына келетін табыстардың немесе жалақының минимумымен байланысты болады. Әлеуметтік трансферттер салық жеңілдіктерінің формасын алуы мүмкін. Барлық әлеуметтік төлемдер мемлекеттік қайырымдылықпен толықтырылған, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі болып қалыптасады.

Әлеуметтік төлемдердің  мемелекеттік және жеке меншіктік тармақтарының ұштасуының эр түрлі варианты болады. Әлеуметтік саясаттың негізгі максаты - іскерлік белсенділігінің барлық формасын, әсіресе еңбектік және кәсіпкерлікті қолдап дем беру болып табылады.

Әлеуметтік саясат мемелекет  ісінің негізгі бағыттарының бірі. Ол өз алдына мемелкеттік қызметтің нақты белгіленген саласын қамтиды. Әлеуметтік салаға білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, т.б. салалар жатады. Осы салалардың реттелуі және қаржылануы мемелекеттің әлеуметтік саясатының басты даму бағыттарын құрайды. Әлеуметтік саясаттың негізгі аспектісі - адам болып табылады. Саясатқа , саяси қарым -катынасқа деген ынта, әсіресе нарықтық экономикалық қатынастардың пайда болуы нығаю кезеңінде ерекше күшееді. Бүл кезеңде әлеуметтік проблематика бойынша зерттеулер аркылы кеңейіп, онымен шұғылданушылар көбейіп, мемелекет, үкімет, саясат төңірегіндегі пікірлер шиеленісе түседі.

Қоғамның өмірінде жасалынып жатқан саяси реформалар қоғамның басқару механизмдерін ғана емес, жеке адамдармен еңбек ұжымының әлеуметтік және кәсіптік топтар өмірінің жан - жақты терең әсерін тигізеді.

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8.

Қосымша әдебиеттер: 5, 8 , 9, 10.

 

Тақырып 4.  Єлеуметтік трансформация жєне єлеуметтік ќауіпсіздік

Нарықтық экономика әлеуметтік мәселелерді қарастырмайтындыктан, бұл мәселелерді реттеуге мемлекеттің араласуының және белгілі бір шаралар жүргізудің қажеттілігін атап өтуіміз қажет. Бұл жағдайда туындайтын әлеуметтік мәселелерге мыналарды жатқызуымызға болады. Олар: халықтың басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігімен, көптеген тұрғындар санының тұрақсыздығы, кедейлер санының көбеюімен, бай тұрғындардың және кіші орта класстың үлес салмағының аз болуымен негізделеді. Көпшіліктің табысы кейбір әл - ауқаты жоғары үй шаруашылығына қарағанда өте аз болады. Егер де еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтқан кезде (әлеуметтік сақтандыру жүйесі болмаған жағдайда), сонымен қатар жұмыс орнын жоғалтқанда (материалдық көмекті жағдайы төмен жұмыссыздар алатындығын ескерсек), үй шаруашылығының табысы тез төмендейді және тұлынушылық бюджеттің минималдық деңгейіне түседі.

Осы жағдайдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саясаты мына векторлар бойынша бағытталуы керек:

  • еңбекке қабілетті халықты жұмыспен және әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету, сонымен қатар еңбек етуге белсенді халықтың еңбек етуге құқығы болуы керек және еңбекақысы өмір сүру минимумынан төмен болмауы керек;
  • әлеуметтік әл - ауқаты төмен тұрғындарға адрестік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Осы бағыттарды жүзеге асыру және қолдау үшін мемлекеттік жүйе мына жұмыстарды жүзеге асырады:

- халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын белгілеу және құқықтық қамтамасыз ету;

- әлеуметтік еңбек заңдарын халыкаралық еңбекті ұйымдастыру жағдайларының негізгі мазмұнына сәйкес келтіру;

- қоғамның жұмысқа қабілетсіз мүшелерінің өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қамтамасыздандыратын мемлекеттік қорды сақтау;

- мемлкеттік бюджет және жұмыс беруші жарнасының есебінен жұмыспен қамтылуына ықпал ететін негізгі бағыттарды анықтау;

- бюджеттік механизмдерді, мәдениетті, денсаулық сақтауды, мемлекеттік білім беру жүйесін қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру;

- әлеуметтік саясатқа жағымды ықпал ететін кәсіпорындар мен салаларды ынталандыру.

Жалпы алғанда, әлеуметтік қорғау жүйесінің анықтамасын берсек, бұл - еңбекке қабілетті тұлғалардың жеке салымдар есебі арқылы өзінің әл -ауқатын, өзіндік жұмысбастылықты және кәсіпкерлікті тең жағдайға көтеруді қамтамасыз ететін заңдық, экономикалық, әлеуметтік кепілдіктің тұтастығы деп айтуға болады. Ал, жұмысқа қабілетсіз және әлеуметтік әлсіз тұрғындар бөлігіне - қоғамдық тұтыну қорларын қолдануға басымдылығын және нақты бір бағыттар бойынша тікелей материалдық көмекті қамтамасыз ететін жүйе.

Еңбекке қабілетті  халықты әлеуметтік қорғау жүйесі өндіріс  саласына негізделуі керек және өзінің еңбек күшіне меншік құқығы болуы  қажет. Осы тұрғыдан еңбекақы төлемі туралы сұраққа ерекше көңіл бөлу қажет. Минималды еңбекақы жұмыс күшін қайта өндіруде шығындарды жабуы қажет және жұмысбасты тұрғындарға сапалы әлеуметтік кепілдіктерді қолдануы қажет. Ол экономиканың мемлекеттік емес секторларында және еңбек үрдісінің бұзылуынан белгілі жағдайларда (еңбектік шиеленістер) еңбек етушілердің еңбекақы құқығына қорған болуы қажет.

Минималды еңбекақы төлем деңгейін құру кезінде  өмір сүру минимумынан төмен емес көлемін алуы керек.

Әр түрлі  төлемдер үшін есеп базасы ретінде жанұя табысы көрсеткішін қолданған дұрыс. Бұл көрсеткіш өмір сүру минимумына негізделген. Эквиваленттік шкала шетелдерде тәжірибеде кеңінен қолданылады және жанұя құрамының жасын және жеке өмір сүру экономиясын есепке алады. Мұндай шкалалар сәйкес үй шаруашылығы мен отбасының бір мүшесіне арналған, орта табыс көрсеткішіне арналған өмір сүру минимумының еселік ұлғаюымен салыстырғанда дәлелденген құрал болып табылады.

Қоғамның  еңбеке қабілетсіз мүшелерін әлеуметтік қорғау жүйесі (әлеуметтік сақтандыру болмаған жағдайда), сондай - ақ жұмыссыздар мен зейнеткерлерді қорғау қоғамдық қорларды артықшылық беруге, әр түрлі формада тура материалдық көмек көрсетуге негізделуі қажет.

Тұрғындардың  барлық қабаттарының әлеуметтік қызметтерді  тұтыну процесстерінде кепілдемелер болуы керек (білім беру, медициналық қызмет көрсетудің, өмір сүру шарттарының анықталған деңгейі болуы қажет.)

Әлемдік әлеуметтік қорғау жүйесінің тәжірибесін  есепке ала отырып, қоғамның әрбір мүшесінің әл - ауқатына жауапкершілік бес субъектінің арасында бөлінген. Олар: мемлекет, аймақ, жұмыс берушілер, жұмысшылар, қоғамдық және қайырымыдылық ұйымдары.

Бұл субъектілердің әрқайсысының орны мен  ролі, оның адамдық капиталды сақтау және дамыту, қалыптастыру процесіндегі жауапкершілігінің негізінде анықталынады. Мұндай контекстіде өтпелі экономика шарттарында қалыптасып жатқан әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі әлеуметтік бағдарланған экономиканы құруға бағытталуы керек. Бұл мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыруының жалпы әдістемесіне , еңбек туралы өркениетті заң қабылдауға, қажетті минималды өмір сүру деңгейін сақтауға, қоғамдық әл - ауқаттың нашарлауына байланысты шараларды жүзеге асыруға (инфекциялық аурудар мен ЖИТС -пен және т.б. күрес және алдын алу), экономикалық өзгерістердің теріс әлеуметтік нәтижелерін алдын ала болжауға көп көңіл бөлуін көрсетеді.

Өзінің атқарушы бөлімдерін қолдана отырып, мемлекет бүкіл қоғам деңгейінде әлеуметтік инвестицияларды реттеу саясатын жүзеге асырады. Макроэкономикалық көпбұрыш мақсаты - мемлекеттің балансты дамуы, экономикалық нәтижелер арасында тепе - теңдік және ел халқының адамдық потенциалын дамыту көрсеткіштеріне бағытталған. Мұндай балансталған даму табысты қайта бөлуіне (ұлттық, салалық, аумақтық, жеке), адамдық капиталына мемлекеттік салымдар үлесінің сақталуына және тұрғындардың өзін қорғау формаларын ынталандыруына әкеледі.

Әлеуметтік  қорғау жүйесінде құрылатын қоғамдық және мейірімділік мекемелерінің қызмет арнасы үш бағытта болуы мүмкін:

  1. Қайырымдылық көмек ретінде күтпеген оқиғалар жағдайында жәрдем жасау;
  2. Халықтың табыстарын жоғарылату және жұмысбастылықты ынталандыру мақсатымен жергілікті деңгейде кәсіпорындар ашу;
  3. Үкімет органдары соңына дейін жасамаған жобаларды жүзеге асыру (мысалы, ЖИТС - тің алдын алу жобасы, нашақорлықтың алдын алу және т.б.).

Осындай мекемелердің құрылуын және жұмыс істеуін  ынталандыру үшін заңдық және процедуралық бюроларды минимумға дейін теңестіру керек немесе салалық жеңілдіктерді енгізу қажет.

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2,  3, 4, 5, 7, 9

Қосымша әдебиеттер: 8, 9.

 

Тақырып 5.  Єлеуметтік саясаттыњ объектісі, субъектісі, принциптері.

Қазақстан Республикасы Конституциясында біздің еліміздің  әлеуметтік мемлекет қатарында екендІгі ерекше көрсетілген. Алайда, әлеуметтік құқықтық мемлекеттің идеясын конституциялық бекітуден оны шын мәнінде жүзеге асыруға дейінгі аралықта үзақ та қиын жол жатыр. Сол үшін де саяси ерік-жігер, соған сәйкес саяси реформалар жасау, қажетті әлеуметтік-саяси базаны құру, мәдениетті өркендету және басқа да алғы шарттарды дамыту қажет.

Қазақстан алдында сапасы мен саны әлемдік нарыққа сай келетін  жалдамалы еңбекке жалақы төлеуді ұйымдастыру міндеті түр. Сонда ғана реформаның жағымды нәтижесі туралы айтуға болады. Мемлекеттік биліктің қандай түрі болғанына қарамастан, жуық арада өндірістік процестер мен қажеттіліктерді үйлестіре алмайды, сондықтан да таяу арада бізде әлеуметтік мемлекет қүрылуы өте қиын. Әлеуметтік мемлекеттің жемісті өмір сүруі-қоғамның барлық топтары мүддесіне қызмет ететін, дамыған экономика негізінде ғана қалыптасады.

Соған қарамастан, белгілі сипаттамасы бар әлеуметтік мемлекет туралы ереже Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілуге тиіс, ол өкімет билігіндегі және қарапайым азаматтардың өз міндеттерін есіне алатындай болуы керек. Ол мемлекеттің негізгі функциясы мұқият қарастыруды қажет ететін маңызды  мэселе  болып  табылады.   Әлеуметтік  мемлекеттің  пайда болуы мен қалыптасуы тарихын саралап талдау, әлеуметтік қамсыздандыру функциясының   кезек   күттірмейтін   проблема   екендігін   дәлелдейді.   Ол- мемлекеттің алғаш заңдастырылған міндеттері болғандықтан және әлеуметтік сапаға    жетуге     жасаған     қадамы    болғандықтан,     қоғам    және    түлға қатынастарының    өзгеруінің    бастамасы    болды.    Сондай-ақ,    әлеуметтік қамсыздандыру     өндірістегі     материалдық     игілік-жасына,     жынысына, денсаулық, т. б. жағдайына қарамастан қоғамның барлық мүшесіне тиісті болуы керек. Әлеуметтік қамсыздандыруды қалыптастыру кезеңі қүқықтық негіздің пайда болу мен әлеуметтік процестерді қүқықтық реттеу функциясын мемлекеттің өз міндетіне алуымен тікелей байланысты.

Одан    әрі     бүл     функция     әлеуметтік     бағдарламаны     бюджеттік қаржыландыру   арқылы   және   әлеуметтік   қамсыздандырудың   мемлекеттік кұрылымын күру барысында жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттің басқа да атрибуттары-әлеуметтік сақтандыру, әл-ауқат деңгейі үшін мемлекеттің жауапкершілігі,  әлеуметтік  қолдау  мүмкіндігін  алуы-әлдеқайда кейінірек. Әлеуметтік мемлекеттің  екінші  функциясы-білім  және  денсаулық  сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бүл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана   тән   еместігін   айта   кеткен   жөн.    Адамдардың    физикалық   және экономикалық өмірінің маңызды алғышарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол қүқықты қамтамасыз ету-мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құру) айналады.

Әлеуметтік  мемлекеттің тағы бір функциясы-әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы-әлеуметтік теңсіздікті бәсендету. Оны жүзеге асыру-барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру-теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік салада мемлекет негізінен өзін-өзі реттейтін, өзара көмек көрсететін және ынтымақтастық танытатын институттарды: әлеуметтік сақтандыру серіктестігін, кэсіби қауіп-қатерден қорғау үйымдарын, земство шектеулігін, өзін-өзі басқарудың, өзара көмек көрсетудің және ынтымақтастықтың еңбек, аймақтық және басқа да жергілікті органдарын құру арқылы дамиды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаттың мәнін, мағынасын  түсіну, оның объективті негіздері мен крғамдық дамудағы маңызын танып білу, қажеттілігі ең алдымен қоғамдық саяси ойдың мемлекеттің пайда болуы, мемлекеттік биліктің рөлі, оны қүрудың қуқықтық негіздері, әлеуметтік топтардың мүдделері мен әртүрлі этникалық қарым-қатынастарды реттеудегі мемлекеттің рөлі туралы ғылыми түжырымдары қазіргі кезеңде маңызын жойғанжоқ.

Қоғамның  өркениетті одан әрі дамуы мемлекетті жетілдіре беруді, мемлекеттік қүрылыстың өткен дәуірлердегі және қазіргі кезеңдегі озық үлгілерін жергілікті жердің ерекшеліктеріне сэйкес жүргізуді қажет етеді және ол   тәжірибені    пайдалану    қоғамдық    өзін-өзі    басқару    формаларынан демократиялық принциптер талаптары бойынша негіздеп, халықты әлеуметтік қорғау мақсаттарына байланыстыру көзделуде. Мүның өзі қоғамның саяси жүйесін одан әрі жетілдіруді талап етеді. Әлеуметтік саяси қатынастар жүйесінде мемлекеттің қүзырына қарайтын көптеген өзекті мәселелер бар. Олар: әлеуметтік саланы экономиканың мүмкіндіктеріне қарай қарқынды дамыту, үкімет заңдарының жобаларын бүкіл халықтың талқылауына салу, практикасын кеңейту, мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау; бұқараның басқару ісіне тікелей қатынасу формаларын, атап айтқанда, өкімет және биліктің басқа бөліктерінің қызметіне халықтың бақылауын күшейту; басқару органдарының құрамын үнемі жаңартып отыру, мемлекеттік аппарат пен қоғамдық үйымдардың басшы қызметкерлерінің сайланып қойылуы және есеп беру принципін барған сайын дәйекті түрде жүзеге асыру, бүл принципті мемлекеттік және қоғамдық үйымдардың барлық басшы қызметкерлері жөнінде бірте-бірте қолдану.

Информация о работе Әлеуметтік саясат